Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым



бет14/15
Дата19.11.2019
өлшемі1,19 Mb.
#52088
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Muzyka Metodika 5 Kaz-1 (2)


Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметінде қандай музыка тыңдадық? Не ұнады?




    • 49-50 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Домбыра сазы»
Мақсаты: Қазақтың қасиетті аспабы домбыраны қастерлей білуге, күй құдіретін түсіне білуге ұмтылдыру.
Міндеттері: Домбыраның дыбысталуы бейнеленген пьесаларды әсерлі реңкі мен музыкалық мәнерлілік құралдарын белгілей отырып тыңдау. Фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен ән айту, ұлттық билердің

48

элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру. Балаларға арналған аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын игеру.


Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жеке немесе топпен әндерді орындайды.
Түсінеді: домбыраның, күй үнінің ерекшелігін түсінеді.
Қолданады: әуенге лайық қимылдарды жасайды, ойын кезінде қолданады, аспаптарда ойнайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық аспабы домбыра, металлофон, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: домбыра – домбра – dombra.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Көңілді әуенмен музыка залына келіп, жеңіл әуенмен жүгіру, жай жүру.


  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Айна» орыс халық әуені (өңдеген М. Раухвергер).
Бір бала ортаға шығып, түрлі қимылдарды көрсетіп тұрады, балалар айнаның көрсеткен қимылдарын музыкаға ілесіп жасайды.
Музыка тыңдау: «Келіншек» халық күйі (өңдеген Б. Дәлденбай).

Балаларға күй мағынасын түсіндіру.

Өлеңге қоспай-ақ әуенмен түрлі оқиғаларды суреттеуге болатынын түсіндіру.

Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны көрсету.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Домбыра сазы» (И. Нүсіпбаев).

Елдің жырын жырлаған,

Қайғысын да толғаған,

Домбырасыз ешқашан

Жүрекке ем қонбаған, –

деп халқымыз қасиет тұтқан аспап туралы әнді И. Нүсіпбаев ағамыз жазған.

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.

Әнді асықпай, мәнеріне келтіріп орындау керек.

Өткен оқу қызметінде үйренген әнін еске түсіру. «Анашым»

(Е. Хасанғалиев) әнінің сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.



Билер: «Апатайым-ай» биі («Билеп үйренейік» жинағынан).

Би өте көңілді, жеңіл, ойнақы биленеді.



Ойындар, хороводтар: «Қос дабыл» (А. Райымқұлова).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балаларды екі түрлі дыбысты ажырата білуге ұмтылдыру.
Музыкалық аспапта ойнау: «Ұйықташы, бөпешім» (В. Агафонников).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.


Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.

  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметінде қандай ән тыңдадық?




  • Ұлттық домбыра аспабының құрылысын білесіңдер ме?




  • Домбырада қандай шығармалар орындалады?

49

№ 51-52 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Көктем әндері»
Мақсаты: Мазмұнды музыкалық ойындарда қимылдардың сипатын беруге баулу.
Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерін байланыстыру.
Сезіммен, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс тыныс алып әндерді айту. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету. Балаларға арналған аспапта ойнаудың қарапайым дағдыларын игеру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ән орындайды, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс тыныс алып айтады, музыканың сипатына сәйкес қозғалыстар жасайды.
Түсінеді: жыл құстары, қараторғай туралы мәліметтерді біледі, түсінеді.
Қолданады: аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын. Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, көктем көріністері, түрлі түсті лента, жыл құстары туралы суреттер, бубен, нота хрестоматиясы. Полилингвальді компонент: көктем – весна – spring.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Көңілді әуенмен музыка залына келіп, жеңіл әуенмен жүгіру, жай жүру.


  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт). Түрлі түсті ленталармен әуенді сезіне ырғақтық қимылдарды бірге, мәнерлеп орындауға үйретуді жалғастыру. Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Сулар ағып жылғадан,

Құстар әнін жырлаған.

Бұлт айдары желбірейді,

Бұл мезгілді қалай дейді?


Балалармен көктем туралы, көктемде қайтып оралатын жыл құстары туралы сұхбат жүргізу. Көктемде табиғатта болатын құбылыстар туралы әңгімелесу. Интерактивті тақтада көктем көріністері, жыл құстары туралы суреттер көрсету.

Музыка тыңдау: «Қараторғай» (Ақан сері, өңдеген Б. Ерзакович).
Көптеген әндер табиғатпен байланысты, тау-тас, өзен-сумен байланысты болса, енді біреулер табиғат аясында жүрген құстарды әнге қосқан.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.



Ән айту: «Көктем» (Д. Гусинцев).
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Бұл әнде құстардың қайтуы, өлкенің жаңаруы көтеріңкі көңіл күймен жырланады.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.
Үйренген «Домбыра сазы» әнін (И. Нүсіпбаев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу. Жеке және хормен айту. Билер: «Апатайым-ай» биі («Билеп үйренейік» жинағынан).
Өткен сабақта үйренген би қимылдарын әрі қарай жалғастырып, биді таза үйлесімді билеуге талпыну. Әуенді тыңдай отырып, ырғаққа ілесе нық қимылдар жасау. Ойындар, хороводтар: «Балақан да алақан» (Ө. Байділдаев). Педагог ойын шартын түсіндіреді.
Шеңберде тұрып, ырғаққа ілесіп шапалақпен қимылдар жасайды.
50

Музыкалық аспапта ойнау: «Латыш полькасы» (М. Раухвергер).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.

Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.




  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі ұнады?




  • Көктем мезгілінің қандай ерекшеліктері бар?

№ 53-54 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Наурыз – жыл басы»
Мақсаты: Балалардың қазақтың ұлттық ойынына деген қызығушылықтарын арттыру. Міндеттері: Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу. Ұлттық билердің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру.
Балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: эмоционалды түрде әндерді айтады, музыканың сипатына сәйкес қозғалады, би қимылдарын жасайды.
Түсінеді: Наурыз мерекесі күн мен түннің теңелу, табиғаттың жаңару мерекесі екенін түсінеді.

Қолданады: аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: наурыз дастарқаны, ұлттық тағамдар, нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: ұлттық мереке – национальный праздник – national holiday.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар мерекелік музыкамен залға келеді, вальс ырғағымен жұптасып айналып, орын ауыстырып жеңіл қимылдар жасайды.




  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Аюлар биі» (Е. Тиличеева).
Балалар музыкаға ілесіп, қорбаңдап, аюдың жүрісін салады.

Музыка тыңдау: «Ақ сиса» (Жаяу Мұса).

Балаларға Жаяу Мұса туралы қысқаша түсінік беру, неліктен жаяу аталғанын түсіндіру.

Әнді тыңдап болып, әннің кім туралы айтылып отырғанын сұрау.
Балалармен наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу. Бұл мереке күн мен түннің теңелуімен, табиғаттың жаңаруымен байланысты екенін ұғындыру. Мерекеде жасалатын наурызкөже туралы айту.
Дастарқанда дәміміз,
Жайдарымыз бәріміз.

Көжесі көп, қыры көк –

Қандай жақсы наурыз.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.



Ән айту: «Наурыз тойы» (Т. Мұратов).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.


51

Үйренген «Көктем» әнін (Д. Гусинцев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.


Билер: «Қамажай» халық әуені (өңдеген Н. Меңдіғалиев).

Халық биінің элементтерін үйрену: жүн түту, ұршық иіру, жүнді сабау.

Қолды білек буынынан бұрап жаттығу.

Ойындар, хороводтар: «Үйшік» (В. Витлин).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар төртке бөлініп, төрт бұрышта тұрады. Үйшікте құстар, қояндар, аттар, аю тұрады. Құстар музыкасы ойналғанда, құстар ұшып шығады. Қанаттарын қағып, шеңберді бір айналып шығады да, музыка аяқталғанда орындарына барып тұрады.
Аттар музыкасы ойналғанда аттар шығып, аттың шабысын салып шабады.
Қояндардың музыкасы ойналғанда қояндар ортаға шығып, қосаяқтап секіреді. Олар да музыка аяқталғанда орындарына барады.
Соңында аюдың музыкасы ойналғанда аю қорбаңдап шығады, музыка аяқталғанда олар да орындарына барады.
Музыкалық аспапта ойнау: «Сәулем-ай» қазақтың халық әні (өңдеген Б. Дәлденбай).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.

Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.




  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Наурызға байланысты қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?




  • Бүгінгі ҰОҚ қандай музыка тыңдадық?




  • Наурыз тойын қалай тойлайды?

№ 55-56 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Қайырлы таң»

Мақсаты: Жаңалықты, жақсылықты музыка тілімен сезінуді үйрету.
Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұнын элементтерімен байланыстыру. Қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Қазақстан композиторларының шығармашылықтарымен таныстыруды жалғастыру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда, фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, бауырмашылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: әуенге ілесіп би қимылдарын жасайды.
Түсінеді: музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұнын элементтерімен байланыстыру. Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: музыкалық аспаптар, Дина Нұрпейісованың суреті, нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: қайырлы таң – доброе утро – good morning.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

52

Балалар марш екпінімен түзу жүріп, ойнақы, көңілді әуеннің ырғағына бір аяқпен келесі аяққа секіртпелі қимыл жасап, бір қырымен аяқтарды бір-біріне тигізе секіріп (боковой галоп), қимылдар жасайды.




  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Жеңіл би» (Т. Ломова). Балаларды шеңбер бойымен жүргізіп, музыка әуеніне ілесе жеңіл қимылдар жасауға талпынту, серіппе, аяқты өкшеге қойып үйрену, қол ұстасып жеңіл секіру.
Музыка тыңдау: «Бұлбұл» (Д. Нұрпейісова).

Дина Нұрпейісованың суретін қөрсету, шығармалар туралы әңгіме өткізу.


Балаларға күйді тыңдатып, ішінен бұлбұлдың сайрағанын ести білуге ұмтылдыру, қазақтың киелі аспабын құрметтей білуге дағдыландыру.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Қайырлы таң» (Е. Өміров).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.


Әннің ішінде кездесетін «рауан», «шапақ» сөздерінің мағынасын түсіндіру. Үйренген «Наурыз тойы» әнін (Т. Мұратов) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев).

Балалар би үйрену барысында қоянның қимылдарын көрсетеді.

Қосаяқтап секіріп, орындарында тұрып айналып билейді.

Ойындар, хороводтар: «Төлдер» (Д. Ботбаев).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Ойын кезінде жануарлардың төлдерін шатастырмай атап, солардың қимыл-қозғалыстарына мән беріп ойнайды. Музыкалық аспапта ойнау: «Латыш полькасы» (М. Раухвергер).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.

Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.




  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі ұнады?

№ 57-58 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ғарыш әлеміне саяхат»
Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы балалардың есту қабілеттерін арттыру.
Міндеттері: Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу. Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: эмоционалды түрде ән айтады, тынысты дұрыс алады.

Түсінеді: ғарыш және ғарышкерлер туралы мағлұматты түсінеді.
Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады; музыкалық аспаптарда ойнайды.

53

Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақтадан ғарыш әлемі туралы және ғарышкерлер туралы суреттер дайындау, нота хрестоматиясы.



Полилингвальді компонент: ғарышкер – космонавт – astronaut.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар марш екпінімен түзу жүріп, ойнақы, көңілді әуеннің ырғағына бір аяқпен келесі аяққа секіртпелі қимыл жасап, бір қырымен аяқтарды бір-біріне тигізе секіріп (боковой галоп), қимылдар жасайды.




  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді би» (И. Штраус).
Балалармен би қимылдарын көңілді, жеңіл, ойнақы билеу.

Музыка тыңдау: «Айды әперші, апатай» (Е. Өміров).

Әннің мәтінін орындап болған соң, балалармен әңгіме жүргізу.


Балаларға 12 сәуір – Ғарышкерлер күні екенін айтып, интерактивті тақтадан ғарыш әлеміне саяхат жасап, ғарышкерлермен таныстыру. Ғарышкерлердің суреттерін көрсету.
Ғарыш аймағы орналасқан Байқоңыр қаласы туралы атап өту.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.


Ән айту: «Ғарышкер боламыз» (Ш. Мұхамеджанов).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.


Жылдам екпіні мен ырғағына мән беру, секірмелі фа-си, соль-до дыбыстарын таза айтуға көңіл бөлу.
Үйренген «Қайырлы таң» әнін (Е. Өміров) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: Балаларға белгілі бір әуенді орындап, сол әуенге лайық ойдан би қимылдарын жасату. Өз беттерінше би билеуге мүмкіндік беру.
Ойын: «Қанша дыбыс» ойыны («Дидактикалық ойындар» жинағынан).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалардың есту қабілетіне арналған ойынды балаларға жеткізе білу. Ойналып отырған дыбыстың нешеу екенін анықтау.
Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын халық әні (өңдеген Т. Попатенко).
«Тамшы» деген сөздің мағынасын түсіндіріп, тамшылар қай кезде таматынын, қайдан пайда болатынын түсіндіріп, музыкада сол дыбысты келтіру.
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.

Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.




  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Оқу қызметінің ұнаған бөлімін сұрау.

№ 59-60 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз»
Мақсаты: Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту.
Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру, фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен ән айту.
54

Ұлттық билердің элементтерін орындау, музыка сипатын би қимылдарында беру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен, балаларға арналған музыкалық аспаптарда, фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Балаларды құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу, құстар бізге дос екенін түсіндіру.


Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: әннің музыкасын әндете айтады, дұрыс тыныс алуды жасайды.
Түсінеді: музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру.

Қолданады: ұлттық билердің элементтерін орындайды, аспаптарда ойнайды.

Қолданылатын көрнекі құралдар: құстардың атрибуттары, нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: құстар – птицы – birds.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар марш әуенімен кіріп, шеңбер бойында тұрып, «Жануарлар әлемі» әуенінен жануарлардың, құстардың қимылдарын жасайды.


Педагог балалармен құстар туралы, оларға жасалатын қамқорлық туралы, жыл құстары туралы әңгіме өткізеді. Адамдар қолдан үйшіктер жасайды, олармен дос болып, күтім жасап, балапандарына жағдай жасайды.


  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Құстар» (Т. Ломова).
Балалар шеңбер бойында тұрып, қолдарын қанат секілді жайып, музыкаға ілесе жеңіл аяқтың ұшымен құс болып ұшады.
Музыка тыңдау: «Көкек» (Х. Мұхамедова).

Музыка тыңдап болған соң ән сипатын, мағынасын әңгімелеп, балалардан сұрау.

Көктем, көктем, көктемде,

Бұл құстардың бәрі де

Әнші болып кеткен бе?

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.



Ән айту: «Көктем» (А. Жайымов).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.


Әнді орындау барысында ырғақтық ерекшеліктерге тоқталу, дыбыс ұзақтықтарын алақандарымен шапалақтап көрсету.

Үйренген «Ғарышкер боламыз» әнін (Ш. Мұхамеджанов) еске түсіру, сөздерін анық

айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Жеке немесе топпен ән айту.



Билер: «Көкпар» биі («Билеп үйренейік» жинағынан).
Балаларға «көкпар» сөзінің мағынасын түсіндіріп, атқа шауып жүріп қимыл жасау керектігін түсіндіру. Биге ұл балалар қатысады.
Ойын: «Не қалай шақырады?» музыкалық-дидактикалық ойын.
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Ойында аңдардың, жануарлардың, құстардың қалай шақыратынын түсіндіріп, өздеріне сол дыбысталуды қайталауды талап ету. Музыкалық аспапта ойнау: «Ұйықташы, бөпешім» (В. Агафонников).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.

Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.


Балалар күннің қай мезгілде ұйықтататынын еске түсіріп, музыка қалай ойналатынын сұрау. Аспапта асықпай әуенге ілесе ойнау.

  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі сендерге ұнады?


55

№ 61-62 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Бақшадағы ән-сауық»
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ойындарының бірі «Көкпарды» би арқылы сипаттап, жеткізе білуге үйрету.
Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру.
Сезіммен, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және фразалар арасында дұрыс тыныс алып, музыкалық кіріспеден соң бірден бастап ән айту.
Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен, балаларға арналған музыкалық аспаптарда, фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Ойын арқылы балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өз беттерінше би қимылдарын ойлап, әуенге ілесіп жасайды.

Түсінеді: музыкалық кіріспеден соң бірден бастап ән айту.

Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады, аспаптарда ойнайды.

Қолданылатын көрнекі құралдар: «әуенді сағат», асатаяқ, нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: балабақша – детский сад – кindergarten.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар көңілді музыка әуенімен залға кіреді.

Педагог:


Қанша бала, қанша қыз,

Бір шоқ гүлміз баршамыз.

Ойын-күлкі ордасы –

Біздің балабақшамыз!





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет