Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқытудың әдістемесі»


Сайыстық түрде сабақты ұйымдастыру қатарына жататындар



бет6/8
Дата19.02.2017
өлшемі1,67 Mb.
#10717
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Сайыстық түрде сабақты ұйымдастыру қатарына жататындар:


1. Спорттық сайыстар, жаттығушыларға мүмкіндіктерін максималды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оларға тән: нақтылық, сайыс ресми ереже негізінде, әділқазылар төрелігі және т.б.;

2. Сабақтың сайыстық түрлері (мысалы, бақылау сабақтары, сынақтар, нормативті тапсыру және т.б.)бұл жерде спортқа тән белгіліер білінбейді немесе анық байқалмайды.

Жаттығушылардың сандық құрамы бойынша дене жаттығуларын даралық және топтық сабақ түрлерін ажыратады. Даралық дене жаттығулары көп жағдайда жаттығу, гигиеналық гимнастика және күндегі сейілдеу, сондай-ақ жалпы дене дайындығы бойынша өзіндік сабақтар түрінде өтеді. Өзіндік топ сабақтары қатарына - өзіндік ойындар, туристік жорықтар, сайыстар және дене жаттығулары түрлері, таңдалған басшылығы бар сабақ түрлері. Мысалы, дене жаттығулары сабағының жалпы кестесі бойыншажорықтағы қозғалыс бойынша жүзеге асады. 5 деңгейлік категориясы бар жаяу саяхатқакелесі кесте тән: 1-ші күн – 10 шақырым, 2-ші күн-15 шақырым, 3-ші күн – 20 шақырым, одан кейін 20, 20, 20, 20, 20, 20 шақырым, 25, 25, 25, 25, 25, 25, 15 шақырым. Әр күндізгі жорықта негізгі жұмыс жасалынып және оның жүзеге асуы жүкетемені жеңілдетеді. Жорықта нақтыланған қозғалыс жүйесі ұстанылады. Мысалы, орта жылдамдықпен 4-4,5 шақырым/сағатына, әр 40 минут сайын аялдама жасалады 10 минутқа және т.с.с.

Спорттық сайыстар қызметі жалпы әртүрлі. Олар жекелй спортшы және ұжымның спорттық жетістіктерін, дене мәдениеті және спортты танытуда, сайысушылар арасында спорттық тәжірибе алмасуға, пәнаралық байланысты орнатуға, халықтар арасында өзара түсіністік пен іскерлікті бекітуде анықтауға қызмет жасайды және т.с.с.

Спортшының әрекеттілігін ұйымдастыруда дене жаттығулары сабағының жалпы құрылым негізі сақталады, сонымен бірге бірқатар әдістемелік талаптар орындалуы қажет: міндетті қою нақтылығы, жүктемені мөлшерлеу ережесі, қатысушылардың барлығына бір жағдай, сақтандандыруды қамтамасыз ету жәнеде дене тәрбиесі жүйесі принципінен орындалатын С басқа талаптар. Спортшылардың денсаулығы туралы күйттеу, мысалы, сайыс алдындағы дәрігерлік тексеру, гигиеналық талаптар қатаң бақылауда және т.с.с.

Жоғарыда айтылған дене тәрбиесі мақсатындағы барлық сабақтан тыс сабақтарғада қатысты. Осы орайда, сабақтан тыс сабақта абақтықтан ерекшелңгң толық еркіндік негізде жүзеге асады. Сабақтан тыс сабақтың нақты таңдауы көп жағдайда жаттығушылардың қызығушылығы және бейімділігіне анықталады.

Сипатталған сабақ түрлері, жоғарыда белгіленгендей дене тәрбиесі тізбегін құрайды, егер олар тәртіп негізіндегі, өзара байланысты біртұтастылықты құраған жағдайда. Олардың бірігу сызығының негізін, бірінші кезекте жүйелілік принципі, қолжетімділігі және қарқындылығы құрайды. Сонымен қатар сабақтардың әр түрлерінің сәйкестілігі дене тәрбиесінің көп жылдық үрдісіндегі әр кезеңдегі ортақ бағыттылығына, жаттығушылардың контигентіне, негізгі әрекеттілік (оқу немесе еңбек) жүйесіне байланысты.

Негізгі әдебиет
1. Теория и методика физического воспитания. Учебник для ИФК под ред. А.Д.Новикова, Л.П.Матвеева. – М.,“ФиС”, 1976 стр.267-297 (т 1).

2. Теория и методика физического воспитания и спорта Учебное пособие для студентов вузов под редакцией Ж.К.Холодова, В.С.Кузнецова. М., 2001.стр.145-148.



Қосымша єдебиет

1. Ашмарин Б.А.- Теория и методика физического воспитания. Учебнное пособие для студентов ФФВ педагогических институтов - М.,1979. стр.138-155.

2. Шиян Б.М. – “ Теория и методика физического воспитания учебное пособие для студентов педагогических институтов” М., 1988, стр,128-207

3. Матвеев Л.П. “Теория и методика физической культуры” Учебник для ИФК-М., 1991. стр. 322-359



Баќылау с±раќтары:

1. Дене жаттыѓуларымен айналысудыњ сабаќ жєне сабаќтан тыс т‰рлері деп ќандай белгілеріне сай бµлінеді?

2. Дене жаттыѓуларымен айналысудыњ жалпы ќ±рылысы ќандай жєне ол неге негізделген?

3. Дене жаттыѓуларымен айналысудаѓы ж±мыс ќабілеттілігініњ µзгеру ќисыќтыѓы ќандай, сабаќтыњ ќ±рылысында ќалай ашылады?

4. Дене жаттыѓуларымен айналысушыларды алѓаш рет ±йымдастырудыњ мањызы ќандай?

5. Сабаќтыњ дайындыќ бµлімініњ міндеттері мен ерекшеліктері ќандай?

6. Жалпы жєне арнайы дайындыѓыныњ мањыздары ќандай?

7. Сабаќтыњ негізгі бµлімінде ќандай міндеттер шешіледі?

8. Сабаќтыњ ќорытынды бµлімінде ќандай міндеттер шешіледі?

9. Сабаќ т‰рініњ µзіне тєн ерекшеліктері неде?

10. Сабаќтыњ ќандай т‰рлері бар?

11. оќытушыныњ сабаќќа дайындыѓы неден т±рады?

12. Сабаќ барысында дене жаттыѓуларымен айналысушылардыњ ж±мыстарын ±йымдастырудыњ ќандай єдістері бар?

13. Сабаќ барысында ќорѓау єрекеті ќалай іске асырылады?

14. Сабаќтыњ жалпы тыѓыздыѓы?

15. “Маторлы тыѓыздыѓы” дегеніміз не, ќалай реттеледі?

16. сабаќтаѓы ќызыѓушылыќ жєне эмоциялыќ кµњіл-к‰й ќалай ќамтамасыз етіледі?

17. Сабаќтыњ педагогикалыќ анализі неден т±рады?

18. Сабаќтыњ хронометражын ќалай µткіземіз?

19. Сабаќтыњ сабаќтан тыс т‰рлеріне сипаттама беріњіз.

20. Ќозѓалмалы ойындарды, спорт сайыстарын жєне туристік саяхаттарды ±йымдастырудыњ ерекшеліктерін айтыњыз.
Дәріс. Тақырып: ДЮСШ-дағы жаттықтыру сабақтарының құрылысы
Кез келген педагогикалық құралдың әрекеттілігі оны қолдану әдісіне қатысты. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері дене жаттығуларынан бөлек емес. Бірақ, тәрбиедегі ешқандай оқыту жалпы педагогикалық құралдарды қолданатын әдістерісіз мәнсіз болып табылады, дене тәрбиесі үрдісінде бұл әдістер өзіндік ерекшелікке ие болады. Осыны ескере отырып, арнайы және дене тәрбиесі үрдісіне үйлесімді қосылатын жеке әдістерді сипаттау қажет.

Дене тәрбиесінің барлық әдістерінің бір маңызды негізін жүктемені реттеп, оны демалыс пен қиюластыратын таңдаулы әдіс құрайды. “Жүктеме” деп ағзаға әсер ететін дене жаттығулары көлемін, оның субьекті және обьекті қиындықтарды жеңу деңгейін айтады. Жүктеме әсері оның көлемі мен қарқынына тікелей пропорционалды.

Дене тәрбиесінің әдістерінде жүктеме стандартты және үзілісті, үзіліссіз (перманентті) және интервалды болады. Дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде демалыс енжарлы (пассивті) және белсенді болады. Сондайақ, жүктемелер бөліктері арасында интервалдар болу мүмкіндігі: біртекті, қатаң, экстремальды.

Тәжірибелік әдістерді оқығанда, меңгеруге қиындарын спорттың түріндегі тәжірибеге қатысты нақты мысалдарын іріктеп алу қажет. Тәжірибелік әдістер үш топқа бөлінеді: басқару әдісі, ойын және сайыстық. Әр түрлілігі ауқымымен жаттығу әдісі ерекшеленеді.

Қимылды жаттау үрдісінде бұл әдіс қимылды толық орындау және оны бөліктерге бөлу түрінде қолданылады.

Қимыл машықтарын және дене сапалық тәрбиесін жетілдіру үрдісінде жаттығу әдісі көп нұсқауда қолданылады. Әдіс нұсқаулары келесіге тәуелді: біріншіден жаттығу түріне (стандартты немесе ауыспалы жаттығу), екіншіден жаттығуды орындау тәсілінен (үздіксіз немесе демеалыс үзілістерімен).

Стандартты және ауыспалы жаттығулардың келесі нұсқауларын айырады.


  1. Стандартты жаттығу.

Стандартты - үздіксіз жаттығу:

А) біркелкі жаттығу, дене жүктемесін орындау барысында қарқыны өзгемейді (мысалы: шаңғыда ұзақ жүгіру, жүзу т.б.);

Б) стандартты ағынды жаттығу (мысалы: қарапайым гимнастикалық жаттығулар легін ағынды қайталау).

Стандартты интервалды жаттығу – қайталамалы:

А) демалыстың қалыпты интервалдарымен, яғни ағзаның толық қалпына келуіне дейін (мысалы: 200 м жүгіру. 3-4 рет шектеулі жылдамдықпен, 7-10 мин демалыс интервалдарымен);

Б) демалыстың қатал интервалдарымен, келесі жүктеме ағзаның толық емес қалпына келуіне дейін беріледі (мысалы: 900 м жүгіру. 20 рет шектеулі жылдамдықпен, 90 с демалыс интервалдарымен);

В) демалыстың экстремалды интервалдарымен, келесі жүктеме ағзаның жоғары қалпына келу фазасына түседі (мысалы: 200 м жүгіру. 2-3 рет шектеулі жылдамдықпен, 15-20 мин демалыс интервалдарымен);


  1. Айнымалы жаттығу.

Айнымалы үздіксіз жаттығу – демалысқа үзіліссіз қарқындылықтың алмасуымен орындалатын жаттығу:

А) циклдік қозғалыстағы айнымалы жаттығу (мысалы: жүгіру, ескек, жүзу және т.б.);

Б) айнымалы-ағынды жаттығулар (мысалы: әртүрлі формадағы және күшті қажет ететін, гимнастикалық жаттығулардың кешенді тізбегін орындау).

Айнымалы интервалды жаттығу – формасы бойынша әртүрлі немесе интервалды демалысы ауыспалы қарқынды жаттығу:

А) ілгерінді дамушы жаттығу (мысалы: жүйелі бір қайтара 60-65-70-75 салмақтағы белтемірді көтеру және т.б. әр талпыныс арасында тиімді интервалды демалыспен);

Б) айнымалы интервалды демалыспен төмен түсетін (сыртқы жүктемемен) жаттығулар (мысалы: келесі тәртіпте қашықтықтағы жүгіріс: 800+400+200+100 араларында қысқартылған интервалды демалыспен);

В) айнымалы интервалды демалысты вариативті жаттығу – жүктемені кеміту және көбейтумен жұмысты орындау (мысалы: белтемірді көтеру, салмағы толқымалы өзгеретін 60-70-80-70-80-90-50 кг 3-тен 5 мин аралықтағы талпыныстағы демалыс интервалы тербелісінде).

Көрсетілген жаттығу әдістемелері нұсқалары, ерекше топ құра отырып құрамдаса алады.



  1. жаттығу әдісінің туынды түрі.

Бұл әдістер тобы өте әртүрлі, сондықтан біз кейбір түрлеріне тоқталамыз:

А) қайталамалы-айнымалы жаттығу (мысалы: субмаксимальді жылдамдық пен жүгіру 200 м+100 м еселі қайталаудағы жеңіл жүгіріс);

Б) ілгерінді-дамушы жаттығу (мысалы: белтемірді көтеру 2 рет 80 кг, 2 рет 90 кг, 2 рет 100 кг, және 2 рет 120 кг);

В) қайталамалы жаттығу демалысы кемуші интервалмен (мысалы: 200 м жүгіру – демалыс 7-8 мин, 200 м жүгіру – демалыс 5-6 мин, 200 м жүгіру – демалыс 3-4 мин және тағы да 200 м жүгіріс);

Г) сериялы-шеңберлі жаттығу (мысалы: 8-10 әр түрлі жаттығулар, шеңбер тәріздес бір-бірінен кейін ағымды қайталанатын);

Осы сынды, әдістемеде айналысушының әрекеті қатаң түрде регламентацияланған жаттығуда ұйымдасады және толық регламентация арқылы жүйеленеді –бекем түрде алдын ала жазылған қозғалыс бағдарламасында; демалыс интервалымен және жүктеменің нақты мөлшерімен; сыртқы жағдайды құрау және қолдануда.

Ойын және сайыстық әдістер оқу- әдістемелік әдістемелерде жақсы көрсетілген. Оның сипаттық ерекшеліктерін, білімдік және тәрбиелік мағынасын және қолдану талабын меңгеру қажет.

А) Ойын әдісі: дене тәрбиесі жүйесінде білімдік, сауықтыру және тәрбиелік есептердің шешімі қолданылады. Ойын әдісінің мәні, жаттығушының қозғалыс әрекеттілігі ойынның ережесі, мазмұны, талаптары негізіне сүйенеді. Дене тәрбиесінде ойын әдісі келесі түрде сипатталады: “көріністік” ұйым (ойынның жоспары, ойы); мақсатқа жету тәсілдердің әртүрлілігі және әрекеттің кешенді түрі (ұтыс); жаттығушының өздігінен еркін әрекет жасау және олардың бастамалығына, тапқырлығына, ептілігіне жоғары талаптар; кернеулі топаралық және тұлғааралық қатынастарды моделдеу, жоғары эмоциялылығы; әрекеттерді ықтималды бағдарламалау және жүктемені дәл мөлшерлеудің шектеулі мүмкіндігі.

Ойын әдісінің негізгі әдістемелік ерекшеліктері:

- Ойын әдісі дене сипаттамаларының жан-жақты, кешенді дамуын және қимыл біліктері мен машықтарын жетілдіруін қамтиды.

- Мақсатқа жету әртүрлі тәсілдердің кең таңдауы, адамның өздігін, бастамалығына, тапқырлығына, ептілігін және т.б. құнды тұлғалық сипаттамалары қалыптасады.

- Ойын ережелерін сақтау оқытушыға жаттығушыларының адамгершілік сипаттамаларын мақсатты түрде қалыптасуға мүмкіндік береді: адамгершілік, ынтымақтастық, өзара көмек сезімін, саналы тәртіптілік, ерік және т.б.

- Ойын әдісіне тән қанағаттанарлық, тартымды және эмоционалды факторы жаттығушыларда денешынықтыру сабақтарына тұрақты жағымды қызығушылықты және әрекеттілік сарынды қалыптастырады.

Ойын әдісінің кемшілігіне жаңа қимылдарды жаттаған кезде және ағзаға жүктемелерді мөлшерлеу кездегі шектеулігі жатады.

Б) Сайыс әдісі – жаттығуларды сайыстар формасында орындау тәсілі. Дене тәрбиесі үрдісінде сайыс әдісі әр түрлі формада қолданылады: жеке жаттығуларды орындау кезінде белсенді қызығушылығын ынталандыру тәсілі. Бақылау-сынақты, ресми спорттық және оларға ұқсас сайыстар.

Сайыс әдісінің негізгі анықтаушы сипаты – жоғарғы көрсеткішке жетудегі немесе біріншілікке күресте, реттелген бәсекелестік шарттарында күштердің қатарлануы; сайыс пәнін жеңіске күресудегі ретін және жетістікті бағалау тәсілдерін бір келкіге келтіру.

Денетәрбиелеу тәжірбиесінде сайыс әдісі көрінеді:

- Әр түрлі деңгейдегі ресми сайыстар түрінде (олимпиадалық ойындар, әлем чемпионаттары, іріктеу сайыыстары т.б.)

- Сабақты кез-келген денешынықтыру-спорттық сабақты, осымен қоса спорттық жаттығу ұйымдастыру элементі ретінде.

Сонымен сайыс әдісі келесі мүмкіндіктерді береді:

- Қимыл-қабілеттерін максималды көрсетуін ынталандыру және олардың даму деңгейін анықтау;

- Максималды дене жүктемесін қамтамасыз ету;

- Еріктілік сипаттамаларын тәрбиелеуге;

Дене тәрбиелеуде жалпы педагогиканың әдістері кең қолданылады, ішінара сөздік әдістері және көрнекілік әдістері. Дене тәрбиелеуде жалпы педагогикалық әдістерді қолдануы оқу материалының мазмұнына, дидактикалық мақсаттарға, функцияларына, жаттығушылардың дайындықтарына, олардың жастарына, оқытушы-жаттықтырушы дайындығына және тұлға ерекшеліктеріне, материалдық базаның бар болуына, қолдану мүмкіндіктеріне тәуелді.

Сөздік әдісті қолданудың әртүрлі формалары мен ерекшеліктері:


  • Дидактикалық әңгіме, әңгімелесу, талқылау және т.б.

  • Нұсқаулар беру.

  • Бұйрықтар мен нұсқаулар.

  • Сөздік бағлар.

  • Сөздік есептер және өзара түсінісу.

  • Өзіне бұйрық беру.

  • Өздігінен ойлау, талдау, талқылау және т.б.

Көрнекілік әсер ету әдістері қатарына көру көрнекілігін қамтамасыз ететін әдістерімен бірге, қажетті бейнелерді тудыруға өзгеде сезімдермен (есту, қозғалыс және т.б.) ықпал ететін әдістерде жатады. Олар тікелей және аралық көрнекілік әдістеріне бөлінеді.

Бұл әдістердің негізгі ерекшеліктері. Тікелей көрнекілік әдісіне: жаттығушыда қозғалыс әрекетін орындау техникасы жайлы дұрыс ұсынуды құруға арналған. Қимылды оқытушы, немесе бір жаттығушы тарапынан көрстеуде сөзді қолдану әдісімен сәйкестенуі қажет.

Аралық көрнекілік әдісі: жаттығушы тарапынан қозғалыс қимылдарын қабылдауда қосымша мүмкіндікті тудырады. Оған: көрнекілік құралдарды көрсету, оқу бейнефильмдерін, сурет, бейнелі үлгілер т.б.

Қимыл қозғалыс бағытын сезіну әдісі: жұмыс істеуші бұлшық еттерінен белгіні қабылдауды ұйымдастыру. Оған: оқытушы тарапынан қимыл қозғалысты орындау барысында қате жәрдем берілуі; жаттығуды орындау сылбыр екпінмен жүрсе;

Жылдам ақпарат әдісі: оқытушы тарапынан жаттығушыдан әртүрлі құрылғылар көмегімен жылдам ақпарат алуға бағытталған, яғни қажеттілік барысында бірқалыпқа түсіру мақсатында.

Қортындыда ескеру қажет, сабаққа дайындық барысында және тиімді әдіс кезеңін таңдау барысында оқытушы құрылымы қандай болу қажет, екіпінін өсіру керекпе, жалпы қажеттілігіне қарай мән беруі қажет.


Негізгі әдебиет

  • Теория и методика физического воспитания. Учебник для институтов физической культуры. Под редактированием А.Д.Новикова, Л.П.Матвеева., том І, “ФиС”, 1976стр.87-113.

  • Теория и методика физического воспитания и спорта Ж.К.Холодов, В.С.Кузнецов. Учебное пособие., М., 2001.стр.40-52.

Қосымша

  • Ашмарин Б.А. Теория и методикафизического воспитания. Учебное посбие. М., 1979, 1990., стр. 75-96.

  • Шиян Б.М. Теория иметодикафизического воспитания. Учебное пособие М., 1988, стр.50-65.

  • Русанов В.П. Основы теории и методики физической культуры и спорта Учебное посбие. Усть Каменогорск, 2003, стр. 22-34.

Бақылау сұрақтары

  1. Дене тәрбиесі әдістерінің жалпы классификациясы қандай?

  2. Негізгі тәжірибелік әдістер қандай?

  3. Оқу әдістеріне не жатады және олардың өзіндік сипаты қандай?

  4. Қозғалыс қимылдарын жетілдірудің және дене сапасыны тәрбиелеудің негізгі әдістері қандай?

  5. Ойын әдісінің ерекшеліктері қандай?

  6. Сайыстық әдіс ерекшеліктері қандай?

  7. Оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі сөз ролі қандай және оқу-тәрбие үрдісінде қандай сөздік әдістер қолданылады?

  8. Дене тәрбиесі үрдісінде көрнекілік әсер етудің қандай әдістері қолданылады?


Дәріс. Тақырып: Жас өспірімдер спорт түрлеріне іріктеп алу және үгіт-насихат жұмыстары, жаттықтыру сабақтарын ұйымдастыру

Жоспар:


  1. Сабақта жүктемені мөлшерлеу.

  2. Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау.

  3. Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау, тамыр соғысын өлшеу, тіркеу хаттамасын жүргізу.

  4. Дене тәрбиесі сабағын педагогикалық талдау, бағалау.


1.Дене тәрбиесі сабақтарының негізгі сипаты –оқушылардың қатаң уақыт тәртібіндегі жаттығуларды орындау әрекеттері және жүктемені мөлшерлеу. Жүктеме дегеніміз –жаттығушының ағзасына белгілі бір мөлшерде дене жаттығуларымен әсер ету, күш түсіру. Сабақ кезіндегі жүктеме оқушылардың жасына, жынысына, дене қуаты дайындығына сай, үйлесімді болуы керек. Жүктемені мөлшерлеу дегеніміз –оның көлемін және қарқындылығын өзгерту. Жүктеме көлемі дегеніміз –орындалған дене қуаты жұмысының саны(өтілген қашықтық, орындалған жаттығулар саны, жаттығуды қайтала саны, ауырлық салмағы, т.б). оқушының жаттығуды қандай жылдамдықта, қарқында орындап жатқанына қарап жүктеменің қарқынын білеміз. Жүктеме қарқыны –орындалған жұмыс көлеміне жұмсалған уақыт немесе жаттығуды орындау жылдамдығы. Орындалған жұмысқа байланысты ағзада болған өзгерістер арқылы қарқындылық анықталады. Жүктеменің негізгі қарқындылық көрсеткіші –жүрек соғу жиілігі.

Аз жүктемелер оқушылардың дене қуаты дайындығының жоғарылауына күшті әсер бермесе, дұрыс берілмеген өте үлкен жүктемелер балалардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Жаттығуларды орындау кездерінде оқушыларда шаршау белгілері байқала бастаса(қозғалыс шапшаңдығы азайып, қимыл үйлесімділігі бұзылса, тыныс алу жиілесе, бет әлпеті қуата бастаса), жүктемені азайтып, оқушыларды тынықтыру керек. Дене тәрбиесі тәжірибесінде жүктемені реттеу –жаттығуларды қайталау саны, жаттығуды орындау қарқыны, амплитудасы арқылы, жаттығуды орындағанда сыртқы ауырлықты, сыртқы ортаны пайдалану, жаттығу арасындағы тынығу аралығы уақытын өзгерту арқылы іске асырылады.

Дене тәрбиесі сабағында жүктемені реттеу мен сабақтың тиімді, дұрыс өткізілгенін бағалау, сабақ тығыздығын анықтау үшін, оқушының сабақтағы әрекеттерін хаттама жүргізіп тіркеу тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл орыс тіліндегі арнайы оқулықтарда «хрономертаж» -әрекеттерді тіркеу деп аталады.

Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде жүктеменің қалай берілгенін, оның мөлшерін анықтау үшін тамыр соғысын есептеу, өлшеу, оны хаттамаға тіркеу деп аталады. Ол тәсіл «пульсометрия» -тамыр соғыстарын тіркеу деп аталады.



2.Дене тәрбиесі сабағының тығыздығы, ол оқушыларға мүмкіншілік болғанынша көбірек жаттығулар орындату, оларды бос, тыныштық күйінде көп блдырмау. Сабақтың бүкіл ұзақтығы кезінде педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытты сабақтың жалпы тығыздығы дейміз. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылған уақытқа жататындар: дене тәрбиесі жаттығуларын орындау, мұғалімді тыңдау, көрсетілген жаттығуды бақылау, түсінгенді ұғыну, сабақ өтер орынды дайындау, тынығу және т.б.

Педагогикалық аяқталмаған уақытқа жататындар: мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байлынысты үзілістер, құрал –жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спортзалдан себепсіз шығуы және т.б.

Сабақтың жалпы ұзақтығы кезінде дене тәрбиесі жаттығуларын орындауға кеткен уақытты қозғалтушы тығыздық дейміз. Қозғалтушы тығыздық –сабақтың негізгі бір өнімділігін, сапасын көрсететін көрсеткіш. Қозғалтушы тығыздық жаттығу сабақтарында -70-80%, оқу сабақтарында -60-70% болуы керек. Сбақтың қозғалтушы тығыздығын көбейту үшін мұғалімдер түсіндіру мен көрсетуді біріктіреді. Жаттығуларды толассыз орындау әдісін, шеңберлі жаттықтыру әдісін қолданады.

Сабақтың тығыздығын анықтау хаттамасы сынып оқушыларының ішіндегі белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін оқушының қимыл –әрекеттерін тіркеу арқылы жүргізіледі. Сабақ тығыздығын анықтауға қатысар алдында біз ақ қағазға толық дұрыстап жазып, сызып, хаттаманы дайындап алуымыз керек. Хаттама жүргізген кезде хаттама жүргізуші жазып, келесі бақылаушы адам секундомерді қоса отырып, бақылаудағы оқушының орындаған барлық іс –әрекеттерін айтып, жаздырып отырады.

Оқушының мынандай қимыл әрекеттері хаттамаға тіркеледі:


  1. Жаттығуды орындауы. Барлық жаттығуларды орындау уақыттарын секундомермен дәл анықтау. Уақыты 4 бағанада көрсетіледі.

  2. Жаттығуды орындағаннан басқа оқушының тыныштық күйде болу жағдайлары: мұғалімнің көрнекі құралдары, жаттығуларды көрсетуін бақылау, тындау, тынығу, келесі орындалатын тапсырманы тосу, қайта сап құру, сабақ орнын дайындау т.с.с. уақыты 3 бағанада көрсетіледі.

  3. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс пайдаланылмаған іс –әрекеттер : мұғалімнің немесе оқушылардың сабаққа кешігуі, снарядтарға ауысқан кездерде болатын ұзақ бос тұрып қалушылықтар, тәртіп бұзуға байлынысты үзілістер, құрал –жабдықтардың істен шығуы, мұғалімнің спортзалдан себепсіз шығуы және т.б. Бұл әрекеттер арқылы уақыттар хаттаманың 5 бағанасында тіркеліп, олар мұғалімнің кінәсінен болған бос уақыттар деп аталады.

Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау хаттамасының үлгі ретіндегі нұсқасын келесі кестеден қараңыз(11 –кесте)

11 –кесте-Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау хаттамасы.

Сынып________ Оқушылар саны_______________________

Сабақ жүргізілген жер________________________________

Сабақ түрі__________________________________________

Сабақ жүргізуші_____________________________________

Бақылаудағы оқушы__________________________________

Хаттама жүргізуші___________________________________





Оқушылар әрекетінің мазмұны

Әрекеттің аяқталған уақыты

Мұғалімді тыңдау, кезек тосу, т.б.

Жаттығуларды орындау

Мұғалімнің кінәсінен болған бос уақыт

Сапқа тұру, рапорт беру, сабақ міндеттерін түсіндіру


8.0

2







Саптық жаттығулар

8.03




1




Жүру, жүгіру жаттығулары

8.08




5




Орнында тұрып орындаған жалпы дамыту жаттығулары

8.15




7




Сапқа тұрғызу, тапсырманы түсіндіру

8.17

2







Негізгі жаттығуларды орындау

8.22




5




Қатесін түзету

8.23

1







Тапсырма беру

8,25

2







Жақындататын жаттығуларды орындау

8,35




10




Қателерін түзету, қайталап түсіндіру

8,36

1







Жылдамдықты дамыту жаттығулары

8,41




5




Ағзаны қалпына келтіру жаттығулары

8,43




2




Қортында жасау, үйге тапсырма беру

8,45

2







Барлық уақыт

45мин

10мин

35мин

00мин

Әрбір әрекетке жұмсалған уақыт секундоиер бойынша 2 бағанада белгіленген алдыңғы көрсеткен уақыттан кейінгі уақытты алу жолы арқылы анықталады. Сабақ аяқталғаннан соң 3,4 бағаналардағымақсатқа сәйкес орындалған уақыттар қосылады да, сабақтың жалпы уақытына бөлу, 100пайызға көбейту арқылы сабақтың жалпы тығыздығы анықталады.



3.Сабақта белсенді, тәртіпті, дене тәрбиесі сабағында орташа үлгеретін оқушының тамыр соғуын әрбір 3 -5 миут сайын 9-16 рет есептеп, хаттамаға тіркеп орытамыз. Тамыр соғысы 10 секунд сайын есептелінеді де 6 –ға көбейтіліп, бір минуттағы жүрек соғу жүйелігі анықталып отырады.
12 –кесте –Дене тәрбиесі сабағында жүктеме мөлшерін анықтау хаттамасы.

Күні........

Сынып.......

Сабақ міндеттері............

Сабақ жүргізуші.............

Хаттама жүргізуші............

Бақылаудағы оқушы.............

Тамыр соғысын есептеу уақыты

Ж

..................

10 сек


С Ж

.................

1 мин


Қимыл әрекет түрлері



Ескертулер



Сабаққа дейін

12

72

Тыныштық күйінде




3

14

84

Сапқа тұру, сбақ міндетін хабарлау




6

16

96

Жүру жаттығулары




9

20

120

Жүгіру жаттығулар




12

21

126

ЖДДЖ орнында тұрып отыру




15

22

132

ЖДДЖ қозғалыста орындау




18

19

114

Оқушыларғ жаттығу техникасын түсіндіру




21

24

144

Допты қос қолмен жоғарыдан қабылдау




24

26

156

Допқы қос қолмен төменнен қабылдау




27

20

120

Допты торға түсіру әдісін түсіндіру




30

28

168

Жүгіріп келіп допты тоға түсіру




33

31

186

«Баскетбол» ойынын ойнау




36

25

150

Орнында тұрып допты торға лақтыру




39

22

132

Орнында тұрып допты торға лақтыру




42

19

114

Босаңсыту жаттығулары




45

14

84

Қортындылау, баға қою






4.Дене тәрбиесі мұғаліміне педагогикалық талдау және бағалау екі түрлі мақсатта қажет болады. Біріншісі –ззінің сабақ беруін, қандай дәрежеде бере алатынын бағалау, қандай мәселелерге назар аудару керек екенін білу. екіншісі –әріптестерінң сабақ өткізулерін талдау, бағалау. Жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдердің бір –бірлерінің сабақтарына қатысуы, сабақ өткізу туралы пікірлерін айтуы, сабақтарын талдауы, бағалауы көбірек жүргізілсе дұрыс бола ма деп ойлаймыз.
13 –кесте –Дене тәрбиесі сабағын бақылау гистограммасы
№....... орта мектеп. Сабақ жүргізуші............ « ».... 200..ж

Сабаққа бақылау, талдау жүргізушілер..........




р/c



Мазмұны

1

2

3

4

5

балл

ескертулер

І

Кіріспе бөлім






















1

Оқушылардың сыртқы түрі, киімі






















2

Басталуы, сабақ міндетін түсіндіруі






















3

Өзіне сенімділігі, дауысы, оқушылармен қарым –қатынасы






















4

Дене қыздыру жаттығуларын таңдауы, беруі






















ІІ

Негізгі бөлім






















5

Тапсырманы түсіндіруі, орындатуы






















6

Берілген жаттығуларды дұрыс таңдауы






















7

Оқушылардың тәртібі, жат –ды орындауы






















8

Сабақ бөлімдеріне, негізгі жаттығуларға уақыт дұрыс бөлінуі






















9

Сабақ тығыздығын ойластыруы






















10

Жүктемені дұрыс беруі






















11

Үйрету, қайталау үрдісіндегі нәтиже






















ІІІ

Қортынды бөлім






















12

Ағзаны қалпына келтіру, босаңсыту жаттығуларын дұрыс беруі






















13

Сабақ қортындылауы






















14

Үй тапсырмасын беруі






















ІV

Сабақтың жалпы параметрі






















15

Сабақ конспектісі






















16

Сабақ орнын дайындауы






















17

Сабақ құрылысының сақталуы






















18

Сабақтың жалпы, қозғалтушы тығыздығы






















19

Жүктеме мөлшерін дұрыс беруі






















20

Өзін –өзі бағалауы






















V

Жалпы алған балл сандары






















VI

қортынды





















Сабақты бағалауға қатысқан кезде алдын ала дайындалған гистограммадағы 20 түрлі мәселелерге жауап беріп, баға жазылған бағаналарға «+» қойып отырамыз. Сабақ аяқталған соң «+» қойылған бағаларды «балл» деп жазылып тұрған бағанаға 1 -5 балл түрінде толтырамыз. Барлық баллдар санын қосып, 20 санына бөлу арқылы сабақтың орта арифметикалық бағасын шығарамыз. Бұл гистограмманың бір тиімділігі барлық мұғалімдерді бір түрлі ортақ мәселе, параметрлер арқылы бағалай аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет