Бағдарламасы «бастау бизнес»


ТАУАРДЫҢ/КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ӨТКІЗУ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ



бет74/316
Дата08.02.2022
өлшемі6,17 Mb.
#122796
түріБағдарламасы
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   316
Байланысты:
edu kk - копия

ТАУАРДЫҢ/КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ӨТКІЗУ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ


Өндіруші немесе сатушы өз тауарының нарықта сатылу мүмкіндігі мен өсу әле- уетін анықтау үшін нарықты зерттеу қажеттілігі туындайды.


Қызметтер мен тауарларды өткізетін жеке нарықты шартты түрде бірнеше бөлікке бөлуге болды.

  • Ұсынылатын тауар жайлы білмейтін тұтынушылар;

  • Тауарлар мен қызметтерді бәсекелестерден сатып алатындар;

  • Өнім туралы білетін, бірақ қандай да бір себептермен сатып алмайтын тұты- нушылар;

  • Компания клиенттері – яғни білетін және сатып алатын адамдар.

Белгілі бір өнім нарығына ұқсас сегментті алғаннан кейін талдауды төменгі деңгейге дейін өткізу қажет. Іс жүзінде, тұтынушылар топтарымен жұмыс істеу ком- панияның өсуі үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Жаңа клиенттерді тарту арқылы ғана емес, сонымен қатар өз қателіктерін жоюға бағытталған әрекеттер арқылы да табысыңызды өсіре аласыз.
Мысалы, сіз бәсекелестерден сатып алуды қалайтындармен жұмыс істей баста- саңыз, клиенттердің басқалардың өнімдерін не үшін таңдағанын түсінуіңіз қажет. Кейбір критерийлерді зерттеп, оларды реттеу қиын. Мысалы, компанияның гео-
графиялық орналасуы немесе тауардың ерекшелігі, дегенмен қызмет деңгейі мен жылдамдығы, қосымша қызмет көрсету, баға-сапа қатынасы сияқты нәрселерді са- лыстырмалы түрде жылдам өзгертіп, жақсартуыңызға болады.
Қазіргі таңда шағын бизнес жұмыс істейтін нарықта монополист бар екенін елестету қиын. Шағын бизнес күрделі бәсекелестік жағдайында, жылдам шешім қабылдау, технологиялар, клиенттік бағдарламалар, қызмет көрсетуді жетілдіру жағдайында дамиды. Сондықтан нарыққа шығып, ақша жоғалтпай, айырмашылықты көрмей тұрып, тұтынушы сізді байқамай да қалуы мүмкін. Сондықтан өзіңіздің бірегейлігіңіз туралы айтып беріңіз. Неліктен сіздің өнімдеріңіз өзге ұқсас өнім- дерден артық екенін айтып беріңіз. Сіздің өнімдеріңіз немесе қызметтеріңіз өзіне тән бірегей ерекшеліктерге ие болатын болса, сонда сізге нарыққа кіруге және клиенттерді тартуға әлдеқайда жеңіл болады. Мұндай айырмашылықтар ерекше сауда ұсынысы деп аталады (бұдан әрі – ЕСҰ).
Басқа өнімге қарағанда, сіздің өніміңіз неге және немен ерекшеленетінін көр- сету қажет. Жеке ерекше сипаттарды көрсете отырып, нарыққа шығуға және кли- енттерді тартуға оңай болады.
ЕСҰ-ны қалай жасауға болады? Бастапқыда 2 сұраққа жауап беріңіз:

  1. Сіздің тауарыңыз/көрсететін қызметіңіз бәсекелестерге қарағанда несімен жақсы?

  2. Сіздің тауарыңыз/көрсететін қызметіңіз бәсекелестерге қарағанда неге жақсы?








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   316




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет