Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі сендерге ұнады?
35-36 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Бұл қай кезде болады?»
Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату.
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау. Ұлттық ойындардың көңілді сипатын бере білу, дауыс биіктіктерін ажыратып, үлкен шеңберден кіші шеңберге қайта тұру. Ойын арқылы балаларды әдептілікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: әннің сипатын қабылдайды, дауысын дұрыс келтіріп орындайды.
Түсінеді: жұмбақ өлеңнің мағынасын түсінеді.
Қолданады: пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бубен, маракас, барабан, қоңырау аспаптары; интерактивті тақта, қыс көріністерін бейнелейтін суреттер, нота хрестоматиясы. Полилингвальды компонент: шана – сани – sleigh.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Музыка залына көңілді әуенмен келіп, шеңбер бойымен жүріп, жеңіл музыка әуеніне сәйкес би қимылдарын орындайды.
40
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт).
Балалар қолдарына лента ұстап, сол лентамен қимылдар жасайды.
Қолдарын жоғары көтеріп, қолды кезектестіріп айналдырып, орындарында тұрып айналып, қимылдар жасайды.
Музыка тыңдау: «Қыс» (Б. Ерзакович).
Педагог балаларға жұмбақ өлеңді оқып, қыс туралы, ондағы құбылыстар туралы сұхбат жүргізеді. Интерактивті тақтада қыс көріністерін бейнелейтін суреттерін көрсету.
Бұл жұмбақ өлеңде жылдың қай мезгілі айтылып отыр?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс сендерге несімен ұнайды?
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту: «Зырлайды шанамыз» (М. Маңғытаев) Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді. Балалардан әнде не туралы айтылғанын, әннің көңіл күйін, қандай жылдамдықта орындалғанын сұрау. Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу, дауысын дұрыс келтіріп орындау.
Үйренген «Қыс қызығы» әнін (И. Нүсіпбаев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Испан биі» («Билеп үйренейік» жинағынан).
Би қимылдарын үйренуді жалғастыру.
Ойындар, хороводтар: «Кешікпе» орыстың халық әуені (өңдеген М. Раухвергер). Педагог ойын шартын түсіндіреді.
1-4 такт. Балалар әр бағытта жүгіреді.
5-6 такт. Орындарында тұрып, алақандарын шапалақтайды.
7-8 такт. Соңғы аккордқа дейін орындықтарға отырып үлгеру үшін, өз орындарына жүгіреді.
Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко).
Бубен, маракас, барабан, қоңырау аспаптарында ойнауды үйретуді жалғастыру.
Рефлексия
Оқу қызметін қорытындылау, балаларды бағалау, мадақтау.
Бүгінгі оқу қызметінде жылдың қай мезгілін әңгімеледік?
Қандай әуенге қимылдар жасадыңдар?
Үйренген жаңа әніміз не туралы?
№ 37-38 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Қыс келді»
Мақсаты: Музыканы тыңдай отырып, оның көңіл күйін ажырата білуге баулу.
Міндеттері: Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Дағдыларды қалыптастыру: бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау. Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру. Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық-ойын бейнелерін: байсалды, көңілді, шаттанған, мәнерлі жеткізу.Табиғатқа деген қызығушылығын тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ән айтады, әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындайды.
Түсінеді: айтылатын әннің мазмұнын, мәтінін түсінеді.
41
Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: композитор Б. Дәлденбайдың суреті, музыкалық аспап металлофон, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: қыс – зима – winter.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Музыка залына көңілді әуенмен келіп, шеңбер бойымен жүріп, жеңіл музыка әуеніне сәйкес би қимылдарын орындайды.
Педагог тақпақ оқиды.
Шаңғы, шана сайла,
Конькиіңді байла.
Думандатып ойна,
Қыс қызығын тойла!
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Марш» (Е. Андосов).
Балалар марш музыкасымен шеңберде жүріп, аяқты нық басып, бойды тік ұстап, тізені жоғары көтеріп, қолды сермеп, ырғақпен жүреді.
Балалармен қыс туралы және қыста ойнайтын ойындар туралы әңгіме өткізу.
Музыка тыңдау: «Көңілді балалар әні» (Б. Дәлденбай).
Композитор Б. Дәлденбайдың суретін көрсету.
Балалардан әннің не туралы айтылып отырғанын сұрау.
Әннің көңіл күйін сұрау.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту: «Қыс келді» (Б. Жұмабекова).
Ән айтар алдында балаларға ән айту ережелерін еске түсіру.
Алдымен педагог әннің әуенін өзі орындап, балаларға үйретеді.
Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев).
Үйренген «Зырлайды шанамыз» әнін (М. Маңғытаев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу. Жеке және хормен айту.
Балалар музыкаға ілесіп қоянның «шөп жұлу», «үрку», «айбат көрсету» секілді қимылдарын үйренеді.
Ойындар, хороводтар: «Кешікпе» орыстың халық әуені (өңдеген
Раухвергер). Педагог ойынның шартын түсіндіреді. 1-4 такт. Балалар әр бағытта жүгіреді.
5-6 такт. Орындарында тұрып, алақандарын шапалақтайды.
7-8 такт. Соңғы аккордқа дейін орындықтарға отырып үлгеру үшін, өз орындарына жүгіреді.
Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын халық әні (өңдеген Т. Попатенко).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Қандай қысқы ойын түрлері ұнайды?
Қыс туралы қандай әндер білесіңдер?
№ 39-40 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Айнала ақша қар»
42
Мақсаты: Вальс музыкасының ырғағын өзге музыкалардан ажырата білуге ұмтылдыру. Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру, дыбыстарды ажырату, қолымен бағытын көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату. Музыканың ширақ сипатын жеңіл, ырғақты жүгіріспен беру, тізені көтеріп жүгіруді орындау. Би элементтері арқылы балаларға эстетикалық тәрбие беру.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажыратады, ән орындайды.
Түсінеді: бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланысу.
Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қ. Шілдебаевтың суреті, интерактивті тақтадан қыс көріністерін бейнелейтін суреттер, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: қар – снег – snow.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды музыка залында көңілді музыка әуенімен қарсы алу.
Айналамда ұшып жүр,
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт-құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек.
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва халық әуені (өңдеген Т. Ломова).
Балалар шеңберде жүріп, музыкаға ілесіп қимылдар жасайды.
Музыка тыңдау: «Вальс» (Қ. Шілдебаев).
Балаларға Қ. Шілдебаевтың суретін көрсетіп, оның өмірі туралы қысқаша мәлімет беру.
«Вальс» – би музыкасы, көбіне ол музыкаға жұптасып билейді.
Балалар қыс көріністерінің бейнелейтін суреттерге көз салыңдаршы, қандай құбылысты байқадыңдар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс сендерге несімен ұнайды?
Ән айту: «Айнала ақша қар» (И. Мамақов).
Ән айтар алдында дауысты қалыпқа келтіріп, денені тік ұстап, ережені еске түсіру. Әуенді дұрыс айтуына көңіл аудару. Өткен оқу қызметінде үйренген әнді еске түсіру.
«Қыс келді» әнін (Б. Жұмабекова) сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Қоян биі» (В. Питерцев).
Балалар музыкаға ілесіп қоянның қимылдарын үйренеді, «шөп жұлу», «үрку», «айбат көрсету» секілді қимылдарды үйренеді.
Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К. Қуатбаев).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Педагог топ ішінен бойы ұзын бір баланы және бойы аласа баланы таңдап алады.
Бойы қысқа баланың «көлеңке» болатынын түсіндіреді.
Яғни, әнді айта жүріп, бойы ұзын бала қандай қимыл жасаса, «көлеңке» соның қимылын шатаспай қайталауы тиіс. Ойын шарты бұзылса, айып ретінде тақпақ немесе ән орындап береді.
Музыкалық аспапта ойнау: «Тамшылар» румын халық әні (өңдеген Т. Попатенко).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.
Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Бүгінгі оқу қызметінде жылдың қай мезгілін әңгімеледік?
43
Қандай әуенге қимылдар жасадық? Балаларды мадақтау.
№ 41-42 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Бесік жыры»
Мақсаты: Музыка тыңдай отырып сол музыканың мағынасын ұғынуға үйрету. Міндеттері: Лирикалық вальс ырғағындағы байсалды әуендерді қабылдап, пьесаның билеуге икемді сипатын сезініп, қарқындық өзгерісін белгілеу, фортепианоның сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз, жалғыз немесе топпен айту. Бесік жыры арқылы балаларды имандылыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: жақсы таныс әнді музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды. Түсінеді: музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау.
Қолданады: музыканың сипатына сәйкес қозғалады.
Қолданылатын көрнекі құралдар: сылдырмақ, қоңырау, тұяқтас, металлофон т.б.
аспаптар, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: бесік жыры – колыбельная – lullaby.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Қоян», «Аю» (Е. Тиличеева).
Балалар шеңбер бойында тұрып, қосаяқтап қоянша секіреді де, музыка өзгергенде аюдың жүрісін салып, қорбаңдап жүреді.
Балаларға интерактивті тақтадан «бесікке салу» рәсімдерімен таныстыру.
Бесікке салудың қандай пайдасы бар екенімен таныстыру.
Бесікті не үшін аластайтынын айта кету.
Бала ұйықтар алдында айтылатын әнді «Бесік жыры» дейміз.
Музыка тыңдау: «Бесік жыры» (Ш. Мұхамеджанов).
Бесік жыры қалай орындалады?
Бесік жыры күннің қай мезгілінде орындалады?
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту: «Бесік жыры» (И. Нүсіпбаев).
Ән айту ережелерін еске түсіріп, баяу, бірқалыпты, дауысты көтермей айту.
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.
Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.
Өткен оқу қызметінде үйренген әнін еске түсіру. «Айнала ақша қар» әнін (И. Мамақов) сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу. Жеке және хормен айту.
Билер: «Полька» хорват халық әуені (өңдеген В. Герчик).
Балалармен полька музыкасына жеңіл, аяқты жеңіл көтеріп секіру (подскоки) биін үйрену.
Ойындар, хороводтар: «Көлеңке» (К. Қуатбаев).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Педагог топ ішінен бойы ұзын бір баланы және бойы аласа баланы таңдап алады.
Бойы қысқа баланың «көлеңке» болатынын түсіндіреді.
44
Яғни, әнді айта жүріп, бойы ұзын бала қандай қимыл жасаса, «көлеңке» соның қимылын шатаспай қайталауы тиіс. Ойын шарты бұзылса, айып ретінде тақпақ немесе ән орындап береді.
Музыкалық аспапта ойнау: «Құлыншақ» (С. Урбах).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.
Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Бала ұйықтар алдында қандай ән орындалады?
43-44 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Менің туыстарым»
Мақсаты: Әуенге ілесе отырып, ырғақты сақтап аспапта ойнауға дағдыландыру. Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерліліктің элементтерімен байланыстыру. Динамикалық ерекшелікті көрсете отырып, эмоционалды түрде ән айту.
Музыкаға сәйкес заттармен қозғалу, саптағы орнын өзгерте отырып, кеңістікте еркін бағдарлау. Отбасы мүшелеріне деген сыйластықты дамыту.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ән орындайды, музыканың сипатына сәйкес қимылдар жасайды.
Түсінеді: ән мазмұнын түсінеді.
Қолданады: үйренген дағдыларын іс жүзінде қолданады, аспаптарда ойнайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ұрмалы аспаптар, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: отбасы – семья – family.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Шеңберге тұр» (Л. Бетховен).
Балалар шеңберде тұрып, бір-бірінің қолынан ұстап ортаға жиналып, кері қайтып, қимылдар жасайды.
Кіріспе әңгіме. Балалармен отбасы мүшелері туралы әңгімелесу.
Сендер отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?
Отбасы мүшелеріне кімдер жатады және олар қайда тұрады? Музыка тыңдау: «Жан анам» (Е. Өміров).
Әнді тыңдап, әнде кім туралы айтылып отырғанын сұрау.
Сендер аналарыңа қандай көмек көрсетесіңдер?
Ананың еңбегі туралы балаларға түсіндіру.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту: «Екеуміз әйбат баламыз» (И. Нүсіпбаев).
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.
Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.
Әннің мазмұнына тоқталып, әуенді дұрыс айтуына көңіл аудару.
Өткен оқу қызметінде үйренген әнін еске түсіру, «Бесік жыры»
(И. Нүсіпбаев) сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
45
Билер: «Тырналар биі» (Д. Абиров).
Балалар екі топқа бөлініп, екі бұрыштан шығады. Жеңіл, құстарға тән қимылдар жасайды.
Екі шеңберде жүруді үйренеді.
Ойындар, хороводтар: «Төлдер» (Д. Ботбаев).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Шеңбер бойында жүріп әндетіп сұрақ қойып, оған жауап береді. Төлдердің қылығына лайық қимылдар жасайды. Музыкалық аспапта ойнау: «Атқа мініп шабамыз» (В. Агафонников).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.
Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
Балалар аспапта ойнағанда ырғақты ұстап, әуенге ілесе ұрмалы аспаптармен ойнайды.
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Бүгінгі оқу қызметінде кімдермен таныстық?
Өз отбасың туралы не айта аласың?
№ 45-46 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Ақ әжем»
Мақсаты: Музыкалық-ырғақты қимылдарды бірге жасау дағдыларын қалыптастыру. Міндеттері: Музыкалық дыбысталуының сипаттамасына сүйене отырып, бейненің мазмұны мен музыкалық мәнерлілік элементтерімен байланыстыру, шығарманы сипаттай білу. Сезіммен, ырғаққа сәйкес, ырғақтық бейнесін сақтай отырып, сөздерді анық және таза тыныс алып, бастап айту. Музыкаға сәйкес қозғалыс бағытын жеңіл, еркін және нақты ауыстыра отырып орындау, би бейнелерін беру. Жеңіл әуендерді ансамбльмен, балаларға арналған музыкалық аспаптарда, фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып айту, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау. Үлкенге ілтипат, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ән орындайды, сөздерді анық және таза тыныс алып, бастап айтады, музыканың сипатына сәйкес қозғалады.
Түсінеді: сезіммен, ырғақтық бейнесін сақтау отырып айтуды.
Қолданады: аспаптарда ойнаудың қарапайым дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Әже мен немересі», «Менің әжем» суреттері, ұрмалы аспаптар, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: әже – бабушка – grandmother.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қол ұстасып, баяу тербеледі. Айналып, орнын ауыстырады.
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Сағат» (Е. Андосов).
Балалар шеңбер бойында жүріп, қолды белге қойып, сағат тілі секілді оңға, солға иіліп, сол ырғақпен ортаға жиналып, кері қайтып, қимылдар жасайды. «Әже мен немересі», «Менің әжем» суреттерін көрсету.
Балалармен отбасындағы анамыздың, әкеміздің аналары – әже туралы сұхбат жүргізу.
Әжелеріңнің сүйікті немересісіңдер, оларға қамқор болуды ұмытпаңдар.
Музыка тыңдау: «Ақ әжем» (К. Қуатбаев).
Әнде кім туралы айтылып отыр?
Ән қандай көңіл күйде жазылған?
46
Әжелерің сендерді қалай еркелетеді?
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту: «Әже тілегі» (Т. Қоңыратбай).
Әннің мәтінін балаларға түсіндіріп, әуенін үйрету. Ән айту кезіндегі ережелерді еске түсіріп, бір-бірін тыңдай отырып, қатты айғайламай, мәнерлеп айту.
Өткен оқу қызметінде үйренген әнді еске түсіру. «Екеуміз әйбат баламыз» (И. Нүсіпбаев), ән сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу. Билер: «Полька» эстон халық биі.
Балаларға полька қимылдарын жасату, аяқты тізеден бүгіп жоғары көтеру дағдыларын қайталап үйрету.
Ойындар, хороводтар: «Қоянды ұстаңдар» (К. Қуатбаев).
Педагог ойын шартын түсіндіреді. Балалар шеңбер бойында тұрады да, ортада бір бала қоян болады, ортадағы қоянның қимылдарын шеңберде тұрған балалар қайталайды. Қоян шеңберден шығуға тырысады, балалар жібермейді. Музыкалық аспапта ойнау: «Янка» беларусь халық биі.
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.
Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
Балалар аспапта ойнағанда ырғақты ұстап, әуенге ілесе ұрмалы аспаптармен ойнайды.
Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.
Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі сендерге ұнады?
Әже деген кім? Өз әжелерің туралы не айта аласыңдар?
47-48 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Ана – өмір шырағы»
Мақсаты: Әлемдегі ең асыл жан – анаға деген сүйіспеншіліктерін музыка арқылы жеткізе білуге үйрету.
Міндеттері: Музыкалық мәнерлілік құралдары мен сипатын егжей-тегжейлі ажырату қабілетін дамыту. Дағдыларды қалыптастыру: бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындау. Сюжетті ойындарды сахналауға үйрету.
Жеңіл әуендерді ансамбльмен балаларға арналған музыкалық аспаптарда фортепианоның сүйемелдеуімен, уақытында қосылып, ырғақтық бейнесін анық бере отырып ойнау. Анаға сүйіспеншілігін арттыру, анаға қамқор болуға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: бір дыбыста құрылған әуеннің бөліктерін дәл ырғағымен дербес орындайды,
музыканың сипатына сәйкес қозғалады.
Түсінеді: әннің мазмұнын түсінеді.
Қолданады: таныс әнді музыкалық сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз орындайды. Қолданылатын көрнекі құралдар: Е. Хасанғалиевтің портреті, аналардың суреттері, түрлі түсті ленталар; ұрмалы аспаптар – асатаяқ, биге арналған «сабау»-таяқшалар, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: ана – мама – mother.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Балалар музыка әуенімен музыка залына келіп, шеңбер бойымен жүріп, әуен ауысқанда әуенге сай қимылдар жасап, шеңбер құру.
Негізгі кезең
Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Ленталармен жаттығу» (В. Моцарт). Балалар шеңбер бойында, қолдарына лента ұстап, сол ленталармен музыкаға
47
ілесіп қимылдар жасайды, екі қолды кезек кезек көтеріп, бастан жоғары ұстап, айналады.
Балалармен ана туралы әңгіме өткізу, өз сезімдері, ой-пікірлері туралы сұхбаттасу.
Балаларға әртүрлі көңіл күйдегі аналардың суреттерін көрсетіп, әңгіме құрастыру.
Музыка тыңдау: «Аман болшы, анашым» (Б. Қабиева).
Әнді тыңдап болып, әннің кім туралы айтылып отырғанын сұрау.
Музыканың көңіл күйі, сипаты қандай?
Музыка тыңдап отырып сендер ана туралы не ойладыңдар?
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын орындатып, әуенді таза айтуға ұмтылу.
Ән айту: «Анашым» (Е. Хасанғалиев).
Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.
Әнді тыңдағанда қандай әсерде болдыңдар?
Ән сендерге ұнады ма, несімен ұнады? Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу. Өткен оқу қызметінде үйренген әнді еске түсіру.
«Әже тілегі» (Т. Қоңыратбай), ән сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Киіз басу» («Келіншек» халық күйі, өңдеген Б. Дәлденбай). Қыздар қолдарына екі таяқша ұстап, биге шығады.
Қыздар шеңбер бойымен жүгіріп, таяқшаны бір-біріне соққылап,
Бір қатарға тізіліп, тізерлеп отырады. Таяқты жерге кезек-кезек ұрғылайды, «сабау сабап» отырған қимылды көрсетеді.
Таяқшаны жерге қойып, алақандарымен еденді шапалақтайды, Жүнді жөндеп қойып жатқан қимылды көрсетеді.
Таяқтың біреуін алып, қамыр жайған секілді қимыл жасайды. Білектерін кезек-кезек жерге тигізіп, «киіз басуды» әрі қарай жалғастырады.
Орындарынан тұрып, таяқшаларын басынан жоғары көтеріп, бір-біріне соғып, шығып кетеді.
«Полька» эстон халық биі. Би қимылдарын үйренуді жалғастыру, қайталау. Әуенге ілесе мәнерлі орындауға дағдылану.
Ойындар, хороводтар: «Балақан да алақан» (Ө. Байділдаев). Педагог ойын шартын түсіндіреді.
Шеңберде тұрып, ырғаққа ілесіп шапалақпен қимылдар жасайды. Музыкалық аспапта ойнау: «Күншуақ» (Е. Құсайынов).
Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
Балалар аспапта ойнағанда ырғақты ұстап, әуенге ілесе ұрмалы аспаптармен ойнайды.
Достарыңызбен бөлісу: |