26
ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫН ЖҮРГІЗУ:
НЕГІЗГІ НҰСҚАУЛЫҚ
Кітаптың құрылымы
Бұл кітап логикалық тұрғыда зерттеу жобасының концепциясынан бас-
тап оны таратуға деи�інгі барлық аспектісін қамтитын 16 тараудан тұра-
ды. Тарауларда түрлі зерттеу жобаларын жүргізуге көмектесетін процестер
баяндалған.
КІРІСПЕ.
Кітаптың мақсатын таныстырып, жұмысты
барынша кемел атқаруға қа-
тысты ұсыныстардан бөлек, бұл бөлімде зерттеуге кірісерден бұрын жасалатын қа-
дамдар баяндалады.
y
1-тарау
зерттеудің теориялық және фундаменталды аспектілерімен танысты-
рады, оған білімнің түсінігі мен өндірілуі де кіреді.
Таныстырудың бұл деңгейі өз
зерттеу тәсіліңізді негіздеуге ықпал етеді.
y
2-тарау
практикалық мәселелерге арналады. Бұл тарауда зерттеу жүргізудің
қиын әрі тосын жұмыс екені ескертіледі, процесті игеруге көмектесетін страте-
гиялар ұсынылады. Зерттеу саяхатына жетелейтін біліммен қаруландырып,
бағыт
сілтеп, зерттеуді қай кезде аяқтау керегін үйретеді.
y
3-тарауда
зерттегіңіз келетін нәрсені білудің өнері мен ғылымымен танысасыз.
Ол әдістерге жөн сілтейтін, жарамды, түсінікті зерттеу сұрағын қоюға жетелейді.
Нақты не білгіңіз келетінін анықтап алған соң сізге керек әдіснамалық тәсілдерді
қабылдау, бейімдеу және жасау оп-оңай.
y
4-тарау
адалдық ұғымын қамтиды. Бұл тарау зерттеу процесіндегі билік пен сая-
сатты
зерделеуден басталады, бұдан соң сенімнің дәстүрлі көрсеткіштеріне өте-
ді, сапалы деректерге сай келетін баламасын түсіндіреді. Бұл тарауда этикалық
жауапкершілік пен этикалық тексерістен өту процестері де баяндалады.
ЖОСПАРЛАУ.
Қалған үш тарау тиімді жоспарлауға арналған.
y
5-тарау
ойлауға, идеяны тұжырымдауға, болашақ іс-қимыл жоспарын қамта-
масыз ететіндей
идеялар қалыптастыруға және, ең маңыздысы, жобаны сату-
ға көмектесетін зерттеуге қатысты ұсыныстар мен мүмкіндіктерді баяндайды.
y
6-тарау
әдебиеттердің көмегімен зерттеуге ақпарат жинаудың түрлі әдістерін
талдайды. Зерттеу жүргізер алдында студенттер мені үш
нәрсеге сендіруін та-
лап етемін: олар жауабын тапқысы келетін сұрақтар зерттеуге тұрарлық екенін;
білімге үлес қосуға лайық адам екенін (зерттейтін тақырыбын жақсы білетінін);
әдіснамалық тәсілі – сұраққа жауап алудың ең жарамды жолы екенін дәлелдеуі
керек. Ол үшін студент көп әдебиет оқығаны жөн. Бұл тарауда әдебиеттерді іздеу,
басқару және пайдалану мәселелері толық қамтылады.
y
7-тарау
зерттеу дизайнын парадигмағаларға
сәйкестендіріп емес, сұрақтарға
қарай құру қажеттілігі туралы айтады. Әдісті анықтайтын негізгі сұрақтарға үңі-
летін құрылымды ұсынады.
ӘДІСНАМА.
Соңғы 30 жылға жуық уақытта әлеуметтік зерттеу дизайны әртүрлі
болып кетті. Сондықтан зерттеуді жаңа бастаған жас мамандар үшін бұл әртүрлілік
тым ауқымды болып көрінуі мүмкін. 8, 9 және 10-тарауда зерттеуге негіз болатын
әдіснамалар туралы жан-жақты баяндалады.