Қызметті алушылардың қанағаттанушылық деңгейі, оның ішінде жоспарланғаннан қарағанда көрсетілген мемлекеттік қызметтердің нақты көлемінің деңгейі туралы ақпарат.
Есепті кезеңде байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитетімен қызметті алушылардың қанағаттану деңгейін, не олардың артықшылықтарын анықтайтын әлеуметтік зерттеулер бойынша келесі тақырыптарда іс-шаралар өткізілген:
ХҚО-да азаматтардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қанағаттану деңгейін анықтау.
2015 жылы ХҚКО мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне азаматтардың қанағаттану деңгейін анықтау бойынша социологиялық зерттеу жүргізілді, қызметті алушылардың жалпы қанағаттану индексі 84,7 %.құрады
Зерттеу географиясы: Қазақстан Республикасы. Зерттеу объектілері: облыс, аудан орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда 267 ХҚКО, соның ішінде 9 мамандандырылған ХҚКО, 8 мыңнан астам адам сұралды.
Сонымен бірге, зерттеу барысында электрондық форматта «электрондық үкімет "порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы туралы азаматтардың пікірі зерттелді.
Мысалы, электрондық форматта көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына 89,1% сұхбаткер қанағаттанған.
Жыл сайын өткізілетін әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері азаматтардың қанағаттандырылу деңгейінің тұрақты өсу үрдісі жайлы дәлелдейтін атап өту керек. Мәселен, көрсеткіш 2012 жылы ол 81,6%, 2013 жылы – 82 %, 2014 жылы – 82,7 %.
2013-2015 жылдары "электрондық үкімет" портал арқылы 126 млн. астам қызмет көрсетілді, 72 мыңнан астам электрондық лицензиялар, 764 мың рұқсат беру құжаттары берілген.
"Электрондық үкімет" порталында мемлекеттік қызметтерді алуды айтарлықтай жеңілдететін халық және бизнес үшін 215 электрондық қызметтер қолжетімді.
"Мобильді үкімет" арқылы "электрондық үкіметтің" 54- 83 дейін қызметтер саны жеткізіліп, бұл ретте есепті кезеңде 1,5 млн. астам қызмет көрсетілді.
2) Отандық БАҚ қажеттілігін анықтау.
Жыл сайын 4-тоқсанында: "Отандық БАҚ қажеттілігін анықтау " тақырыбында социологиялық зерттеу өткізіледі.
Тұрғындардың жаппай сауалнама географиясы: 14 облыс пен республикалық маңызы бар 2 қала: Астана мен Алматы.
Тұтастай 17 қалалық және 32 ауылдық елді мекен зерттеумен қамтылды.
Іріктеу параметрлері: 10 жастан асқан ел халқы үшін қайталап таныстырмалы, көпсатылы бөліктелген аумақтық кездейсоқ іріктеме.
Іріктеме жиынтықтың көлемі 2500 сұхбаткерді құрады. ДИ 95% кезінде ± 2% деңгейінде іріктеменің шекті қатесін есепке алғанда әлеуметтік сауалнама нәтижелері қайталап таныстырмалы болып табылады.
Зерттеудің сандық әдістерінен басқа, сапалық әдістері пайдаланылды. Атап айтқанда 8 фокус-топтық пікірталас өткізілді.
Бұл зерттеуде 2012-2015 жылдар аралығында өткізілетін бұқаралық ақпарат құралдарына қажеттілік деңгейінің мониторинг нәтижелері талданды.
Маңызды зерттеу нәтижелерінің арасынан келесіні атап өтуге болады:
Ақпарат алудың қолайлы арналары
Биылғы жылы алдыңғы өлшеу кезеңіне тән елдегі оқиғалар туралы қалаулы ақпарат арналарын таңдауда үрдістер өз жалғасын тапты.
Едәуір дәрежеде ел ішіндегі оқиғалар туралы көздерді таңдауға интернет маңыздылығын арттыру және бірте-бірте баспасөз баспасын ығыстыру факторлары әсер етеді. Мынадай өзіне тән үрдістер бөлінеді:
1. Республикалық телевизия өз ұстанымын аздап әлсіретті, бірақ елде болып жатқан хабарларды таратушы көз ретінде біріншілікті ұстауды жалғастыруда (61%).
2015 жылы өткен жылға қарағанда бұл көзді 9% - ға сирек бағалайтын болды.
Қазақстандықтар арасында ел өмірі туралы ақпарат көзінің рөлі ретінде неғұрлым мына телеарналар "КТК", "Первый канал Евразия", "Хабар", "Қазақстан", "31 арна" танымал.
2. Интернет елде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат көзінің маңыздылығы бойынша екінші ұстанымды ұстап тұр.
2013 жылдан бастап, Интернет жергілікті телевизия хабарлары және референтті топ (туыстары, достары, таныстары) сияқты ақпарат көздерін ығыстырып тастады.
Сауалнама нәтижелері бойынша елімізде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат көзі ретінде ең танымал интернет-ресурстар: "Mail.ru" (10,3%), "Вконтакте" (10%), "Youtube" (9,4%), "Google" (8,4%), "Одноклассники" (7,4%), "Nur.kz" (5,1%), "Мой мир" (4%), "Yandex" (3,5%).
3. Мониторинг қорытындысы бойынша, 2012 жылдан бастап елімізде болып жатқан оқиғалар жайлы ақпарат көзі ретінде жергілікті телевизияның маңыздылығының ұдайы төмендеуі байқалады. Егер 2012 жылы, қойылған сауалға жауап берген қазақстандықтардың төрттен бір бөлігі таңдаса, 2015 жылы, – 15,8% (- 9,2%) ғана таңдады.
4. Референттік топ (туыстары, достары, таныстары) төрт өлшеу қорытындысы бойынша елдегі жағдай туралы артықшылықты ақпарат тұрақты көздері рейтингісінде үшінші орында қала береді. Бұл ақпараттандыру арнасы халыққа тұрақты әсер етеді, бұл бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенімнің төмендегенін көрсетеді.
5. Ресейлік БАҚ елде болып жатқан оқиғалар туралы ақпарат көзі ретінде маңыздылығымен қазақстандық баспасөзді, орталық және жергілікті ауқымдағы, сондай-ақ қазақстандық радионы басып озады.
6. Республикалық және де жергілікті баспасөздің елімізде болып жатқан соңғы оқиғалар туралы ақпарат көзі ретінде маңыздылығы төмен.
Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, қазақстандық қоғамда отандық БАҚ тұрақты сұранысқа ие болып тұр. Медиа массасының 3 түрі бойынша отандық 63% құрады. 2012 жылы 61,2%, 2013 жылы - 61,4%, 2014 жылы – 62% құрады.
Өткізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат.
2014 жылдың бірінші тоқсанында республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетімен (бұдан әрі – Есеп комитеті) жекелеген бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 2013 жылы бөлінген республикалық бюджет қаражаттарды пайдаланудың тиімділігін тексеру жүргізілген, сондай-ақ, Мемлекеттік Бағдарлама шеңберінде іс-шаралардың орындалуын көздейді (тексеру кезеңі: 2012 жылғы қаңтар – 2013 жылғы желтоқсан).
Сонымен қатар, Есеп комитетінің 2014 жылғы 12 қыркүйектен №7-1-44/1446-И сұрау салуына сәйкес, Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігімен 2013 жылға Мемлекеттік Бағдарлама іс-шаралар Жоспарын іске асыру, 2014 жылғы 1 тамызға Мемлекеттік Бағдарлама іс-шаралар Жоспарының мониторинг жедел нәтижесі және Мемлекеттік Бағдарламаны іске асыру шеңберінде республикалық бюджеттің қаражатын пайдалану жөніндегі ақпарат туралы есеп жіберілді.
Қорытындылар мен ұсыныстар.
Тұтастай алғанда, "Ақпараттық Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды оң сипаттауға болады.
2013-2015 жылдардың қорытындылары бойынша 83 нысаналы индикатордан 33 нысаналы индикаторға қол жеткізілді. Іс-шаралар негізінен уақытында орындалады. Кейбір іс-шаралар объективті себептер бойынша анағұрлым кешірек мерзімде, бірақ орындалады.
Атап өту қажет, «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламаның 2014 жылға мониторинг қорытындысы бойынша ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы Н. Нығматулинмен 2015 жылғы 22 сәуірдегі №2315-4 ПАБ Мемлекеттік Бағдарламаға түзетуді қамтамасыз етуге және әрбір жылдар бойынша Мемлекеттік Бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерінің аралық жоспарлы маңызын енгізіп Мемлекеттік Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарын қайта қарауға тапсырма берілді. Мемлекеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу мәселесі жан-жақты пысықталды, барлық ескертулер жойылды.
Сонымен қатар, жетекші елдердің тәжірибесі экономиканың әртараптандыру және өсуін, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, және кәсіпорындарда салалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін цифрлық экономиканың соңғы инновациялық технологияларын қолдана отырып (үлкен деректер, мобильдік және бұлтты технологиялар, интернет заттарды, әлеуметтік желілер, роботтандыру, өнеркәсіптік автоматтандыру және т. б.). экономиканың басым салаларын және әлеуметтік саланы цифрландыруға бағытталған жобаларды іске асыру қажеттілігін көрсетеді.
Әлемдік экономикадағы дағдарыс жағдайының аясында Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа (БЭК, ДСҰ) және жаһандық сын-қатерлердің экономикалық интеграциясын ескере отырып, бүгінгі күні ең өзекті міндеттер әлемдік аренада елдің экономикасын әртараптандыру және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады. Интеграция және жаһандық сын-қатерлер бізден білімдер мен технологиялардан құрылған жаңа сандық экономиканы жеделдетіп құруды талап етеді.
Алдыңғы қатарлы әлем елдерінің тәжірибесі экономика салаларын цифрлау және АКТ-ның таралуын көтеру экономикалық өсу тұрғысынан едәуір нәтиже қамтамасыз ететінін көрсетеді.
Мәселен, McKinsey компаниясы халықаралық сарапшыларының бағалауы бойынша халықты 10 пайыздық пунктерде Интернетпен қамтуды ұлғайту дамушы елдердің ЖІӨ-нің шамамен 1% - ға өсуіне әкеледі.
Бүгінгі таңда цифрлық экономикаға Канада, Австралия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Үндістан және т. б. сияқты елдер таңдау жасады. Қосымша, сандық экономика бойынша ұсынымдар мен стратегиялық бағдарламалар түрінде Еуропалық Одақ, ЭЫДҰ-мен және өзге де халықаралық даму институттары өз пайымын әзірледі.
Тиісінше, мүмкіндіктер мен жинақталған әлеуетті ашатын айтылған сын-қатерлерді ескере отырып, инвестиция және даму Министрлігімен қазіргі уақытта тәсілдерді, жаңа "Цифрлық Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бүгінгі күні Үкіметте «Цифрлық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу амалдары бойынша талқылау жүргізілуде (бұдан әрі – Бағдарлама).
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігімен Бағдарламаның тұжырымдама жобасы әзірленді.
Тұжырымдаманың жобасында келесі басты бағыттар анықталды: сандық телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту, тапсырыскерлерге бағытталған мемлекет қалыптастыру, креативті қоғам құру және сандық индустрияны дамыту. Осы бағыт шеңберінде мақсатты көрсеткіштерімен және әлеуетті қатысушылары мен жобалардың орындаушыларымен нақты жобалар ұсынылды.
Сонымен қатар, Министрлікпен сапалы пысықтау мақсатында, отандық компаниялар мен ЖОО-мен кездесулер және талқылаулар өткізілді, Cisco және Huawei секілді вендорлармен роуд-шоулар өткізіліді, Дүниежүзілік банктің және IDC консалтингтік компанияның халықаралық сарапшылары тартылды.
Қазіргі кезде жоғарыда көрсетілген сарапшылармен бірлесіп, Бағдарлама бағыттары бойынша жұмыс топтары құрылуда.
Достарыңызбен бөлісу: |