Бағдарламасы бойынша педагогтерге арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым



бет12/15
Дата19.11.2019
өлшемі1,19 Mb.
#52088
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Muzyka Metodika 5 Kaz-1 (2)


Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі сендерге көбірек ұнады?

№ 21-22 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Жомарт өлкем»
Мақсаты: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту.
Міндеттері: Қазақ халқының музыкасын қабылдау. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау. Халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру.
Қазақтың ұлттық ұрмалы аспаптарында ойнауға үйрету.
Балаларды туған өлкесін сүюге, аялай білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: шығарманы тыңдайды, сипаттайды; әннің дыбысталуын тембрі бойынша ажыратады, ән орындайды.
Түсінеді: музыкаға сәйкес қимылдар орындау.
Қолданады: музыкалық аспаптарда жеке және топпен ойнайды, ойынға катысады.
32

Қолданылатын көрнекі құралдар: «Менің өлкем» атты слайд немесе суреттер; асатаяқ, тоқылдақ, тұяқтас ұлттық аспаптары; нота хрестоматиясы. Полилингвальді компонент: туған жер – родная земля – motherland.


ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Үнтаспада «Жаса, Қазақстан» әні орындалады. Балалар музыка залына кіреді. Жеңіл басып, шеңбер бойымен жүреді, бір аяқтан бір аяққа секіреді.




  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва халық әуені (өңдеген Т. Ломова).
Балалар жұптасып, бірінен соң бірі тұрады, тізені көтеріп жеңіл секіріп, серіппе жасап, шапалақтап, топылдатып, екеуі екі жаққа қарап айналады.
Музыка тыңдау: «Туған ел» (Л. Хамиди). Әнді мұқият тыңдап, мазмұны, шығарманың көңіл күйі туралы айтылады. Туған жерге сүйіспеншіліктерін арттыруға баулу. Композитор Л. Хамидидің портреті көрсетіліп, шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.

Әннің әуенін дұрыс орындауға, сөздерін анық, таза айтуға үйрету.
Үйренген «Астана» әнін (А. Досмағанбет) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.

Билер: «Қара бала» биі («Билеп үйренейік» жинағынан).
Ұлдардың қатысуымен бидің элементтерімен таныстыру.
Батырлар мен шабандоздар қимылдарына еліктеп би элементтерін үйрету, денені жеңіл ұстап, ырғаққа ілесе қимылдар жасау.
«Асатаяқ биі» қыздардың қатысуымен («Билеп үйренейік» жинағынан).

Биді қайталау, еске түсіру, би қимылдарын мәнерлеп орындауға үйрену.



Ойындар, хороводтар: «Ноталарды орналастыр» («Дидактикалық ойындар» жинағынан).

Педагог ойын шартын түсіндіреді.



Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.

Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.

Асатаяқ, тоқылдақ, тұяқтас ұрмалы ұлттық аспаптарын қолдану.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды.Балаларды марадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі сендерге қатты ұнады?

№ 23-24 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Біздің рәміздер»
Мақсаты: Ересектердің орындауындағы музыкалық пьесаларды тыңдау, жоғарғы регистр, аспаптың дыбысталу тембрін ажырату.
Міндеттері: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату. Халық биін үйрену арқылы көркем мұраның кейбір элементтерімен таныстыру. Қазақтың ұлттық аспабының дыбысталуымен таныстыру.
33

Еліміздің рәміздерін қастерлей, бағалай білуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: ән айту дағдыларын;дауысын дұрыс келтіріп орындайды.
Түсінеді: кіріспе музыкадан кейін ән айтуды бастау. Қолданады: халық биін және мәнерлі қимылдарды орындайды, қазақтың ұлттық аспаптарында ойнайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Елтаңба, Ту суреттері, асатаяқ, тоқылдақ, тұяқтас ұлттық аспаптары; үнтаспа, диск, нота хрестоматиясы. Полилингвальді компонент: рәміздер – символы – characters; ту – флаг – flag.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

«Жаса, Қазақстан» әні (үнтаспада) балалар залға кіреді, таныс би қимылдарын орындайды.




  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Көңілді балалар» литва халық әуені (өңдеген Т. Ломова). Музыка ойналғанда екеуден жұптасқан күйі жеңіл, тізені көтере секіре айналады.
Музыка тыңдау: «Қазақстан жалауы» (Д. Омаров).

Балалармен еліміздің рәміздері туралы әңгіме өткізу. Елтаңба, Ту суреттерін көрсету.

Әннің мәтініне, сипатына назарларын аудару.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.



Ән айту: «Тәуелсіздік таңы» (А. Шырынбекова).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.

Әнді айту кезінде жігерлі орындауға, бір-бірін тыңдап үндесе айтуға көңіл бөлу.

Сөздеріне мән беріп, әуенін таза айту.


Үйренген ән «Жомарт елім» (И. Нүсіпбаев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу. Жеке және хормен айту. Билер: «Қара бала» биі («Билеп үйренейік» жинағынан).
Ұлдардың қатысуымен би қимылдарын жасау, би элементтерін біркелкі, мәнерлеп орындауға дағдыландыру.
Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай).

Балалар қосылып, бір-бірін тыңдап, үндесе ойнауға талпынады.



Асатаяқ, тоқылдақ, тұяқтас ұрмалы ұлттық аспаптарын қолдану.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі сендерге қатты ұнады?




  • Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?

№ 25-26 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Егеменді елім»
Мақсаты: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату.
Міндеттері: Әннің ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру, әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату.
Музыка сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау: қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру, музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту.
34

Ойын арқылы балаларды достыққа, бірлікке тәрбиелеу.


Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: ырғақты, мәнерлі қимылдарды, әндерді орындайды.
Түсінеді: әннің кіріспесін, басын, қайырмасын ажырату.

Қолданады: үйренген би қимылдарын әуенге ілесе отырып қолданады.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бубен, қоңырау, металлофон; нота хрестоматиясы.

Полилингвальді компонент: Елім менің – Родина моя – Му motherland.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка залына көңілді музыка әуенімен кіреді.
Жеңіл басып, шеңбер бойымен жүреді, бір аяқтан бір аяққа секіреді.


  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Айна» орыс халық әуені (өңдеген М. Раухвергер).
Көңілді әуен ырғағына сәйкес шеңбер бойында би қимылдарын орындауға үйрету. Шеңберді кеңейту-кішірейту, шағын топтармен бірнеше шеңберге бөлініп айналу қимылдарын жасауға дағдыландыру.
Педагог А. Сәрсековтің «Туған елдің ұлымын» атты өлеңін мәнерлеп оқиды.

Қуат алған өзіңнен,

Туған елдің ұлымын.

Бақытты етіп өсірген,

Отанымның гүлімін.

Музыка тыңдау: «Алатау» (Н. Тілендиев, үнтаспа).
Ән туралы мәлімет беру, бұл таудың қай жерде орналасқанын айту, әннің сөзін талдау.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Қазақтың жері» (Б. Түзелбекова).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.
Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу. Әнді орындау барысында бір-бірін тыңдап, дауысқа күш түсірмей, жігерлі орындауды ұсыну.
Үйренген «Тәуелсіздік таңы» (А. Шырынбекова) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.
Билер: «Еркебұлан» биі («Билеп үйренейік» жинағынан).

Ойындар, хороводтар: «Шаңырақ» ойыны. Педагог ойын шартын түсіндіреді.

Балалар шеңбер бойымен музыка әуеніне ілесе қимылдар жасап жүреді.

Музыка тоқтағанда дөңгелене тұрып, киіз үйдің «шаңырағын» жасайды.

Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сай қол соғуды сұрайды.

Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.

Бубен, қоңырау, металлофон аспаптарын қолданады.



  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Балалар, бүгінгі оқу қызметінің қай бөлімі ұнады?




  • Қандай музыка тыңдадыңдар?




  • Шығарманың көңіл күйі, сипаты қандай екен?

35

№ 27-28 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Қысқы орманда»
Мақсаты: Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру.
Міндеттері: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру.

Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау.


Музыка сипатына сәйкес қол ұстасып шеңберде айтылатын әндермен шеңберді айналып жүру. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау. Балаларды ойын арқылы ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: дауысын дұрыс келтіріп әндерді орындайды.
Түсінеді: әннің ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Қолданады: пластикалық, мәнерлі қимылдарды би кезінде орындайды. Қолданылатын көрнекі құралдар: композитор П.И. Чайковскийдің портреті, шырша, бубен, қоңырау, металлофон; нота хрестоматиясы. Полилингвальді компонент: шырша – елка – сhristmas tree.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар музыка залына көңілді музыка әуенімен кіреді.
Жеңіл басып, шеңбер бойымен жүреді, бір аяқтан бір аяққа секіреді.
Педагог балаларды қысқы орманға шақырады. Қысқы орманда жуан-жіңішке, сабырлы, ақырын, көңілді-көңілсіз жолдардың болатынын ескертеді.


  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Айна» орыс халық әуені (өңдеген М. Раухвергер).
Ортаға бір бала шығады да, барлық балалар сол қимылдарды қайталайды. Көңілді әуен сипатына сәйкес тізбектеле, аяқ ұшымен жеңіл жүгіру, секіру, қол ұстасып, шеңбер бойымен айналу қимылдарын алмастыра отырып, өз таңдауы бойынша ырғақтық қимылдар орындау. Би шығармашылығына баулу.
Музыка тыңдау: «Желтоқсан» (П. Чайковский).

Композитор П.И. Чайковский портретін көрсету.

Педагог балалармен әңгіме жүргізеді.

– Қалай ойлайсыңдар, қысқы орманда кімдер болуы мүмкін?

– Қандай аңдар болуы мүмкін?
– Қазір музыка тыңдаймыз, сол музыканы тыңдай отырып көз алдарыңа не елестете аласыңдар, сондықтан мұқият тыңдайық.
Балалардан музыка қандай темпте (қарқында) орындалғанын, қандай әсерде болғанын сұрау.
Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Шырша әні» (К. Қуатбаев).
Ән туралы балалармен әңгіме өткізу. Композитор К. Қуатбаев шығармашылығы туралы айту.


  • Бұл ән әдетте жылдың қай мезгілінде орындалады?




  • Қандай мерекеге арналған ән?

Үйренген «Қазақтың жері» (Б. Түзелбекова) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу.



Билер: «Еркебұлан» биі («Билеп үйренейік» жинағынан).
36

Ойындар, хороводтар: «Айналмалы дөңгелек» («Дидактикалық ойындар» жинағынан).

Педагог ойын шартын түсіндіреді.

Орындалған әндерді тыңдап, әннің мазмұнына сәйкес суретті көрсету.



Музыкалық аспапта ойнау: «Илигай» қ.х.ә. (өңд. Б. Дәлденбай).

Бубен, қоңырау, металлофон аспаптары қолданылады.

Балаларды жеке және топпен аспапта үндесе ойнауға үйрету.




  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Композитор К. Қуатбаевтың қандай әндерін білесіңдер?




  • Қандай музыкалық аспапта ойнадыңдар?

№ 29-30 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ
Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка
Тақырыбы: «Орманда серуендейміз»
Мақсаты: Дауысы мен есту қабілеттерін дамытуға арналған жаттығулардан қиын емес әуендерді 2–3 жақын үндестікте дауысын дәл келтіріп орындауға үйрету.
Міндеттері: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату, әсерлі реңктерін ажырату.
Мерекелік әннің шаттық көңілін көңілді жеткізіп, жеңіл, ширақ дауыспен шумақтардың соңын жұмсартып айту.
Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау.

Музыкалық аспаптарда ойнауға үйрету.

Серуен арқылы балаларды бір-біріне қамқор болуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: аспаптарда ойнайды, мерекелік әнді көңілді орындайды.
Түсінеді: ән айту дағдыларын.
Қолданады: би қимылдарын және ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды. Қолданылатын көрнекі құралдар: «ұлпақар»-таяқшалар, үнтаспа, диск, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: Жаңа жыл – Новый год – New Year.
ҰОҚ барысы


  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар көңілді музыка әуенімен музыка залына кіреді. Шеңбер құру.
Мереке қарсаңында балалар бір-біріне жылы лебіздерін жеткізеді.


  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Сағат» (Е. Андосов). Сағаттың қимылымен балалар иіледі, шапалақтайды, қол ұстасып,
аяқтарымен топылдатады. Жеңіл әуенге ілесіп би қимылдарының элементтерін жасау.

Музыка тыңдау: «Жаңа жыл» (Қ. Шілдебаев).
Әннің сипаты мен екпіні және мазмұны туралы әңгімелеу.

Балалардың музыка тыңдай отырып алған әсерлерімен бөлісу.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап алып, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Ақша қар» (Е. Өміров).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.


Әнді көңілді, ырғақты сақтай отырып табиғи дауыспен айтуға көңіл бөлу. Үйренген ән «Шырша әні» (К. Қуатбаев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға,
37

ән ырғағымен орындауға баулу. Жеке және хормен айту. Билер. «Ұлпақарлар биі» («Вальс» П. Чайковский үнтаспада, «Билеп үйренейік» жинағынан).


Қимылды орындағанда аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп, қолдағы «ұлпақар»-таяқша атрибуттарымен музыка әуеніне ілесе, ырғақты сақтай отырып билеу. Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес

қол соғуды сұрайды. Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Жаңа жыл мерекесінің қандай ерекшеліктері, қуанышты сәттері бар?




  • Мерекеге лайық қандай әндер үйрендік?

№ 31-32 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Қысқы әуен сыңғырлайды»
Мақсаты: Музыкалық тіркестерге сәйкес қимылдарды өзгерту, жылдамдық пен ептілікті білдіру.
Міндеттері: Шығармалардың эмоциялық мазмұнын, олардың сипатын, көңіл күйін ажырату. Қолмен музыка бағытын (жоғары-төмен) көрсете отырып, әуеннің жоғарғы-төменгі қозғалысын ажырату, әнмен шеңберді айналып жүру. Ойын арқылы балаларды ұйымшылдыққа баулу.
Күтілетін нәтижелер:

Жасайды: музыка әуенімен дауыс жаттығуын жасайды, ән орындайды.
Түсінеді: музыканы қызыға тыңдап, сипатын ажыратып, мағынасын түсінеді.

Қолданады: музыкалық аспаптарда жеке және топпен ойнайды.
Қолданылатын көрнекі құралдар: бубен, маракас, барабан, қоңырау аспаптары; текшелер, аққала, диск, үнтаспа, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: қыс – зима – winter.
ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар көңілді әуенмен музыка залына келіп, шаттық шеңберін жасайды. Қараңдаршы далаға!


Дала - аппақ, ақша қар.

Тал мен үйлер қалада

Жамылыпты ақ шатыр!

Жаусын, жаусын, ақша қар

Қар лақтырсын балалар!


  1. Негізгі кезең


Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Шеңберге тұр» (Л. Бетховен). Көңілді әуен ырғағына сәйкес шеңбер бойында – шырша айналасында би қимылдарын орындау.

  • Балалар, сендер қыс туралы не білесіңдер?




  • Қыс несімен ұнайды?




  • Қандай мерекені тойладыңдар және оған кімдер, қандай кейіпкерлер келді? Музыка тыңдау: «Қыс» (А. Вивальди, үнтаспа).

Балалардан музыкадан алған әсерлерін сұрау, ойларын ортаға салып, бөлісу. Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.


Ән айту: «Ақша қар» (К. Қуатбаев).
38

Әнді педагогтің орындауынан кейін мазмұны туралы айтып, әннің көңіл күйін ажыратып әңгмелеу.


Дауысқа күш түсірмей, табиғи дауыспен орындауға үйретуді жалғастыру. Үйренген әнді «Ақша қар» (Е. Өміров) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу. Жеке және хормен айту.
Билер: «Ұлпақарлар биі» («Вальс» П. Чайковский, үнтаспада, «Билеп үйренейік» жинағынан). Биді әрі қарай билеуді жалғастыру, қимылдарды синхронды түрде біркелкі жасауға талпындыру.
Ойындар, хороводтар: «Жылдам құрастыр» ойыны, музыка аяқталғанша бөлшектерден суреттерді құрастыру. Педагог ойын шартын түсіндіреді. Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.

Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.
Бубен, маракас, барабан, қоңырау аспаптарын қолданып, ырғақты сезіне кезекпен және қосыла ойнауға үйрету.


  1. Рефлексия

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды мадақтайды.

  • Бүгінгі оқу қызметі сендерге несімен ұнады?




  • Қандай шығарманы тыңдадыңдар?




  • Көңіл күйі, сипаты қандай?

№ 33-34 ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖОСПАРЫ


Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Музыка

Тақырыбы: «Қыс қызығы»
Мақсаты: Әуеннің би сипатын сезіну, би қимылдарының элементтерін орындау. Міндеттері: Музыкалық шығармаға өзінің қатынасын білдіру, оның мазмұны мен сипаты туралы пікірін айту. Әннің сипатын қабылдау, дауысын дұрыс келтіріп орындау, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл беру. Әуеннің ырғақтық бейнесін ұрмалы аспаптарда жеке немесе кішігірім топпен ойнау.
Күтілетін нәтижелер:
Жасайды: дауысын дұрыс келтіріп ән орындайды, ырғақтық бейнесі мен динамикасын дәл береді.
Түсінеді: вальс музыкасына қандай қозғалыс жасау керек екенін.
Қолданады: пластикалық, ырғақты, мәнерлі қимылдарды орындайды. Қолданылатын көрнекі құралдар: интерактивті тақта, қыс туралы суреттер, нота хрестоматиясы.
Полилингвальді компонент: қыс қызығы – зимние забавы – winter games.

ҰОҚ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Балалар көңілді әуенмен музыка залына келіп, шаттық шеңберін жасайды.
Қыс келді, қыс мықты анық,

Қайтсе де біз ықпадық.

Қыс келді, қыс уайым ба,

Қандық біздер ойынға!




  1. Негізгі кезең

Музыкалық-ырғақтық қимылдар: «Аюлар биі» (Е. Тиличеева).
Балалар музыкаға ілесіп, қорбаңдап, аюлардың жүрісін салады.

Ауыр қимылдап отырып-тұрады, отырғанда аяқтарын кезек-кезек созады, айналады.


39

Интерактивті тақтадан қыс туралы суреттерін көрсету.

Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстары туралы әңгімелеу.

Музыка тыңдау. «Вальс» (С. Майкапар).


  • Балалар, музыканы көздеріңді жұмып отырып тыңдауға болады.




  • Сендер бұл музыкаға қандай қимылдар жасар едіңдер?




  • Мұздың үстінде қалықтап сырғанауға болады, аяқтың ұшымен жеңіл жүгіріп,

жұбыңмен билеуге болады.

Ән айтар алдында дауыс жаттығуын жасап, әуенді таза айтуға ұмтылу.

Ән айту: «Қыс қызығы» (И. Нүсіпбаев).

Педагог әнді орындап, мазмұны бойынша әңгіме өткізеді.



  • Әнде не туралы айтылған?

  • Әннің көңіл күйі қандай?

Балаларға қайталап, қосылып айтуға үйретеді.

Әнді бір мезгілде бастау және аяқтау, әуенді дұрыс бере білу.


Үйренген әнді «Ақша қар» (К. Қуатбаев) еске түсіру, сөздерін анық айтуға, ән ырғағымен орындауға баулу. Жеке және хормен айту. Билер: «Испан биі» («Билеп үйренейік» жинағынан).
Балалар биге жұптасып қатысады. Қимылдарды анық жасауға ұмтылады.

Ойындар, хороводтар: «Төмен және жоғары дыбыстар» ойыны.

Педагог ойын шартын түсіндіреді.

Балаларды жоғары және төменгі дыбыстарды ажыратуға үйрету.

Музыкалық аспапта ойнау: «Полька» (А. Филиппенко).

Педагог шығарманы орындап, балалардан музыка ырғағына сәйкес қол соғуды сұрайды.

Аспаптарды таратып беріп, орындау ретін түсіндіреді.

Бубен, маракас, барабан, қоңырау аспаптарында әуен ырғағын сезіне еркін ойнауға баулу.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет