Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет18/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
#54420
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Сауат ашу әдістеме - копия
akkala, Biznes zhospar SyrtkyKiimOndirisiBoyynshaZhelilerAshu, Сауат ашу әдістеме






(Ұ) Сергіту сəті.
Балалар орындарынан тұрып, тыныс алу жаттығуын жəне қол-аяққа арналған жаттығуларды Х əрпіне ұқсатып жасайды.
5-тапсырма. Хатқалтаның х-ға ұқсас бөлігін тапқызу. Хат, хатқалта сөздеріндегі х дыбысының орнын анықтату. Хатқалтаның Х-ға ұқсас бөлігін сызғызу.
Хат сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
Хат алыстағы адамдардың қарым-қатынас құралы екенін, оны пошташы тасып жеткізетінін педагог əңгімелеп түсіндіреді.
Алдымен педагог балаларға хат салатын хатқалта туралы түсіндіреді.
Оның бірінші бетінде хат баратын жердің мекенжайы жазылатындығын айтады. Екінші бетінің айқастырылып желімделгенін көрсетеді.
Балалар төртбұрыштап кесілген қағаздан хатқалта жасайды.
Хатқалта дайын болған соң Х-ға ұқсайтын екінші жағындағы бүктемесін үзік сызықтармен бастырады.
Педагог хатқалта жасауға көмектесіп, бүктеу сызықтарын көрсетіп тұрады.
6-тапсырма. Таяқшалар мен қыстырғыштардан х əрпін бейнелеп жазады.
Жазу жолына Х əрпінің баспа түрін жазады.

Əліппе-дəптер.

IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды.

Қай тапсырманы орындау қызықты болды?

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.


Əліппе-дəптер.



37 ҰОҚ

7-тарау. Мен үшін не дəмді жəне пайдалы? ТАҚЫРЫБЫ: Тамақтану əдебі

Һ дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:




Саны:

Педагогтің аты-жөні:




СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

0.1.1.1 Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.3.1.1 Сөз, сөйлем сызбасын құру, оларды үлгінің көмегімен жəне ұсынылған үлгілер негізінде жазу.

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп

элементтерін жазу.





Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық жауап береді.

Сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі Һ дыбысының орнын ажыратады.

Жазуға жаттығады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Сұраққа жауап бере отырып пікірлеседі..

Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Һ дыбысы естілетін сөздерді табады, сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы һ дыбысының орнын ажыратады.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, һ əрпінің элементтерін жазады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Əліппе-дəптерден педагогтің сұрағы бойынша қажетті ақпаратты табады.

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.

Һ дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.



Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер :

Бұл суретте не болып жатыр деп ойлайсың?

Балалар педагогтің көмегімен əр тапсырманы орындау барысында толық жауап беріп, өз ойларын анық жеткізеді. Һ əрпін жазады. Дұрыс дауыстап айтады.





Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Қаһарман, айдаһар, қаһар.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Сөздерді буынға бөліп айт.

Суреттегі балалардың сөздерін мəнерлеп қайталайды. Һ дыбысын қай дыбыспен шатастырмау керек?






Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Таныс əріптерден басталатын сөздерге мысалдар келтіреді. Сөзде неше дауысты дыбыс естілетінін ажыратады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2 мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Педагог балаларды ортаға тұрғызып алдымен кең тыныстап, Һ дыбысын шығарып демалуды тапсырады.

Балалар қолдарын жоғары көтеріп, Һ дыбысын дауыстап айтады.

Енді барлығы бірігіп:
– Армысың, алтын күн, Армысың, қара жер, Армысың, достарым,

Армысың, бармысың, – деп дауыстап амандасады.


(Ұ) Педагог Бауыржан Момышұлының суретін көрсетіп, халық қаһарманы туралы əңгімелейді. Батырдың өмірін өнеге тұту қажеттігін атап өтеді.




ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма. Педагог қазақ тілінде Һ дыбыс естілетін сөздерді дауыстап оқиды. Педагог балаларға Һ дыбысының айтылуын үйретеді. Айтқанда дауыс шымылдығында діріл болмайды, дыбыс сүзіліп шығады
Қаһарман, айдаһар, қаһар.

Балалар педагогпен бірге Һ дыбысы естілетін сөздерді қайталап, буынға бөледі.




2-тапсырма. Сюжетті суретті көрсете отырып, асханадағы балалардың іс-əрекетін түсіндіреді.
Балалар балабақшадағы тамақтану кезіндегі ереже, тəртіп,

Əліппе-дəптер.


Суреттер.






мəдениеттілік туралы айтады.




Суреттегі балалардың əрекетін рөлге еніп қайталайды.




Жағымсыз қылықтар туралы пікірлеседі.



Тамақтанар алдында, тамақтанғаннан кейін айтылатын ізгі






сөздерді қайталайды. Асыңыз дəмді болсын! Рақмет! Ас болсын!

Қ, х əріптері жазылған плакат.



Педагог балаларға нақыл сөзді қайталап есте сақтап алуын




өтінеді.





Алдыңдағы асты шашпай-төкпей же.

Һ əрпі жазылған плакат.



3-тапсырма. Һ қай дыбыспен шатастырмау керек?




Ол дыбыстарды боя.




Һ дыбысын балалар дауыстап айтып, қандай дыбыстарға




ұқсайтынын айтады.




Берілген суреттегі Қ жəне Х əріптерін əдемілеп бояйды.




Һ, Қ, Х дыбыстарды айтқанда дұрыс айтылу ережесін




сақтап жаттығады.




(Ұ) Сергіту сəті.


Ермексаз, жіп.



Балалар орындарынан тұрып, тыныс алу жаттығуын




жасайды.




Тыныс шығарғанда һ дыбысын айтады.

Əліппе-дəптер.


4-тапсырма. Педагог берілген сөздерді дауыстап оқиды.






Хабар, қар, қора, хат, «Моһ-моһ!», қаһар.

Суреттер.






Балалар естіген сөздерін буынға бөледі. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды.

Һ – қатаң дауыссыз дыбыс.


5-тапсырма. Һ əрпімен таныс бол.


Мен қаһарлы ханмын, Һ-ға ұқсайды тағым.

Педагог өлең жолдарын оқып, мазмұндайды.

Һ əрпінің бейнесін тақтаға іліп қояды.


Қырынан тұрған тақтың суретін балалар Һ əрпінің бейнесіне ұқсатады.

6-тапсырма. Педагог балаларға жіп жəне ермексаздан һ əрпінің бейнесін жасауды көрсетеді. Балалар өздері ұнатқан заттан Һ əрпінің бейнесін жасайды.


Һ əрпінің баспа түрін ауада жазады.

7-тапсырма. Балалар суреттегі айдаһарды атайды. Айдаһар

сөзін буынға бөледі.
Суретте берілген айдаһардың əрекетін айтады. Аузынан шыққан оттың Һ əрпінің бейнесіне ұқсайтынын табады.

Балалар өлеңнен естіген цифрды айтады.


4 санын дұрыс жəне төңкерілген бейнесін жазып салыстырады.







Һ əрпінің баспа түрін жазады.




IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.


Əліппе-дəптер.



38 ҰОҚ




ТАҚЫРЫБЫ: Тағамдар қайдан келеді? Я дыбысы мен əрпі




Саны:

СЫНЫП-ТОП:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

00.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы жəне т.б.) қолдану.

0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне

төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу.


Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Сұрақтарға толық дауап беріп, өз ойларын айтады.

Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Я дыбысы – дауысты дыбыс, я дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі я дыбысының орнын ажыратады.

Жазуға қолдарын жаттықтырады.

Дұрыс тамақтану ережесімен танысады.



Көпшілік тəрбиеленушілер:

Суретке жауап бере отырып, мазмұндайды..

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Я дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы я дыбысының орнын ажыратады.

Сөйлемдерді интонация бойынша ажырата отырып (хабарлы, сұраулы, лепті), сөйлеу барысында қолданады.

Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі

сызығын сақтап, я əрпінің элементтерін жазады.






Кейбір тəрбиеленушілер:

Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.



Я дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады. Сөз, сөйлем сызбасын құрастырады.

Пайдалы тағамдарды атайды. Пайдасын біледі.



Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сурет желісі бойынша сұраққа жауап береді.

Өз ойларын толық, нақты жеткізе отырып, əңгіме құрайды.

Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Күрке

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Жерден жəне малдан өнетін өнімдерді атайды. Пісірмей жейтін тағамдар қандай тағамдар?




Өткен ҰОҚ-дан алған білім

Сөйлем неден құралады? Сөз қай дыбыстан басталып тұр? Қандай түстермен белгіленеді? Таныс əріптерден сөз құрайды.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері




І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Педагог балалардың ынтасын оқу қызметіне тарту үшін ортаға шеңберге тұрғызады.

Шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.


Мына сұлу əлемде Адам өмір сүреді. Үлкен менен кішіге, Күн сəулесін төгеді.
(Ұ) Педагог балаларға көгөністер мен жемістердің суретін көрсетеді. Балалар оларды атайды.

Адам дене құрлысының суреті берілген.

Балалар берілген көгөністер мен жемістердің дене мүшесіне ұқсастығын табады.

Педагог балалардың жауаптарын толықтырады.


Көгөністер мен жемістердің суреті.


Адамның дене құрылысы.

ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс




1-тапсырма

Əліппе-дəптер.

Балалар суретке қарап отырып берілген тағамдарды




атайды.




Жерден өніп шығатын тағамдарды жасыл түспен,




малдан өндірілетін тағамдарды қызыл түспен







бояйды.
Суретте: май, сəбіз, сүт, қияр, құрт, алма, нан. Берілген тағамдар атауларының сызбасы берілген.

Сызбадағы бос торкөздерге дауысты дыбыстарды тауып жазады. Қияр сөзін буынға бөледі.


Сия мен ұяның суретін атайды.


Педагог сия мен ұя туралы түсінік береді.
Балалар сөздің соңында естілген дыбысты табады.

Я – қосарлы дыбыс. Я=й+а

Педагог Я əрпінің дыбысталуын түсіндіреді.
2-тапсырма. Суреттердегі берілген тағам түрленінің атауларын атайды. Торкөздің екінші жағына пісірмей жейтін тағамдарды белгілейді. Тапсырма орындамас бұрын педагог балаларға тағамдардың пайдасы жəне кейбір пісірілмей тұтынатын тағамдар туралы түсіндіреді.
3-тапсырма. Я əрпімен танысамыз.
Педагог өлең жолдарын оқып береді, балалар қайталап есте сақтайды. Суреттегі пияздың суретінің Я əрпінің тақтадағы бейнесіне ұқсайтынын табады.
Педагог Я əрпінің баспаша түрімен таныстырады.
Пияздың ащы болаты туралы балалар өз ойларын айтады. Пияз аршығанда неге көзіміз ашиды, көзімізден жас ағады?
Педагог балаларға қызықты əңгіме оқып береді.

Ертеде римдіктер мен гректер пиязды


Суреттер.






жауынгерлерге күш жəне батылдық беретін əрі жарақатты жазатын шипалы, қасиеті күшті өсімдік деп есептеген. Олар пияздың бір түріне «Жеңімпаз» деп ат берген. Себебі С дəрумені дененің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын заттарға бай.
Педагог тақтада тұрған Я əрпінің бейнесіне пияздың суретін ұқсайтынын көрсетеді.
Балалар Я əрпінің бейнесін бастырып жазады. (Ұ) Сергіту сəті.

Терезені ашайық,

«Таза ауа кірсін», – деп. Жаттығуды жасайық,

«Денем мықты болсын», – деп.


4-тапсырма
Суреттегі бейнелер туралы пікірлеседі.
Балалар біреуі еңкейіп, біреуі шалқайып тайып бара жатқан, енді біреуі тұрып тұрған Я əрпінің бейнелерін бояйды.

Я əрпінің баспа түрін жазу жолдарына жазады.



Суреттер.

Пияздың суреті.

Əліппе-дəптер.


IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.


39 ҰОҚ




ТАҚЫРЫБЫ: Кəмпиттің сөзі. Ф дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет