Бағдарламасы «Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқытудың әдістемесі»



бет4/8
Дата19.02.2017
өлшемі1,67 Mb.
#10717
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8

Суға жүзу. Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылдану тұлға түзулендіреді, бұлшық еттерді үйлесімді дамытады, тыныс алу және жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметтерін жақсартады, жалпақтабандылықты болдырмайды. Судың, ауаның температуралары әртүрлі болатындықтан адам ағзасын шынықтыру рөлін де орындайды.

Суда көлденең қалыпта болып (омыртқа тік жүрген кездегі дене ауырлығы қысымынан босайды), тура және біркелкі жүзу қимылдарын орындайтындықтан суда жүзу кездерінде тұлға түзуленеді, әртүрлі қисаюлар болса дұрыс қалыптарға келеді.

Жүзу жаттығулары жүрек-қан тамыры жүйесіне өте жақсы әсерін береді. Судағы көлденең дене қалпы, үлкен бұлшық еттер тобының үйлесімді қимылы, терең, ретті тыныс алу венадағы қандардың қайтуына, қанның систоликалық көлемінің ұлғаюына әсер етеді. Жүзу кезіндегі жүрекке түсетін жүктеменің жеңілдігі кәрі жастағы адамдардың осы спорт түрімен шұғылдануына мүмкіншілік береді.

Суға жүзу тыныс алу бұлшық еттері мен кеуде клеткасын дамытады. Тыныс алу кезінде кеуде клеткасы мен бұлшық еттер үлкен жүктемемен жұмыс істейді. Тыныс алып, ауаны ішке сорған кезде судың кеудені қысу күшін, ауаны сыртқа шығарған кезде судың итеру күшін жеңу арқылы тыныс алу жүйесі жоғары деңгейде дамиды.

Сауықтыруға арналған суға жүзу жаттықтыруымен айналысу екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңде жаттықтырулар жүзу жаттығуларының техникасын үйрену, жетілдіру түрінде жүргізіледі. Екінші кезеңде біртіндеп жүзу қашықтығын өту, ағзаның жалпы төзімділік қасиетін дамыту түрінде жүргізіледі. Екінші кезеңдегі жұмыс адам суда 20-30 минут уақыт жүзе алатын кезден бастап қана басталады. Суда жүзудің сауықтыру әсерінің ең тиімді қашықтығы тоқтамай 800-1000метр жүзу болып есептеледі. 50 жастан асқан адамдарға қашықтық қысқартылады. Жүзу кезіндегі жеңіл жүктеме жүрек соғу жиілігі 120 соғу/минуттан, орта жүктеме – 130 соғу/минуттен, үлкен жүктеме 140 соғу/минуттен аспайтын жұмыс істеу тәртібі болып есептеледі.

51-70 жастағы адамдарға жүктеме шектелген түрде берілуі керек. Оларға жаттықтыру кезіндегі ЖСЖ 120-130 соғу/минуттан аспауға тиісті.

Мамандар суға жүзу жаттықтыруларының әдістемесінің әртүрлі нұсқаларын ұсынады. Ең негізгі мәселе жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметтерін жақсарту, жетілдіру үшін кем дегенде бір жетіде үш -төрт рет, 20-30 минут тоқтамай суға жүзу жаттығуларын орындау қажет.

Суға жүзу жаттықтыруларымен шұғылданатын адамдардың денсаулық күйлерін мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К.Купер ұсынған 12 минуттық суға жүзу тест-сынағы арқылы анықтауға болады (39-кесте).



Шаңғы тебу. Спорт жаттығуларының ішінде ағзаны оттегімен еркін қамтамасыз етіп, ұзақ уақыт аэробты тәртіпте орындалатын жаттығулар денсаулыққа пайдалы әсер береді. Сондай жаттығуларды бірі шаңғымен жүгіру. Жүгіру, велосипед тебу секілді жаттығуларды орындағанда аяқ бұлшық еттеріне көп күш түсетін болса, шаңғымен жүгіру кездерінде қол және кеуде бұлшық еттеріне де көп күш түсіріледі. Шаңғымен жүгірген кезде ағзаның бүкіл бұлшық еттері симетриялы, біркелкі дамиды. Біркелкі ырғақты қимыл, жұмысқа қатысатын көп бұлшық ет топтары, таза ауада жаттығу ағзаның тыныс алу, қан айналу жүйесіне жағымды әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жоғарылайды.

Шаңғымен жүгіру кездерінде үлкен энергия күші жұмсалады. Адам ағзасы бір сағат уақыты кезінде жүктеме мөшеріне, жер жағдайына, ауа райына, жүгіру қарқынына, дене қуаты дайындығына байланысты шамамен 500-900 ккал жағады. Жас ерекшеліктеріне байланысты шаңғымен жаттығушылардың жүктеме мөлшері 36-кестеде көрсетілген.


36-кесте – Әр түрлі жастағы шаңғымен жүгіретін адамдардың жүрек соғу жиілігіне байланысты жүктеме мөлшері (В.Е. Капланскийдің зерттеуі бойынша)


Жасы

Орта жүктеме, соғу/мин

Үлкен жүктеме, соғу/минут

Ең жоғарғы жүктеме, соғу/минут

20

25

30



35

40

45



50

55

60



65

150

145


140

137


133

129


126

122


118

114


177

172


168

164


160

155


150

145


141

137


200

195


190

185


180

175


170

165


160

155


Сауықтыру мақсатындағы шаңғымен жүгірулерді 5-6 км бастап біртіндеп 10-25 км дейін жеткізуге болады. Жүгіру қарқыны сағатына 4 километрден 5-6 км/сағатқа дейін жоғарылайды. Жаттықтыру бастаған кездегі уақыт ұзақтығы 30-60 минут болса, бірте бірте көбейтіп 2-3 сағатқа дейін созуға болады.



Велосипедпен тебу. Велосипед тебу жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесін нығайтады. Денсаулықты нығайту үшін жетісіне 3 рет, ең аз дегенде 30 минут уақыт, тоқтамай велосипед теуіп отыру керек. Жаттықтырудың жақсы әсері сағатына 25 км/сағат жылдамдықпен жүру. 15 км/сағат жылдамдықпен жүру төмен аэробты әсер береді. Кәрі жастағы адамдарға сағатына 4-5 км/сағат жылдамдықпен ақырындап жүрсе жеткілікті.

Велосипед тебу жаттықтыруларымен шұғылданатын адамдардың денсаулық күйлерін мен дене қуаты дайындығы деңгейін Американ ғалымы К. Купер ұсынған 12 минуттық тест-сынағы арқылы анықтауға болады (40-кесте).



Аэробика. «Аэробика» сөзі гректің аэро – ауа, биос – өмір деген сөзінен алынған. Оны ең алғаш Американ физиологі, профессор Кеннет Купер өзінің «Аэробика» - деген 1968 жылғы шыққан кітабында жазған. Ол оттегіні адам ағзасына жеткілікті аэробты тәртіпте қолданып төзімділікті дамыту арқылы жүрек-қан тамыры және тыныс алу жүйесінің қызметін жақсартуға негізделген. Негізгі аэробты сауықтыру жаттығулары: жүру, жүгіру, суға жүзу, велесипед тебу, шаңғымен жүгіру және т.б. Аэробты жаттығуларға қойылатын негізгі талап – бүкіл жаттықтыру ұзақтығы кезінде жүрек соғу жиілігі 130 соғу/минуттан төмен түспеуі.

Аэробты жаттықтыру төрт бөлімге бөлінеді:



  • дене қыздыру. Денені қыздыру жаттығуларын орындау, ағзаның жүрек соғу жиілігін ақырындап көтеріп аэробты жаттығу деңгейіне әкелу;

  • аэробты жаттығу. 20 минут бойы негізгі аэробты жаттығуларды тоқтамай жеткілікті қарқында орындау;

  • ақырын жаттығу. 5 минут ақырын қарқында тоқтамай қимылдау. ЖСЖ біртіндеп азайтамыз;

  • күш жүктемесі. Буындарға арналған, буын жылжымалылығы, икемділік, бұлшық еттерді нығайту жаттығуларын орындау. Ұзақтығы 10 минут.

Аэробты жаттықтыру жетісіне 3-4 рет, жалпы ұзақтығы 30-40 минут уақытында орындалады.

Әдебиет: негізгі [1-12]

қосымша [1,2,4,6]

Дәріс . Тақырып: Жас спортшылар даярлығының көпжылдық жүйесі
Дене тәрбиесі үрдісінде әртүрлі әдістер қолданылады: тәжірибелік, сөздік, көрнекілік. қазіргі таңда жүйелілік неғұрлым нақтыланған, біз Л.П.Матвеев, Ж.К.Холодов, В.С.Кузнецов бойынша жаңа сұрыптау келтіру қажет деп санаймыз.

Кез келген педагогикалық құралдың әрекеттілігі оны қолдану әдісіне қатысты. Дене тәрбиесінің арнайы әдістері дене жаттығуларынан бөлек емес. Бірақ, тәрбиедегі ешқандай оқыту жалпы педагогикалық құралдарды қолданатын әдістерісіз мәнсіз болып табылады, дене тәрбиесі үрдісінде бұл әдістер өзіндік ерекшелікке ие болады. Осыны ескере отырып, арнайы және дене тәрбиесі үрдісіне үйлесімді қосылатын жеке әдістерді сипаттау қажет.

Дене тәрбиесінің барлық әдістерінің бір маңызды негізін жүктемені реттеп, оны демалыс пен қиюластыратын таңдаулы әдіс құрайды. “Жүктеме” деп ағзаға әсер ететін дене жаттығулары көлемін, оның субьекті және обьекті қиындықтарды жеңу деңгейін айтады. Жүктеме әсері оның көлемі мен қарқынына тікелей пропорционалды.

Дене тәрбиесінің әдістерінде жүктеме стандартты және үзілісті, үзіліссіз (перманентті) және интервалды болады. Дене тәрбиесінің құрамдас бөлігі ретінде демалыс енжарлы (пассивті) және белсенді болады. Сондайақ, жүктемелер бөліктері арасында интервалдар болу мүмкіндігі: біртекті, қатаң, экстремальды.

Тәжірибелік әдістерді оқығанда, меңгеруге қиындарын спорттың түріндегі тәжірибеге қатысты нақты мысалдарын іріктеп алу қажет. Тәжірибелік әдістер үш топқа бөлінеді: басқару әдісі, ойын және сайыстық. Әр түрлілігі ауқымымен жаттығу әдісі ерекшеленеді.

Қимылды жаттау үрдісінде бұл әдіс қимылды толық орындау және оны бөліктерге бөлу түрінде қолданылады.

Қимыл машықтарын және дене сапалық тәрбиесін жетілдіру үрдісінде жаттығу әдісі көп нұсқауда қолданылады. Әдіс нұсқаулары келесіге тәуелді: біріншіден жаттығу түріне (стандартты немесе ауыспалы жаттығу), екіншіден жаттығуды орындау тәсілінен (үздіксіз немесе демеалыс үзілістерімен).

Стандартты және ауыспалы жаттығулардың келесі нұсқауларын айырады.



  1. Стандартты жаттығу.

Стандартты - үздіксіз жаттығу:

А) біркелкі жаттығу, дене жүктемесін орындау барысында қарқыны өзгемейді (мысалы: шаңғыда ұзақ жүгіру, жүзу т.б.);

Б) стандартты ағынды жаттығу (мысалы: қарапайым гимнастикалық жаттығулар легін ағынды қайталау).

Стандартты интервалды жаттығу – қайталамалы:

А) демалыстың қалыпты интервалдарымен, яғни ағзаның толық қалпына келуіне дейін (мысалы: 200 м жүгіру. 3-4 рет шектеулі жылдамдықпен, 7-10 мин демалыс интервалдарымен);

Б) демалыстың қатал интервалдарымен, келесі жүктеме ағзаның толық емес қалпына келуіне дейін беріледі (мысалы: 900 м жүгіру. 20 рет шектеулі жылдамдықпен, 90 с демалыс интервалдарымен);

В) демалыстың экстремалды интервалдарымен, келесі жүктеме ағзаның жоғары қалпына келу фазасына түседі (мысалы: 200 м жүгіру. 2-3 рет шектеулі жылдамдықпен, 15-20 мин демалыс интервалдарымен);


  1. Айнымалы жаттығу.

Айнымалы үздіксіз жаттығу – демалысқа үзіліссіз қарқындылықтың алмасуымен орындалатын жаттығу:

А) циклдік қозғалыстағы айнымалы жаттығу (мысалы: жүгіру, ескек, жүзу және т.б.);

Б) айнымалы-ағынды жаттығулар (мысалы: әртүрлі формадағы және күшті қажет ететін, гимнастикалық жаттығулардың кешенді тізбегін орындау).

Айнымалы интервалды жаттығу – формасы бойынша әртүрлі немесе интервалды демалысы ауыспалы қарқынды жаттығу:

А) ілгерінді дамушы жаттығу (мысалы: жүйелі бір қайтара 60-65-70-75 салмақтағы белтемірді көтеру және т.б. әр талпыныс арасында тиімді интервалды демалыспен);

Б) айнымалы интервалды демалыспен төмен түсетін (сыртқы жүктемемен) жаттығулар (мысалы: келесі тәртіпте қашықтықтағы жүгіріс: 800+400+200+100 араларында қысқартылған интервалды демалыспен);

В) айнымалы интервалды демалысты вариативті жаттығу – жүктемені кеміту және көбейтумен жұмысты орындау (мысалы: белтемірді көтеру, салмағы толқымалы өзгеретін 60-70-80-70-80-90-50 кг 3-тен 5 мин аралықтағы талпыныстағы демалыс интервалы тербелісінде).

Көрсетілген жаттығу әдістемелері нұсқалары, ерекше топ құра отырып құрамдаса алады.



  1. жаттығу әдісінің туынды түрі.

Бұл әдістер тобы өте әртүрлі, сондықтан біз кейбір түрлеріне тоқталамыз:

А) қайталамалы-айнымалы жаттығу (мысалы: субмаксимальді жылдамдық пен жүгіру 200 м+100 м еселі қайталаудағы жеңіл жүгіріс);

Б) ілгерінді-дамушы жаттығу (мысалы: белтемірді көтеру 2 рет 80 кг, 2 рет 90 кг, 2 рет 100 кг, және 2 рет 120 кг);

В) қайталамалы жаттығу демалысы кемуші интервалмен (мысалы: 200 м жүгіру – демалыс 7-8 мин, 200 м жүгіру – демалыс 5-6 мин, 200 м жүгіру – демалыс 3-4 мин және тағы да 200 м жүгіріс);

Г) сериялы-шеңберлі жаттығу (мысалы: 8-10 әр түрлі жаттығулар, шеңбер тәріздес бір-бірінен кейін ағымды қайталанатын);

Осы сынды, әдістемеде айналысушының әрекеті қатаң түрде регламентацияланған жаттығуда ұйымдасады және толық регламентация арқылы жүйеленеді –бекем түрде алдын ала жазылған қозғалыс бағдарламасында; демалыс интервалымен және жүктеменің нақты мөлшерімен; сыртқы жағдайды құрау және қолдануда.

Ойын және сайыстық әдістер оқу- әдістемелік әдістемелерде жақсы көрсетілген. Оның сипаттық ерекшеліктерін, білімдік және тәрбиелік мағынасын және қолдану талабын меңгеру қажет.

А) Ойын әдісі: дене тәрбиесі жүйесінде білімдік, сауықтыру және тәрбиелік есептердің шешімі қолданылады. Ойын әдісінің мәні, жаттығушының қозғалыс әрекеттілігі ойынның ережесі, мазмұны, талаптары негізіне сүйенеді. Дене тәрбиесінде ойын әдісі келесі түрде сипатталады: “көріністік” ұйым (ойынның жоспары, ойы); мақсатқа жету тәсілдердің әртүрлілігі және әрекеттің кешенді түрі (ұтыс); жаттығушының өздігінен еркін әрекет жасау және олардың бастамалығына, тапқырлығына, ептілігіне жоғары талаптар; кернеулі топаралық және тұлғааралық қатынастарды моделдеу, жоғары эмоциялылығы; әрекеттерді ықтималды бағдарламалау және жүктемені дәл мөлшерлеудің шектеулі мүмкіндігі.

Ойын әдісінің негізгі әдістемелік ерекшеліктері:

- Ойын әдісі дене сипаттамаларының жан-жақты, кешенді дамуын және қимыл біліктері мен машықтарын жетілдіруін қамтиды.

- Мақсатқа жету әртүрлі тәсілдердің кең таңдауы, адамның өздігін, бастамалығына, тапқырлығына, ептілігін және т.б. құнды тұлғалық сипаттамалары қалыптасады.

- Ойын ережелерін сақтау оқытушыға жаттығушыларының адамгершілік сипаттамаларын мақсатты түрде қалыптасуға мүмкіндік береді: адамгершілік, ынтымақтастық, өзара көмек сезімін, саналы тәртіптілік, ерік және т.б.

- Ойын әдісіне тән қанағаттанарлық, тартымды және эмоционалды факторы жаттығушыларда денешынықтыру сабақтарына тұрақты жағымды қызығушылықты және әрекеттілік сарынды қалыптастырады.

Ойын әдісінің кемшілігіне жаңа қимылдарды жаттаған кезде және ағзаға жүктемелерді мөлшерлеу кездегі шектеулігі жатады.

Б) Сайыс әдісі – жаттығуларды сайыстар формасында орындау тәсілі. Дене тәрбиесі үрдісінде сайыс әдісі әр түрлі формада қолданылады: жеке жаттығуларды орындау кезінде белсенді қызығушылығын ынталандыру тәсілі. Бақылау-сынақты, ресми спорттық және оларға ұқсас сайыстар.

Сайыс әдісінің негізгі анықтаушы сипаты – жоғарғы көрсеткішке жетудегі немесе біріншілікке күресте, реттелген бәсекелестік шарттарында күштердің қатарлануы; сайыс пәнін жеңіске күресудегі ретін және жетістікті бағалау тәсілдерін бір келкіге келтіру.

Денетәрбиелеу тәжірбиесінде сайыс әдісі көрінеді:

- Әр түрлі деңгейдегі ресми сайыстар түрінде (олимпиадалық ойындар, әлем чемпионаттары, іріктеу сайыыстары т.б.)

- Сабақты кез-келген денешынықтыру-спорттық сабақты, осымен қоса спорттық жаттығу ұйымдастыру элементі ретінде.

Сонымен сайыс әдісі келесі мүмкіндіктерді береді:

- Қимыл-қабілеттерін максималды көрсетуін ынталандыру және олардың даму деңгейін анықтау;

- Максималды дене жүктемесін қамтамасыз ету;

- Еріктілік сипаттамаларын тәрбиелеуге;

Дене тәрбиелеуде жалпы педагогиканың әдістері кең қолданылады, ішінара сөздік әдістері және көрнекілік әдістері. Дене тәрбиелеуде жалпы педагогикалық әдістерді қолдануы оқу материалының мазмұнына, дидактикалық мақсаттарға, функцияларына, жаттығушылардың дайындықтарына, олардың жастарына, оқытушы-жаттықтырушы дайындығына және тұлға ерекшеліктеріне, материалдық базаның бар болуына, қолдану мүмкіндіктеріне тәуелді.

Сөздік әдісті қолданудың әртүрлі формалары мен ерекшеліктері:


  • Дидактикалық әңгіме, әңгімелесу, талқылау және т.б.

  • Нұсқаулар беру.

  • Бұйрықтар мен нұсқаулар.

  • Сөздік бағлар.

  • Сөздік есептер және өзара түсінісу.

  • Өзіне бұйрық беру.

  • Өздігінен ойлау, талдау, талқылау және т.б.

Көрнекілік әсер ету әдістері қатарына көру көрнекілігін қамтамасыз ететін әдістерімен бірге, қажетті бейнелерді тудыруға өзгеде сезімдермен (есту, қозғалыс және т.б.) ықпал ететін әдістерде жатады. Олар тікелей және аралық көрнекілік әдістеріне бөлінеді.

Бұл әдістердің негізгі ерекшеліктері. Тікелей көрнекілік әдісіне: жаттығушыда қозғалыс әрекетін орындау техникасы жайлы дұрыс ұсынуды құруға арналған. Қимылды оқытушы, немесе бір жаттығушы тарапынан көрстеуде сөзді қолдану әдісімен сәйкестенуі қажет.

Аралық көрнекілік әдісі: жаттығушы тарапынан қозғалыс қимылдарын қабылдауда қосымша мүмкіндікті тудырады. Оған: көрнекілік құралдарды көрсету, оқу бейнефильмдерін, сурет, бейнелі үлгілер т.б.

Қимыл қозғалыс бағытын сезіну әдісі: жұмыс істеуші бұлшық еттерінен белгіні қабылдауды ұйымдастыру. Оған: оқытушы тарапынан қимыл қозғалысты орындау барысында қате жәрдем берілуі; жаттығуды орындау сылбыр екпінмен жүрсе;

Жылдам ақпарат әдісі: оқытушы тарапынан жаттығушыдан әртүрлі құрылғылар көмегімен жылдам ақпарат алуға бағытталған, яғни қажеттілік барысында бірқалыпқа түсіру мақсатында.

Қортындыда ескеру қажет, сабаққа дайындық барысында және тиімді әдіс кезеңін таңдау барысында оқытушы құрылымы қандай болу қажет, екіпінін өсіру керекпе, жалпы қажеттілігіне қарай мән беруі қажет.


Негізгі әдебиет

  • Теория и методика физического воспитания. Учебник для институтов физической культуры. Под редактированием А.Д.Новикова, Л.П.Матвеева., том І, “ФиС”, 1976стр.87-113.

  • Теория и методика физического воспитания и спорта Ж.К.Холодов, В.С.Кузнецов. Учебное пособие., М., 2001.стр.40-52.

Қосымша

  • Ашмарин Б.А. Теория и методикафизического воспитания. Учебное посбие. М., 1979, 1990., стр. 75-96.

  • Шиян Б.М. Теория иметодикафизического воспитания. Учебное пособие М., 1988, стр.50-65.

  • Русанов В.П. Основы теории и методики физической культуры и спорта Учебное посбие. Усть Каменогорск, 2003, стр. 22-34.

Бақылау сұрақтары

  1. Дене тәрбиесі әдістерінің жалпы классификациясы қандай?

  2. Негізгі тәжірибелік әдістер қандай?

  3. Оқу әдістеріне не жатады және олардың өзіндік сипаты қандай?

  4. Қозғалыс қимылдарын жетілдірудің және дене сапасыны тәрбиелеудің негізгі әдістері қандай?

  5. Ойын әдісінің ерекшеліктері қандай?

  6. Сайыстық әдіс ерекшеліктері қандай?

  7. Оқыту және тәрбиелеу үрдісіндегі сөз ролі қандай және оқу-тәрбие үрдісінде қандай сөздік әдістер қолданылады?

  8. Дене тәрбиесі үрдісінде көрнекілік әсер етудің қандай әдістері қолданылады?


Дәріс. Тақырып: Спорттық машықтануды жоспарлау және тиімділін есептеу

Бұл тақырып дене тәрбиесі ілімі курсында негізгі тақырыптардың бірі саналады. Онда дене тәрбиесі оқытушысы өз тәжірибесі барысында басшылыққа алатын ілімдік және әдістемелік жағдайлар ашылады. Тақырыпты оқи отыра, қимыл икемі, машықтары, арнайы нұсқаулар, оқу үрдісі құрылымы мәні неден тұрады, әр этап кезеңі ерекшелігі жекелей және аралық байланыстары қандай есте сақтау қажет. Қимыл икемі мен машықтары қалыптасуы заңдылығын меңгеру қажет.

Қимыл қозғалыстары оқу пәні ретінде: қимылдық қабілеттілік, машықтары – қимылдық қабілет мәні туралы түсінік бірқатар сұрақтарды анықтау нәтижесінде қалыптасуы қажет. Алдымен келесі ұғымдарды анықтап алу қажет:

Қимыл қабілеттілігі – қимылды қозғалысты меңгеру деңгейі, қозғалысты саналы басқарумен сипатталады.

Қимылдық машығы - әрекет техникасын меңгерудің оңтайлы деңгейі, қозғалысты автоматты басқарумен сипатталады, орындау барысында жоғары нақтылық пен сенімділікпен ерекшеленеді.

Студентке меңгеру қажет, қимыл әрекетін меңгеру үшін келесі әдістемелік тізбелікте жүзеге асырылады:



  1. жаттығушыда жағымды оқу сарынын қалыптастыру, әсер етуші формула бойынша: “жетістікке ұмтылу” – белсенділік-мақсат- “жетістікке жету”;

  2. қимыл әрекетінің мәні жайлы білімді қалыптастыру;

  3. оқылатын қозғалыс жайлы әрбір негізгі тірек нүктесі бойынша түсінік қалыптастыру (көру, логикалық, қимылдық бейне);

  4. оқылатын қимыл әрекетін толық меңгеру.

Одан кейін машықтардың сипаттық ерекшеліктерін және олардың құрылу заңдылығын меңгеру қозу және тежелу) – иррадиациялар, концентрациялар және автоматизациялар.

Осымен қатар мән беру қажет, қозғалыстың автоматтандырылуы және біртұтастығы, мығымдығы және машықтың ұзақ сақталуы бас миының үлкен жартышарындағы әрекеттілік қабығындағы динамикалық стереотиптің бекуімен және пайда болуымен байланысты.

Динамикалық стереотип – функционалдық жүйенің стационарлы сипат алатын жағдайы, қимылды көпқайтра қайталау барысында бекіп қалатын нәтижесі, яғни қимыл машығының барлық негізгі сипатын ескертеді – қозғалыспен автоматты түрде басқару, қимылдың біртұтастығы, қимыл сенімділігі.

Түсіну қажет, қозғалыстың автоматтандырылуы сананың кез-келген қимыл әрекетіне араласуынан босатуға, назарды өзге обьектілерге аударуға мүмкіндік береді. Машықтың келесі бір сипатын бағалау қажет – қозғалыстың мығымдылығын меңгеру, әрқандай қолайсыз жағдайда оларды орындауға тұрақты мүмкіндік береді.

Қимыл машықтарының қалыптасу заңдылықтарын оқу қажеттілігі бар. Қимыл машықтарының қалыптасуы бірқатар заңдылық негізінде жүреді: машықтың дамуында жылдамдықты өзгерту заңы, машықтың дамуындағы заңдылық, машық дамуындағы шектеуліктің жоқтық заңдылығы, машықтың көмескілену заңдылығы, машықты жылжыту заңдылығы т.б.

Шартты рефлекстердің пайда болуы заңдылығынан шыға отырып, негізінде қимыл реакциялары қалыптасатын дене тітіркендіргіштерінің нақты тектерін ұғынуға болады.

Осы негізде, динамикалық стереотиптердің қимылдарының құрылу үрдісі жүйке үрдістерінің (иррадиация, концентрация және олардың өзара индукциясы) нақты динамикасымен бірге жүруші бірқатар фазадан өтеді. Кеңістіктегі, уақыттағы қимыл нақтылығы анализаторлардың кешенді жұмысы негізінде қол жеткізіледі. Бұл үрдіс ішкі диффренциясы және кешеуілді тежелгіш дамуы жолында болады. Осыған байланысты көру, тыңдау және қимыл анализаторларының машықтардың қалыптасуының әр кезеңдеріндегі ролін елестетуге болады. Тұрақты машық динамикалық стереотиптің бас миының үлкен жартышарындағы сақталуы жағымды ғана емес, жаттанды қателерді шеттетуде және оларды қайта орындауда өзіндік кері жақтарыда бар. Шартты рефлекстердің тұрақтылығы мен өзара байланысын ескере отырып оқу барысындағы дайындық жаттығуларының маңызы мен машығын “жылжытпалы” құбылыс мәнін ұғыну қажет. Аталған сұрақтарды меңгеру барысында қосымша әдебиеттер тізіміндегі деректерді қолдану қажет.

Сұрақты оқу барысында – оқу үрдісінің құрылымын толық елестету қажет, одан кейін әр кезеңді жекелей. Оқу құралының материалы қазіргі таң тұрғысынан қарастырылатын сұрақтарға толық түсінік бермейді. Студенттерге міндетті түрде қосымша әдебиеттер тізіміндегі деректерді қолдану қажет. Осы орайда келесі мәселелерге мән беру қажет. Алдымен – оқу түсінігі – әлеуметтік субьектілерде сапалық қандайда бір қызметті орындауды дамытуды қалыптастыратын нақты мақсатты, жүйелі және ұйымдастырылған үрдіс. Оқу өз құрамына (оқушының әрекетін) және оқытылуын қамтиды (оқытушының педагогикалық қабілеттілігін).

Қимыл қозғалыс оқу үрдісінде өз қимылдарын басқару есебі алға қойылады. Бұл дегеніміз қозғалыс бағытын, түрін, орындау шапшаңдығын басқару.

Қимыл қозғалыстың жалпы оқу үрдісі үш кезеңді қамтиды, әдістеме негізінде бір-бірімен ерекшеленеді.

Алғашқы жаттау кезеңі - өз қысқалығына қарамастан келесі оқу тиімділігі үшін ерекше әсері бар. Мақсаты – оқушыда оқылатын қозғалыслыс техника негіздерін қалыптастырады және оның жалпы сипатта орындалуына қол жеткізеді.

Негізгі мәселелер:



  1. Қимыл қозғалысты орындау жайлы мағыналы және көру түсінігін қалыптастыру.

  2. Оқылатын қимыл элементтерінің құрылымы немесе жаттығуларды негізгі тірек нүктелері арқылы меңгеру жолында қимылдық түсініктерді құру.

  3. Жалпы сипатта қимыл әрекетінің біртұтас орындалуына қол жеткізу.

  4. Қимыл әрекеті техникасында мән берілмес ауытқуларды ескерту және жою.

Осы кезеңде оқылатын қимыл әрекеті жайлы алдын-ала түсініктің пайда болуы жайлы, психологиялық және физиологиялық күй туралы анық түсінік болуы қажет. Осыған байланысты сөздік, көрнекілік және тәжірибелік әдістердің аталған кезеңдегі ерекшелігін анықтау қажет.

Қимыл қозғалыстың алғашқы жаттау кезеңнің ұзақтығының қатыстығы:



  • Оқылатын қимылдың техникасы мен күрделілік деңгейі;

  • Жаттығушының дайындық әзірлігі;

  • Даралық ерекшелігі;

  • Машықтардың жылжытпалы жағымды әсерін қолдану мүмкіндігі.

Тереңдетіп оқу кезеңі: алғашқы қабілеттілік пен оны жетілдіруден тұрады. Мақсаты – толық қимыл машығын қалыптастыру.

Негізгі мәселелер:



  1. Негіздегі барлық негізгі тірек нүктелерінде, техника бөлімдерінде әрекеттерді нақтылау.

  • Қимыл әрекетінің толық орындалуына ққл жеткізу, кеңістіктегі, уақыт және техниканың динамикалық сипатын саналы бақылау негізінде.

  • Техникада және оның негізгі тізбегінде ұсақ ақаулықтарды жою.

Егер бірінші кезеңде мәселені шешу кезекпен жүзеге асса, екінші кезеңде мәселелер бірмезетте шешілуі мүмкін.

Яғни екінші кезеңде ұқыну қажет: қимылдық әрекеттің толықжәне бөлшектерге бөліп жаттау әдістері қашан және қалай қолданылады. Қимылдық әрекетті жаттау кезінде қателерді жою қалай жүзеге асырылады. Оқытудың әртүрлі сәттерінде сөздік және тәжірибелік әдістердің ролі қандай.

Мысалы, әртүрлі жаттығуларды қолдану тиімділігі келесі сәттерді бұлжытпай орындау барысында қол жеткізіледі:


  • Жаттығудың мақсаты және мәселелері;

  • Негізгі қимыл әрекеттерімен құрылымдық өзара байланыс;

  • Жаттығуды мөлшерлеу;

  • Орындауды бақылау және өзара бақылау.

Осы кезеңдегі бір сабақ шеңберінде оқытуды сабақтың негізгі бірінші жартысында жоспарлау қажет, ерекше енжарлық күй пайда болғанға дейін.

Сондай-ақ осы кезеңде жаттығуды үйрену барысында бағытталған көмекті және сақтандыру шараларының маңызын анықтап қажет.

Бекіту және жетілдіру кезеңі. Мақсаты – қимыл біліктілігін машыққа айналдыру, тұтас қолдану мүмкіндігіне ие.

Негізгі мәселелер:



  • Қимыл әрекетін автоматты орындау және тұрақтылығына қол жеткізу.

  • Техниканың даралық бедерлерін қажетті деңгейге жетілдіру.

  • Қимыл әрекетін тәжірибелік қолдануда талапқа сай орындауға қол жеткізу (максималды күш және жылдамдық, үнемділік, нақтылық, рационалды мақам т.б.).

  • Нақты тәжірибелік жағдайға байланысты әрекетті қолдануды қамтамасыз ету.

Бұл мәселелер бірмезетте, тізбектеліп шешілуі мүмкін, себебі олар өзара тығыз байланысты.

Аталған кезеңді оқи отыра, түсіну маңызды. Қозғалысты жетілдіру қай бағытта жүзеге асу қажет, қай мөлшерде бекуі қажет, сондай-ақ оқу әдістемесін, осы кезеңде әртүрлі әдістемелік тәсілдерді меңгеру қажет: снарядтардың биіктігін көтеру, қозғалыстың жылдамдығын және амплитудасын өсіру, жаттығуды ағынды орындау, сайыс түрінде нәтижелі және сапалы орындау, ойын түрінде қайталау және т.б.

Оқылатын жаттығуды жетілдіруін дене сапасының дамуымен байланыстыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет