Бағдарламасы «Экспериметтік психология»


Тақырып: Эксперимент зерттеушінің практикалық іс-әрекетінің түрі ретінде. 2сағат



бет3/5
Дата29.01.2018
өлшемі495,28 Kb.
#35976
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Тақырып: Эксперимент зерттеушінің практикалық іс-әрекетінің түрі ретінде. 2сағат.


Мақсаты: Психологиялық эксперименттегі экспериментатордың белсенділігі туралы түсінік беру. Себептік қорытындыны жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

Жоспар:

1.Психологиялық эксперименттегі экспериментатордың белсенділігі. 2.Себептік қорытындыны жүзеге асыру үшін жағдай жасау.

3.Бақылаудың/ тексерудің/ өзгергіштік мәселесі.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Эксперимент – зерттеудің ең күрделі түрі. Белгілі психолог экспериментатор П.Фресс, Ж.Пиаже былай деп жазады: «Эксперимент әдісі бұл ақыл тәсілінің формасы. Өзінің логикасы мен өзінің техникалық талаптары бар. ОЛ асығыстықты жақтырмайды, баяулық, сенімділік қуанышын сыйлайды». Экспериментсіз ғылым да, практик да мүмкін емес. Эксперимент – бұл ғылыми және қолданбалы болжамдарды тексеруге бағытталған зерттеу түрі. Болжамсыз эксперимент жоқ, себебі қазіргі талаптарға жауап беретін сенімді теориялық және статистикалық дәлелдеулер де жоқ.



Психологиялық эксперимент сақтайтын статистикалық ережелер:

  • мәселені анық қалыптастыру, зерттеу мақсаттары мен міндеттерін, ондағы тексерілетін болжамды қалыптастыру;

  • эксперименттің қаншалықты нәтижелілігі өткенін анықтайтын критерийлер мен белгілерді орнату;

  • зерттеу пәні мен объектісін анықтау;

  • зерттейтін объектіні, пәнді диагностикалайтын әдістерді таңдау (жоқ болса жасау);

  • өткізілген эксперимент нәтижелерін көрсетудің формаларын анықтау;

  • эксперимент нәтижелерін ғылыми және практикалық қолдану салаларына сипаттама (эксперимент шыққан практикалық

  • қорытындылар мен ұсыныстар).

Шолу – талдау зерттеуінде тақырып бойынша әдебиеттерді іріктеу,талдау, оқу, зерттеуді бағалау.

Негізгі міндеті: бар әдеби берілулермен іс барысының жалпы күйін анықтау, жауаптары табылған сұрақтарды табу, жауап табылатын сұрақтарды табу.

Қойылатын талаптар:

  • таңдалған тақырып пен талданған әдебиеттер мазмұнының арақатынасы

  • оқылған әдебиеттердің толық тізімі

  • жазбаша жұмысының мазмұнында әдебиеттердің терең талдануы

  • бар әдеби берілулерді жүйелі мазмұндау

  • жазба жұмысының мәтінінің логикалығы мен оның сауаттылығы, дұрыс көркемделуі

  • қорытынды қысқа және нақты болуы керек әдебиеттер тізімі.

Шолу – талдау бөлімінен басқа және дәлелденген шолу болады. Сындық талдау басқа зерттеушілердің сыны болуы мүмкін немесе басқа пікірлерді де білдіреді. Әдебиеттерді шолу мен сындық талдаудан басқа автордың өзіндік теориялық ойы болады. Ол осы қойылған мәселені шешуге бағытталады.

Талаптар:

  • пайдаланылған ұғымдардың, анықтамалардың дәлдігі;

  • жүйелілігі;

ой қорытындыларында қайшылықтардың болмауы.

Тәжірибелік зерттеу негізіне әдебиет берілулері, ұғымдар кірмейді, ол шындықтағы сенімді фактілер. Мұндай зерттеу фактілерді жинау және талдаудың әдістерін талдаумен жүргізіледі. Тәжірибелік зерттеудің суреттемелісі – аз зерттелген объект немесе құбылысқа қатысты жаңа фактілер тәжірибе негізінде алынған анықтамалармен суреттеледі.



Түсіндірмелі жинақтау және талдау ғана емес, алынған фактілерді түсіндірумен де айналысады.

Әдістемелік зерттеудің мақсаты жаңа психодиагностикалық әдістемені жасау, негіздеу және практикада тексеру.



Тақырып: Психологиялық эксперименттегі болжам және бақылау формалары. 1сағат.


Мақсаты:Студенттерге психологиялық экспериментте тексерілетін болжамдар жүйесі туралы түсінік беру. Эксперименттік болжам формалары мен таныстыру.

Жоспар:

1.Психологиялық экспериментте тексерілетін болжамдар жүйесі. 2.Эксперименттік бағдар формалары.



Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

Болжам дегеніміз – жорамал сипатындағы бекітулер, ғылыми ой қорытындысы Эксперименттік тексеруді талап етеді. Болжам қандай да бір жаңа ойды бекітеді және ол бос сөз емес. Эксперименттердің басым көпшілігінде бір ғана емес бірнеше әр түрлі логикалық байланысты болжамдар болады.



Жалпы болжам

Жеке болжам1

Жеке болжам2

Жеке болжам3

Жұмыс болжамы1

Жұмыс болжамы2

Жұмыс болжамы1

Жұмыс болжамы2

Жұмыс болжамы1

Жұмыс болжамы2


Жалпы болжам: өткізілген эксперимент нәтижесінде баланың ақыл – ой даму процесі жедел дамитын болады.

Жеке мақсат: даму процесін жеделдететін психологиялық – педагогикалық құралдарды тексеру.

Жеке болжам: баланың даму процесін жеделдетуге экспериментте қолданылған психологиялық – педагогикалық әсер ету құралдары қолданылады.

Жеке мақсат: эксперименттен қорытындыларды жасау және практикалық нұсқауларды тұжырымдау.

Жеке болжам :: өткізілген эксперименттен шығатын қорытындылар мен нұсқауларды педагогикалық практикада енгізу баланың ақыл – ой дамуын жеделдетуге әкелу керек.


  1. Жұмыс болжамы: берілген оқу пәні сабақтарын да осы типтегі міндеттерді пайдалану ғылыми ұғымға сәйкес келген оқушының психикалық дамуын жеделдету керек.

  2. Жұмыс болжамы: проблемалық оқытудың мына тәсілдерін пайдалану. Оқушының себеп – салдарлық байланыс және қатынастарды анықтау іскерлігін дамытуға әсер ету керек.

  3. Жұмыс болжамы: оқу пәндері сабақтың мазмұнына осы типтегі міндеттерді енгізу, оқушыларда ғылыми түсініктерді қалыптастыруды жеделдетуі керек.

  4. Жұмыс болжамы: экспериментте тексерілген проблемалық оқытудың тәсілдері оқушыларда сөздік логикалық ойлаудың дамуына көмектеседі.

Фактілер мен аргументтер – шындығы тексерілген не дәлелденген ойлар, ал көрсету – бұл мағыналы ой қорытындыларының жиынтығы.

Процесс барысында аргументтер мен фактілерден болжамның әділдігі шығарылады.

Дәлелдеу сенімді болу үшін белгілі ережелерді сақтау керек:


  1. Болжам, аргументтер, фактілер, тұжырымдар нақты және ұғынықты анықталуы керек;

  2. Болжам дәлелдеудің барысында өзгеріссіз қалуы керек;

  3. Болжамды бекітетін аргументтер мен фактілер шынайы болуы керек (сенбеушілік тудырмауы керек);

  4. экспериментті анықтайтын фактілер мен жағдайлар кезектігі. Олардың статистикалық сенімдік байланысы.


Тақырып: Психологиялық эксперименттің процедураса мен негізгі сипаттамасы. 1сағат.


Мақсаты:Студенттерге психологиялық зерттеуді ұйымдастыру іскерлігін қалыптастыру. Идеалды эксперимент және шынайы эксперимент, экспериментті ұйымдастыру және эксперимент хаттамалары туралы түсінік беру. Эксперимент берілулері, тіркеу. Эксперименттік іріктеуді үйрету.

Жоспар:

1.Психологиялық зерттеуді ұйымдастыру.

2.Идеалды эксперимент және шынайы эксперимент.

3.Экспериментті ұйымдастыру.

4.Эксперимент хаттамалары.

5.Эксперимент берілулері, тіркеу. Эксперименттік іріктеу.



Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек:

  1. Мәселе дегеніміз – ғылымда немесе практикада әлі шешілмеген сұрақтар.

Мақсат эксперименттің ғылыми – практикалық нәтижесі.

Аралық мақсат.

Эксперимент мақсаттары бірнеше болуы мүмкін. Олардың кейбіреулері аралық, кейбіреулері соңғы. Эксперименттің соңғы мақсатына бірден жетпейміз, бірнеше аралық кезеңнен жетеміз.

Мысалы: Соңғы мақсат: оқушылардың даму үрдісін жеделдету.


  1. Аралық мақсат: оқушыларда бар психикалық даму деңгейін бағалау

  2. Оқушылардың дамуының соңғы деңгейін анықтау

  3. Оқушылардың дамуын жеделдетуге көмектесетін құралдарды анықтау

  4. Практикалық эксперименттік жұмыс әдістемелерін жасау

  5. Психодиагностикалық әдістерді таңдау және жүргізу.

Міндет дегеніміз – зерттеуді басынан аяғына дейін ұйымдастыру және өткізудің кезекті кезеңдері.

Міндеттер:



  1. Мәселені нақтылау

  2. Зерттеуге байланысты әдебиеттер, тәжірибелер жинақтау

  3. Болжам

  4. Әдістерді талдау

  5. Қалыптастырушы әдістемелер жасау

  6. Эксперимент бағдарламаларын жасау

  7. Эксперимент өткізу

  8. Өңдеу және талдау

  9. Қорытынды шығару

Болжам дегеніміз – жорамал сипатындағы бекітулер, ғылыми ой қорытындысы Эксперименттік тексеруді талап етеді. Болжам қандай да бір жаңа ойды бекітеді және ол бос сөз емес. Эксперименттердің басым көпшілігінде бір ғана емес бірнеше әр түрлі логикалық байланысты болжамдар болады.

Зерттеуді бір ғана топта емес, екі немесе одан да көп топтарда өткізу керек.

Біреуі эксперименталды топ, екіншісі бақылау топ.

Эксперимент топта:


  1. Эксперименталды топ зерттейтін өзгерулер арасындағы статистикалық байланыстың сенімділігін анықтауға арналады.

  2. Өзгерулер мақсаты өзгертіледі.

Бақылау тобында:

  1. Эксперименталды топ алған нәтижелерді салыстыру үшін керек.

  2. Ештеңе өзгермейді.

Осы схеманы жүзеге асырудың бірнеше түрі бар:

  1. Жалғыз айырмашылық әдісі.

Б (бақылау тобы) А, Б, В, Г  Д, Е

Э (эксперименталдық топ) А, Б, В, Г+  Д, Е+



  1. Бірге болатын өзгерулер әдісі (жалғыз айырмашылық әдісінің таңдалған түрі).

А, Б, В, Г  Д, Е

А, Б, В, Г+  Д, Е+

А, Б, В, Г++  Д, Е++

А, Б, В, Г+++  Д, Е+++



  1. Жалғыз ұқсастық әдісі.

А, Б, В, Г  Д, Е

И, К, Л, Г  М, Е,

Н, О, З, Г  П, Е

С, Т, У, Г  Ф, Е

Егер әртүрлі белгілер түрленсе, бір ғана ұқсастық өзгермей қалады, яғни А мен Е.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет