Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Алматыкітап баспасы 2016



бет101/115
Дата06.02.2022
өлшемі185,92 Kb.
#51824
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115
Байланысты:
Драма-әдістемелік

ойын – «Ақ тоқаш». Тәрбиеленушілер шеңбер бойымен қол ұстасып жүреді. Айсұлудың тойына (шеңбер болып жүреді),
Пісіреміз ақ тоқаш (бастарын екі жаққа шайқайды). Үлкендігі мынадай (қолдарын биікке созады), Кішілігі мынандай (қол ұстасып отырады),
Ақ тоқаш, ақ тоқаш (қолдарын соғады),
Біреуін ұстап өзің қаш! (Ортадағы бала секіріп билеп жүреді.)

Ойын ұсталған баланың басқаруымен жалғасады.


Қонақтар тамаққа алғыс айтып, қайтатындарын білдіреді. Үй иелері қонақтарды шығарып салады.
ДоСТЫҚ
(ертегі)

Ерте заманда құмырсқа мен балара дос болыпты. Олар таңертең бір-бірімен жылы жүздесіп, өзара көмектесіп тұрады екен. Бір күні екеуі күнделікті күйбең тіршілікпен келе жатқанда жол үстінде шегіртке мен қара шыбын ұшырасады.



    • Ау, құмырсқа, күні бойы бір тыным таппайсың, сәл тыныстап, бізбенен аз-кем тіл қатсаңшы, – дейді олар жол кесіп. Екеуі амалсыз бөгеледі.

    • Жақсы, сөйлесейік. Шаруаларыңды айтыңдар,– дейді құмырсқа.

    • Біздің сендермен дос болғымыз келеді, – дейді бір-бірімен жарыса сөйлеген шегіртке мен қара шыбын.

    • Жақсы. Онда былай істейік. Қазір күн бұлттанып тұр. Жаңбыр жауып кетсе, мына дән су болып қалады. Одан кейін ұяма жеткізе алмай қаламын, маған көмектесіңдер,– дейді қатты желмен арпалыса азығын сүйреп келе жатқан құмырсқа.

    • Жоқ, біз шаршап тұрмыз, саған көмектесе алмаймыз, – дейді шегіртке мен қара шыбын жарысып.

Мұны естіп олардың алдынан ұшып шыққан балара былай дейді:

    • Басқаларға қол ұшын беру, көмектесу – достықтың белгісі. Сендер дос болуға лайық емес екенсіңдер. Еңбек еткен жақсылыққа жетеді. Адал еңбектің жемісі тәтті болады. Мен еңбектеніп, адам баласына пайдамды тигізіп жүрмін. Ал құмырсқа болса ала жаздай дамыл таппай, жерге түскен нан қоқымын, түрлі дақыл дәндерін жинап, қыстай жейтін азығын қамдайды. Ал сендердің адамға да, табиғатқа да еш пайдаларың жоқ. Тіпті көмек беруге де ұмтылмайсыңдар. Сендермен кім дос бола- ды? Оны былай қойғанда, бойларыңда жақсы қасиет жоқ. Қара шыбын, сен көрінген лас жерге қонып, одан басқа жерді ластайсың. Ал сен, шегіртке, егіншінің еңбегін бағаламай, егінін бүлдіресің. Осы қылықтарыңды қоймай, сендер ешкіммен де дос бола алмайсыңдар. Ойланыңдар!

Бұл сөзге намыстанған қара шыбын тұрған жерінде ызыңдап бірнеше аунап алды да, әлдеқайда ұшып кетті. Шегіртке шөп арасына кіріп жасырынды. Ал құмырсқа мен балара бір-біріне жымия қарап, өздерінің достығына риза түрмен жолдарына түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   115




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет