Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет ресурстар Қызығушылықты
ояту
0–3 минут
(Ұ, ПК ) «Танысу» ойын жаттығуы.
Өз есімдерін атай отырып, шеңбер бойымен бір-біріне
доп береді.
Шеңбер жасай отырып, қол ұстасып жүру. Қозғалыс
тәсілін өзгерту ұсынылады – қатар тұрғандардың иығына
қолын қоя отырып, алақандарын қоса ортаға арқасымен
бұрылу.
Кең, бос кеңістік.
Диаметрі 10 см доп.
Негізгі бөлім
4–12
(Ұ) Баяу қарқынмен 2 минут жүгіру; белгі бойынша –
жүру, төрттағандап еңбектеуді кезектестіріп орындау.
Аталған арақашықтықты сақтау маңыздылығына,
қозғалыстың бір түрінен екінші түріне өту кезінде тепе-
теңдік сақтай білуге балалардың назарын аудару.
Тыныс алу жаттығулары.
(т, Ө) 5 метр қашықтыққа алға аттай отырып, допты
жоғары лақтыру және екі қолмен қағып алу.
(ПК) Нұсқау – допты өзіңе қарай қыспай, алдыға қарай
ұстай отырып алға-жоғары лақтыру керек.
Кең, бос кеңістік.
13–27
Балаларға өзін ұстай білу мәдениеті туралы еске
са лады – домалап кеткен допты өзгеге лақтыра салмай,
қолына беру керек.
(т, Ө) 5 метр алға аттай отырып заттар арасымен екі
аяқпен секіру.
Нұсқау – қозғалыс кезінде екі қолды алға сілтеу арқылы
көмектесе отырып, бір мезетте қос аяқтап бар екпінмен
секіру.