Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Алматыкітап баспасы 2016



бет98/115
Дата06.02.2022
өлшемі185,92 Kb.
#51824
түріБағдарламасы
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115
Байланысты:
Драма-әдістемелік

МАҚТАНШАҚ ҚоЯН
(ертегі)

Орманда бір қоян өмір сүріпті. Ала жаздай сайрандап, тоғайдағы жеміс-жидектерді теріп жеген ол қыс түсе қарны ашып, ауылға арпа ұрлауға барады екен.


Бір күні ол ауыл шетіндегі тұратын шаруаның үйіне ұрлыққа келеді. Қорасына кірсе, қаптаған үй қояны. Ол мақтана бастайды:

  • Сендер үйде тұрсаңдар қайтейін?! Мен сендерден бәрібір артықпын. Менің мұртым мұрт-ақ! Сендердікіндей емес! Ал табаным мен тістерім ше? Сендердікімен салыстыруға да келмейді… Мен ешкімнен қорықпаймын!

Үй қояндары мақтаншақ қоянның қылығын қарға тәтелеріне айтып береді. Ол бөспе қоянды жазаламақ болып, іздеп тауып алады. Даңғой қоян шошып кетеді:

  • Қарға тәте, тиіспеші. Мен енді мақтанып, елдің мазасын алмайтын боламын!

  • Солай де! Босқа мақтанба! Елден ерекшелігіңді бос сөзбен емес, ісіңмен көрсет! – дейді қарға.

Арада біраз күн өтті. Бірде қараса, әлгі қарғаны иттер талап жатыр екен… Жаны ашып кеткен қоян қарғаны құтқармақ болады. Иттердің назарын өзіне аударып, тұра жүгіреді. Қарғаны тастай салған иттер қоянды қуа жөнеледі. Ол қашып құтылады.
Қоянның ерлігіне риза болған қарға оған келіп жолығып:

  • Рақмет саған! Сен мақтаншақ емес екенсің, мақтауға тұратын ер екенсің! – деп ризашылығын білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет