Бағдарламасы бойынша шығарылды Нұрғали Р. Шығармалары



Pdf көрінісі
бет34/41
Дата18.10.2023
өлшемі1,65 Mb.
#186585
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Байланысты:
Аширов

(Ә. Тәжібаев. Жүректілер. – А., 1964. – 133­134­беттер).
Қазақ әдебиетінің шығармаларын қарастырғанда, әсіресе 
кесек кейіпкерлер, сом тұлғалар жайында сөз қозғалса, Мұхтар 
Әуезов туындыларындағы қаһармандарға соқпай кетуіміз си-
рек. Құнанбай, Кәрім, Тәкежан, Оразбай. Әрқайсысы асу бер-
мес, басынан боран түтеп тұрған бір-бір заңғар. Кеңгірбай, 
Еспембет, Жүзтайлақтар қандай.
Автор идеалы жағымды қаһарман жасау арқылы ғана емес, 
зұлымдықты, әділетсіздікті шенеуімен де көрінеді. Не айбы-
нар сесі жоқ, не кісі алар айласы жоқ, не сөзінің тұрлауы жоқ, 
тақымға толмайтын тірі өлікпен күресіп жүрген пенденің 
шама-шарқы белгілі. Дөрекі, даңғой, әңгүдік, суайт – мұндай 
персонаждар жасау қиындыққа түспейтіні хақ, білікті, зы-
миян, екіжүзді, шенқұмар, бақайесеп, жұлынқұрт мінездерді 
реалистік сенімділікпен бейнелеу оңай шаруа емес.
Кертартпалық, салсойылдық секілді жаман қасиеттер Сапар 
бойынан көзге шалына қоймайды. Қайта сарабдал, салмақты, 
талай қарды басқан салиқалы мінез көреміз. Өзгелерден 
бөлектеніп, оңаша қалған сәттегі Дәуренмен әңгімесіне құлақ 
асып көріңіз.
Үлкенмін, дүниенің төрт бұрышын түк қалдырмай шарла-
дым, өмір сыры алақанымда деп кеуде соғып, абыз боп шыға 
келетін шалдар бар. Алғаш сұхбаттасқанда тыңдағанмен, келесі 
жолы мұндай білгіштерден аулақ жүргенді есің болса өзің де 
теріс демейсің. Бағзы жандардың ішіңе қалай еніп кеткенін 
сезу қиын, ескі бір танысыңдай, етжақын сырласыңдай боп ала-
ды. Жасырын, жұмбақ еш нәрсе қалмайды, түгел айтылады.


241
Сапар – Дәурен арасында бір-бірін әбден ұғысқан ұстаз бен 
шәкірттің қас-қабағы бар. Дәл осы жолғы сөзін Сапар шегелеп, 
ежіктеп жаттап ал демесе де, Дәурен зердесіне тоқып жатыр. 
Сапар: «Бүгін министрліктен түскен кісі ертеңіне қайта орала 
алмайды. Құлау жеңіл биліктен, ал көтерілу...
Мезгілден қалу қандай қауіпті болса, мезгілден озу сондай 
қатерлі... Уақыт... тізгін уақыт қолында. Онымен есептеспеген 
қарға адым жерге де бара алмайды...
Уақыт менің әңгімемді көнертуі, ұмытқа айналдыруы керек, 
уақыт менің адамдарымды үлкейтуі, менің тобымды күшейтуі 
керек, түсінікті ме? Менің министрлік орныма сен отыруың 
қажет, Дәурен».
Осындай өзекжарды сырлары, көкейкесті ойлары бар Са-
пар дастарқандас адамдармен, құдасы Мәлікпен сыпайы-сы-
нық қоштасып, ақырын аяңдап үйіне қайтып жүре береді. 
Қырықтағы суретші әйел Маржан мен Мәлік арасындағы екеуа-
ра әңгімеде отбасылық өмір жайлы көрген, татқан адамдардың 
байыпты, салмақты пайымдаулары төбе көрсетеді.
Мамыражай қонақ күткен шаңырақ тыныштығын жеті 
түнде Қайрат бұзады. Әсіресе Дәурен ескермеген келіс. Кісі 
өліміне жазықты еместігін, текке жапа шеккенін айтқандағы 
ширығуы, бұра тартуы, қисық сөйлеуі ызадан, намыстан туған. 
Бір кездегі жанын берем дейтін Роза мынау, Дәуреннің әйелі. 
Алдан күткен қуаныш, тәтті үміт қайда? Есімін елге жаяр ком-
позитор даңқы қайда? Түрмеден қайтқан жаяу-жалпы Қайрат, 
үлде мен бүлдеге бөленген, ен байлыққа кенелген Роза. Қандай 
алшақ?!
Осы сценадан кейін тартыс бағдарлары айқындала бастай-
ды. Ұстазы Сапар сызып берген жоспармен Дәурен іс қамына 
кіріскен. Оның ой жотасы, қабілет-талантына, білім мөлшеріне 
салса, өзі құралпы жігіттердің ешқайсысынан олқы жері жоқ; 
тәжірибе, іскерлік десе мамандық бойынша қызмет сатысынан 
түгел өткен, сөгіс алған, құлаған, қатерге іліккеннен сақта-
сын; үлкендерге жақса, мінезінен ши шықпаса, бұл министр 
болмағанда кім болмақ? Ұсынылып отырған анау жөніндегі 
16-0195


242
әңгіме басқа. Таласпасаң, күреспесең, мә, сен міне ғой деп кім 
астындағы атын түсіп бере салады? Дәурен ендеше білекті неге 
сыбанбайды? Ол жөнінде, бақкүндесі жөнінде домалақ арыз 
жөнелсе, қашан тексеріліп, ақ-қарасы ашылғанша іс тынбай 
ма?
Ашынған Қайраттың Роза үйіне тағы соғуы – кек алу секілді 
қадам. Қатарыңнан еріксіз жырылып, зорлықпен тұсауланып 
қалсаң, іштегі қыжыл, көкіректі өртеп, не көзден жас болып, не 
тілден зар болып, не саусақтан күй болып төгілмек. Ширыққан 
талант торыққан кезде де кісенделмесе керек. Жабық конкурсқа 
жіберген Қайраттың ораториясын комиссия мүшелері ұнатып, 
сахнаға дайындау үшін Розаға беріпті. Басын бұлт шалғанда 
өзге жігіттің құшағында кете барған, тым құрыса арашаға 
жарамаған Роза енді Қайрат шығармасының қамқоршысы 
болмақ екен. Жоқ, намысты еркек бұл тәлкекке көне алмас. 
Әкетеді клавирді Қайрат.
Тартысты, психологиялық жағынан ауыр сценаның Мәлік 
үстінен түседі. Ендігі өміріндегі тірегі іспетті жалғыз қызының 
көп уақытын жіберіп жасаған еңбегін мына жігіт зая кетірмек. 
Мен композитормын, ораторияның жаратушысымын, сен, дири-
жер, менің туындымның зейнетін көріп, даңқын бөліспекшісің, 
оған жол бермеймін деп тұр ғой Қайрат. 
Отставкадағы полковниктің музыкадан хабардарлығы, нота 
білуі, бір кезде консерваторияда оқуы ашу үстіндегі жігітті 
еріксіз тоқтатады. 
Әке мен қыздың күйзелген сезімін Сапар, Дәурен, Кел-
тектердің мінезі одан сайын жүдетеді. Сырт көзге сездір-
мегенмен, оңашада, өздері ғана барда сырсандық аузы ашық. 
Қашанда мансапқорлар, шенқұмарлар топқа, жікке үйір, бірін-
бірі тартып, демеп, қолтықтау арқылы көздеген мақсатқа жет-
пек. Қарсы тұрар, залалы тиер бөгде шықса, көптеп, жабылып 
жүріп сүріндіру – машықты әдістері, ашық күрес, әділ майдан-
нан тайқып, астыртын айлаға көшу, ғайбат, өтірік, өсек тарату 
амалдары және бар. 


243
Игілікті, көп жылғы жемісті еңбектің нәтижесі бағаланса 
керек. Сондай зор ілтипат, мәртебенің бірі – академикке сайлау. 
Бұл ит жүгіртіп, құс салу, мықтылардың аузын алу арқылы ты-
натын шаруа, ұйымдастыра білуге байланысты шешілетін іс, 
достардың мәмілесімен келетін мансап деп санайтындар бар. 
Келтек осы түсініктің адамы, Сапардың құптайтыны сол бай-
лам.
Бұрын оқымыстылар, дәрежелі қызметкерлер арасын-
да көп болмаған полковник Мәлік үшін мұның бәрі ерсі, әбес. 
Оның коммунистік ұжданына қайшы нәрселер. Үндемей қалса 
қайтеді?
Мұндайда шегіну – жеңілу. Мәлік – Келтек, Мәлік – Сапар 
араларындағы диалогтардан жауапкершілік, қоғам ал дын-
дағы парыз, ағайыншылық орайында қарама-қарсы пиғыл-
дардың, сенімдердің шарпысуын көреміз. Жаттанды ереже, 
аксиома күйінде айтылған жәйттер тез ұмытылады, әрбір 
адамның сөзі тіршілік тәжірибесінен, қызмет бабынан түйген 
тұжырымдары ретінде берілсе ғана көкейге қонбақ.
Жасанды мінез, жалған қылық, өтірік сыпайылық ғұмыры 
ұзаққа бара алмайды. Бір күні шөлмек сынса, көмбенің беті 
ашылады. Дәурен – Мәлік арасындағы алғашқы сценаларда 
байқалған салқындық ата мен күйеудің дүрдараздығы емес, 
дүниетаным, көзқарас қайшылықтарына ойысқан. Өзінше эти-
ка сақтап, қоян терісі де шыдайды ғой деген моральды ұстанып 
келген Дәурен атасы Келтек пен Сапарды сөзбен жығып, тізе 
бүктірген соң пердесін жұлып тастап, ашық шыққан. Өзі 
шыққан майданға. 
Атасы. Күйеу баласы. Бірі – елуді қусырған, қанды жорық 
соғыс кешкен, енді уһ деп тыныс алмақ полковник. Екіншісі – 
жалаң қылыш жүзінде жарқылдаған отыз бестегі азамат, бүгін-
ертең министр боламын деген қызыл түлкідей құлпырған үміт 
оты көзінде маздап тұр.
Күнделікті тіршілік ағымындағы аңысқа бақсаң, мұндай 
күйеу балалы шалда не арман бар дейсің. Бүйткен боздақтың 
жолына құрбандық болып шалынса рауа емес пе?


244
Жоқ. Полковник ол шалдардың тобына әсте кірмек емес 
екен. Сөзін тыңда. Әділін айтып, ағынан жарылады.
Ел басқару, үлкен қызметте отыру әкеден қалған мирас, 
таласып-тармасып болатын қулық-сұмдығыңды асырып, топ-
жігіңнің күшімен өтіп кететін қулық жолы емес. Ел басқару, 
үлкен қызметте отыру сенің байлығыңды молайтып, ішіп-
жеміңді көбейтетін сауын сиыр емес, бедел-дәрежеңді асырып, 
жағымпаздардың басын шұлғытып қоюдың құралы да емес.
Полковник дұрыс айтады: «Басқару үшін халықтың жылуы 
мен мейірімі көп жүрек керек әуелі».
Мұндай қасиеттерді Дәурен бойынан таппаған Мәлік сөз –
жел, ұшты-кетті дейтіндердің әдісіне басып, тып-тыныш 
жата бермек пе? Орталыққа барып, күйеу баласының жауап-
ты қызмет үшін әлі піспегендігін айтуы – Мәлік характерін, 
оның күрескерлігін айқындайтын деталь. Ал Дәуренді ман-
сап биіктеріне көтерілуге баулып жүрген Сапардың жолдама 
әкеп Мәлікті демалыс үйіне жібермекші болуы мінез табиғатын, 
аярлық психологиясын аша түседі.
* * *
Сан алуан өмір құбылыстары, болмыстың қат-қабат 
қайшылықтары өнер айнасына түскенде, өзіне лайық, мазмұнға 
парапар түр, кейіп, пішін таппаса, ғұмыры ұзақ шығарма 
тумақ емес. Әлемдік әдеби процеске назар салғанда, әсіресе 
жанрлардың өзара тоғысуынан пайда болған формаларды жиі 
ұшыратамыз. Осы қатарда драматургияда өріс алған жаңа ны-
шандарды, түр ізденістерін инсценировкаларсыз пайымдау 
олқы соқтырар еді. 
Әдебиет тарихындағы фактілерді, қайталанатын құбы лыс-
тарды жинақтау арқылы тұжырымдалған өнер заңдылығын 
ескерсек, инсценировканы кездейсоқ, өткінші нәрсе дей ал-
маймыз. Әлем әдебиетіндегі күрделі, кесек шығармалардың 
сахнаға лайықталып, көрермен назарына тартылмай қалғаны 
сирек. Кейде бір туындының театрға арналған талай нұсқасы 
жасалады. Орыс сентиментализмінің басы боп саналатын «Бей-


245
шара Лиза» повесі сахнаға шыққанда, болашақта классиканың 
барлығына театр есігі кең ашылатынын, инсценировка өнер-
де гі жаңа құбылыс екендігін аңғару қиын еді. Драмалық тар-
тысы, характерлі айқын туындылар өз алдына, орыс театрла-
рында И. Крылов мысалдары, В. Жуковскийдің сыры ретінде 
айтылған қысқа хикаямен жүрек тебірентер өмір елестерін көз 
алдыңа әкелетін, ұмытылмас бейне жасайтын. Зор көркемдікте 
туған терең идея ұзақ уақыт есте сақталмақ. Шұғаның тарихын 
Бейімбет те жолаушы сөзінен бастайды ғой.
Қонақта отырып, бір кеште естіген уақиға ретінде баяндал-
ған Тахауи Ахтановтың «Жоғалған дос» әңгімесінде трагизм 
басым. Қанша жыл сарғайып, екі көзі төрт болып күткен ері 
тірі жүріп бір хабар бермеген әйел басындағы қайғы оқырманға 
ауыр әсер етеді.
Сол шығарма негізінде автор «Күтпеген кездесу», «Жоғалған 
дос» деген драма жазды. Екі туындыны текстологиялық жа-
ғынан салғастырып қарағанда, жанрлық формалардың бү гін-
гі түрленуі, суреткердің шығармашылық лабораториясы жай-
лы пікір айтуға болады.
Әңгіме мен пьеса кейіпкерлері бірдей, олар: Маңғас, Мыр-
захмет Естемесов, Ғайни, Ғалия, әңгімедегі Нұрлыбек есімі 
драмада Бабатай боп өзгертілген. Залға бет бұрып тұрып, ат үсті 
айтылған монолог, үзді-жұлды репликамен көрерменді баурап 
алу мүмкін емес. Драматург үшін аса керекті нәрсенің бірі – 
сахнадағы әрекетке деген назарды суытпау. Осы ретпен бүгінгі 
пьесаларда оқиғаларды бір адамның көзімен беру тәсілі жиі 
қолданылады.
Бұл жәйтті «Күтпеген кездесу» драмасынан да көруге бо-
лады. Маңғас аузымен айтылатын монологтар мен әрекеттік 
көріністер алмасып отырады. Тұтастай алғанда, пьеса Маң-
ғастың көрерменмен сырласуы, ой бөлісуі секілді әсер 
қалдырады.
Пьесаның бірінші бөлімінің үшінші көрінісі түгелдей 
жаңадан жазылған, төртінші көріністегі диалогтар әңгіме мате-
риалдарын ұлғайтудан туған.


246
Әңгімеде:
«– Апырмай, Мырзаш суыққа төзімсіз еді. Ауырып қалған 
жоқ па?
– Онда бәріне де үйреніп кеттік қой.
– Жөтелген жоқ па әйтеуір? Ол өзі салақ қой. Аяғын жылы 
орап күтініп жүруді де білмейді... Мырзаштың басының са-
қинасы болушы еді. Кішкене терлеп, сыртқа шықса, ұстап 
қалатын. Сонысы қинаған жоқ па?
– Жоқ, ондайын байқамадым. А, айтпақшы, өзінің бір 
айтқаны бар еді. «Бұрын кішкене тершіп суық тигізіп ал-
сам, басым сындырып қоя беретін. Қазір қыстың күні жалаң 
бас жүргенде мыңқ етпеймін. Соғыстың өзі бар ауруға ем ғой 
деймін» деп күлетін.
– Апыр-ай, ә, – деп Ғайни апай тамсанып қояды».
Пьесада:
«Ғайни (елең етіп): Апырым-ай, Мырзаш суыққа төзімсіз 
еді. Ауырып қалған жоқ па?
Маңғас: Онда бәріне де үйреніп кеттік қой.
Ғайни: Жөтелген жоқ па әйтеуір? Ол өзі салақ. Аяғын жы-
лы орап, қымтанып, күтініп жүруді білмейді ғой. Үсті басын 
қарайтын адам болмаса...
Маңғас: Жоқ, әрине, азды-кемді жөтел боп тұрады ғой.
Ғайни: Мырзаштың басының сақинасы болушы еді. Кіш-
кентай ғана терлеп, далаға шықса, ұстай алатын. Сонысы 
қинаған жоқ па? 
Маңғас: Жоқ, ондайын байқамадым. А-а, айтпақшы, өзінің 
бір айтқаны бар еді. «Бұрын кішкене тершіп суық тигізіп ал-
сам, басым сындырып қоя беретін. Қазір қысты күні жалаңбас 
жүргенде мыңқ етпеймін. Бұл соғыстан аурудың өзі де қорқады 
екен ғой» деп күлетін.
Ғайни: Апыр-ай, ә?!»
Бұл үзіндіде бірлі-екілі сөз болмаса, әңгімедегі диалог 
пьесаға өзгеріссіз қалпында енген. 
Мұндай мысал мол.


247
Пьесадағы: «Расында да бүгін біздің басымызды түйістіріп, 
ойда жоқта бір-бірімізге жақын еткен Мырзахметтің аруағы 
емес пе? Табиғатында философиядан гөрі әрекетке бейім болсам 
да, осы арада өзімше бір сыр аштым. «Адам күні адаммен» деуші 
еді қазақ. Я, адам күні адаммен. Кейде сенің жеке басыңның 
өмірбаяны дегенің жалғыз өзіңдікі болмайды екен. Дүниеде 
жақсылық көр мейлің, жамандық көр мейлің – соның бәрі өзге 
адаммен қатынаста болады екен. Егер оның бірін өміріңнен 
сызып тастағың келсе, өміріңнің соған байланысты бөлшегін 
де сызуың керек. Сол сияқты Мырзахмет өмірі осы отырған 
үшеуіміздің өмірімізбен тамырласып жатыр. Әрқайсымызда аз 
болсын, көп болсын Мырзахмет өмірінің бөлшектері жүр...» де-
ген жолдар «Жоғалған достан» алынған.
Әңгіменің өзінде монолог мақамында жазылған Маңғастың 
осындай сөздері пьесаның интермедияларына сол күйінде 
кіргізілген.
Тұтастай қарағанда, шағын прозалық туындыдағы мо-
тивтерді тереңдету, кейіпкерлерді сомдау, басқа жанрлық түрге 
көшіру арқасында жаңа драмалық шығарма жасалған.
Пьесаның бірінші бөлімінде көз алдымызға майдан шебі 
тартылады, бірақ тарс-тұрс атылған мылтық, жарылған бомба, 
шұбырған танк жоқ, толас сағатындағы взвод командирі мен 
жауынгерді көреміз. Өмір мен өлім алмағайып ауысып, екіталай 
заман болса да, қыр жігіттерінің көп мінезі өзгере қоймаған. 
Әзілі жарасып, атасымен ойнаудан қашпайтын шіркіндер 
оңашада командирді іліп-қағады.
Драматург жеңіл күлкіден басталған сценаны бірте-бірте 
Мырзахмет пен Маңғастың характерін ашуға көмектесетін 
арнаға бұрады. Орденге ұсынылғандар жайлы мәліметтен 
Маңғастың көңіл жықпас жомарттығы, аңқаулығы, Мырзах-
меттің тісқаққандығы, туралығы көрінеді.
Әрбір шағын сценадан кейін сахнада Маңғас жалғыз қалып, 
өзі өткен іске өз көзқарасын білдіріп, ой түйін, байлам жасай-
ды, үзілген оқиғаларды жалғайды.


248
Жеке эпизодтардың арасындағы әрекет бірлігін тудыратын 
көпір, жалғастырушы буын – Маңғас монологтары.
Жау тылына барлауға жіберілген топты бастап барған Мыр-
захмет Естемесов шешетін түйіннің астарында үлкен моральдық 
жауапкершілік жатыр. Бұл – сөз тәжікесі, философия таласы, 
логика жарысы емес, адам өмірін таразыға салатын парасат 
майданы, езіп-созуды көтермейтін, қолма-қол шешімді тілейтін 
қатерлі сәт. Азаматтық борыш үшін бәріне мойынсұнған, 
белді буған, бекінген, жанын пида еткен адам не ойлайды, 
бұйрық берген, талап еткен, шығарып салған адам не ойлайды? 
Опат боларын күні бұрын біле тұра, көре тұра өлім сапарына 
баратындардың бетіне қалай қарамақ? Жас ғұмырларды құрбан 
етпей-ақ мақсатқа жетуге болмас па?
Етек жауып, ес білген саналы тірлігін окоптан бастаған 
Маңғас үшін осы сұраулардың бәрінің өмірлік мәні бар, кеше 
ғана жалғыз күлшені бөліп жеп, бір шұқырда қатар жатқан 
достарының көзін қалай ұмытпақ? Бұл үшін өлтіру, өлу де-
ген сөздердің шолақ мәні емес, адам ғұмырының мақсатын, 
тіршіліктің идеалын ұғыну қажет.
Соғыс туралы жазылған шығармаларда басты меже так-
тикалық, статегиялық жоспарларды, хронологиялық сабақ-
тастықты көрсету бола алмайды. Олар тарихи-деректі, естелік-
мемуар кітаптарының мақсаты, ал қашанда суреткер па 
-
ры зы – мінездерді құнттау, сезімді бейнелеу, образ жасау.
Алып бара жатқан артық қасиеті жоқ, қоңыртөбел жан-
дардың сыры арқылы шындықты таныту үшін жазушыға кемел 
шеберлік қажет, әйтпесе табиғилықты ескерген боп отырып, на-
турализмге түсіп кету оп-оңай.
Жаралы командирін амалсыз жалғыз тастап, барлаудың 
ерекше мәнді мәліметтерін қалайда мезгілінде жеткізу үшін ба-
сын қатерге тіккен Маңғас соғыс бітіп, арада талай жыл өтсе де 
өзін кінәлі санайды. Сол орманда қорғансыз қалған есіл Мыр-
захмет тірі ме екен, өлі ме екен?
Бұл мазасыз ойлар күтпеген жерден оның қызын таныған 
сәттен бастап тіпті ұлғая түседі.


249
Пьесадағы психологиялық жағынан қызықты бейне – 
Ғайни. Ауылдан ұзап алысқа шықпаған, тірлік мұратын 
шаңырақ асты, ошақ басын күтіп, бала бағып, күйеу сыйлап 
қана отыратын момақан ғазиз жандар болатын. Жар адалдығы, 
ана дарқандығы – егіз қасиет. 
Сарғайып, әбден тозығы жеткен бір жапырақ қағазды 
бойтұмардай сақтап, жолға қарап отырған талай жесірлерді 
көргенбіз. Киіз үстінде, қара көрпе астында құшақтасып жатқан 
үш баланың мектепке үш фамилиямен барғанын да көргеміз.
Қазақ әйелінің жанына соғыс салған ауыр жара, содан туған 
сан алуан күйлер әлі әдебиетімізде толық бейнеленген жоқ. 
«Күтпеген кездесудегі» Ғайни қазақ әйелдерінің ұлттық ерекше 
бір қасиетін – жарға адалдығын жақсы аңғартады. Күйеуінің 
киімін сақтау, онымен тірі адамша сөйлесу – талай жесірлердің 
басынан кешкен халдер.
Жүзін көрмей өскенмен, шеше әңгімесі арқылы әкесінің 
барлық мінезін, іс-әрекетін жақсы біліп алған бойжеткен қыз 
енді оның қан көйлек, майдангер жолдасымен бір дастарқан ба-
сында отырғанда сұрақ жаудыруы заңды нәрсе.
Ең ақыры Маңғас пен Мырзахметтің қалай айырылысқаны 
айтылуы керек. Әңгімеде жаралы Мырзахметті сүйреп келе 
жатқан Маңғас есінен танған. Бұдан әрі Мырзахметтің жол-
дасын тастап, өзі кетіп қалғандығы жазушы баяндамаса да 
түсінікті. Пьесада бұл ситуация өзгертіліп, бұйрық бойын-
ша жаралы командирді орманға қалдырып, Маңғас барлау 
мәліметтерін алып жалғыз тартқан.
Ресми тәртіп пен гуманистік моральдың, әскери міндет 
пен достық қарыздың арақатынасы, олардың адам мойнына 
салатын жүгі жайлы ойланасың. Соғыста қан төгіп, бір сүйем 
жер үшін талай боздақтың өмірін берген ауыр күндерде басы-
нан кешірген ұғынықты жәйттер – енді жапырақ жайып келе 
жатқан талшыбықтай Ғалияға сұмдық, үрейлі шындық. Әкесін 
жапа-жалғыз, жаралы күйде, жау қоршауында тастап кет-
кен мынау қарсы алдында отырған, қазіргі аудандық атқару 
комитеті төрағасы орынбасарының ұсақ-түйек қамқорлығын 


250
баяғы күнәсін жуудың бодауы деп сескеніп, тіксініп қалады 
Ғалия.
Осы бір психологиялық шытырманды драматург ширатып 
берудің орнына кейіпкерді жасанды түрде басқа күйге ауысты-
рып жібереді. Ащы сырды естіп, теңселіп кеткен жас жүрек 
қолма-қол, әке суретін көре сала оп-оңай өзгеруі сендірмейді. 
Командир бұйрығы дегенді жете біле қоймайтын адамдар 
Ғайни, Ғалия мен Маңғас арасында айтылмыш әңгімеден кейін 
пайда болған тартысты өрбіткенде пьесаның конфликт арқауы 
ширай түскен болар еді.
Алексей Толстойдың «Орыс мінезі» әңгімесінде соғыста жа-
раланып, жүзіне кісі қарай алмайтындай күйге душар болған 
жауынгердің бұл қалпымен өз шаңырағында қорланбас үшін не 
істегені баяндалады. «Күтпеген кездесудегі» Мырзахмет ондай 
қызықтан аулақ, басқа кепті киген, әдейі, саналы түрде хабар 
бермей қойған.
Алданған үміт, кесілген арман бір адамды мәңгіртуге жетіп 
жатыр: тазалық, адалдықпен сарыла тосқан Ғайнидің тірі 
Мырзахметті көріп, анау тоқтамастан тартып жүре берген-
де естен айрылып құлап қалуы сахналық эффект емес, болуы 
ықтимал нәрсе.
Мейманханада кездесіп отырған екі еркек – бұрынғы жа-
уынгер достар. Баяғыны еске алып біткен соң аралары тез суи 
бастайды. Соғыс екеуін де өзгерткен. Мырзахмет қан төктім, 
жақсы күндерімді окопта көмдім, соның төлеуі үшін не істесем 
де еріктімін деп, Маңғас өткендегі ерлікпен бүгінгі қылмысты 
кешіруге болмайды деп есептейді. Өмір талқысы, тірлік күресі 
бір кездегі сері, батыр жігітті жарға опасыз, балаға баянсыз, 
тұрмыста тиянақсыз, бір кездегі аңқау, қорқақ жігітті байсал-
ды, сарабдал азамат етіп шығарған. Тірі жүріп Мырзахметтің 
үй ішінен ат құйрығын кесіп кетуі – опасыздық, бейбіт күндегі 
сатқындық.
Соңғы көріністегі Маңғас – Мырзахмет диалогтарының шы-
ғарма идеясын айқындауда мәні ерекше. Екі түрлі моральды 
ұстанған адамдардың рухани қақтығысының куәсі боламыз. 


251
Бұлар «сен анаусың», «сен мынаусың» деп, бір-бірінің бетін 
жыртып, айқайға басудан аулақ, әрқайсысы өзі шыққан төбеден 
тіл қатады. Енді Ғалия мн Ғайни үшін тірі Естемесовтен гөрі 
қиялдағы Мырзахмет бейнесі, әділ жүрегімен ағынан жарылып 
жүрген Маңғас артық деген тұжырымға ден қоясың.
Психологиялық шетін күйлерді, көзге бірден шалына 
бермейтін сезім иірімдерін көрсетуде «Күтпеген кездесу» пьеса-
сының табысы мол.
Алпысыншы жылдардағы қазақ әдебиетіндегі сапалы ли-
рикалық повестің бірі Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» бола-
тын. Оқиға қызығына, сыртқы әрекеттер қақтығысына иек 
артпай, құбылыстың ішкі мәнін ашуды көздеген жазушы адам-
дар арасындағы нәзік сезім күйлерін бейнелеуге ұсталығын 
танытқан. Араға он шақты жыл салып, автор сол туындыны 
қайта қараған, жаңа өзгерістер енгізіп, повесті пьеса еткен. 
Әрине, кез келген прозалық шығарманың ішіндегі монологтар-
ды, диалогтарды қақтай сауып алғаннан оп-оңай дүниеге пьеса 
келе қалмайтыны хақ.
Повестің уақиға желісі, сюжет арнасы бойынша персо-
наждардың мінездерін, тағдырын көрсетуді көздеген автор 
жаңадан кейіпкер қоспаған. Екі шығарманың тартыс сорабы, 
ұзын-жүлге бір-бірінен онша алшақ емес. Пьесада повестен 
өзгеріссіз қалпында алынған сөйлемдер, диалогтар, үзінділер 
мол:
«Адамның реніші тамшыдай жиналып, шарасынан асып-
төгілетін кезі болады... Сол сияқты кісінің бір кездегі біреуге 
деген ықыласы жіңішкеріп барып үзіліп кетеді. Бүгінгі кездесу 
Ләззат көңілінде қалған қимастықтың соңғы талшығын үзді».
«Дала кеудесі жай теңселіп, рақаттана тыныс алып жатыр. 
Қызғалдақтар күн нұрына шағылысып, өз көркіне өздері мәз 
болып жарқ-жұрқ етеді. Беткейдегі боздар бірін бірі қуып, жас 
қозыдай бұлтыңдап қыратқа өрлеп барады».
«Жазушы деген – өмір бойы сахнада жүретін адам. Жұрт 
көзі оның әр адымын қапы жібермейді. Жан аярлығыңды, 
жалғыз тамшы күшіңді іркіп қалғаныңды кешпейді олар. Май-


252
данда қорқақ жауынгер жексұрын болса, өмірде жалған жазу-
шы жексұрын».
«Бағила: Несіне қорқам, Нарқоспақ түйе ғой.
Салиха: Түйенің де мінез көрсететіні болады.
Бағила (қарқылдап күліп): Бағила да біледі. Әлі сілесін 
қатырармын Нарқоспақтың. ЗАГС-ке бармай тұрып жолатып 
жын қағып па мені?»
Повесте диалогқа құрылған сценалар қайта қаралып, драма-
тизм күшейтілген. Дәлел. 
Повесте:
«– Қойшы, Ләзтай, шын ренжіп қалдың ба? Қойшы, – деп 
қыңқылдайды.
Түрі самарқау, даусы күмілжіп шығады. Бұрын кездескен 
сәтте жайнап қоя беруші еді. «Ләзтай» деп атын атағанда дау-
сынан сағыныш дірілі сезілетін...
Маған деген махаббатың осы-ақ болғаны ма деп қиналды 
Ләззат. Болашағын ойлауға да қорықты. Енді түңілсе, жоқ, 
жоқ... адал сезімді ластап, қор қылып алмай тұрып, көңілде 
қимастық барда тыйылу керек. Әйтпесе өзімді-өзім өмір бойы 
жек көріп өтермін...
Ләззат орнынан тұрып жүре берді. Нияз қанша жалынып-
жалбарынса да қайрылмады.
– Нияз, мен сені жақсы көремін. Екеуміз сыйлас дос болайық. 
Одан артықты бізге жазбаған, – деді.
Бірақ Нияз Ләззаттан шын айырылып қаларын енді ғана 
сезіп, сөзге тоқтамай:
– Ләзтай, шын жақсы көргенің сол ма? Сүйем дегенің бекер 
екен ғой. Жоқ сен мені сүймеген екенсің, – деп өршіп бара жа-
тыр еді, Ләззат оны тыйып тастады:
– Жетер енді. Ондай сөзді саған мен айтуым керек еді. Бүйте 
берсең сыйласудан қаламыз».
Пьесада:
«Нияз: Неге үндемейсің, Ләзтай? Қойшы, Ләзтай, маған 
ренжіп қалдың ба, (самарқау құшақтап, сүйіп) қойшы енді.


253
Ләззат: Маған деген махаббатыңның осы-ақ болғаны ма? 
Енді түңілсем... Жоқ... Жоқ... Адал сезімді ластап, қор қылып 
алмай тұрып, көңілде қимастық барда тыйылу керек. Әйтпесе 
өзімді-өзім жек көріп өтермін...
Нияз: Ләзтай, әлі ашуың басылған жоқ па? Неге томсы-
райғаныңды түсінсем бұйырмасын. Қойшы енді.
Ләззат: Нияз мен сені жақсы көрем. Екеуміз сыйлас дос 
болайық. Одан артықты бізге жазбаған.
Нияз: Шын айтасың ба, Ләзтай?
Нияз: Шын жақсы көргенің сол ма? Сүйем дегенің бекер 
екен ғой. Жоқ, сен мені сүймеген екенсің...
Ләззат: Жетер енді, ондай сөзді саған мен айтуым керек еді. 
Бүйте берсек сыйласудан қалармыз».
Интермедияда ерекше мазасыз күйге түскен, ауыр пси-
хологиялық сезімді басынан кешіріп тұрған жан көрерменге 
бұрылып, тебірене тіл қатады. Жүрегінде өксігі, көкірегінде 
шері бар адамның түрі. Қайғы кешкен, ой азабын тартқан 
кісінің сөзі. Осыған дейін не болды, бұл адамның қандай сыры 
бар, кімдермен араласты – мұның бәрі шегініс арқылы беріледі.
Байыппен қарасақ, Т. Ахтановтың драматургтік тәжіри-
бесінен шектен шыққан ерекше оқиға, сирек кездесетін ситуа-
ция, әсіреқызыл жағдай іздемейтінін, қарапайым фабуламен 
образ жасауға ден қоятынын көруге болады. «Махаббат мұңы» 
пьесасына да осы тән.
Композиция тұтастығы, ең алдымен, шағын-шағын, бірша-
ма тиянақталған көріністердің хроникалық сабақтастығына 
негізделген. Драма кейіпкерлерінің ішінде мінез құбылысы, ха-
рактері өз сабасында шайқалған жалғыз адам – Ләззаттың ана-
сы. Жер ортадан асқан, тіршіліктің ыстық-суығына көндіккен 
кісінің анау-мынауға қозғала қоймайтыны аян.
Өзіне ет жақын дүниені, һәм қуантып, һәм мұңайтып жүрген 
күйлерді бейнелегенде суреткер қанжығасы майланбай қалмаса 
керек. Тоқсан тоғыз тамырды солқылдатып, жүректі жарып 
шығар перзент – өлеңнің өмірге келуін, осы қуаныш үстіндегі 
жас қиялдың толқуын драматург сенімді бейнелеген. Поэзия-


254
сында сезім, сұлулық мол Төлеген Айбергеновтің шығарма сын 
сәтті пайдаланған.
Ауылда өтетін алғашқы көріністе оқушы қыз Ләззат бо-
йынан байқалған ақындық қабілет ұшқыны можантопай 
Қуантайдың дүмбілездігімен шарпысады. Біреуі үшін дала ән 
салып, тебіреніп, толқып жатыр, біреуі үшін далада үн жоқ. 
Көкірегінде оты бар, сезімтал Ләззаттың сүйген көңіл қалауына 
орай университетке түсуі – табиғи қадам. Драматург Ләззат ор-
тасын әдейі ықшамдап алған: оқуға келген кездегі машақат, 
қаладағы алғашқы тосаңдық, ауылды сағыну секілді жәйттер 
қозғалмайды.
Драматург үшін қиын мақсаттың бірі – салған жерден 
әрекет арқылы, мінез ерекшелігімен көрінетін кейіпкерді 
сахнаға шығару. Осы талап тұрғысынан курстас үш қыздың 
алғашқы сөздері кібіртік, тұтқыр. Тартыс арнасына түсіп 
кетпегендіктен, әр шөптің басын шалу – еріксіз болмақ нәрсе. 
Қимыл-қозғалыс мол, көңіл күй толқуы бар сцена – әдебиет 
үйірмесінің жиналысында пьесадағы соқталы кейіпкер Нияз-
бен танысамыз. Жүрегі алып-ұшып тұрған, әлі тұяғын тас қақ-
паған, аузымен аспандағы құсты тістеген жас ақын. Менмен, 
өр. Оның осы сценадағы сөздерін беруде драматург шеберлік 
танытады: Нияздың өлең, поэзия туралы ойлары мен бейтаныс 
сүйкімді қызға деген сезімі қатар өрілген.
Қашанда өнер туындысын бағалағанда, шығармаға арқау 
болған өмір құбылыстарын, тіршіліктегі жағдайларды, олар-
дың әсемдік заңдылығына сәйкес өзгерген бейнесін нақты 
қарастыру талабы естен шықпаса керек.
Прозада сүйіспеншілік сезімнің ғаламат мол сырларын 
дәл жеткізер неше түрлі бояу, сан алуан тәсіл бар: қас-қабақ 
қимылы, өңдегі өзгерістер, саусақ дірілі – бәрі де қақас қал-
майды, диалог аралас көріністер, психологиялық анализ мүм-
кіндіктері ерекше мол. Рас, драматургке режиссер шешімі, ак-
тер ойыны көмекке келіп, талай тар өткелден қолтықтап, демеп 
жібермек. Дегенмен, түбегейлей бастағанда, ең ауыр салмақ 
пьесада кейіпкер сөздеріне түсетіні хақ.


255
Қазақ драматургиясындағы халық жүрегінен берік орын 
алған классикалық туындылардағы махаббат сценалары негі-
зінен романтикалық ыңғайда, көтеріңкі лепте жазылған. Көбі 
ақтарылып төгілген, жалын атқан ақ өлең. Еңлік пен Кебек-
тің кездесулерінде, Сырым мен Қарагөздің жолығысуларында, 
Ақан сері мен Ақтоқтының оңаша сәттерінде айтылатын сөздер 
заманына, уақытына сәйкес шыққан.
Реалистік дәлдікті құнттаған пьеса үшін Ләззат пен Нияз-
дың ең алғашқы кездесуін, жұрт көзінен таса, табиғат аясын-
да сыр шертуін бейнелеудің ерекше мәні бар. Автор екі жастың 
осы шақтағы көңіл күйіне, сезім қалпына лайық бояу табуды 
ниет еткен. Дау жоқ, әрі ақындық қиялмен дүниені шарлаған, 
әрі сүйіспеншілік жалынына шарпылған қос ақынның сөзден 
гөрі іске үңілуі, жүрек дүрсіліне құлақ қоюы – табиғи қылық. 
Әйтсе де бұлардың қысқа қайырылған сөздерінің өзінен ша-
быт лебі аңғарылып, шақпақ оттың ұшқыны көрінуі ке-
рек еді. Бұл мақсат орындалмаған: Нияз бен Ләззаттың осы 
сценадағы қоңыртөбел, қарабайыр диалогтары драматург мүм-
кіндіктерінен төмен жатыр.
Кейіпкер даралығы сөйлеу мақамынан, машықты бір сөзді, 
яки тіркесті қайталаудан ғана көрінеді деу келте қайыру бо-
лар еді, ең алдымен хас суреткер мінез, көзқарас ерекшелігін 
іздейді, сонда стильдік, өрнектік жағынан ұқсас оралымдардың 
өзімен-ақ әр түрлі бейне жасау мүмкіндігі тумақ.
Бірге оқып, бір бөлмеде тұрып жүрген үш қыздың харак-
тері үш түрлі: өңсіз жаратылған, тілі ащы Салиха қолына түссе 
ешкімді аямақ емес; алғашқы махаббат қуанышынан кейін 
Ләззатқа дүние түп-түгел қызылды-жасылды боп көрінеді; 
сөз айтып жүрген жігітті Бағила танауын тескен тайлақтай 
бағындырып алған.
Бұл қыздың тіршілік мәні жайлы өз өлшемі, пікірі, 
бағасы бар. Онысын кепештеп ішіне тығып, жасырып, жауып 
ұстамайды. Жариялап, дабыралап айтып жүреді. Ойдан қо-
рытып шығарғаны да, кинодан көріп, кітаптан оқып алғаны 
да емес; өзін бұл жалғанның пайғамбары деп санайтын Шы-


256
нар жеңгесінен ұққаны. Көкейіне ұялап, бойына әбден сіңген 
мораль – бойдақ күнінде ойнап-күліп, жастық базарында ит 
жүгіртіп, құс салып рақат көр, жігітті ашсаң – алақаныңда, 
жұмсаң – жұдырығыңда ұста, мөр бастырып, неке қағазын 
алғанша жуытушы болма. Бағиланың үй болу жайлы програм-
масы тіпті қызық: баланы тоғытып-тоғытып жібер, сонда еркек 
тырп ете алмайды.
Бұл қыздың ойынша, махаббат, сүйіспеншілік деген – ән-
шейін бос сөздер, еркек пен әйел арасында итжығыспен өтетін, 
кім мықты болса сол үстемдік құратын ерегіс, күрес, бәсеке ғана 
болмақ.
Қанша сеніммен айтылса да ол сөздер Ләззат көңілін бұра 
алмайды. Нияздың әйелі барлығын білгеннен кейін қатты 
торығып, қанаты қайырылғандай күйге түскенде, дүниеден 
мүлде безінуден аулақ.
Пьесада қатар жарысқан екі тақырып, екі арна бар: бірі – 
сүйіспеншілік сарыны, екіншісі – суреткер тағдыры. Ләззат 
шын беріліп, ат басындай алтын таптым деп, махаббат буына мас 
болып опық жейді. Әңгіме Нияздың әйелінің барлығында, қақ-
соқты көргендігінде емес, өмірде талай шаңырақ құлап, қайта 
көтеріліп, егде адам мен жас адам көңіл қосып, бір үйдің отын 
өшіріп, екінші рет түтін түтетіп кететін кездер аз ба? Ләззат жа-
нына бататыны – Нияздың жалғандығы, мүләйім кейпі.
Суреткер тағдыры әманда тайғанақ, қатерлі: топырағын 
таппаса, бап, күтім көрмесе, жағдай жасалмаса, табиғат бер-
ген асыл қасиет адамды береке кенішке жеткізу былай тұрсын, 
арылмас азап, жазылмас қасіретке түсірмегі қиын емес. 
Тырнақалдысына қарап тұрып қабілетіне, келешегіне шәк кел-
тіру күпірлік болған талайлардың кейін жүнжіп, мимыртта-
нып, бір жыбырлақ толқынға түсіп ағып кеткені несі? Жалғыз 
доданың өзіне шыдамай жоғалған ет пен терінің арасындағы 
мардымсыз қызу ма, белі талып отырып еңбек етуден гөрі 
лепіріп шарап ішуді күйттеген есірік пе, жазғытұрым қылтиған 
жауқазынды бәйтерек болардай қолпаштаған көп шуылдақ па, 
түбіне не жетеді екен, не кеселден өнбей қалады екен?


257
Жазушы тіршілігіне қатысты бірқыдыру ойларын автор 
Нияз бейнесі арқылы береді. Махаббаттың қадірін, жақсы 
шақтың парқын ескермеген ақын бірте-бірте, жетімсіреп, бойын-
да бар нәрінің өзінен айырыла бастайды. Сүйіспеншілікті 
жоғалтқанмен, Ләззат ұзақ уақыт Ниязға деген жанашырлы-
ғын, аяушылығын тастамайды. Көлденең істерден, қажетсіз 
шаруалардан, бос күйбеңнен тыйылып, өнер жолына ықыласы -
мен құлаған Ләззат пен ескі беделмен берекесіз күн кешіп 
жүрген Нияз арасындағы болар-болмас дәнекер – баяғы сезім-
нің мұңы ғана.
Араға он жыл салып, ескі достарды қайта көреміз. Мезгіл 
белгісі, жылдар таңбасы деген сол: бір кездегі азуы алты қарыс 
Бағила енді бес бала тапқан сарықарын әйел. «Мен кетіп 
қалмайын ба?» – деп мүләйімсіп тұратын әлжуаз Нарқоспақ 
енді диванда шалжиып жатып: «Әй, қатын», – деп қойып, 
галстугін, шалбарын сұрайды, туфлиін тазалатады. Еркекті бір 
шыбықпен айдамақшы Бағила қайда? Қыз не айтса шыбындап, 
бас изей беретін, илеуге жұмсақ Нарқоспақ қайда?
Повесте қосақ арасында бос жүрген персонаж Қуантай пье-
сада өзгерген, мінездік жағынан дараланып, «дала ән салады» 
деген сыршылдыққа жететін қаһарман боп көрінеді. Нияз 
рухани баспалдақпен құлдырап, Қуантай өрлеп бара жа-
тыр. Бұрын алыс облысқа кетті дей салатын Салиха пьесада 
қолынан кітабы түспейтін, тілі мірдің оғындай, жалаң қылыш 
сыншы болып көрінеді.
Бұрынғы шығармалары негізінде Тахауи Ахтановтың пье-
са жасауына байланысты «Әй, айналғаны бір қазық, бір жаз-
ғанын мың жазып, тоқырап қалды» деген пікірлер де айтыл-
ды. Мұн дай дәлелсіз ғайбатпен әсте келісуге болмайды. Рас, 
енді оқырман үшін «Жоғалған дос» әңгімесі, «Махаббат мұңы» 
повесінің өткінші кезеңдік мәні ғана бар, өйткені осылардың 
материалын ұлғайта, тереңдете келіп, автор драмалық туын-
ды жаса ды. Осы секілді жәйтті бір кездегі «Дала сыры» повесі 
туралы да айту керек. Шығарма бойынша жасалған «Боран» 
спектаклінде күшейтілген драмалық сарындар, образдардың 
17-0195


258
сомдалуы, әсіресе Қасболат бейнесінің іріленуі жазушы повесті 
роман етіп қайта жазғанда кәдеге асты. Бүл ретте сахналық 
туынды үлкен эпикалық шығармаға барар жолдағы бір көпір 
болды.
Айтылмыш жәйттерден жанрлық формалардың бүгінгі 
таңда бір-бірін байытуын, тоғысу, араласудан туған табыстар-
ды аңғара отырып, жазушының бұрынғы туындыларына жа-
уапкершілікпен қарап, кемелдендіргенін құптағанымызбен, 
хас суреткер әманда жаңа өріс, соны жайлау ізденісінде болма-
ғы – шығармашылық шарты, өрлеу, өсу заңдылығы екендігін 
тағы қайталау ләзім.
Қазақ театрларында қазір табыспен қойылып, көрермендер 
ілтипатына ілінген пьесаларды атағанда, Сәкен Жүнісовтің 
«Ажар мен ажал» драмасына тоқталмау әділетсіздік болар еді. 
Шығарма одақтық конкурста жүлде алғаннан кейін, орыс 
театр ларында «Сильнее смерти» деген атпен қойыла бастады.
Бұл драма туралы екіұдай пікір бар: біреулер мұны белгілі 
шығармалардың сахнаға лайықталған инсценировкасы ғана 
деп кемітсе, екіншілер мүлде шаң жуытпай, үздік дүние сана-
тына қосады.
Кімдікі дұрыс? Қайсысы дәлелді? Өзге тұжырым жоқ 
па? Алғашқы спектакльдердің программасында «Мұхтар, 
Бейімбет, Ғабит шығармаларының еміс-еміс сарыны бар» деген 
сөз жазылып жүрді, драма «Өшпейтін іздер» жинағына енген-
де, «Сөз зергерлері Бейімбет, Мұхтар, Ғабитке арнаймын» деген 
авторлық ескерту берілді, пьеса тұтас «Жұлдыз» журналының 
1969 жылғы 2-санында жарияланғанда бұлардың бәрі түсіп 
қалған.
Фактілерге жүгінейік: «Ажар мен ажалды» оқыған, яки 
көрген адам бірден ойланады, таныс ситуациялар, белгілі 
оқиғалар есіне түседі. Үш бөлімнен тұратын пьесаға үш шығар-
маның материалы пайдаланылған.
Мұхтар Әуезовтің сұмдық зорлықты, қаны сорғалаған 
трагедияны шеберлікпен бейнелеп, қаражүрек қатыгездікті 
айыптаған, сыншыл ой айтқан, психологиялық тереңдік, та-


259
маша суреткерлік танытқан әңгімесі – «Қорғансыздың кү-
нінде» үлкен драманың сүйегі жатыр. Дайын тұрған диалогтар 
бар. Жақыптың шешесінің басынан кешкен азап-қор лығын, 
кеудесіндегі мұң-шерін айтатын ұзақ монологы сах 
наға өзі 
сұранғандай. Сәкен Жүнісов осы жәйттерді жіті аңғарып, жақсы 
көре білген. Мақсат әңгімені инсценировкалау болмағандықтан 
кейіпкерлердің есімі өзгертілген. Ақан – Атан, Қалтай – Қатай, 
Ғазиза – Ажар деп алынған. Әңгімедегі уақиға желісі – 
жапандағы жалғыз қыстаудағы пұшайман жандар, оларға екі 
еркектің қоналқаға келуі, кемпір әңгімесі, қыздың зорлық 
көруі пьесада қайталанады. Текст ұқсастығына назар салайық.
Әңгімеде:
«Әрі өтіп, бері өтіп жүргенде сондайлық бейшаралар еді-ау 
деп есіне ала жүрсін деп, айтып қояйын деп отырмын. Күндердің 
күні болып, жүдеп-жадап, біреуден зорлық, біреуден қорлық 
көріп отырған үстіне келсең, көзіңнің қырын саларсың».
Пьесада:
«Иә, айналайындар, іздегенге сұраған дегендей, сендер-
ден артық кімге шағынармын. Естеріңде жүрсін, алда-жалда 
өздеріңе жете алмай тұйыққа тірелген заман болса, көңілі де, 
өзі де жаралы сормаңдай кемпір зарлап еді-ау бізге, тартқан 
азабын, көрген қорлығын баяндап еді-ау деп құдай жолына қол 
ұшын берерсіңдер».
Сахнаға лайық өзгерістер енгізілген.
Әңгімеде:
«Қарағым, қонақтардың атына шөп керек қой, өзің шам 
алып бірге шығып, шөп алатын жерді көрсетіп бер».
Пьесада: 
«Иә, сөйтіңдер, Ажаржан, мына ағаңа шам жағып, шығып, 
шөп алатын жерді көрсет».
Айырма шамалы.
Әңгімеде:
«Мен шөп суырған соң, құдықтың қайда екенін білмей, соны 
сұрадым. Балаңыз көрсетейін деп, қорадан бірталай жер ертіп 
шықты. Күн қатты боран болып, суық болған соң, тоңып қалар 


260
дедім де, құдықтың бетін біліп алып, үйге қайтарып жіберіп 
едім. Әлде сонда қораны таба алмай адасып кетті ме?»
Пьесада:
«Апыр-ай, мен кінәлі болдым-ау! Бағана суатты көрсетіп 
жіберген соң, орта жолға дейін барып, бағытын біліп алып, енді 
тоңып қаларсың, үйге қайта бер деп ем. Күн сол екі арада мың 
құбылып, боран алай-дүлей түтеп кетпеді ме. Қайтарда үйді 
зорға таптым. Әттеген-ай!»
Актер ойынын ескеріп, ырғақ, интонация берілген, әйтпесе 
егіз сөйлемдер.
Мұндай ұқсастықтар екінші, үшінші бөлімде сирек ұшы-
райды, оларда ситуация, мотив сарындастығы бар.
Ғ. Мүсіреповтің «Ашынған анасындағы» әйел он алтыншы 
жыл дүрбелеңінде қара тізімге ілінген баласын арашалауға бо-
лыс алдына барушы еді ғой, анау қайырымның бодауына нәпсі 
тілегін сұрағанда, қанына қарайған әйел жарады да салады. 
Итбайдың басын шапқан сол көтеріліс балтасы. Ажар да Қатай 
болысты шауып өлтіреді.
Үшінші бөлім. Санадағы өзгерістерді, адамдар арасындағы 
қарым-қатынастарды, психологиядағы жаңғыруларды өмірдің 
өз адымына сәйкес, ортаға лайық көрінген мінездер, харак-
терлер арқылы, араға уақыт салмай, дер кезінде реалистік 
сенімділікпен, шыншылдықпен бейнеленен Бейімбет Май-
лин шығармаларының мән-маңызы, қадір-қасиеті за-
ман озған сайын арта түспек. Өйткені өз дәуіріне етене 
белгілерді, әсіресе қазақ ауылындағы өзгерістерді құбатөбел, 
қоңырқай жандардың іс-әрекетімен суреттеуде Майлин 
тұрғылас қаламгер сирек. Қазақ прозасының халқымыздың 
басындағы тарихи жаңалықтарды, әлеуметтік революция нә-
тижесінде пайда болған соны моральдық институттарды көр-
сетуде реалистік мәнерімен, қарапайым шыншылдығымен 
ерекшеленетін туындысы «Раушан коммунистегі» кейбір ситуа-
циялар «Ажар мен ажал» пьесасына енген. Раушан мен Бекен, 
Ажар мен Бөпіш араларындағы қарым-қатынас ұқсас. Бөпіштің 
қасақана дұшпандардың азғыруымен желігіп, өзінің қолынан іс 


261
келетіндігін дәлелдемек болып, мөрге таласу әрекеті, өкпелеп, 
басқа үйге барып жатып алуы, әйелінің мұның артынан қуа 
келуі, кейін татуласуы – повестен алынған жәйттер. Текстік 
ұқсастықтар бар.
Текстологиялық салыстырулардың нәтижесінде шыққан 
дәл айғақ, нақты фактілер «Ажар мен ажал» пьесасының өзе-
гінде «Қорғансыздьң күні», «Ашынған ана» әңгімелерінің, 
«Раушан коммунист» повесінің еміс-еміс сарыны, болар-бол-
мас әсері емес, ситуациялары, характерлері, идеялары жат-
қандығын сенімді дәлелдейді. Сондықтан «Ажар мен ажал» 
драмасын сахнаға қойғанда, яки жариялағанда М. Әуезов, 
Б. Май лин, Ғ. Мүсірепов аттарын алып тастау ақиқатқа қиянат, 
әдеби этикаға жат мінез, әбес қылық екендігін ұмытпау керек.
Енді бұл шығарманың айтылмыш туындылардың нашар 
инсценировкасы, солғын көлеңкесі емес, С. Жүнісовтің төл пье-
сасы, драма ретінде өмір сүруге қақысы барлығын айғақтайтын 
жәйттерге тоқталу қажет.
Сахна шарттары, драматургия талаптары ескерілгендігін 
алғашқы бөлімнен көруге болады. Тартыстың бір басында 
бұғанасы қатпай жатып тірлік тауқыметін тартқан жас қыз 
бен сорлы, пұшайман, соқыр кемпір, екінші басында жуандар, 
зорлықшылар. Әңгімеде кемпір аузымен айтылатын жағдай 
пьесада сәтімен сахналық көрініске айналған. Ажарды шырыл-
датып тастап, жалғыз сиырды тартып әкету – оның жанында 
қарсылық сезімін тудырған алғашқы себептердің бірі. Соры 
қайнап, сорпасы төгіліп, көрген қиянат, шеккен азабын ай-
тып отырған кемпір сөзі титтей де әсер етпеген екі қаражүрек, 
рақым жасау былай тұрсын, қорғансыз Ажардың арын аяққа 
таптап, жас ғұмырына балта шабады. М. Әуезов әңгімесінің фи-
налы Ғазиза өлімімен тынуы замана шындығына сәйкес шешім 
болатын. Сол өлімнің өзі ғаламат қарсылық, түйілген жұдырық 
еді. Зорлықтан шіріп, қорлықтан зар шеккенше, ақ өлімді зият 
санаған ерлік мінез.
Пьесадағы Ажардың басына тау құлағандай сұмдық 
жаманшылық көрсе де өлмей, тірі қалуы драмалық тартысты 


262
өрбітіп, характерлерді айқындауға ерекше мүмкіндік берген. 
Аңыраған боранда, бейіт басында, екі қабір арасында есінен 
танған сорлы қызын құшақтап, көкірегі қарс айрылып, дауыс 
салған соқыр кемпір зарына иесіне іш тартып ұлыған Ақтөс үн 
қосады, бұл – көрерменге қатты әсер ететін трагедиялық сцена.
Араға көп жыл салып Ажармен қайта кездескенімізде, оның 
басынан мол өзгеріс табамыз: сонау қайғылы түнде бойына 
біткен перзент қазір ержетіп қалған, Қатай болыстың ұлымен 
ойнап жүр. Өмір тепкісі, тірлік талқысы Ажардың сағын сын-
дырып, бақытын күйдіргенмен, еңсесін басып, жүнжітіп жібере 
алмаған. Оның іс-әрекетінен, сөз әлпетінен отқа-суға түсіп, 
бәріне көндіккен, жігерлі адамның қалпын танимыз. Бұл 
әйелдің мінезіндегі ірілік, характер кесектігі он алтыншы жыл 
сойқанына байланысты жақсы танылады.
Ғұмырындағы ендігі медеуі, алдан тосқан жалғыз үміті, 
өсек-ғайбат отына өртенсе де, тісімен сүйреп жүріп өсіріп 
келе жатқан ұлы – Жұматай басына кесепаттың қара бұлты 
үйірілген соң, Ажар аранын ашқан арыстаннан да тайынбай, 
көзді жұмып, тура болыстың үйіне тартады.
Осқырынып, дүйім жұртты көзге ілмей, шүленсіген ұлық 
анау. Қазақ түгел қырылып қалса қыңқ етер сыңайы жоқ: 
бірер ауыз сөзінен сұм ниеті аңғарылады. Бұл ситуацияның 
«Ашынған анадағы» жағдайға ұқсастығын ескере отырып, 
драматургтің өзі тапқан жаңа бояуларды айту абзал. Сырт 
көзге ымы-жымы бір көрінгенмен, анау болыс, анау тілмаш, 
анау ұлық жан-жаққа бұрады. Араларында қайшылық, пси-
хологиялық арбасу бар.
Еркектердің алдында Ажардың соншалық суырыла сөйлеуі 
әуелде түсініксіз. Мынау болыс кезінде өзіне зорлық еткен, жас 
ғұмырын солдырған Атан екен, осыдан біткен анау Жұматай 
жасы жетпей майданға, көпе-көрнеу өлімге кетіп барады екен, 
ашынған, шеттігіне ілінген, кекпен қайнаған Ажардың қас 
дұшпанына балтаны бір сілтеу емес, мың сілтеуі де рауа.
Драматург қаһарманын бұл қадамға әбден дайындап әкелген.


263
Жаңа заман күші тағдыр таяғын қанша жесе де, жауы-
мен алысып келген, бірде жеңіліп, бірде жеңген Ажар секілді 
қайратты жандарды өмір толқынының бетіне көтеріп алып 
шыға келген. Сондықтан олардың қимылдары кесек, әрекеті ба-
тыл болмағы заңды. Мұндай әлеуметтік өзгерістерді суреткерлік 
қырағылықпен дәл көріп, шебер бейнелеген Майлин дәстүрі 
пьесадан мол табылады.
Сырт көзге жалтырап, аузымен құс тістеп тұрмағанмен, 
ішкі сарайы ашық, жаны таза, адамгершілігі мол адамдардың 
арасындағы бұйығы, момын кісілер кездеседі. Осы тақылеттес 
Бөпіш мұңдас, қайғылас деп Ажарды ұнатып, көңіл қосқан. 
Қашанда орта әсері, жұрт ықпалы тимей қалатын, өмір бақи бір 
күйде өтетіндер жоқ та шығар.
Ашық майдан, бетпе-бет соғыс толас тауып, тап шайқасының 
жықпылға кеткен заманында көрініс берген мінездерді сипат-
тайтын бірнеше бейне бар. Әуелде жеңгетайлықпен ауызданған 
Қатай атқосшы, тыңшы, жансыз боп жүріп талай әлсіз бен 
жіңішкені, жетім мен жесірді зар илеткен қандыбалақ бол-
са да, ебін тауып, өзі тектестер итжеккенге тентіреп кеткен-
де бас сауғалап қалған. Еңдігі қарекеті – тасада тұрып кесек 
лақтыру, біреуді-біреуге қойт-қойттап айдап салу, өсек-өтірік 
таратып, іріткі түсіру. Бұған оқжыланша зуылдаған Сарыжорға 
қосылғанда, ана ауылдың шаңын ана ауылға жеткізеді.
Ру идеологиясына санасы шырмалған Бөпіш сынды адам-
ның азғырынды, желіктірген сөзге еріп, аяқ астынан бұзылып, 
еркекпін деп кеудесін қағып шыға келуі психологиялық 
жағынан сенімді берілген. Идея «Раушан коммунистен» 
алынғанмен, Ажар – Бөпіш арасындағы диалогтар түгелдей 
соны. Сарыжорға үйінде жатқан Бөпішке тәуіптің келуі, оның 
сөздері күлкі тудыратын юморлық планда берілген.
Қазақтың алғашқы драматургтері Жұмат Шанин, Мұхтар 
Әуезов, Ғабит Мүсірепов эпос сюжетін, фольклор мотивтерін, 
аңыз қаһармандарын шығармашылықпен пайдалана отырып, 
ұлттық әдебиетімізде бір алуан дәстүр жасап, оны әр кезде Қапан 
Сатыбалдин («Аягөз ару»), Әбділда Тәжібаев («Халқым тура-


264
лы аңыз»), Шахмет Хұсайынов («Алдар Көсе») жаңа бояулар-
мен байытты. С. Жүнісовтің драматургиядағы тырнақалдысы 
әдебиетте бұрыннан белгілі сарындарды өрістету дәстүрінің 
арнасында жемісті туғанын айту – пьесаны кеміту емес; үлкен 
ізденістерге, ешкімнің ортағы жоқ төл туындылар жасауға 
автордың мол қабілеті барлығына шәк келтірмейміз.
Бір шығарма – бір шеңбер. Суреткердің таланты, дүниеге 
көзқарасы, парасаты күллі шығармашылығына үнемі ықпал 
жасап отыратын құдірет, қуат-күші десек, әрбір туындының 
өз ырғағы, өз әуезі, өз пішіні болмақ. Ой ағымын, сезім 
толқынын берудегі нәзік сәуле, әсем бояу мазмұн мен форманың 
диалектикалық бірлігіне бағынады.
Эпикалық, поэтикалық шығармаларды сахнаға ыңғайлай 
бастағанда, автор идеалына лайық әуелгі түрін жоғалтып 
алғандықтан эстетикалық әсер солғын тартады. Қанша шебер 
қолдан өтсе де, қанша режиссура жетістіктерімен құлпыртса 
да Толстой, Достоевский, Әуезов романдары бойынша жасал-
ған инсценировкалар төл туындылардың өзіндей жүрекке 
жылы тиюі мүмкін емес. Максим Горький: «Мен жалпы 
инсценировкаға қарсымын», – дегенде, театр қажеттілігінен, 
белгілі шығармалардағы кейіпкерлерді көзбен көру талабынан 
туған жаңа формаларға теріс қараған жоқ, классикалық туын-
дыларды орынсыз бұрмалауға, ретсіз қидалауға наразылық 
білдірген.
Драматургияның арқа сүйері, алтын жүлгесі әуелден жанр 
табиғатын, театр зандылықтарын бек ойластырып, мазмұнға 
лайық формада құйылып шыққан тоқсан тоғыз әуен, сарын, 
нұсқа ішінен ортан қолдай біреуі ғана таңдалған төл туынды, 
төл пьеса деген тұжырымға ден қоямыз.
* * *
Қазақ драматургтері бірқыдыру еңбек етті, сахнаға жаңа 
шығармалар шықты, жаңа қаһармандар келді, жаңа сырлар 
шертілді.


265
Ұлттық өнеріміздің бір қуанышы – «Қан мен тер» спектак-
ліне Мемлекеттік сыйлық берілді.
Шыңғыс Айтматов пен Қалтай Мұхаметжанов қаламынан 
туған «Көктөбедегі кездесумен» әлемнің көптеген театрларын-
да мыңдаған көрермендер тіл табысты.
Драматургтер Ә. Әбішев, Т. Ахтанов, С. Шаймерденов, 
М. Хасенов, А. Шамкенов, С. Адамбеков, Ә. Тарази, С. Жүнісов, 
Қ. Ысқақов жаңа шығармалар берді.
«Трибунал», «Арбаң аман болсын», «Махаббаттың әлегі», 
«Әкімдік», «Аңыратпақшы ананы» сияқты аудармалар қо-
йылды.
Өлең спектакль болды. Жазушылар одағының драма сек-
циясы ондаған пьесалар талқылады.
Мәдениет министрлігінің репертуар коллегиясы жылына 
15 пьеса, 4-5 инсценировка, 10-15 аударма қабылдайды.
Әлем әдебиетінің үлкен қаламгері Шыңғыс Айтматовтың 
қазақ өнерімен байланысы біздің тілімізге аударылу, театрла-
рымыздың сахнасына шығу, жеке жазушыларымызбен қарым-
қатынасы, әдебиетіміз туралы пікір айту ауқымынан асып, қазір 
нағыз суреткерлік достыққа айналды. Қазақ-қырғыз әдебиетінің 
төл қозысы болған, Шыңғыс Айтматов пен Қалтай Мұхаметжанов 
қаламынан туған «Көктөбедегі кездесу» пьесасы – бұл байламның 
айқын дәлелі. Шығарма «Современник» театрында қойылды, көп 
елдерді аралап кетті. Баспасөздегі пікір өз алдына.
Осы драманың қандай өзекті ерекшеліктері бар?
Тегінде, Шыңғыс Айтматов концепцияның жазушысы, 
оның қай туындысын алсаң да терең ой, астарлы идея, фи лосо-
фиялық, символдық мәнге ие. Ол оқушының көзін қызыл-жа-
сыл суретпен алдарқату ниетін ешқашан мақсат еткен емес, 
шағын өмірлік материалды, бір қарағанда кішкентай көрінетін 
детальды алып отырып, жүрек тебірентерлік проблемаларды 
қозғайды.
Қазақ сахнасына берік орныққан пьесалардың авторы Қал-
тай Мұхаметжанов шығармашылығында драматизм, ащы 
күлкі, азаматтық пафос секілді айшықты сипаттар бар.


266
Осындай екі қаламгердің бірлесіп шығарма жазуын жай 
білістік, таныстық, сыйластық ыңғайы емес, позиция бірлігі, 
талант ұқсастығы табыстырған заңдылық деп білеміз.
Атүсті назар аударғанда, «Көктөбедегі кездесу» драмасы-
ның сюжетінде, композициясында, кейіпкерлер әлемінде кісі 
таңғаларлықтай ештеңе жоқ. Тіпті қатардағы, күнделікті бо-
лып тұратын оқиғалардың бірі көрсетілетін сияқты. Бұрын-
ғы шығармаларда айтылған жайттар ойға оралады. Зейін 
Шашкиннің «Ақын жүрегі» драмасында ескі достар көп жыл 
өткен соң қайта жиналып, ертеде біреуінің ұсталып кетуіне 
кім кінәлі болғанын іздестіріп, әбден азапқа түсуші еді ғой. 
Дәл сол кештен кейін бүгінгі қызмет бабын ойлаған біреуі тағы 
опасыздық жасайтын. Бүл пьеса қазақ театрында қойылды, 
одақ көлемінде танылған жоқ.
Аталмыш екі шығарманы салыстырып көргенде, бір мате-
риал, бір фабуланы ала отырып, әр түрлі образдар жасап, әр 
түрлі идея айтуға болатындығына көз жеткізесің. Шеберлік 
құдіретіне ден қоясың.
«Көктөбедегі кездесудің» құрылысынан бүгінгі драма-
тургияның ең соны, ең жаңа сипаттарын, етене белгілерін 
көреміз. Сөйте тұра, осы шығарманы Москва сыншыларының 
көбі «пьеса-диспут», «пьеса-айтыс» деп бағалауы неліктен деген 
сұраққа мән беріп, ойланып көрейікші. Бұл драманың негізгі 
сүйегі қазақ-қырғыз әдебиеттерінде терең тамыр жайған 
дәстүр арнасында туған. Драматургтер ежелгі өнеріміздегі 
шешендік дау, айтыс формасын ұлғайтып, драмалық әрекет 
тұтастығын құнттау үшін пьесада ырғақ, әуезділік, полифо-
низм сақталған.
Төрт достың, олардың әйелдерінің әзіл-қалжың диалог-
тарын алып тастаса, пьеса бастан-аяқ Сабыр тағдыры туралы 
кім не ойлайды деген талас-талқыдан тұрады. Осы сараптың 
үстіндегі толғаныс, тебіреніс ғылым докторының, жазушының, 
мұғалімнің, агрономның ішкі әлемін, рухани дүниесін ашып 
береді. Дәлірек айтқанда, әрқайсысының ақылы, қайраты, 
жүрегі неге қабілетті екендігін ашып береді.


267
Адамшылық қызмет бабындағы орныңмен, жинап-тер-
ген байлық-дәулетіңмен, тілге бал жағып алып, жылтыратып 
сөйлеген көлгір сөзіңмен өлшенбейді, әрқашан ар алдында 
қаймықпай, табаның тайғанақтамай, жүрегің лоблымай, көзің 
жыпылықтамай жауап беретін кісілік керек – «Көктөбедегі кез-
десу» драмасының біз таныған түп қазық идея – концепциясы 
осы.
Драматургиядағы тұңғыш қадамын Мұхтар Әуезовтің 
«Қорғансыздьң күні», Бейімбет Майлиннің «Раушан комму-
нист», Ғабит Мүсіреповтің «Ананың арашасы» шығармаларын 
сахнаға лайықтау негізінде жазылған, қазақ, орыс театрла-
рында қойылып жүрген «Ажар мен ажал» пьесасымен сәтті 
бастаған Сәкен Жүнісов соңғы жылдарда бірнеше туынды берді. 
Жанрдың бүгінгі талаптарын, техникасын жақсы ескеру, театр 
шарттылықтарын жіті білу, тіл өткірлігі сияқты сипаттар – 
оның қаламгерлік стиліне етене қасиеттер. Бұл тұжырымды 
дәлелдейтін – «Жаралы гүлдер» драмасы.
Дүниені астан-кестен еткен кешегі соғыс тудырған өмір 
жағдайлары, психологиялық құбылыстар, сан алуан тағдырлар 
қазақ әдебиетінде толық бейнеленіп бітті деп айтуға болмайды.
Бала кездегі оқиға еске түседі. Түнімен қол диірменді 
шықылдатып әбден шаршап жатқанымызға қарамастан, таң ат-
пай тағы сирағымыздан суырып алады. Әзірейілдей дік-дік етіп 
тұрған ағаш аяқ Бектұрған. Көзі қып-қызыл.
– Интернаттың нанына тойып алып, бықсып ұйықтауларын-
ай өздерінің. Дабай, диірмен тартыңдар. Тағы бала келеді...
– Кім?! – деп шу ете түстік.
– Немістің балалары!.. 
Тістеніп алыпты.
Сол неміс балаларымен бірге өстік, төбелестік. Талай қызық-
шыжықты бірге өткіздік. Тағдырлас болып кеттік. Жалаң аяқ, 
жалаң бас келген Ганс, Шульцтар бүгінде қазақша судай, жігіт 
ағасы.
Осы айтылмыш тақырып арқылы қиын мезгіл тынысын 
көрсету, халықтар достығын бейнелеу мақсаты прозамызға 


268
жақсы бір дүние әкелді. Ол – республикалық жабық конкурста 
бірінші бәйге алған, Мұхтар Мағауиннің қасиетті бауырластық 
идеясын қызық материал негізінде сенімді бейнелеген «Бір 
атаның балалары» повесі. 
Сәкен Жүнісовтің «Жаралы гүлдер» драмасында да соғыс 
кезіндегі ауыл балаларының тіршілігі көрсетіледі. Абзалында 
қазақ әдебиетінде кенже қалған саланың бірі – балалар дра-
матургиясы. Ертеректе туған, эпостық сюжеттерге, тарихи-
ғұмырнамалық тақырыптарға жазылған «Алтын сақа», 
«Аягөз ару», «Ыбырай Алтынсарин», «Біздің Ғани» секілді 
шығармаларды режиссерлер қайта қарауы керек шығар.
«Жаралы гүлдер» драмасының жақсы табысы – кейіпкерлер 
тілінің дараланып берілуінде. Соғыс уақытындағы ауыл 
балаларының мінезі, іс-әрекеті көз алдыңа келеді. Өмірдің 
салмағы мойынға ерте түссе, кімді болса да тез марқайтпақ. 
Ауыр кезеңде туған балалардың тентектігін, кейбір арсы-күрсі 
қылықтарын, ересектермен жағаласа жүруін, мезгілдің өзіне 
тән ырғақтарды автор дәл көріп, сенімді бейнелеген.
Драмадағы есте қаларлық, жөн-жосығы бар кейіпкер – 
Баттал деген майдангер. Соғысқа барып, бір көзінен айыры-
лып қайтқан. Шал-кемпірге, бала-шағаға қараған қоңторғай 
ауылдың бас көтерер еркегі осы. Қолынан келгенін аянып 
жүрген бұл жоқ. Улап-шулап, айқайға басып, әйтеуір жұртқа 
жұмыс істетеді.
Ой-өріс, білігі көп нәрсеге жете бермейді. Сондықтан Бат-
тал әр жерде қызыл кеңірдекке салады. Мәніне де өзі түсіне 
бермейтін сөздерді келсін-келмесін қыстырып жібергенді 
ұнатады. Осындай адамның орнына эвакуациямен келген неміс 
әйелі орыс тілінен сабақ бере бастаса, ол бұлқынбағанда қайтеді? 
Басбұзар мінезге надандық қосылса, зорлық-қиянаттың небір 
түрі жасалуы мүмкін. Неміс армиясының офицері, жалғыз 
ұлы мерт болған ұстаз әйелдің қайғысы – бір басына жеткілікті 
қайғы. Әдет-ғұрып, жөн-жосығы мүлде бөлек, өзіне бейтаныс 
орта, жаңа дүние. Алдында отырған шәкірттері көңілге бір қаяу 


269
салса, Баттал екінші бүлікпен келді. Бәрі мұның неміс ұлтынан 
болғандығы үшін ғана.
Осы драмалық түйін – пьеса арқауы. Драмалық әрекет 
бірлігінің әлсіздігі, монтаж салқыны, публицистикалық 
сарынның көбейіп кетуі секілді олқылықтары бола тұра, «Жа-
ралы гүлдер» пьесасы – киелі туыстық идеясында жазылған, 
әсіресе жасөспірімдерге берер тағылымы мол шығарма.
Жас ұрпақты биік идеал, асқақ мұраттарға тәрбиелеу ісінде 
жағымды қаһарман жасау проблемасының маңызы зор. Де-
генмен, адасқан тағдырларды, шырғалаң жолдарды көрсету 
арқылы да көп сабақ беруге болатындығын естен шығар-
мау керек. Әйтпесе, сүттен ақ, судан таза, үнемі мойнынан 
галстугі түспейтін, көше тәртібін бұзбай, тротуармен ғана 
жүретін, түзу ойлап, түзу сөйлейтін қолдан жасалған қуыршақ 
кейіпкерлермен кімді алдарқатамыз?
Дәлелді пікір: «Шынында драма – болмыстағы қайшы-
лықтарды танудың эстетикалық формасы және ол, ең алды-
мен, қоғамдық қайшылықтарды адамдар қарым-қатынасы, 
жеке тағдырлар арқылы көрсетеді» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет