Позициялаудың көптеген анықтамалары бар, бірақ, ең алдымен, есіңізде бол- сын: позициялау – технологияға жатады. Бастапқыда – маркетингілік зерттеулер- ден алынған тұтынушылардың мотивациясы. Соңында – тұтынушыға өзінің мо- тивациясын түсіндіру. Позициялаудың көптеген нұсқалары бар, бірақ осы тұжы- рымдаманың авторы атақты Джек Траут болды. 30 жыл бұрын ол былай деген еді:
«Позициясыз маркетинг тиімді болмайды». Джектің айтуынша, позициялау – тұты- нушылардың белгілі бір брендті қалай қабылдап, оны белгілі бір қасиеттермен қа- лай байланыстыратындығында.
Позициялау – бәсекелестердегі позицияларға қатысты тұтынушылар түсінігінде бренд үшін өте тиімді позицияны жобалау және құру.
Позициялаумақсаты – тұтынушыларды тарту үшін бәсекелі ортада саралау.
Айта кету керек, мәселе тұтынушының ақыл-ойында, тауардың субъективтік көзқарасында емес, шын мәнінде оның қандай орынға ие екендігінде болып тұр.