Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым



бет15/15
Дата19.11.2019
өлшемі1,19 Mb.
#52088
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Muzyka Metodika 5 Kaz-1 (2)


Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай).
Музыка әуеніне ілесіп, аяқты тізеден көтеріп нық басып, бойды тік ұстап жүріп, екі қолды кезек-кезек сермеп жүру.
Музыка тыңдау: «Жас дәуірдің түлегіміз» (Т. Жұмалиева).

Музыка тыңдап, сипаты туралы, қандай көңіл күйде болғандарын сұрау.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Біз бақытты баламыз» (Ә. Қонысбеков).
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді. Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу. Үйренген «Көктем» әнін (А. Жайымов) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Билер: «Көкпар» биі («Билеп үйренейік» жинағынан).
Бидің қимылдарын аяғына дейін үйреніп, соңына дейін музыка ырғағымен билеу. Ойындар, хороводтар: «Әуенді сағат» ойыны (Дидактикалық ойындар жинағынан). Педагог ойын шартын түсіндіреді. Сағат тілімен әуенді ажырата білу, бұрын тыңдаған музыкаларын еске түсіру.

Музыкалық аспапта ойнау: «Күншуақ» (Е. Құсайынов).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.


Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.

Балалар кезектесіп, асатаяқпен музыкаға ілесе ырғақты ұстап сілкілеп ойнайды.




  1. Рефлексия

56

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.



  • ҰОҚ қай бөлімі сендерге көбірек ұнады?




  • Балабақшада қандай ойын-сауықтар өткізіледі?

№ 63-64 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ән салып, би билейміз»

Мақсаты: Балаларда бірігіп аспапта ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру.

Қолмен әннің бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.

Ән арқылы балаларды адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: ән орындайды, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажыратады.

Түсінеді: музыкалық аспаптарды дыбыстарынан ажырату түсінеді.
Қолданады: музыкаға сәйкес қимылдар орындайды, билейды. Қолданылатын көрнекі құралдар: музыкалық аспаптар, металлофон, нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: ән – песня – song, би – танец – dance.
ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар көңілді музыка әуенімен шеңбер бойымен жүріп, қоянша секіріп, құстай ұшып, аюдай қорбаңдап, қасқырдай ырылдап жүреді.

Музыка ауысқанда өз беттерінше жаңа әуенге ілесіп қимылдар жасайды.


  1. Негізгі кезең

Домбырам күмбірлеп, күй шерте аламын,

Бұрала би билеп, сурет те саламын, –

деп, «Біз өнерпаз баламыз» атты шағын концерт ұйымдастыру.
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Мерекелік марш» (Б. Дәлденбай).
Музыка әуеніне ілесіп, аяқты тізеден көтеріп нық басып, бойды тік ұстап, екі қолды кезек-кезек сермеп жүру.
Музыка тыңдау: «Балдырғандар маршы» (К. Қуатбаев).
Музыка тыңдап, сипаты туралы сұрау, әуенді тыңдап, қандай көңіл күйде болғандарын сұрау.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Балдырғандар әні» (Г. Жотаева).

Балалармен әннің көңіл күйін анықтау, сипатына көңіл бөлу.

Мазмұнына тоқталып, әнді үйрену.
Үйренген «Біз бақытты баламыз» әнін (Ә. Қонысбеков) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Билер: «Еркебұлан» («Билеп үйренейік» жинағынан).
Балаларға бидің қимылдарын көрсету, өз беттерінше жасатып үйрету, әуенге қосылып 1-2 қимылдарын үйрену.
Ойындар, хороводтар: «Соқыртеке» (Е. Хасанғалиев).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар бір-бірінің қолынан ұстап, шеңбер жасап тұрады, 3-4 бала шеңбердің сырт жағында тұрады. Ортада – «соқыртеке».
Балалар шеңбермен айналып жүріп, әннің 1-шумағын айтады. 2-шумақты «соқыртеке» айтады. 2-шумақ басталғанда балалар бекіткен қолдарын жоғары көтереді, ал сыртта тұрған балалар ішке еніп, «соқыртекеге» ұсталып қалмас үшін жан-жаққа жүгіреді.
57

"Соқыртеке" біреуді ұстап алуға тырысады. Егер ұстап алса, әннің 4-шумағын айтады, ойын қайталанғанда ұсталған бала "соқыртеке" болады. Егер де ұстай алмаса, әннің 2-шумағын айтып, қайтадан"соқыртеке" болып қалады.



Музыкалық аспапта ойнау: «Атқа мініп шабамыз» (В. Агафонников).

Алдымен балаларға әуенді ойнап, қандай музыкаға ұқсайтындарын сұрау.

Балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.
Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді. Балалар аспапта ойнағанда ырғақты ұстап отырып, әуенге ілесе ұрмалы аспаптарымен ойнайды.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды. Бүгін қандай музыка тыңдап, қандай ән үйрендік? Сендерге осы оқу қызметінің қай бөлімі көбірек ұнайды?

№ 65-66 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Музыка әлеміне саяхат»
Мақсаты: Ғажайып музыка әлемі туралы балаларға әңгіме өткізу, музыка құдіретін түсіне білуге жетелеу.
Міндеттері: Лирикалық байсалды әуендерді қабылдап, қарқындық өзгерісін белгілеу.

Фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен ән айту.

Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру.
Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Балаларды ептілікке, жинақылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: музыка ырғағына ілесіп би қимылдарын ырғақпен жасайды, әндерді орындайды.

Түсінеді: опера, балет туралы түсініктерді.
Қолданады: аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын, ойынға катысады. Қолданылатын көрнекі құралдар: үнтаспа, интерактивті тақтадан Абай атындағы опера және балет театрының суреттері, әртістердін суреттері, нота хрестоматиясы. Полилингвальді компонент: опера – опера – operah; балет – балет – ballet.
ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі


«Бақытты балалық шақ» («Мен бақытты баламын» СD) балалар музыка залына кіріп, осы музыка әуенімен қимылдарын жасайды.


  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Полька» (М. Красев).
Балаларды шеңбер бойымен жүргізіп, музыка әуеніне ілесе жеңіл қимылдар жасауға талпынту, серіппе, аяқты өкшеге қойып үйрену, қол ұстасып жеңіл секіру.
Балаларға интерактивті тақтадан Алматы қаласындағы Абай атындағы Опера және балет театрының ғимаратын көрсетіп, ондағы әртістердің суреттерімен таныстыру, балаларға бұл өнердің ең биік шыңы екенін айтып түсіндіру.
Музыка тыңдау: «Қыз Жібек» операсынан үзінді (үнтаспа, Е. Брусиловский).

Балаларға опера туралы мағлұмат беру.


- Сендер фильм көргенде сөздерін тыңдап түсінесіңдер, ал операда барлық көріністерін әнмен көрсетеді. Қайғылы оқиғаны да, көңілді оқиғаны да ән арқылы жеткізеді. Ал балет өнерінде барлық құбылыстарды би арқылы көрсетеді.

Ол үшін олар көп дайындалады, еңбектенеді.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.
58

Ән айту: «Біз бақытты баламыз» (К. Қуатбаев).

Әнді көңілді, сөздерін таза, анық айтуға көңіл бөлу.
Ән айтар алдында ережелерді еске түсіріп, иықты көтермей, бір-бірін тыңдап айтуды естен шығармауларын ескерту.
Үйренген «Балдырғандар әнін» (Г. Жотаева) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Билер: «Еркебұлан» («Билеп үйренейік» жинағынан).

Биді әрі қарай жалғастырып, бірдей қимыл жасауға ұмтылдыру.



Ойындар, хороводтар: «Үйшік» (В. Витлин).
Ойынды еске түсіріп, үйшікте тұратындар біртіндеп өз музыкалары естілгенде шығып, өздеріне тән қимылдарын жасайды.

Музыкалық аспапта ойнау: «Латыш полькасы» (М. Раухвергер).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.


Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.

Балалар аспапта ойнағанда ырғақты ұстап, әуенге ілесе ұрмалы аспаптармен ойнайды.



  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметінде музыканың қандай жанрымен таныстық?




  • Алматыдағы опера және балет театры кімнің есімімен аталған?

№ 67-68 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Ел қорғауға әзірміз»

Мақсаты: Музыка арқылы балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Міңдеттері: Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу. Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету, бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналау. Балаларды батырлыққа, жігерлілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: бейнелік би қозғалыстарын қолдана отырып, әндерді сахналайды.
Түсінеді: эмоционалды түрде ән айту, тынысты дұрыс алу.

Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, Жеңіс күні туралы көріністер, Бауыржан Момышұлының суреті, жалаушалар, ұрмалы аспаптар, нота хрестоматиясы. Полилингвальді компонент: Жеңіс күні – День Победы – Victory day.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка залына Б. Бейсенованың «Жеңіс күні» (үнтаспада) әнімен кіріп, төрт қатарға орналасып, жалаушалармен жаттығу жасайды. Аяқты нық басып, марш екпінімен жүреді.



  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ағаш ат» (Б. Қыдырбекова).

Балалар шеңбер бойында жүріп, аттың шабысын музыкамен жасайды.

Жеңіл, ойнақы қимылдайды.
Балалар интерактивті тақтадан Жеңіс күні туралы көріністер көріп, еліміздің батырлары туралы мәлімет алады. Жауды жеңген батыр ағаларымызды мақтан тұтып, болашақ Отан қорғайтын азамат болуға ұмтылады.

Музыка тыңдау: «Ел қорғауға әзірміз» (К. Қуатбаев).
Музыка тыңдап, қандай әсерде болғандарын сұрап, балалармен сұхбаттасу, әсерлерімен бөлісу.
59

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.



Ән айту: «Момышұлы Бауыржан» (Е. Өміров).

Балаларға Бауыржан атамыздың майдандағы ерлігі туралы мәлімет беру, суретін көрсету.

Батыр атамызды мақтан тұтып, әрқашан есте сақтау.
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.
Үйренген «Біз бақытты баламыз» әнін (К. Қуатбаев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Билер: «Полька» эстон халық биі.
Балалар би қимылдарын, игерген дағдыларын би кезінде қолданып, жеңіл қимылдар жасап билейді.
Ойындар, хороводтар: «Кешікпе» орыстың халық әуені (өңдеген М. Раухвергер).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар музыка қойылғанда түрлі әрекеттер жасап ойнайды да, музыка біткенде тезірек орындарын тауып отырады, алақандарын шапалақтайды. Кешіккен бала айыбын өз өнерін көрсету арқылы өтейді.

Музыкалық аспапта ойнау: «Құлыншақ» (С. Урбах).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.

Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.

Ұрмалы аспаптармен музыкаға ілесе бірігіп ойнайды.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Балалар бүгін қандай музыка тыңдадыңдар?




  • Шығарманың сипаты қандай екен?




  • Батыр ата-апаларымыз туралы не білесіңдер?

№ 69-70 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Жас ұландар»

Мақсаты: Музыка арқылы батырлыққа, ерлікке тәрбиелеу.
Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру.
Қолмен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.
Музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би ойластыру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен, балаларға арналған музыкалық аспаптарда, фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Музыка арқылы балалардың патриоттық сезімдерін ояту.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ән орындайды, музыка сипатына сәйкес таныс би қимылдарын қолданып, би билейді.

Түсінеді: әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату.
Қолданады: ойын ойнаудың қарапайым дағдыларын, аспаптарда ойнайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үнтаспа, ұландар туралы көріністер, нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: әскер – солдат – soldier.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

60

Балалар марш екпінімен түзу жүріп, ойнақы, көңілді әуеннің ырғағына бір аяқпен келесі аяққа секіртпелі қимыл жасап, бір қырымен аяқтарды бір-біріне тигізе секіріп (боковой галоп), қимылдар жасайды.




  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ағаш ат» (Б. Қыдырбекова).

Балалар шеңбер бойында жүріп, аттың шабысын музыкамен жасайды.

Жеңіл, ойнақы қимылдайды.

Балалармен Отан қорғаушылар – ұландар туралы интерактивті тақтадан көріністер көру.



Музыка тыңдау: «Ел қорғауға әзірміз» (К. Қуатбаев).
Музыка тыңдап, қандай әсерде болғандарын сұрап, балалармен сұхбаттасу, әсерлерімен бөлісу.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Балаларды қорғаймыз» (А. Досмағанбет).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.



    • Балаларды кімдер қорғайды?




    • Өскенде сендер Отанымызды қорғайтын, кішілерге қамқор, нағыз батыр боласыңдар.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.


Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу. Өткен оқу қызметтерінде үйренген әндерді еске түсіру.
«Момышұлы Бауыржан» (Е. Өміров), «Балдырғандар әні» (Г. Жотаева) әндерін еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Теңізшілер биі» («Билеп үйренейік» жинағынан).
Биге ұл балалар қатысады. Музыка ырғағына ілесе, қолдарын шекелеріне қойып шығады, аяқты бүкпей тік ұстап, бинокльмен қарап, ескек есіп, отырып-тұру қимылдарын жасайды. Ойындар, хороводтар: «Алтын қақпа» (Т. Сарыбаева).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар жұптасып, бір-біріне қарап тұрады.
Көңілді әуен ойналып, балалар жұптарымен қол ұстасқан күйі "Алтын қақпа" жасап, бір қатарға тұра қалады. Ойын бастаушы немесе тәрбиеші ойынды жалғастырады.
Әуен ойналғанда қақпа ортасымен өтіп, өзіне жұп таңдап алып, қақпаның соңына тұрады. Жұпсыз қалған бала дәл солай ойынды жалғастырады. Кенеттен әуен тоқталады, жұп тауып үлгермеген бала өз айыбын өнер көрсетіп өтейді.
Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (И. Штраус).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
Балалар аспапта ойнағанда ырғақты ұстап отырып, әуенге ілесе ұрмалы аспаптарымен ойнайды.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Оқу қызметін қорытындылап, балалармен көріністі талдап, балаларды мадақтау.

№ 71-72 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз»
Мақсаты: Музыкалық ойын арқылы балаларды жылдамдыққа, ептілікке үйрету. Міңдеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру, бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау.
Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, баяу және көңілді, шаттанған, би күйін мәнерлі жеткізу. Жеңіл әуендерді ансамбльмен,
61

балаларға арналған музыкалық аспаптарда, фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнауды дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: өз беттерінше әнді таза айтып, қимылдарды ойдан шығарып жасайды.

Түсінеді: музыкалық жанрларға тән белгілерді.

Қолданады: үйренген дағдыларын іс жүзінде қолданады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: аспаптар, мектеп құралдары, нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: мектеп – школа – school.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар жұптасып, вальс әуенімен залға келеді.

Би ырғағын сезіне, шеңбер бойымен жеңіл жүріп, жарты шеңбер болып тұрады.



  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Гүлдер вальсі» (П. Чайковский, үнтаспада).

Ұлдар қыздарды әдеппен биге шақырады. Бір қадам алға, бір қадам артқа орын ауыстыру,

айналу, ұлдар отырып, қыздар ұлдарды айналады,

би соңында ұлдар қыздарды орындарына отырғызып, өздері жанына жайғасады.

Педагог балалармен балабақша және мектеп туралы әңгіме өткізеді.

Балалар сүйікті балабақшасы туралы тақпақтар айтады.



Музыка тыңдау: «Сәби қуанышы» (Е. Құсайынов).

Музыка тыңдап, қандай көңіл күйде орындалғанын, жылдамдығы қалай екенін сұрау.

«Сендерге жақсы көңіл сыйлады ма?» – деп сауал қою.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.



Ән айту: «Қош, балбұлақ балабақшамыз» (Б. Жұмабекова).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.



  • Әнде не туралы айтылған?




  • Әннің көңіл күйі қандай?

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.

Өткен оқу қызметінде үйренген әндерді еске түсіру.


«Балдырғандар әні» (Г. Жотаева), «Балаларды қорғаймыз» (А. Досмағанбет) әндерін еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Билер: Биді балалардың қалауынша қайталау.

Ойындар, хороводтар: «Кім мектепке тез жиналады».
Балалардың жылдамдығын, ептілігін тексеру. Ойынға екі бала шығып, мектеп құралдарын біртіндеп портфельге жинайды.
Кім бұрын жинаса, сол жеңіске жетеді.

Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын халық әні (өңдеген Т. Попатенко).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.


Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.

  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • ҰОҚ қай бөлімі сендерге көбірек ұнады?




  • Қандай әндер, билер үйрендіңдер?




  • Жаңа әннің көңіл күйі, сипаты қандай екен?

62

Пайдаланылған әдебиеттер




  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы. Нұр-Сұлтан, 2016




  1. «Музыка» Нота хрестоматиясы. «Алматыкітап», 2013




  1. Алақай «Көркем сөз әлемі». 1-кітап «Аруна», 2000




  1. «Музыка» 1-сынып мұғаліміне арналған әдістемелік құрал. «Алматыкітап», 2015




  1. Алақай (хрестоматия). «Аруна», 2000




  1. «Зерек ботақан». 2015, 2014 жж.




  1. «Музыкальный руководитель». Москва, 2010, 2013, 2014, 2015




  1. А. Асылбек «Ойын ойнап, ән салмай». «Олжас», 2012




  1. С. Заурбекова «Бұлақ көрсең, көзін аш». Алматы, 2007




  1. Көркем әдебиет (хрестоматия). «Аруна», 2000




  1. Ф. Қоңыратбай «Балабақшадағы мерекелер». «Просвещение-Казахстан»




  1. Тазша бала. «Алматыкітап», 2007




  1. «Музыка» Әліппе-дәптер. «Алматыкітап», 2003




  1. «Музыка» Әліппе-дәптер. «Алматыкітап», 2012

63

Оқулық басылым Учебное издание



Қоңыратбай Фатима Махмұдқызы
Сарыбаева Тамара Тынышбаевна



МУЗЫКА

МУЗЫКА

Әдістемелік нұсқау

Методическое руководство

Мектепке дейінгі тәрбие мен

для педагогов по Типовой учебной

оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы

программе дошкольного воспитания и

бойынша педагогтерге арналған

обучения

Әдіскер Б.С. Тажинова

Методист Б.С. Тажинова

Редакторы Ә.Б. Орынбаева

Редактор А.Б. Орынбаева


64

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет