11
Тренерлерді бағалау
5 Кіріспе
Басшылар бағдарламасы бойынша тренерлерді бағалауды
жоспарлау мен реттеу
тәсілі білім беру бағдарламаларының оқыту, үйрету және бағалау қағидаларымен,
көзқарастарымен толық сәйкес келеді. Бағалау ПӨО-мен өткізіледі және
координацияланады.
Біліктілікті арттыру жүйесінде бағалау оқытудың
ажырамас бөлігі болып
табылады. Тренерді бағалау кәсіби тәжірибесі мен оқытуының тиімділігін арттыру
мақсатында жасалған. Формативті бағалау да, суммативті бағалау да оқытудың бір
бөлігі ретінде қарастырылады, яғни оқытудың ажырамайтындығын көрсетеді.
Тренерлер басшылардың біліктілін арттыру бағдарламасын
толық игеру және
ендіруінде, олардың кәсіби іс-әрекеті мен оқыту нәтижелерін бағалауда маңызды
роль атқарады.
Бағалау тренерлердің «Кәсіби құндылықтар», «Жоспарлау», «Оқыту», «Бағалау»
және «Эвалюация» бөлімдері бойынша стандарттарға жетулеріне қолдау көрсетеді.
Формативті бағалау тәлімгерлік арқылы жүргізіледі. Суммативті бағалау түйінді
критерийлерге сай, портфолио дәлелдемелерінде келтірілген
тренердің қызметі
және кәсіби көзқарасын негізге ала отырып жүргізіледі. Тренерлер өзінің
портфолиосы үшін дәлелдемелерді басшыларды оқытуда сапаны (нәтижелілігін)
анықтау үдерісінде жинайды.
Тренерлердің білімі мен тәжірибесін эксперттер бағалайды.
Тренерлерді бағалау
басшыларды бағалаумен тығыз өзара байланыста жүргізіледі және бірдей
құндылықтар мен қағидаларға негізделеді.
Эксперттер тренерді бағалаудың жоғары этикалық стандарттарға сай жүргізілуіне
жауап береді,
жұмыста адалдық, тиімділік, еңбекқорлық
және кәсібилікті
көрсетеді.
Бағалау адекватты/сәйкес және сындарлы болуы керек. Бағалауға ұсынылған
қызмет дәлелдемелері кәсіби даму мен қызметтің маңызды бөлігі болып табылады
(жоспарлау педагогикалық тәжірибенің негізін құрайды).
Нақты дәлелдемелерге
негізделетін формативті және суммативті бағалаудың арасына нақты шек қойылуы
тиіс. Эксперттер
Достарыңызбен бөлісу: