Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Алматыкітап баспасы 2016


Бай: Олай болса, кел, екеуміз шапанымызды айырбастайық. Алдар



бет110/115
Дата06.02.2022
өлшемі185,92 Kb.
#51824
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115
Байланысты:
Драма-әдістемелік

Бай: Олай болса, кел, екеуміз шапанымызды айырбастайық.
Алдар: Сенен немді аяйын, кел, айырбастайық.
Автор: Сөйтіп, Алдар байдың жылы шапанын алдап киіп кетеді.
Бай: Мына сиқырлы шапанның еш жылуы жоқ қой. Қап, мына қу Алдар мені тағы да алдап кетті-ау.
Қосымша
Құрметті мектепалды даярлық сыныбының педагогтері!
Мектепалды даярлықтың типтік оқу жаңа бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі – мек- тепалды даярлық пен бастауыш мектептерде білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету. Мектепке дейінгі даярлық сыныптары мен бастауыш сыныптардағы оқыту және тәрбиелеу жұмысы біртұтас даму үрдісін құраған жағдайда осы міндеттерді орындау мүмкін болмақ. Сонымен қатар мектепке дейінгі даярлық пен бастауыш мектептің үздіксіз сабақтастығының міндетті шарттарының бірі бағдарламалар және оқу-әдістемелік кешендерді құру қағидаларының біртұтастығы болып табылады. Мектепалды даярлық пен бастауыш мектеп бойынша жаңартылған бағдарламаның мазмұнын салыстырмалы талдау көрсеткендей, бұл бағдарламалардың құрылымы біртұтас тәсілдерді қамтиды:

  • педагогтерге өз жұмысын жоспарлауға және балалардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін оқу мақсаттары жүйесінің болуы;

тақырыптық оқу мазмұнының болуы;

  • пәнішілік және пәнаралық мазмұнының кіріктірілуі;

  • мектепалды даярлық пен бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үрдісінің ортақ үлгісін қамтитын

әдістемелік қолдауды қамтамасыз ету.
Осы қағидалардың барлығы Қазақстан Республикасы Мектепалды даярлық білім беру бағдарламасының мазмұны мен құрылымында және жаңа оқу-әдістемелік кешендерінде қамтылған.
Бастауыш мектеп бағдарламасының жетекші идеясы ортақ 8 тақырып: «Өзім туралы»; «Менің мектебім»; «Менің отбасым және достарым»; «Қоршаған орта»; «Саяхат»; «Салт-дәстүр және фольклор»; «Тағам және сусын»; «Дені саудың жаны сау» атты бөлімдер негізінде пәндік мазмұнды кешенді жоспарлау болды.
Осыған байланысты «Алматыкітап баспасының» мектепалды даярлық бойынша ОӘК автор- лары да 8 өзекті ортақ тарауды ұсынады. Олар мазмұны жағынан бастауыш мектептегі 8 ортақ тараумен ұқсас. Дегенмен өз ерекшеліктері де бар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет