Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



бет20/23
Дата23.12.2019
өлшемі0,55 Mb.
#54420
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Сауат ашу әдістеме - копия
akkala, Biznes zhospar SyrtkyKiimOndirisiBoyynshaZhelilerAshu, Сауат ашу әдістеме




Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.



Э дыбысы – дауысты дыбыс, жуан дауысты. Э дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі э дыбысының орнын ажыратады.

Э əрпінің баспа түрін жазады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап, сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы э дыбысының орнын ажыратады. Э дыбысына сөз ойлайды.

Э дыбысына (дауысты, жуан дауысты) сөз құрайды. Жазу жолына Э əрпінің элементтерін жазады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.



Э дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады.

Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Балалар педагогтің сұрағына жауап береді. Өз ойларын айтып пікірлеседі. Э əрпімен танысады.



Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:
Эскимо

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары. Өлеңді қайтала, жатқа айт.



Эскимо сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Қай əріптердің пішіні Э əрпіне ұқсайды деп ойлайсың?




Өткен ҰОҚ-да алған білім

Заттардың атын ата. Өлең жолдарын еске сақтайды. Таныс əріптерден сөйлем құрайды.

Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөйлемдерге сызба құрайды.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.

Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады. Балалар шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіреді.
(Ұ,Ө) Педагог балаларға жұмбақ оқып береді.
Қысы-жазы ақтайды, Астықты тазалап, Қай жерде сақтайды?

(Элеватор)


Балалар жұмбақты шешеді.

Элеватор көлігі туралы білетіндерін айтады. Педагог толықтырады.






0–2мин.





II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.

Жұмбақтар жинағы.

3–5 мин.




ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма.
Педагог өлең жолдарын мəнерлеп оқиды.

Таңдайыма тəтті-ақ, Өзі қардай аппақ.

Мұз да, бал да өзіңде, Бұл атақты балмұздақ.

Өлең жолдарын естеріне сақтайды.


Балалар Эскимо – сүйікті балмұздақтары туралы əңгімелейді.
Эскимо сөзін қайталап айтып, бірінші естілетін дыбысты табады. Эскимо сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Э деп дыбыстап айтады.
Э – жіңішке дауысты дыбыс. Дыбысты айқанда ауа еш кедергіге ұшырамайды.
Педагог бүгінгі оқу қызметінде Э əрпімен таныс болатынын балаларға хабарлайды.
2-тапсырма.
Берілген суреттегілерді атайды.

Əліппе-дəптер.

Суреттер.

Суреттер. Сөздердің сызбасы жазалған полотно немесе плакат.
Э əрпі жазылған плакат.





Эскимос, эскалатор, экран.
Сөздердің сызбасы арқылы дыбыстық талдау дасайды. Қызыл дөңгелектер – дауысты дыбыс жəне көк дөңгелектер – дауыссыз дыбыстар екенін ажыратады.
Педагог балаларға жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді.
3-тапсырма. Педагог тақтаға Э əрпінің бейнесін іліп қояды.
Э əрпінің бейнесіне ұқсайтын заттарды атайды.
Домалақ шардан Э əрпінің пішінін қолдарын үзбей саусақтарының ұшымен бастырады.


(Ұ) Сергіту сəті
Ұзын мойын экскаватор –

Алып мəшине Жер қазып жатыр.


Балалар өлең жолын мазмұндап қимылмен 2-3 рет көрсетеді.
4-тапсырма. Ермексаздан э əрпін мүсіндейді.
5-тапсырма. Дөңгелек бейнесінен э əрпінің пішінін қолдарын үзбей саусақтарымен жүргізеді. Өлеңді педагог оқиды, мамзмұнын түсіндіреді.
6-тапсырма. Қай əріптердің пішіні Э əрпінің бейнесіне ұқсайды?
Балалар өлең жолдарынан Э əрпі кездесетін сөздерді табады жəне буынға бөледі.
Балалар суретте берілген əріптерді педагогпен бірге атайды.
Ə Ң Г Ө Ғ Н О
Əріптерден сөздер құрастырады. Əріптерді ауада жазып көрсетеді.

Э əрпінің пішініне қарап қай əріпке ұқсайтынын


Əліппе-дəптер.

Жеке əріптер жазылған плакат.

Түсті қағаздар, қайшы.






табады.
Ө əрпінің Э əрпіне қалай ұқсайтыны, жəне оның Э əрпіне ұқсайтын бөліктерін бояп көрсетеді.
7-тапсырма. Дөңгелек пішінді түсті қағаздан Э əрпінің бейнесін жасайды.
Педагог балаларға Э əрпін қиюдың үлгісін көрсетеді. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесі еске түсіріледі.
Балалар Ə əрпінің артық сызықтарын қиып, Э əрпін жасайды.
Ө əрпінің бейнесі балаларға беріледі. Э əрпі кездесетін сөздерді атайды.

Э əрпін жазу жолдарына жазады.






IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды. (Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.

Əліппе-дəптер.



42 ҰОҚ



ТАҚЫРЫБЫ: Не тəтті, не ащы? Щ дыбысы мен əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы! жəне т.б.) қолдану.

0.2.2.1 Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы)

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.

0.3.3.2. Қарапайым жиектерді бояп салу.



Күтілетін




нəтиже

  • Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

Щ дыбысы – дауыссыз дыбыс, щ дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі щ дыбысының орнын ажыратады.

Щ əрпінің пішінен жазады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəліметтті суретке қарай отырып, мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

Щ дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы щ

дыбысының орнын ажыратады.

Жазу жолына Щ əрпінің элементтерін жазады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды.



Щ дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.

Щ əрпінің бейнесін Ш əрпімен салыстырып пішінін анықтайды



Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Тəрбиеленушілер: Суреттер бойынша əңгіме құрастыру. Суретте бейнеленеген оқиғаны өз жағдайларында жалғастыру.

Щ əрпімен танысады. Жаңа сөздердің мағынасын түсінеді. Сөйлем құрайды.


Негізгі терминдермен сөз тіркестері: Ащы, тұщы.

ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Щ дыбысы естілген сөздерді қайталап айт. Сөздерді буынға бөледі. Өлеңді мазмұндайды.




Өткен ҰОҚ-да алған білім

Дыбыстарды ажыратады.

Сөйлем түлерін қолданады. Қолды үзбей жазады. Сөйлем түрлерін ажыратып, сөйлемдегі сөздердің санын анықтап, сызба бойынша сөйлем құрайды.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.
3–5 мин.

Педагог балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.


  • Кəне, балалар, барлығымыз отбасымызға жақсы тілектер тілейікші!




    • Ата-анам ауырмасын!

    • Үлкендерді сыйлайық!

    • Анамызды ардайық!

(Ұ) Педагог балаларға күннің суретін көрсетеді.



Балалар педагогтің сұрақтарына жауап береді. Күн бізге сəулесін шашып тұр.
«Балалар күн сəлесінен жылу тарайды» деген сияқты өз ойларын ортаға салады.

Педагог балаларға күн сəулесімен қоса адам дені сау болу үшін дəрумендер керек екенін əңгімелейді.






ҰОҚ-ның ортасы

III. Тақырып бойынша жұмыс

6 – 27мин.



(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс
1-тапсырма
Педагог балаларға өлең жолдарын мəнерлеп оқып береді.

Балалар сұраққа жауап береді. Сарымсақтың дəмі қандай екенін, оның пайдасын əңгімелейді.


Борщ тамағы туралы пікірлеседі. Сендердің аналарың борщ пісіре ме? Борщқа не қосып пісіреді?

Балалар сұраққа жауап беріп, əңгіме құрады. Борщ, ащы, тұщы сөздерін қайталап айтады. Сөздерді буынға бөл.



2-тапсырма
Балалар бір-біріне тағам дəміне байланысты сұрақтар қояды? Айран, кəмпит, қарбыз, лимон, пияз, қымыз.

Щ – қатаң дауыссыз дыбыс.


Əліппе-дəптер.

Əліппе-дəптер.

Суреттер.






3-тапсырма. Педагог өлеңді мəнерлеп оқиды. Өлеңдегі борщ, щи жəне щетка сөздеріне дыбыстық талдау жасатады. Жазылады деген сөзді естіледі деген сөзбен алмастырады:
Шие, шалқан, шанышқы –
естіледі Ш-мен.

Педагог сөйлемдерді оқып, соңғы сөздің бірінші буынын ғана айтады, ал балалар айтамыз, көреміз деген сөздермен аяқтайды.




(Ұ) Сергіту сəті
Балалар орындарынан тұрады.
Педагог балаларға таныс дыбыстарды дауыстап айтады. Балалар дауысты дыбыс естісе, қолдарын жоғары көтеріп шапалақтау керек, ал дауыссыз дыбыс естісе, қолдарын тізелеріне түсіріп еңкейіп шапалақтау керек екенін ескертеді.
Жаңылған балалар қайта жасайды.
4-тапсырма. Щ əрпімен танысамыз. Дыбысымыз кедергіге ұшырап шығып тұр жəне Щ əрпін боя.
Педагог балаларға өлең жолдарын оқып береді.

Үш тармақты айырын,


«Шатастырма Ш-мен», – деп, Атам оны таңбалап,

Аяғынан байлады.


Балалар өлең жолын мазмұндайды.


Балалар шана сөзі мен щетка сөзін салыстыра айтады. Педагог берілген суреттегі Щ əрпін бояуды

Щ əрпі жазылған плакат.

Таяқшалар жəне қағаз қыстырғыштар.






өтінеді. Балалар Щ əрпінің бейнесін бояйды. Ш əрпінен айырмашылығын табады.
5-тапсырма
Тақтада Щ əрпінің бейнесі ілінген.
Педагог балаларға Щ дыбысын жасау үшін таяқшаларды жəне қағаз қыстырғыштарды қолдануға болатынын айтады.
Балаларға ой тастайды.
Балалар Щ дыбысының бейнесіне қарап отырып өздеріне қанша таяқша жəне қағаз қыстырғыш керек екенін, жəне қалай жасауға болатыны туралы пікірлеседі.

Щ əрпінің баспа түрін ауада жазып, сосын жұмыс дəптеріне баспа түрін жазады.






IV. ҰОҚ-ның қорытындысы. Рефлексия.
28-30 мин.

Педагог қорытынды жасайды, балаларды мадақтайды.

(Ұ,Ө) Рефлексия. Балалар өз білім деңгейлерін смайликтер арқылы бағалайды.


Əліппе дəптері.



43 ҰОҚ



8-тарау. Денсаулықты қалай күтуге болады?

Тақырыбы: Дəрумендер. В дыбысы мен

əрпі

Мектеп/МҰ:

Саны:

Педагогтің аты-жөні:

СЫНЫП-ТОП:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары

        1. Тілдің дыбыстарын естіп қабылдау, оларды сөздер ішінен бөлу жəне сөзсіз жеке айту.

        2. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, дұрыс дыбыстау.

0.1.4.1 Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым- қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), сөздерді (кешіріңіз, тыңдаңызшы жəне т.б.) қолдану.

0.2.2.1 Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы)

0.3.3.1 Жазу бетін бағдарлау, жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, торкөз дəптерге кең сызықтар, əріп элементтерін жазу.


Күтілетін нəтиже




  • Барлық тəрбиеленушілер:

Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратады.

В дыбысы – дауыссыз дыбыс, в дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды.

Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі в дыбысының орнын ажыратады.

Ш əрпінің баспа түрін жазады.


Көпшілік тəрбиеленушілер:

Тыңдалған мəлімет/хабарламаны тірек сызба, иллюстрация көмегімен мазмұндайды.

Берілген суретке қарап сөздегі дыбыстарды, олардың түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан жəне жіңішке дауыстылар) ажыратып, талдау жасай алады.

В дыбысына сөз құрайды. Сөздегі дыбыс санын, ондағы в дыбысының орнын ажыратады.

В əрпінің пішінін жасайды.

Жазу жолына в əрпінің элементтерін жазады.


Кейбір тəрбиеленушілер:

Суретті кітаптардан қажетті ақпаратты табады. Өзіне таныс тақырып аясында диалогке қатысады. В дыбысын қатыстырып, сөз/сөйлем құрастырады.



Тілдік мақсат

Тəрбиеленушілер:

Сұраққа толық жауап бере отырып, өз беттерімен В дыбысын табады. В дыбысынан келетін сөздерді айтады, сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды. Естіген əңгімелерін мазмұндайды.



Негізгі терминдермен сөз тіркестері:

Автобус, витамин, грипп, вирус.


ҰОҚ-дағы тапсырмалар мен диалогтерде қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары.

Əңгімені мазмұндайды.

Мəтіндегі қай сөздерден В дыбысын естідің? Тыңда, қайтала, салыстыр.

Бұл қай көлік деп ойлайсың?




Өткен ҰОҚ-да алған білім

Сөйлем құрастырады. Сөздерді буынға бөледі. Сөздер қай дыбыстан басталып тұрғанын табады. Қандай түстермен белгіленетіні айтады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
0–2мин.

Педагог балалардың назарын оқу қызметіне тарту үшін шеңберге тұрғызып, көңілді өлең жолдарын айтқызады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет