Бағдарламасы «Физика» пәні бойынша оқу жоспары 7-сынып Кіріктірілгенбілімберубағдарламасы



бет1/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,1 Mb.
#10035
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Кіріктірілген білім беру бағдарламасы

«Физика» пәні бойынша оқу жоспары

7-сынып

Кіріктірілгенбілімберубағдарламасы

«Физика» пәні бойынша

Оқу жоспары

7-сынып

Мазмұны



Кіріктірілгенбілімберубағдарламасы 1

«Физика» пәні бойынша 1

Оқу жоспары 1

7-сынып 1

Ұзақ мерзімді жоспар 4

Тілдік мақсаттар туралы 6

Орта мерзімдік жоспар 8

Бөлім 7.1A: Жылдамдық 8

Бөлім 7.2A: Тығыздық 18

Бөлім 7.2В: Күш, масса және салмақ 23

Бөлім 7.3А:Үйкеліс 28

Бөлім 7. 3В: Қатты заттардағы, сұйықтықтардағы және газдардағы қысым 32

Бөлім 7.3С: Жұмыс және қуат 36

Бөлім 7.4A: Энергия 40

Бөлім 7.4B: Күш моменті 44

Бөлім7.4C: Ғарыш және Жер 48

Қысқа мерзімдік жоспар 51

Сабақ жоспары 51

Ұзақ мерзімді жоспар 3

Тілдік мақсаттар туралы 5

Орта мерзімдік жоспар 7

Бөлім 7.1A: Жылдамдық 7

Бөлім 7.2A: Тығыздық 17

Бөлім 7.2В: Күш, масса және салмақ 22

Бөлім 7.3А:Үйкеліс 27

Бөлім 7.3В: Қатты заттардағы, сұйықтықтардағы және газдардағы қысым 31

Бөлім 7.3С: Жұмыс және қуат 35



Бөлім 7.4A: Энергия 39

Бөлім 7.4B: Күш моменті 43

Бөлім7.4C: Ғарыш және Жер 47

Қысқа мерзімдік жоспар 50

Сабақ жоспары 50

Ұзақ мерзімді жоспар


Пән: Физика: 7-сынып

1тоқсан

2тоқсан

3тоқсан

4тоқсан


7.1A Жылдамдық

  • қашықтықтың уақытқа тәуелділік графигі негізінде жылдамдық пен орташа жылдамдықты есептеу

  • үдеудіе септеу

  • қашықтықтың уақытқа тәуелділік графигін оқу және орын ауыстыруды анықтау

  • орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигін оқу және жылдамдықты анықтау

жылдамдықты анықтау үшін орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік графигін қолдану

7.2A Тығыздық

  • көлем және масса

  • тығыздықтың өлшем бірліктері

  • тығыздықты есептеу

  • сұйық пен газдардағы ығыстырушы күш




7.3А Үйкеліс

  • тыныштық үйкелісі

  • домалау үйкелісі

  • сырғанау үйкелісі

  • үйкеліс күшінің оң және теріс әсерлері


7.4A Энергия



  • энергияның түрленуі

  • энергияның сақталуы

  • кинетикалық энергия

  • гравитациялық

потенциалдық энергия




7.2В Күш, масса және салмақ

  • күш және инерция

  • масса және салмақ

  • серпімділік күші

  • Гук заңы




7.3В Қатты заттардағы, сұйықтықтардағы және газдардағы қысым

  • Зат құрылысы

  • Диффузия

  • Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі

  • Архимед күші




7.4B Күш моменті

7.3С Жұмыс және қуат

  • жұмыс

  • жұмыстың өлшем бірліктері

  • қуат

  • қуаттың өлшем бірліктері




7.4С Ғарыш және Жер

  • күн және түн

  • жыл мезгілдері

  • ай фазалары


Ескерту:

Тарау –жалпы оқыту тақырыптары бойынша сабақтар кешені.


Тілдік мақсаттар туралы


Пән мазмұнын екінші не үшінші тіл арқылы оқытуда Зияткерлік мектептер пән мазмұны мен тілді оқып үйренуге тең қолдау көрсетілетін оқу ортасын құруға ұмтылады. Әр пәннің өз тілдік стилі бар, оны нақты бір пәннің «ғылыми тілі» деп атауға болады. Ғылыми тіл – пәннің мазмұнын оқып үйрену және ойлау мен пәндік мазмұнның негізгі ұғымдарымен жұмыс істеу қабілетін жақсарту үшін қолданылатын негізгі құрал. Екінші не үшінші тіл арқылы оқитын оқушылардың көпшілігіне олардың ғылыми тіл мен пән мазмұнын игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау көрсетілуі қажет. Үштілді білім беру контексінде бірінші тілдегі ғылыми тілдің дамуы да тұрақты назарды талап етеді. Сондықтан, бірінші тіл арқылы оқуға берілетін шектеулі уақытты тиімді және нәтижелі қолдану керек.
Тілдік мақсаттар ғылыми тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың өздерінен не күтілетіндігін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына тікелей байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар оқытушылар мен оқушыларға оқуға деген ынтаны қалыптастыруға, өлшеуге және қолдауға көмектеседі. Пәндік мазмұнды оқытуға, әрі ғылыми тілді үйретуге тұрақты екі бағытты ұстанатын пән мұғалімдері оқушыларға үлгі көрсетіп, пән мен тілді қатар алып жүруге көмектеседі.
Ғылыми тілді оқып үйренуді қолдау үшін оқытушыларға оқу жоспарларына мынадай тілдік мақсаттарды қосу ұсынылады:

• оқушылардың назарын ғылыми тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін қажетті терминология мен тіркестері бар лексика);

• сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті жұмыс тілін қалыптастыру (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті тіркестері);

сабақ барысында лексиканы, оның ішінде терминология мен тіркестерді орынды пайдалану үшін оларды алдын ала оқыту кезеңінде тиімді қолдану;

• оқушылардың тілдік дағдының төртеуін де түрлі әрекеттерде (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-айтылым,тыңдалым-жазылым және т.б.) әртүрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

• оқушыларды пікірталас, диалогтарға тарту (мысалы, оқушылардан қысқа жауаптарды қабылдамау және жауаптары тек білімді ғана көрсететін сұрақтар қоймау; оқушыларды өз білімін нәтижелі талқылау үшін пайдалануға ынталандыру, сондай-ақ оқушылар диалогқа қатыса алуы үшін қажет бай сөздік қормен қамтамасыз ету);

белгілі бір тілге тән дағдыларды дамыту (мысалы, қажетті мәліметті алу үшін тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метакогнитивтік танымды дамыту, басқа сөзбен айту, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);

• тіл туралы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушылардың тілді барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді меңгерудегі жетістіктерін бағалау);

• сабақтың басында тілдік мақсатты белгілеу, сабақтың соңында осы мақсат бойынша қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Тілдік мақсат үлгісі сонымен бірге ғылыми тілдің құрамдас бөліктерін қамтиды, оны пайдалану мен есте сақтауға оқушылардың назарын аудару маңызды. Олар келесі тақырыпшалар арқылы көрсетілген:

(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология,

(2) диалог/жазылым үшін қажетті тіркестер. Берілген тіл оқушылар үшін түсінікті әрі анық болса, бұл олардың пәндік мақсаттар мен тілдік мақсаттарға қол жеткізулеріне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды құру үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: талдау, санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, сәйкестендіру, көшіру, құру, сынау, анықтау, сипаттау, құрастыру, бағалау, түсіндіру, мысалдар келтіру, болжау, анықтау, негіздеу, келіссөздер жүргізу, болжау, өндіру, балама шешімдер ұсыну, себептерді түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу, көшіріп алу, рөлдік ойындар ойнау, қорытындылау, синтездеу және жазу, әртүрлі мақсаттар үшін пайдалану, өз сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Кейбір тілдік мақсаттардың пән мазмұнынының оқу мақсаты деп те қарастыруға болатынына қарамастан, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де бірдей назар аударуларына ықпал етеді. Бұл, сонымен қатар, жауаптар/шешімдерге және үдерістерге теңдей назар аударуға көмектеседі. Атап айтқанда, осы үдерістерге назар аудару тілдің дұрыс қолданылуы мен ойлау әрекетінің жақсаруына жағдай жасайды.
Тілдік емес пәндердің оқыту мақсаттарының көпшілігі мазмұнға негізделеді, бірақ кем дегенде бір мақсатты тілді дамытуға арнау қажет.


Каталог: megssoem -> eokkuugw -> wascsoug
eokkuugw -> Тіл үйрету сабағында оқылымның болжау стратегияларын тиімді ұйымдастырудың жолдары
eokkuugw -> Орал қаласы физика-математика бағытындағы нзм-нің 11-сынып оқушысы Максутов Куандықтың оқылым және мәтінді талдау жұмысы. Пән мұғалімі З. Т. Тажигалиева Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі»
eokkuugw -> Талдықорған қаласындағы нзм-нің 12-сынып оқушысының қазақ әдебиеті пәнінен сыни талдау жұмысы Ермекбаева Зере 12е-сынып Оралхан Бөкей өзінің «Апамның астауы» және «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімелерінен қандай әсер тудырды?
eokkuugw -> Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудағы айтылым дағдысының РӨЛІ
eokkuugw -> Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
eokkuugw -> Сабақ тақырыбы : Тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері
eokkuugw -> Қазақ тілін оқытудағы заманауи талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет