Бағдарламасы бойынша мектепалды дайындық тобы мен сыныбы педагогтеріне арналған



Pdf көрінісі
бет510/513
Дата07.02.2022
өлшемі2,52 Mb.
#86137
түріБағдарламасы
1   ...   505   506   507   508   509   510   511   512   513
Байланысты:
дене шынықтыру
ақпан циклограмма, ақпан циклограмма, камила портфолио, Серуен карточкасы 4 жыл мезгили-1
Мектепалды даярлы
қ
Бастауыш мектеп
Мен кіммін және қандаймын?
Өзім туралы
Мектепке не үшін барамыз?
Менің мектебім
Менің айналамда кімдер бар?
Менің отбасым және достарым
Менің айналамды не қоршап тұр?
Қоршаған орта
Жолдар бізді қайда бастайды?
Саяхат
Салт-дәстүрді білу не үшін керек?
Салт-дәстүр және фольклор
Мен үшін не дәмді және пайдалы?
Тағам және сусын
Денсаулықты қалай күту керек? 
Дені саудың – жаны сау
Барлық тарау тақырыптары мектеп жасына дейінгі баланың сыни ойлауын көрсететін 
нақты үлгі ретінде балаларды үнемі толғандыратын: «Бұл не? Қалай? Неге?» т.с.с. сауалдар 


230
төңірегінде берілген. Балалар өздері куә болған адамдар әрекетінің, табиғи құбылыстардың, 
оқиғалардың себептерін үнемі білгісі келеді. Бұл сұрақтар баланың миын белсенді жұмыс 
істете отырып, ойлау қабілетін дамытады.
«Алматыкітап баспасы» мектепалды даярлық және бастауыш мектеп оқу-әдістемелік 
кешенінің ерекшелігі
оқулықтар мен әдістемелік оқу құралдарының мазмұнында бірдей 
ортақ тақырыптың
қамтылуында болып отыр. Бұл мектепалды даярлық және мектепте білім 
беру мазмұнын сапалы кіріктіруді 
толық
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бұл әдістемелік нұсқау қысқамерзімді жоспар түрінде орындалған ҰОҚ мазмұнынан 
тұрады. Жоспарлаудың бұл түрі бірінші сыныпқа арналған оқу құралдарында да бар, сондықтан 
ол мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп ОӘК-ін әдістемелік қолдаудың бірізділігін тағы 
да бір рет дәлелдейді. 
Қысқамерзімді жоспардың өзіндік айрықша құрылымы мен ерекшелігі бар:
 
1. Оқу мақсаттарының болуы (олар бағдарламада белгілі бір бөлім мен бөлімшелер 
ретінде берілген, сондықтан педагогтер оны өзгертпегені жөн). 
2. Жоспарда ҰОҚ-ның 
сараланған мақсаттары
берілген (барлық балалар, балалардың 
көпшілігі және кейбіреулері үшін). Бұл оқу үрдісін ұтымды саралай ұйымдастыруға мүмкіндік 
береді. Оқу жоспарының құрылымы практикалық жағынан пайдалану үшін айтарлықтай 
қарапайым және оқу барысы үшін тиімді.
 
Жоспар 3 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде
баланың эмоционалдық көңіл күйін қамтамасыз ететін әдіс-тәсілдер 
қаралған.
Екінші бөлім
негізгі бөлім ретінде оқу мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған әдістер, 
тәсілдер мен құралдар буынын қамтиды.
Үшінші бөлім
рефлексия түрінде қорытынды шығаруға бағытталған. Жоспардың 
«Ресурстар» атты айрықша тармағында дидактикалық, әдістемелік, электрондық сипаттағы 
әртүрлі ақпарат көздері берілген (кейбірінің электрондық мекенжайы бар). Қысқамерзімді 
жоспарда әліппе-дәптердің, оның ішінде жұмыс дәптерінің барлық тапсырмалары ескерілген.
Егер әліппе-дәптерде бір ҰОҚ-да 4–6 тапсырма орындау ұсынылса, әдістемелік 
нұсқауда әдістемелік тапсырмалар көлемін 15–20-ға дейін кеңейтеді. Әдістемелік нұсқаудағы 
тапсырмалар осы әдіс-тәсілдер есебінен барынша қызықты, мазмұнды, ойын түрінде 
тартымды болады. Онда әдеби сөз де, сурет салу да, сахналық рөл сомдау, ойын, драмалау, 
ойнау, фольклор, сергіту сәті, практикалық тапсырмалар, шағын зерттеулер және т.б. бар.
Бұл педагог осы оқу құралын пайдаланумен ғана шектеліп, өз тарапынан қандай да 
бір тиімді шығармашылық әдістер енгізуге немесе өздігінен өзгертуге құқығы жоқ дегенді 
білдірмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   505   506   507   508   509   510   511   512   513




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет