Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Алматыкітап баспасы 2016



бет102/115
Дата06.02.2022
өлшемі185,92 Kb.
#51824
түріБағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   115
Байланысты:
Драма-әдістемелік

КІШКЕНТАЙ МАСА
(ертегі)
Ерте-ерте-ертеде, кіп-кішкентай маса дүниеге келе салып, өз-өзіне сүйсіне бастайды.

  • Міне ғажап, қандай әдемі, сұлумын! Ғажап деп осыны айт!

Аяғына қараса, алтау екен. Ұп-ұзын, сымбатты. Төрт таяқпен тік тұрасың, ал қалған екеуі, бесінші, алтыншысы – қорғаушылар. Олар денеге ештеңені жақындатпайды.
Маса енді қанаттарына қарайды.

  • Қандай мөп-мөлдір, жеп-жеңіл. Мұртым үлпілдек, ал тұмсығым жебе сияқты – біздей.

  • Ал мен не жасай аламын? – деп маса өз-өзіне сұрақ қойды. Ән шырқады «ыз-ыз-ыз-ыз». Әні сондай нәзік, жіңішке.

  • Осылай ән айтатын кім бар екен?! – деп мақтанып, әнін естіртпекші болып тышқанға келді. Кішкентай маса оған әнін айтпақшы болып еді, тышқан бұтаға қарай қаша жөнелді. Тығылған тышқанның ұзын құйрығы сыртта қалып қойды.

  • Менің әнімді тыңдамайсың ғой, ал ендеше, – деп маса оның құйрығына өзінің біздей тұмсығын сұғып алды.

  • Ойбай, апа! – деп тышқан қаша жөнелді.

Тышқанның «апалап» біреуден қашқанын көрген қоян қорқып кетіп, ол өзінше «апалап» айғай салып, секектеп, тышқанның артынан зыта жөнелді. Қоян мен тышқанның алдынан қу түлкі шыға келді. Қоянның түлкіге қарауға шамасы болмады. Түлкі тышқан мен қоянның артынан бір қорқынышты бәленің келе жатқанын біліп, ол да дыбыс шығаруға шамасы жетпей қаша жөнелді. Осы сәтте қасқыр апанда ұйықтап жатқан еді. Ол аңдардың дабырлап шулаған дауысын естіп, шошып қалды. Атып тұрып, ол да «апалап» артынан ере кетті. Тышқан, қоян, түлкі, қасқыр ес-түстері қалмай жүгіріп келеді. Осы кезде келе жатқан аңдарды көрген арыстан тышқаннан сұрады.

  • Сен неге апаңды шақырдың?

  • Маса,– деді тышқан.

  • Сендерді кім қуып келе жатыр, аңшылар ма? – деп сұрады арыстан.

  • Қайдағы аңшылар, маса.

  • Маса-а-а! – деп арыстан бар дауысымен орманды жаңғыртты.

Арыстанның жүрегі тарсылдап, жерге құлап түсті. Аңдардың алдынан көлшіктен бақа ыршып шықты:

  • Не болды, кімнен қорқып, қашып келесіңдер?

  • Ойбай, маса құртты бізді, – деп шуласты аңдар.

Ал кішкентай маса ызыңдап әнін айтып қоймады. Бақа таңғалып, көзін шарасынан шығара бады- райтып, аузын ашты. «Ап!» – деп масаны жұтып алды. Сөйтіп, масаның әні біржола жоғалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет