Бағдарламасы «Физика» пәні бойынша оқу жоспары 7-сынып Кіріктірілгенбілімберубағдарламасы



бет3/9
Дата18.02.2017
өлшемі1,1 Mb.
#10035
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ескертпе: Зертханалық жұмыс қызметкерлер мен оқушылар үшін мүмкін қауіпке ие. Назарбаев Зияткерлік мектебі қауіпсіздіктің тиісті шараларын анықтау мен қолдануға жауапты болады. Осы схемада қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат тек индикативті болып табылады және толық болмауы мүмкін. Не ХЕК, не бағдарлама кеңесшілері қауіпсіздіктің тиісті шараларын қолданбау салдарына жауапты болмайды.


W = толық сыныппен жұмыс жасау

G = топпен жұмыс

I = жеке жұмыс

E =оқушы тәжірибесі

D = мұғалімнің демонстрациясы

f = қалыптастырушы бағалауға мүмкіндік беретін әрекет

 = қауіпсіздікті сақтау бойынша кеңес

Физика, Негізгі мектеп, 7-сынып

Бөлім 7.2A: Тығыздық


Ұсынылатын алдыңғы білімдер

Оқушылар 6-сынып бағдарламасындағы СИ жүйесі бойынша масса шамасының өлшем бірлігін есіне түсіру керек.

Контекст

Осында 7- бөлімде берілген энергия туралы түсінік неғұрлым егжей-тегжейлі қарастырылады, сондай-ақ істелінген жұмыс тарапынан энергияның есептелінуі қарастырылады.

Осы бөлімду орындалуға міндетті зертханалық жұмыстар:



  • Дененің массасы мен көлемін өлшеу

  • Қатты дененің тығыздығын анықтау




Осы бөлімдегі «Физика» пәні бойынша тілдік мақсаттар

Оқушыларға арналған ғылыми/академиялық тілде жазылған тілдік мақсат мысалы төменде беріліп отыр

Пән бойынша оқыту мақсаты

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Диалог құруға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы

тіркестері

Оқушылар:
сұйықтың және дұрыс және дұрыс емес пішіндегі қатты дененің тығыздығын анықтау әдісін сипаттау;

Оқушылар:

Сұйықтықтағы қысымның зерттеулері бойынша ауызша нысанда қорытынды жасай алады және газдағы қысым туралы жорамалдар жасай алады.




көлем, масса, сұйықтық, газ, қаттыдене, тығыздық, салмақты, ығыстырушы күш, қысым
модальды етістік (мысалы, болуы мүмкін, болады, болуы тиіс)

Сұйықтық туралы айтқан кезде, біз … таптық/қысымның … /..тәуелділікке байланысты өзгеретіндігі туралы қортытындыға келдік.
Қысым … болған жағдайда жоғары/төмен болады.
Қысым … жағдайда артады/кемиді.
Газ туралы айтқанда (мен … болады/болуы мүмкін / болуы тиіс/ …қарағанда жоғары/… қарағанда төмен деп ойлаймын/…сұйықтықтағындай болады деп ойлаймын), өйткені …
Газбен болатын/болуы мүмкін /болуы тиіс…, ол …



Тілдік мақсаттың өзге үлгілерін құру және ғылыми тілді оқыту үшін қосымша көмек ретінде жоғарыда келтірілген «Тілдік мақсатқа кіріспені» басшылыққа алыңыз.

Қысқаша шолу

Оқушылар дұрыс және дұрыс емес формадағы объектілердің тығыздығын өлшейтін болады. Ол үшін олар қатты денемен газдың көлемін өлшейтін болады. Олар сонымен қатар сұйықтық пен газдағы ығыстырушы күш туралы идеяны дамытатын болады.



Оқу бағдарламасына сілтеме

Оқыту мақсаттары

Сабақта қолдануға ұсынылатын тапсырмалар

Оқу әдістемесіне қатысты ескертулер

Оқыту ресурстары




-иінді таразының көмегімен массаны өлшеуді сипаттау;
-сұйықтың немесе қатты дененің көлемін өлшеу үшін өлшегіш цилиндрдің пайдалануын сипаттау және түсіндіру;
- сұйықтың және дұрыс және дұрыс емес пішіндегі қатты дененің тығыздығын анықтау әдісін сипаттау;
- тығыздық және оның табиғатын анықтау;
- тығыздық= масса / көлем формула бойынша есеп шығару;
- СИ негізгі өлшем бірлігін қолдана отырып, туынды өлшем бірлігін көрсету;

(W) Оқушыларға дененің массасын қалай өлшеу керектігін еске салу және олармен дұрыс пішіндегі дененің көлемін қалай өлшеу керектігін түсіндіру.

(G немесе I)(E) Оқушылар бір заттан жасалған әртүрлі мөлшердегі заттардың көлемі мен массасын өлшейді. Одан кейін барлық жағдайда тығыздықтың бірдей екендігін көрсету үшін есептейді. Егерде мұндай мүмкіндік болатын болса, тура осындай, бірақ басқа материалдан жасалған материалды қосыңыз. Бұл жағдайда оқушылар жұмыстарының нәтижелерінде ауытқу пайда болады.


(G)(E) Оқушылар әртүрлі заттан жасалған дұрыс пішіндегі денелердің көлемін мен массасын өлшей отырып, әртүрлі тығыздық көрсеткіштеріне ие болады.




Осы тапсырманы барлық түрлерін орындаған кезде көлемі, массасы және тығыздығы тиісті бірліктері көрсетілген кесте түрінде жазылуы тиіс.

Егерде мұндай мүмкіндік болатын болса, бірдей көлемге ие, бірақ әртүрлі материалдардан жасалған бірнеше кубтарды қолданыңыз. Оқушыларға мысалы, тең көлемдегі, бірақ әртүрлі массадағы алюминий, полистирол және ағашты таратқан кезде, оларда тығызыдық пен массаның өзара байланысу туралы түсінік тез қалыптасады.










-иінді таразының көмегімен массаның өлшеуін сипаттау;
-сұйықтың немесе қатты дененің көлемін өлшеу үшін өлшегіш цилиндрдің пайдалануын сипаттау және түсіндіру;
- сұйықтың және дұрыс және дұрыс емес пішіндегі қатты дененің тығыздығын анықтау әдісін сипаттау;
- тығыздық және оның табиғатын анықтау;
- тығыздық= масса / көлем формула бойынша есеп шығару;


(G) (E) Оқушылар, дене көлемін өлшегіш ыдысы арқылы анықтай отырып, дұрыс емес пішіндегі кейбір денелердің тығыздығын өлшеулері тиіс. Дененің көлемі сұйық деңгейдің артуымен анықталады.

.


Оқушылар осы жұмыс барысында өз тығыздығын өлшей алады. Олар өздерінің көлемін өлшей алатын әдістердің біріне сәйкес суы бар резервуарға түсуі тиіс. Қауіпсіздік сұрақтары сайта берілген.


http://labspace.open.ac.uk/file.php/5912/PHY_Pack_8.pdf

адамның көлемі



http://www.practicalphysics.org/go/Experiment_758.html;jsessionid=aQZiDHjdNEc7?topic_id=$parameters.topic_id&collection_id=%24parameters.collection_id





- сұйықтыққа немесе газға батырылған денеге әсер ететін итеретін күштің табиғатын түсіндіру;


(D) Полиэтилен пакетіне су толтырыңыз. Молекулалардың бір-біріне, сондай-ақ пакет қабырғаларына соғыла отырып орын ауысатындарын, сондықтан да сұйықтықтың барлық бос кеңістікті толтыратындығы туралы идеяны талқылаңыз. Қысым түсінігімен байланыс жүргізіңіз. Одан кейін пакетке түйреуішпен тесік жасаңыз. Қысымды ұлғайту үшін пакетті қысыңыз. Оқушылардан пакетті сыққан кезде нені байқағандарын сұраңыз. Пакетті сыққан кезде, молекуларлардың қысымды арттыра отырып бір-біріне жақындайтындығы туралы идеяны талқылаңыз.

(G)(E немесе D) Оқушылар сұйықтықтағы қысымды зерттеумен айналысады. Аздаған топтарда сұйықтықтағы қысымды көрсету үшін, жұмыстың екі түрі орындалады. Олар алдымен әртүрлі биіктіктерде орындалған тесіктері бар судың бөтелкесін алады. Олар тереңдікке байланысты қысымның өзгерісін көрсету үшін, бөтелкеге су толтырады.

(f)(I) Оқушылардан элементар бөлшектер теориясы бойынша алған білімдерінің негізінде, газдағы қысымның көп немесе аз болатындығы туралы жорамалдар жасауды сұраңыз.

(I немесе G) Оқушылар сұйықтық пен газдағы қысым практикалық мақсаттары қолданылған кезде зерттейді, одан соң өздерінің зерттеулерін қандай да болмасын формада ұсынады.




Жұмыс табақ немесе раковина үстінде орындалуы тиіс.

Оқушылар жұмысты орындау барысында бөлшектердің кинетикалық энергиясы туралы және ол қалайша қысымға әсер ететіндігі жайлы ойланулары керек.

Гидравликалық жүйе, барометр, ішу үшін қолданылатын түтікше, манометр, сифон, шприц туралы идеялар ұсынылуы мүмкін.







Каталог: megssoem -> eokkuugw -> wascsoug
eokkuugw -> Тіл үйрету сабағында оқылымның болжау стратегияларын тиімді ұйымдастырудың жолдары
eokkuugw -> Орал қаласы физика-математика бағытындағы нзм-нің 11-сынып оқушысы Максутов Куандықтың оқылым және мәтінді талдау жұмысы. Пән мұғалімі З. Т. Тажигалиева Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі»
eokkuugw -> Талдықорған қаласындағы нзм-нің 12-сынып оқушысының қазақ әдебиеті пәнінен сыни талдау жұмысы Ермекбаева Зере 12е-сынып Оралхан Бөкей өзінің «Апамның астауы» және «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімелерінен қандай әсер тудырды?
eokkuugw -> Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудағы айтылым дағдысының РӨЛІ
eokkuugw -> Орал қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
eokkuugw -> Сабақ тақырыбы : Тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері
eokkuugw -> Қазақ тілін оқытудағы заманауи талаптар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет