Бағдарламасы «Әскери өнер тарихы»


Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы



бет10/14
Дата12.11.2016
өлшемі4,46 Mb.
#1605
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
4. Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, армия генералы. 1996 жылдың қазан айының 30-нан бастап, 1999 жылдың 9-шы тамызына дейін Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі болды.

Қысқаша өмірбаяны



1945 ж. 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қазақ.

1977 ж. — Армавир жоғары әскери ұшқыштар ӘШҚ училищесін бітірді.

1985 ж. — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясын бітірді. Саяси ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қарағанды қаласының шахталарында бастады.



1962 ж. қыркүйегінен 1966 ж. қазанына дейін жұмысшы, шахта қазушысы.

1964 ж. өндіріс пен оқудан қол үзбестен ұшқыштар даярлау жөніндегі Қарағанды авиациялық орталығын бітірді.

1965 жылдың желтоқсанынан ААФЖЕҚ Кинель-Черкасск авиациялық оқу-жаттығу орталығының курсант-ұшқышы. Әскери қызметке қабылданғаннан кейін әр түрлі жауапты басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

197275 жж. — авиациялық буынның командирі, авиациялық эскадрилья командирі, истребитель авиациясы полкі командирінің ұшу дайындығы жөніндегі орынбасары.

1979 ж. желтоқсанында Уральск әскери округінің истребитель авиациясы полкінің командирі болады. М.Алтынбаевтың қолбасшылығы кезеңінде полкте бір де бір оқыс ұшу оқиғалары болған жоқ және еліміздің Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері арасындағы ең үздігі атанды.

1982 ж. тамызынан — Кеңестер Одағының Маршалы Г.К. Жуков атындағы ӘШҚ Әскери командалық академиясының тыңдаушысы.

198588 жж. — дивизия командирінің орынбасары, Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс дивизиясының командирі.

1992 ж. ақпанында Түркістан әскери округінің әуе шабуылына қарсы қорғаныс корпусының командирі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Мұхтар Қапашұлы өз Отанына оралады және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес құрылған егеменді мемлекеттің Қарулы Күштерінің қалыптасуына белсене қатысады.



1992 ж. мамырында ӘШҚ әскерлерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

1993 ж. қарашасынан Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.

1994 ж. қыркүйегінен ҚР әскери-әуе күштерінің қолбасшысы.

1996 ж. қазанынан — Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшысы.

2001 ж. желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

2007қантардан — Штаб бастықтары комитетінің төрағасы — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары.

Марапаттары

Орденмен және көптеген медальдармен марапатталған.

Ұшқыш-мерген. Жетілдірілген соңғы МиГ және Су тектес истребительдердің қазіргі заманғы барлық түрлерін шектеусіз басқаруға рұқсаты бар.

АҚШ авиациялық базаларының бірінде атақты америка F-16жойғыш ұшағымен ұшу өнерін көрсеткен жаңа тәуелсіз мемлекеттердің тұңғыш ұшқышы болып табылады. Осыған орай америка мамандары М.Алтынбаевтың кәсіби шеберлігіне жоғары баға берді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 ж. мамырдың 6-ында № 112 Жарлығымен «Халық Қаһарманы» атағы берілді және «Халық Қаһарманы» Алтын жұлдызы мен «Отан» ордені табыс етілді.




5. Даниал Кенжетайұлы Ахметов — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, саяси қайраткер, экономика ғылымы доктор (2003). Павлодар индустриалық институтын бітірген (1976). «Региональные особенности обеспечения устойчивого социально-экологического развития в Казахстане» деген тақырыпта доктор диссертациясын қорғады. «Құрмет Белгісі» (1986), 2-және 3-дәрежелі «Барыс» (1999, 2004) ордендерімен және медальдармен марапатталған. 2007 жылдың қаңтар айынан бастап, 2009 жылдың 17-ші маусымына дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі болды.

Қысқаша өмірбаяны



1954 ж. маусымның 15-індеПавлодарда туған.

1976 ж. Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.


1976–1981 ж. «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер, аға прораб

1981–1983 ж. Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы

1983–1987 ж. «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы

1987–1991 ж. Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары

1992 ж. бастан Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы.

1993-1997 ж. Павлодар облысының әкімі болып тағайындалды.

199799 жж. аралығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

1999 ж. қазанынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.

2001 ж. қарашасынан Павлодар облысының әкімі болды.

2003 жылдың маусымынан — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде болған.

2003 ж. Мәскеуде «Қазақстандағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы.

Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, «Екібастұзшахтқұрылыс» трестінде жетекшілік қызметінде, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Екібастұзэнерго тұрғынүйөндірісқұрылысы» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.



2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi.

Марапаттары



1999 ж. «Барыс» 3-і дәреже

2004 ж. «Барыс» 2-і дәреже

«Құрмет белгісі» және медальдер.

Отбасылық жағдайы

Үйленген. Бала мен қызын тәрбиелеуде.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет