Бағдарламасы бойынша және Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары



Pdf көрінісі
бет8/105
Дата12.04.2022
өлшемі0,91 Mb.
#139005
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105
Байланысты:
Бағалау нұсқаулығы

3.2.2
 
Суммативті бағалау
Мектептегі екінші тәжірибенің соңында басшылар №1 бастап № 5 дейінгі (А 
бастап F дейінгі есептер) бөлімдері кіретін портфолионың қорытынды нұсқасын 
веб-порталға жүктейді. Тренерлер әрбір басшының портфолиосындағы A, B, C, D, 
E, F, есептерін суммативті бағалап, алдын ала баға қояды. Осыдан соң тәуелсіз 
тренер портфолионы дербес бағалайды. Эксперт портфолионы келесі жағдайларда 
модерациялайды: 

топ тренері мен тәуелсіз тренердің портфолиоға қойған бағаларында 
айырмашылық болған кезде; 

топ тренері/тәуелсіз тренер портфолионы «шекті деңгей», «қанағаттанғысыз», 
«жақсы» деп бағалаған жағдайда; 

плагиат анықталғанда. 
Модерация үдерісінен кейін портфолиосына «шекті деңгей» немесе 
«қанағаттанғысыз» бағалары қойылған басшылар топ тренерінің формативті 
пікірін алады және жетілдірілген портфолионы қайта тапсыру мүмкіндігіне ие 
болады. Тәуелсіз тренер жетілдірілген портфолионы қайта бағалайды, одан әрі 
портфолио «жақсы» деген бағаны ала алмайды. Егер де портфолио қайтадан 
«шекті деңгейге» бағаланса, тәуелсіз тренер портфолионы жақсартуға соңғы 
мүмкіндік бере отырып, бағаланатын басшыға формативті пікір жібереді. 
Портфолиосы екі реттен артық «қанағаттанарлықсыз» деп бағаланған басшылар 
білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен оқудан 
шығарылуға жатады. 


10 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   105




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет