Бағдарламасы аясында іске асырылды The Essential Guide to zina o’leary 3 rd Edition



Pdf көрінісі
бет24/503
Дата01.04.2022
өлшемі7,43 Mb.
#137498
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   503
Байланысты:
oliri zina zertteu zhobasyn zhurgizu negizgi nuskaulyk (2)

Онтология
ненің бар екенін және бар 
заттарды қалай түсінуіміз керегін, олардың 
қандай санаттарға бөлінетінін зерттейді. Жеке 
онтологиямыз нені «шын» деп, нені «бар» деп 
ойлайтынымызды анықтайды. Мысалы, жан 
дүниеміздің табиғаты, Құдай, махаббат пен 
мораль.
Эпистемология
– әлемді қандай жолдар
-
мен тани алатынымыз туралы таным қағидала
-
ры. Жеке эпистемологиямыз әлемді қалай түсі
-
нетінімізді көрсетеді. Мысалы, «Неге Құдайға 
сенемін?», «Махаббатты қалай түсінемін?» 
немесе «Моральдық ұстанымдарымды қайдан 
алдым?» деген сияқты сауалдардың жауабы 
жеке эпистемологиямыздың көрсеткіші.


19
Зерттеу әлеміне тереңдеу
Мысалы, дін эпистемологиясы сеніміне арқа сүи�егендер (өлшемге емес) физи-
калық тұрғыда көріп, ұстаи� алмаса да «ақиқатында Құдаи� бар» деи�ді. Баи�ырғы 
білім жолдарына сүи�енетіндер де миф пен аңыздарды ақиқат деп қабылдаи�ды. 
Ал постмодернистер ақиқатты таба алатынымызға күмәнданады, ақиқатты «әр 
кез саяси сипатқа ие қитұрқы концепция» деп қабылдаи�ды.
Қоғамдық ғылымдарға қатысты зерттеуде өзара бәсекелес эпистемология 
мен онтология арасындағы шиеленіс пен пікірталас көп. Демек, зерттеушілер 
білім мен ақиқатқа қатысты өз бағыт-бағдарын ескеруі қажет. Тіпті жаңа зерт-
теушілер өз ұстанымдарын анықтауға тиіс. Мысалы, «Біз білетін заттардың бәрі 
сырттаи� және физикалық тұрғыда бақыланады» деген тұжырымға сенуге ық-
пал еткен эмпирикалық эпистемологияңыз бар ма? Яғни «ақиқат алыста емес» 
екенін білесіз бе? Зерттеу жасаған кезде кедергіге тап болдыңыз ба? Мүмкін, 
постмодерн эпистемологиясын ұстанатын шығарсыз? Адамдар білімді құры-
лымдауда үлкен рөл атқарады, «Ақиқат – екіұшты, өзгермелі және салыстыр-
малы» деген түсінікті қолдаи�сыз ба? Осындаи� белгілі бір сенім жүи�есін ұстану
«фактілерді анықтауда» таңдаи�тын жолыңызға әсер етеді.
Мысалы, Білім министрлігі үшінші сыныптағы үлгерім көрсеткішін қаи�та 
қарады делік. Математика мен ағылшын тілінің дәстүрлі көрсеткіштерін қаи�та 
қарауға ұмтылатын эмпирикалық топқа қосыласыз ба? Әлде постмодернистер 
тобына кіріп, құндылық, қанағаттану, шығармашылық пен өнертапқыштықтан 
ләззат алу, тәжірибе жинау үшін үшінші сынып оқушылары әлеміне үңілесіз бе? 
Қоғамдық ғылымдар саласында білімге қатысты мұндаи� пікірталас көп. 
Соның кесірінен эмпириктер мен постмодернист зерттеушілер эмоцияға бе-
ріліп, екі топқа жарылады, кеи�де одан ғылымға еш паи�да келмеи�ді. Екі топ та 
«заңды білімнің құлпын ашатын кілт біздің қолымызда» деп сенеді, осылаи�ша 
біртұтас білімді игеру үшін бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндігі азаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет