237
Әдіснамаларды түсіну:
баға беруші, іс-әрекетке негізделген және эмансипаторлық стратегиялар
адамнан сұрасаңыз да, мұның оңаи� шаруа емес екенін аи�тады. Іс-әрекетке не-
гізделген зерттеудің қатысушылық, циклдік және бірнеше мақсатты табиғаты
зерттеуді басқаруды қиын процеске аи�налдыруы мүмкін. Топтық тәсіл басшы-
лықты қолыңызға алу емес, сонда да барлық менеджмент үшін жауаптысыз.
Сондықтан топтың уақытылы әрі қаржыны ақтаи�тындаи� жұмыс атқаруына
жауаптысыз. Шынаи�ы өмірге беи�ім болуы және бәрін шынаи�ы тұрғыда көре
алуы кез келген іс-әрекетке негізделген зерттеу жобасының сәтті болуы үшін
аса маңызды. Қысқасын аи�тқанда, жобаны басқаруыңыз керек.
Іс-әрекетке негізделген зерттеуші ретінде келіссөз жүргізуіңізге қажет кеи�-
бір қадамдар:
y
Бағыт берудің орнына делдал болу.
Қатысушы болғандықтан, жобаның түпкі бағ-
дары толығымен сіздің қолыңызда емес. Жобаның бағдары және оның ықтимал
нәтижелері туралы шешімдер ұжымдық болғаны абзал.
y
Ауқымын басқару.
Іс-әрекетке негізделген зерттеу тез арада ұлғайып кетуі мүм-
кін. Жаңа зерттеушілер қажеттіктердің бағалануына немесе іс-әрекетке негіз-
делген зерттеу цикліндегі баға беруші зерттеудің жүргізілуіне, жеке бір үлкен
зерттеу жобасы бола алатынына таңғалуы мүмкін.
y
Әдістерді қолдануда тиянақты болу.
Үздіксіз жетілдіру
стратегиялары бейресми
мәліметтер мен жалпыға ортақ ой-пікірге сүйенсе, іс-әрекетке негізделген зерт-
теу тиянақтылықтың жоғары деңгейін талап етеді. Іс-әрекетке негізделген зерт-
теудің әр цикліндегі негізгі зерттеу сұрағын айқындап және оларды өздігінше
кіші зерттеу сияқты қарастырған дұрыс шығар. Бұл зерттеу нақты, шынайы шек-
терді қажет еткенімен,
олар әлі де болса сенімділік, аутенттілік, жарамдылық,
бірізділік т.с.с. сияқты жақсы зерттеу индикаторларына сәйкес зерттелуге тиіс
(3-тарауды қараңыз).
y
Жылдамдықты басқару.
Мүдделі тараптардың басын біріктіру,
келісімге келу
процестері және шынайы өзгерістер, әсіресе көпциклді жағдайда бірден байқал-
майды. Іс-әрекетке негізделген зерттеуге уақыт керек және, ең дұрысы,
онымен
күнделікті айналысқан жөн.
y
Ырғақтан шығып қалмау.
Ұзақмерзімдік жобада көп нәрсе ойдағыдай болмай
жатады. Негізгі мүдделі тараптардың келуі, кетуі, өзгеріс бастамалары орнына
жетпеуі, жан-жақты зерттеу жүргізу қиынға соғуы мүмкін. Бұл іс-әрекетке негіз-
делген зерттеудің табиғаты десек те, шынайы жоспарлау, күтпеген жағдайларға
икемді болуға дайын болу ырғақтан шығып қалмауға көмектеседі.
y
Адамдарды басқару.
Бірлестікте жұмыс істеуде делдал болу оңай емес. Кейбір
мүдделі тараптар зерттеушілерді естімегендей, өздері елеусіз қалғандай және/
немесе маргиналданғандай сезінуі мүмкін; кейбірі тым тәкаппар әрі үстем бола-
ды; кейбірі өзекті мәселесін бірден шешіп тастаса деп ойлайды.
Делдал ретінде
https://study.sagepub.com/oleary3e
238
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ: НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
келіссөз жүргізіп, жағдайды жеңілдетіп және келіспеушіліктерді шешу қабілетіне
ие болуыңыз қажет.
y
Этикалық жауапкершілік.
Зерттеушілер білім өндірудің және зерттелуші жағда-
йының жақсы болуы үшін де этикалық жауапкершіліктің ауыртпалығын көтереді
(3-тарауды қараңыз). Іс-әрекетке негізделген зерттеуде ізденіс тобына мүдделі
тараптардың қатысуы және оған өзгеріс әкелетін өзекті мәселенің қосылуы үл-
кен жауапкершілік жүктейді. Зерттеуші қатысушылардың
жағдайын қорғауы аса
маңызды.
y
Бірқатар дағдыларды қажет ету.
Білікті зерттеуші болумен қатар, іс-әрекетке не-
гізделген зерттеумен айналысатын зерттеуші, істі соңына дейін жеткізетін ұйым-
дастырушы, тіл табысқыш, білікті келіссөз жүргізуші, келіспеушіліктерді шешудің
маманы,
уақытын дұрыс басқарушы, стратег-жоспарлаушы, құжатты жақсы жүр-
гізуші және өзгерісті енгізуші ретінде ауыр жұмыстан қашпаңыз, себебі осының
бәрі маманның қабілетін дамытуды талап етуі мүмкін.
y
Меншік құқығы.
Зерттеуші жариялау құқығы және авторлық құқыққа қатысты мә-
селеге кезігуі мүмкін. Сондықтан зерттеу нәтижелерінің
меншік құқығына қатыс-
ты келісім жасап алуы қажет.
(Тексеру тізімі қосымша уеб-саи�тта бар ).
Білім мен өзгеріске келгенде іс-әрекетке негізделген зерттеу «екі кеменің
құи�рығын ұстатқысы» келеді (мұның маңызы не, ең болмаса, біреуіне отыра
алмасаң, екі кеменің құи�рығын ұстағанның несі жақсы?). Ол сондаи�-ақ өзгелерге
құқық пен мүмкіндіктер беретіндеи� жұмыс істеуге жол ашады. Іс-әрекетке негіз-
делген зерттеудің қиындығы көп болcа да, жеке адамдардың және ұи�ымдардың
мақсатымен зерттеуші мақсаты қабысып жатса, тіптен жақсы.
Достарыңызбен бөлісу: