Қазақстан Республикасы жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру курстары Бағдарламасы тренерлерінің портфолиосының жалпы құрылымы Бөлімдер Сөздер саны А Түйінді идеяларды білу және түсіну Мектеп тәжірибесінде өзгерістер қажеттігін негіздеу бөлімі:
енгізу және басқару
2500 В Тиімді тәжірибе Жоспарлау, оқыту және бағалау бойынша бөлім
750 С Рефлексия мен даму Болашақ тәжірибесіндегі оқуы мен өзгерістер бойынша бөлім
750 (ресертификаттау–
1500)
7.2.1.Тренерлердің үздіксіз дамуының дәлелдемелер портфолиосы Сертификатталған тренер оқытуды жүргізген белгілі бір бағдарлама бойынша әрбір
лектің соңында жылына бір мәртеден кем емес В және С бөлімдерін (750 сөз) (6.1
қосымша) әзірлеуі керек. Бұл бөлімді бекітілген эксперт формативті бағалайды. В
және С бөлімдерінде көрсетілгендей, тренердің үздіксіз жүйелі дамуы туралы
ақпаратты жинауы басқарымды болып қана қоймай, тренердің өзіне де пайдалы
болуы керек. Мәліметтер тренердің қызметі мен тәжірибесінің талдауына
негізделіп, тиісті форматта ұсынылады.
Бекітілген эксперт берген кері байланыс тренерге болашақта сабақ беруіне
көмектеседі. Бұл үдеріс қайталауға мақсатталмаған - жаңа идеялар және
тәжірибемен сапаландырылған, курстың әрбір легімен тренер тәжірибесін қайта
ұғынатын кәсіби оқудың спиральдары болып табылады.