7 Тренер портфолиосын бағалау 7.1 Портфолионы бағалау қағидалары Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстары
Бағдарламасының тренерлері бағдарламаның қағидасы және тәжірибесіне сәйкес
өзінің рөлін атқарады. Егер де тренер сертификатталмаған болса, оған суммативті
бағалану үшін ең бірінші тренерлік тәжірибеге негізделген дәлелдемелер
портфолиосын ұсыну қажет. Бұл портфолио осы нұсқаулық негізінде құрылуы
керек және ол «Тиімді оқыту мен оқу», «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы»,
«Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» білім беру
бағдарламалары шеңберінде «Тренерді бағалау үлгісі» негізіне сәйкес бағаланады.
Басшыларды оқыту Бағдарламасында тренерге арналған кәсіби стандарттар 5-
қосымшада берілген. Басшыларды оқыту Бағдарламасының тренерлері «Тиімді
оқыту мен оқу», «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» және «Педагогикалық
қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламалары тренерлерінің
стандарттарына қоса, осы кәсіби құндылықтар, білу мен түсіну және дағдыларға
сәйкестікті көрсетуі керек.
Портфолио дәлелдемелері келесідей болуы керек:
•
құрылымдалған: дәлелдемелердің тиісті бөлігін тауып алуға болатындай,
портфолио жеткілікті түрде жүйелі дайындалған ба;
•
валидті: дәлелдеме талаптарға сәйкес келе ме, мысалы, «Тиімді оқыту мен оқу»
бағадарламасы бойынша тренер портфолиосының В есебінде 4 тізбектелген
сессияларды жоспарлау жазбасы бар ма;
•
жеткілікті: барлық дәлелдемелер баржәне олар талаптарға сәйкес пе;
•
түпнұсқа: барлық ұсынылған дәлелдемелер тренердің жеке өз жұмысы болып
табыла ма.
Бағалаудың анық және толық көрінісін ұсыну үшін арнайы дайындалғандықтан,
тренер тарапынан портфолионың құрылымына қойылатын талаптар нақты
сақталуы қажет. Егер тренер тиімсіз немесе сәйкес емес ақпаратты, жеткіліксіз
немесе тым көп мәтінді ұсынса, не болмаса мәліметтің бір бөлігін қалдырып кетсе
– бағалау шешіміне елеулі әсерін тигізетінін есте сақтау керек. Бұл портфолионың
«есептелмеді» деп бағалануын білдіреді.
Мұндай талаптар тренерлердің наразылықтарын туғызуы мүмкін, өйткені олар
көбірек дәлелдемелер ұсынуға тырысады. Алайда портфолиода көп болсын, аз
болсын талап етілетіні – кәсіби жұмыстың белгілі бір бөлігін ой елегінен өткізіп
сипаттау, соның ішінде, тапсырмаларды орындауға жауапты қарау, талаптарды,
айталық, тапсыру мерзімі мен портфолионың құрылымын рәсімдеуді сақтау.
Портфолионың бұл форматы тренер портфолиосын бағалау критерийлеріне
сәйкестігін қамтамасыз етуге бағытталған. Құрылымның өзі тренерлерге өзін
14
неғұрлым жақсы жағынан көрсетуге мүмкіндік береді.