Жарық ЖОББМ
09.03.2017
|
Ментор: І деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәні: Балғабекова Ж.Т
ІІІ деңгейлі ұйымдастырушы : Игембаев Р.Қ.
|
Тақырыбы:
|
Сабақ үрдісіндегі сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
|
Мақсаты
|
Әріптестердің өз бойында сын тұрғысынан ойлау қабілетінің бар
екендігіне сендіре отырып, іс - тәжірибеде қолданып жүргеніндеріне
тәжірибелік жұмыстар арқылы көз жеткізу.
|
Міндеттері:
|
Әріптестерді жеке, топтық жұмыстарға қатыстыра отырып, тапсырма орындау
барысында сыни ойландыру, материалды өмірмен байланыстыруына,
тәжірибені ой елегінен өткізуіне түрткі болу.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Сын тұрғысынан ойлаудың маңызды тәсіл екенін түсінеді
|
Барысы:
|
1.Қызығушылықты ояту Психологиялық тест «Суретте неше жолбарыс?»
2.Ой қозғау. Ұшу аппаратын қағаздан жасау.Нысанаға тигізу
3. Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталған сабақтың құрылымы
4. Кері байланыс. Тілек ағашы
|
Жұмыс мазмұны
|
Коуч мұғалімнің іс- әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
2 мин
|
«Өміріңе немқұрайлы қарама» өлеңінің ырғағымен ортаға шығып нөмірленген асықтар арқылы топқа бөліну
|
Ортаға шығады, асықты таңдайды, топқа бөлінеді
|
асық
Интерактивті тақта
|
Психологиялық
тест
Ой қозғау
15 мин
|
Әріптестердің зейінін,көңілін бөлуге бағыт беру
«Суретте неше жолбарыс?»
«Ұшу аппаратын» жасауға тапсырма беріледі
Бейнежазба
«Оралбектің орамды ойы»
|
Неше жолбарыс бар екенін тест парақшасына белгілейді.
Қағаздан ұшу аппаратын жасайды
Бейнежазбаны көреді,
ой қорытады.
|
Тест парақшалары
Нысана, қағаз
Интернет ресурстары
|
Мағынаны тану
13 мин
|
Сын тұрғысынан ойлауды дамытуға бағытталған сабақтың құрылымы
1. Қызығушылықты ояту сатысы
Оқушыны өміріндегі контекске қатысы бар, шын мәніндегі мәселені ұсыну және оқыту мақсатын бірлесіп дайындау;
Оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату;
Жаңа идеяны түсінуге платформа дайындау.
2. Мағынаны тани білу сатысы
3.Ой толғаныс сатысы
Оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;
Өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
Болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;
Жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану.
|
Тыңдайды,«Түртіп алу» стратегиясы бойынша қажет жерін жазып алады.
|
Слайд, флипчарт
|
Кері байланыс
5 мин
|
«Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясын ұсынамын.
|
Стикерлерге өз ойларын жазады.
|
Тілек ағашы
стикерлер, парақшалар.
|