2)Интернет жүйесіне қосылған денешынықтыру және спорт саласындағы нысандардың үлесі 2017 жылда - 100%, факт бойынша: 2013 жылда 77,9%, 2014 жылда – 79,5%, 2015 жылда – 76,3%.
3)жаттықтырушылар мен спортшылардың компьютерлік сауатын көтеру 2017 жылда - 70%, факт бойынша 2014 жылда – 94,6%, 2015 жылда – 95,1%.
Туризмдегі АКТ
Мақсатты индикаторлар
1)Интернет жүйесіне қосылған туристік инфрақұрылым нысандарының (қонақүйлер, демалыс базалары мен туристік фирмалар) үлесі 2017 жылда - 100%, факт бойынша: 2013 жылда – 70,9%, 2014 жылда – 57,7%, 2015 жылда – 57,4%.
2)интернет-брондаудың халықаралық жүйесіне қосылған туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылда - 65%, факт бойынша: 2013 жылда – 10,7%, 2014 жылда – 30,3%, 2015 жылда – 17,9%.
3)жеке интернет-порталы бар туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылда - 100%, факт бойынша: 2014 жылда – 26,1%, 2015 жылда – 20,3%.
4)ішкі бизнес-процестерді автоматтандырған туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылда - 100%, факті бойынша: 2013 жылда – 1,6%, 2014 жылда – 20,5%, 2015 жылда – 14,6%.
Бағыт 4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту
Мәдениет саласындағы АКТ дамыту
Мақсатты индикаторлар
1)халықтың «Мәдени мұра» жобасынан хабардар болу деңгейі 2017 жылда - 82% құрайды, факт бойынша: 2013 жылда – 77,7%, 2014 жылда – 78,1%, 2015 жылда – 80,4%.
2) «Қазақстан кітапханасы» электрондық мемлекеттік кітапхана қоры» ақпараттық жүйесіне кіру көрсеткіші 2017 жылда – 55 мың бірлік, факт бойынша: 2013 жылда – 64 мың бірлік, 2014 жылда – 68 мың бірлік, 2015 жылда – 69 мың бірлік.
Отандық БАҚ жетілдіру
Мақсатты индикаторлар
1)ұлттық спутник желісі абоненттерінің саны – 2020 жылда – 500 мың, факт бойынша: 2013 жылда – 523,2 мың абонент, 2014 жылда – 796,2 мың абонент, 2015 жылда – 1 047,772 мың абонент.
2) ел аумағында қолжетімді отандық телеарналар – 2013-2015 жылда - 44
3) қазақстандық телевизия арналарын тарату географиясын 2017 жылы 100 шет елге дейін кеңейту, фактілер: 2013 жылы – 93 ел, 2014-2015 жылдары – 118 ел.
4) Интернетте баспа және электрондық БАҚ-тың ұсынылғандығы 2017 жылы - 70 %, фактілер: 2013 жылы – 36%, 2014-2015 жылдары – 45%.
5) ұтқыр қосымшалар арқылы қолжетімді БАҚ 2017 жылы – 50 %, фактілер: 2013 жылы – 22%, 2014 жылы – 94%, 2015 жылы – 86%.
6) негізгі ақпараттық қажеттіліктерін отандық БАҚ есебінен қанағаттандыратын халық үлесі (әлеуметтік зерттеулер деректері бойынша) 2017 жылы – 64 %, фактілер: 2014 жылы – 44,3%, 2015 жылы – 62,1%.
7) мемлекеттік БАҚ тартатын жарнамалық құралдардың көлемін арттыру 2017 жылы – 35 % (2012 жылмен салыстырғанда), фактілер: 2013 жылы – 2%, 2014 жылы – 16,45%, 2015 жылы – 13%.
Отандық кеңістіктің өндірісін ынтыландыру
Нысаналы индикаторлар
1) Интернет-трафиктің ішкі және сыртқы көлемінің арақатынасы – 2017 жылы 0,7:1, факті: 2013 жылы – 0,48:1, 2014 жыл – 0,28:1.
Статистикалық жұмыстардың 2016 жылға арналған жоспарына сәйкес статистика органдары 2015 жыл үшін деректерді 2016 жылғы мамырда жариялайтын болады.
2) «.kz» және «.қаз» домендеріндегі Интернет-ресурстар санының 2017 жылы 35 %-ға артуы, фактілер: 2013 жылы – 21%, 2014-2015 жылы – 46%.
3) қазақстандық сайттарға орташа кіруді 2017 жылы 40 %-ға арттыру, фактілер: 2012 жылмен салыстырғанда қсу 2013 жылғы факті – 66,9%, 2014 жылы – 77,3%, 2015 жылы – 93%.
4) 2017 жылы жылына кемінде 10 отандық телесериал түсіру, фактілер: 2013 жылы – 23 телесериал, 2014 жылы – 14 телесериал, 2015 жылы – 36 телесериал.
5) қоса қаржыландыру шартының негізінде жеке меншік телеарналар арасында тапсырыс беру тәсілімен телевизиялық өнімнің өндіріс көлемі 2017 жылы – кемінде 10 жоба, фактілер: 2013 жылы – 11 жоба, 2014 жылы – 10 жоба, 2015 жылы – 17 жоба.
6) отандық өндірістегі телеөнімдер көлемі 2017 жылы – эфирлік уақыттың 53 %-ы, фактілер: 2013 жылы – 66,9%, 2014 жылы – 77,3%, 2015 жылы – 80%.
7) мемлекеттік телеарналардың контент өндірісін аутсорсингке беруі 2017 жылы 50 %, фактілер: 2013 жылы – 31,4%, 2014 жылы – 56,96%, 2015 жылы – 57,75%.
8) қазақстандық блог саласының көлемі – 2017 жылы 100 Интернет пайдаланушыға шаққанда 1 дербес интернет-блог, фактілер:
2013 жылы – 135 интернет-пайдаланушыға 1 дербес интернет-блог,
2014 жылы – 115 интернет-пайдаланушыға 1 дербес интернет-блог,
2015 жылы – 110 интернет-пайдаланушыға 1 дербес интернет-блог.
9) прокаттағы отандық көркем фильмдердің саны – 2017 жылы 8 %, фактілер: 2013 жылы – 5%, 2014-2015 жылдары – 5,2%.
Мемлекеттің қызметін ақпараттық сүйемелдеу
Нысаналы индикаторлар
1) мемлекет қызметінің түйінді және әлеуметтік маңызы бар бағыттары туралы халықтың хабардар болу деңгейі (әлеуметтанушылық сауалнама нәтижелері бойынша) 2017 жылы - 65 %, фактілер: 2013 жылы – 89,1%, 2014 жылы – 89,5%, 2015 жылы – 90,3%.
2) мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың тиісті кәсіптік білімі бар баспасөз қызметі қызметкерлерінің үлесі – 2017 жылы - 100 %, фактілер: 2014 жылы – 85,7%, 2015 жылы – 75%.
Есепті кезеңде жоспарланған іс-шаралар саны
Мемлекеттік бағдарлама бойынша 257 іс-шара өткізу жоспарланған, оның 162-тарауы орындалды, 87-і орындауда (іске асыру мерзімі жыл сайын, 2016, 2017 жылдар), 3 іс-шара орындалған жоқ.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына (бірінші кезең) төрт негізгі міндет кіреді.
Сонымен, «Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету» міндеті бойынша 113 іс-шараны іске асыру көзделген, оның:
2 іс-шара орындалған жоқ.
42-тарау. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің деректері бойынша «әкімшілік құжаттарды нөмірлеу мен кодтаудың бірыңғай жүйесін енгізу» іс-шарасы Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағатының ақпараттық жүйесін іске асырумен тікелей байланысты, бірақ республикалық бюджетті шығыс бөлігінде оңтайландырумен байланысты 2015 жылғы 17 ақпандағы № хаттамалық шешімімен Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағатының ақпараттық жүйесін іске асыруды қаржыландыру мәселесі алынып тасталды (хаттаманың 2.2-тарауы).
57-тарау. Ұлттық ГАЖ құруға техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу және бекіту – ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне байланысты емес объективті себептер бойынша орындалған жоқ.
Осы іс-шараны орындау шеңберінде ҰГАЖ ТЭН әзірленді, мүдделі мемлекеттік органдармен келісілді.
Сонымен бірге, Республикалық бюджетті қарау отырысының шеңберінде жобаны іске асыруды 2017 жылға қалдыру туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының 2015 жылғы 19 тамыздағы №01-7.7 (ХТ) Хаттамалық тапсырмасы негізінде ол бойынша орындау 80%-ды құрайтын жобаларды қоспағанда мемлекеттік бюджеттен жаңа бастамаларға қаражат бөлуге мараторий енгізілді, осыған байланысты ТЭН бекіту мүмкін емес.
Сондай-ақ, жаңа редакциядағы «Ақпараттандыру туралы» заңға сәйкес аталған жоба БАҚ үлгілеру бойынша іске асырылатын болады.
86 іс-шара орындалды.
Рұқсат беру құжаттарының санын қысқарту және рұқсат беру құжаттарын алу рәсімдерін оңайлату жөніндегі мәселе пысықталды;
Рұқсат беру құжаттарының саны қысқартылды (кемінде 50 %-ға) және рұқсат беру құжаттарын алу рәсімдерін оңайлатылды;
Әрбір мемлекеттік органда ақпараттандыруға және АҚ-ға жауапты ұйымдық бірліктерді бөлу мүмкіндігі туралы мәселе қаралды;
АКТ мен АҚ-ті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік техникалық саясатты әзірлеу туралы мәселе қаралды;
Мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен регламенттері бекітілді;
Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің бизнес-процестері мен мерзімдерін қысқарту жөніндегі іс-шаралар жоспарлары бекітілді;
Пысықталған тәсілді кейіннен басқа ОМО сәулетін құру кезінде қолдану үшін ККМ мақсатты сәулетін әзірлеу бойынша мәселе пысықталды;
Орталық мемлекеттік органдардың өз сәулетін әзірлеуі бойынша мәселе пысықталды;
«Электрондық әкімдіктің» үш деңгейлі үлгілік архитектурасын әзірлеу бойынша мәселе қаралды;
Ақпараттандырудың сервистік үлгісінің шеңберінде АКТ бюджеттерін басқару және АКТ жобаларының көпшілігін республикалық деңгейде іске асыруды басқару процесі орталықтандырылды;
Барлық деңгейдегі әкімдерді және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қоса алғанда, азаматтардың мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін электрондық бағалау тетіктерін әзірлеу бойынша мәселе қаралды;
Азаматтың бірыңғай жеке кабинетін құрылды және енгізілді;
Қазақстан Республикасының Үкіметі және мемлекеттік органдар «электрондық үкімет» порталы арқылы азаматтарға және бизнеске ұсынатын бұқаралық ақпараттың тізбесін кеңейту жөніндегі мәселе пысықталды;
Қазақстан Республикасының заңнамасында бұқаралық жариялаудың не мемлекеттік органдар ұсынудың міндетті сипаты белгіленген электрондық ақпараттық ресурстарды уақтылы ұсыну, оның объективтілігі, толықтығы және дұрыстығы мақсатында заңнамаға өзгерістер енгізу мәселесі пысықталды;
ҚР Парламентінің ашықтығын арттыру бөлігінде жұмыс істеп тұрған инфрақұрылымды және ақпараттық жүйелерді жаңғырту туралы мәселе қаралды;
Ашық деректер тізбесі бекітілді;
Электрондық сервистер ұсыну мүмкіндігі бар Сот органдарының интернет-ресурсы жаңғыртылды;
Сот отырысы залдарында аудио-, бейне тіркеудің жаңғыртылған жүйесі енгізілді;
«Электрондық үкіметтің» архитектурасын жаңғырту мәселесі пысықталды;
Сәулеттік портал жасауға арналған ТЭН әзірлеу мәселесі қаралды;
МО бірыңғай ақпараттық-талдамалық ортасын құру мәселесі пысықталды;
«Е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорын дамыту бойынша іс-шаралар өткізілді;
Квазимемлекеттік сектордың рұқсат беру жүйесін автоматтандыру, «электрондық үкіметтің» құрамдауыштарымен ықпалдастыру («Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді офисі» АЖ, «электрондық үкіметтің» порталы, электрондық құжаттардың бірыңғай сақтау орны, «ашық деректер» модулі), «мобильді үкіметпен» ықпалдастыру бөлігінде «е-лицензиялау» мемлекеттік дерекқорын дамытуға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді;
ХҚО ИАЖ дамыту бойынша ішінара іс-шаралар өткізілді;
«Мобильді үкімет» құру мәселесі пысықталды;
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильді кеңсесі» АЖ дамыту бойынша іс-шаралар өткізілді;
Қазақстан Республикасының электрондық түрдегі нормативтік және құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі жасалды;
«Е-қызмет» ИАЖ құрылды;
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ИАЖ құрылды;
Сот құжаттарының электрондық мұрағаты құрылды;
Атқарушы өндіріс органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі құрылды;
«Е-Қаржымині» ықпалдастырылған ААЖ құрылды;
«Электрондық мемлекеттік сатып алу» автоматтандырылған ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар өткізілді;
«Электрондық кеден» кедендік ААЖ дамыту бойынша іс-шаралар өткізілді;
Қазынашылық ААЖ дамыту және қазынашылық-клиент құрамдауышын дамыту бойынша іс-шаралар өткізілді;
Салықтық заңнаманың өзгеруіне байланысты салық органдарының ақпараттық жүйелерін жаңғырту бойынша іс-шаралар өткізілді;
Мемлекеттік органдардың қаржы-шаруашылық қызметін автоматтандыру үшін «е-Қаржымині» ықпалдастырылған ААЖ құру» жобасын іске асыру барысында алынған шешімдерді қайтадан қолдану мәселесі қаралды;
«Электрондық үкімет» порталын және шлюзін дамыту мәселесі пысықталды;
Ұлттық ГАЖ құруға ТЭН әзірлеу мәселесі пысықталды;
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын жоспарлау, мониторингтеу және бақылау жүйесін құруға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді;
Мемлекеттік мекемелердің интернет-ресурстарын біріздендіру және оларды бірыңғай тұғырнамаға ауыстыру мәселесі пысықталды;
«Е-Статистика» ЫАЖ құрылды және дамытылды;
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) функцияларын автоматтандыру» инвестициялық жобасының ТЭН әзірлеу мәселесі қаралды;
«ҚР МГМ ақпараттық порталы» ЫАЖ құру (ҚР МГМ функцияларын автоматтандыру) мәселесі пысықталды;
«Электрондық үкімет» шеңберіндегі заманауи ақпараттық технологиялар базасында Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі құрылды;
МО ақпараттандырудың аутсорсингті моделіне өтудің жоспарларын әзірлеу үшін МО АК-инфрақұрылымына талдау мен зерттеу жүргізу туралы мәселе пысықталды;
«Мемлекеттік «бұлтты» тұғырнама жасау» (G-Cloud) ҚЭН және ТЭН әзірлеу мәселесі қаралды;
Пилоттық шеңберде ККМ-де және Қаржыминінде мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орындарын виртуалдандыру бойынша мәселе пысықталды;
Пилоттық шеңберде ККМ-де, Қаржымині мен Әділетминінде серверлік қуаттылықты виртуалдандыру бойынша мәселе пысықталды;
Ақпараттандырудың жана моделі шеңберінде МО үшін пысықталған тәсілді кейіннен қолдану мақсатында ҚР ИДМ үшін пилотты режимде АЖ мен серверлік жабдықтарды қолдану және/немесе G-Cloud-қа аудару бойынша іс-шаралар өткізілді;
«Бұлтты есептеулер» базасында мемлекеттік органдардың бірыңғай пошта жүйесі қызметін ұсыну бойынша мәселе қаралды;
Аутсорсингті көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесі әзірленды;
Ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер құнын есептеу әдістемесі бекітілді;
G-Cloud инфрақұрылымын дамытуға және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін G-Cloud көшіруге жауапты ақпараттандыру саласындағы операторды айқындау мәселесі пысықталды;
МО мен сервистік интегратордың инфокоммуникациялық инфрақұрылымының операторы айқындалды;
G-Cloud базасында ЖАО АЖ құруға ТЭН әзірлеу туралы мәселе қаралды;
G-Cloud базасында ЭҚАБЖ дамытуға және жаңғыртуға ТЭН әзірлеу туралы мәселе қаралды;
G-Cloud базасында мемлекеттік деректер тізілімін құруға ТЭН әзірлеу туралы мәселе қаралды;
G-Cloud базасында мемлекеттік қызметшілердің біріздендірілген автоматтандырылған жұмыс орындарын әзірлеу үшін бірыңғай тұғырнаманы іске асыру бөлігінде мемлекеттік органдардың интранет-порталын дамытуға ТЭН әзірлеу мәселесі қаралды;
Мемлекеттік органдардың интранет-порталын дамытуға ТЭН әзірленді;
Мемлекеттік органдарға хостинг қызметтерін көрсету үшін серверлік интернет-тұғырнаманы құруға арналған қосымша қаржыландыру мәселесі пысықталды;
Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді қорғау бөлігінде АҚ талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметінің» резервтік алаңын құру мәселесі пысықталды;
Ірі коммерциялық дата-орталықтар құрылды;
Мемлекеттік органдардың және ЖАО интернет шешімдерінің бірыңғай тұғырнамасын құруға ТЭН әзірлеу мәселесі пысықталды;
ҚР ІІМ ықпалдастырылған дерекқорын жаңғырту мәселесі пысықталды – талғампаз клиентке өту;
«ҚР ІІМ ақпараттық-талдамалық орталығы» ақпараттық-талдамалық жүйесін құру және енгізу мәселесі пысықталды;
«Жедел есеп» ЫАЖ құру мәселесі пысықталды;
«Учаскеліктердің дерекқоры» АЖ құру мәселесі пысықталды;
«Учаскеліктердің дерекқоры» - Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары учаскелік инспекторларының қызметі үшін ақпараттық дерекқорды құруға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді және бекітілді;
«Тергеуші» ААЖ құру мәселесі пысықталды;
«Тергеуші» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құруға техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді және бекітілді;
Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқорын құру мәселесі пысықталды;
Қылмыстық-атқару жүйесінің орталықтандырылған автоматтандырылған дерекқоры құрылды;
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметін кешенді басқарудың АЖ құру мәселесі пысықталды;
ҚР ІІМ Көші-қон полициясы комитетінің АЖ құру мәселесі пысықталды;
ҚР Ішкі істер министрлігінің деректерді жіберу және телефония ведомстволық желісін жаңғырту мәселесі пысықталды;
ҚР Ішкі істер министрлігінің ведомстволық деректер беру және телефония желісі жаңғыртылды;
Жол қозғалысын бақылаудың зияткерлік жүйелерін енгізу мәселесі пысықталды;
Жол қозғалысын бақылаудың зияткерлік жүйелері енгізілді;
«Бірыңғай ақпараттық талдамалық жүйе» ААЖ құрылды;
Қазақстан Республикасының шағын қалаларын жедел басқару орталықтарын құру мәселесі пысықталды;
ҚР ІІМ тылдық қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесін құру жөнінде ұсыныстар әзірленді;
Елді мекендерді төтенше жағдайлар туралы халықты жаппай хабардар етудің заманауи жүйесімен жарақтандыру үшін КАКЖ МБОХХ (мемлекеттік басқару органдары мен халықты хабардар ету) кіші жүйесі бар түрлі өндірушілердің жабдықтарын интеграциялау бойынша тестілеу өткізілді;
Ұлттық ГАЖ-ды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасы аумақтарының қауіпсіздігі паспорттарын жасау бойынша ұсыныстар әзірленді;
Астана және Алматы қалаларының пилотты аймағында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 112 бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметін құруға техникалық жоба әзірленді;
Ұлттық ГАЖ негізінде «Қазақстан Республикасы аумағының сейсмоқауіпсіздігі» АЖ құру мәселесі пысықталды;
«Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету» бағыты бойынша 26 іс-шара іске асыру көзделген, оның:
18 іс-шара орындалды
CDMA технологиясын қолдану арқылы ауылдық байланыс телекоммуникациясы желілерін жетілдіру және дамыту бойынша іс-шаралар өткізілді;
FTTH технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділік дамытылды;
Халық саны 10 000 және одан артық елді мекендерде 3G желілерін пайдалану енгізілді;
«МобильныйPostman» жобасы іске асырылды;
Басым ұялы байланыс трафигіне қосылу және өткізу қызметінің тарифтері төмендетілді;
Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін дамытуды ынталандырылды, «КС-3 Орал қ. – РФ шекарасы (Самара)» БТОЖ, «Алматы-Қорғас» БТОЖ, «Ақтөбе-Жаңажол» БТОЖ, «Орал қ. – РФ шекарасы (Өзеңкі)» БТОЖ, «Ақтау - Таушық» БТОЖ, «Ақсай-Ақтөбе» БТОЖ, Ақтөбе қ. БТОЖ, «Бірлік - Қарабатан» БТОЖ магистралдары салынды;
«Ақпараттандыру туралы (жаңа редакция)», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпараттандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобалары әзірленді;
Отандық бағдарламалық қамтамасыз ету мен есептеуіш техника құралдарының өндірісін дамытуды ынталандыру бойынша ұсыныстар әзірленді;
АКТ-жобаларына шетелдік инвестициялар тартылды;
«Алатау» АЭА АТП инфрақұрылымдық дамуы (инженерлік инфрақұрылымның құрылысы) бойынша іс-шаралар жүргізілді;
Бизнес инкубациялау тетігі бар шағын инновациялық және стартап компанияларды егістік және венчурлік қаржыландыру құралдарын дамыту мәселесі пысықталды;
Еркін әрі ашық бағдарламалық қамтамасыз етуді кеңінен қолдана отырып, бағдарламалық қамтамасыз ету мен АТ-қызметтер нарығы дамытылды;
АКТ саласындағы ҒЗТКЖ-ны ынталандыру бөлігінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді;
Заңнаманың жекелеген саласын-ақпараттық құқықты бекіту және дамыту бойынша ұсыныстар әзірленді;
АКТ өнімдерін коммерцияландыру орталықтарын құру бойынша ұсыныстар әзірленді;
Робот жасау, мобильдік технологиялар, бұлтты және Grid есептеулер, жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеу жүйелері, ақпаратты қорғау және оның қауіпсіздігі, мультимедиа технологиялары және басқа өзекті бағыттар бойынша қажетті инфрақұрылымы бар ортақ пайдаланудағы ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар құру мәселесі пысықталды;
Ақпараттық технология саласында ноу-хаудың технологиялық және зияткерлік трансфертін қамтамасыз ету мақсатында жаһандық мәліметтер банкін қолдану үшін шетелдік зерттеуші және көпұлтты корпорациялармен ынтымақтастық бойынша іс-шаралар өткізілді.
Меншікті жұмыстарды ілгерілету бойынша университеттер мен ғылыми-зерттеу ұйымдарында меншікті әзірлемелерді дамыту жөнінде маркетингтік және коммерциялық қызмет дағдыларын дамыту бойынша ұсыныстар қалыптастырылды;
«Қоғамды әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамытуға арналған ақпараттық ортаны құру» бағыты бойынша 90 іс-шара іске асыру көзделген, оның:
1 іс-шара орындалған жоқ.
169-тарау. АКТ және АҚ мәселелері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерін даярлау және біліктілігін жоғарылату жүйесін құру.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және даму министрлігінің деректері бойынша ҚР 6 медициналық ЖОО-ның жұмыс оқу бағдарламаларына талдау жасалды. Тақырыптық жоспарлар жалпы білім беру мақсаттарына бағытталған, атап айтқанда стандартты офистік бағдарламаларында жұмыс істеу мүмкіндігі, ол студент алуы тиіс білім деңгейіне сәйкес келмейді; «Медициналық информатика» курсы бойынша 13 шетелдік медициналық ЖОО-ның силлабустарының тақырыптық жоспарларына талдау жасалды, силлабустарына талдау жасалған ЖОО қатарына мыналар: Гавай, Массачусетск, Гарвард, Техас, Мичиган, Иллинойс және АҚШ басқа университеттері, сондай-ақ Гонгонк университеті, Оңтүстік Грузия университеті, Прагадағы Карлов университеті кіреді. Барлық силлабустар пәннің тақырыптары мен атаулары салыстырмалы әр түрлі түсіндірулері бар болғанына қарамастан мазмұндары, мақсаттары, міндеттері мен соңғы нәтижелері бойынша ұқсас. Силлабустарды ЖОО-ның ғылыми-оқытушы құрамы дайындайды, 2012-2015 жылдары әзірленген. Силлабустардың барлығы 3 кредиттен тұрады. ҚР медициналық ЖОО-да дипломға дейінгі білім үшін «Медициналық информатика және электрондық денсаулық сақтау негіздері» курсының тақырыптары бойынша ұсыныстары бар талдамалық жазба әзірленді.
51 іс-шара орындалды
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау жөніндегі мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша ақпараттық жүйені құру мәселесі қарастырылды;
инфокоммуникация саласындағы басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілер лауазымдарының үлгілік, біліктілік сипаттамалары әзірленген және бекітілген;
Қашықтықтан жұмыспен қамту нарығын дамыту мәселесі қарастырылған;
Кәсіптік қауымдастықтарды қалыптастыру және дамыту бойынша кәсіптік салалық қоғамдастықтадың іс-шаралары ұйымдастырылған және қолдау тапқан;
Азаматтар, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік қызметшілер үшін "Электрондық мемлекеттік қызметтер" оқу бағдарламалары әзірленді және бекітілді.
"Электрондық үкімет " шеңберінде халықты оқыту бойынша қызметтер ұсынылды;
"Бизнестің Жол картасы – 2020" Бағдарламасы шеңберінде компьютерлік сауаттылықтың базалық дағдылары бойынша шағын және орта бизнес өкілдеріне жағдай жасау және оқытуды ұйымдастыру мәселе пысықталды;
мемлекеттік органдардың қызметкерлерін бейінді бағыттар бойынша арнайы оқыту бағдарламалары бойынша компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру мәселесі пысықталды;
Мультимедиа технологияларын пайдалана отырып цифрлық ғылыми-білім беру ресурстарын жүйелі дамыту бойынша мәселесі пысықталды;
Білім беру процестерін электрондық форматқа көшіру бойынша іс-шаралар өткізілді: материалдарды тарату, жаңалықтар жариялау, студенттер арасындағы қарым-қатынас, барлық жоғары оқу орындарында оқушылар мен оқытушылар арасындағы жеке қарым-қатынас;
қажетті жағдайларда саланың жетекші мамандарымен телекөпірлер, консилиумдар және консультациялар ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қорғалған бірыңғай денсаулық сақтаудың желісін құру мәселесі пысықталды (медициналық мекемелерді 100% қамту);
Денсаулық сақтау бірыңғай интеграциялық тұғырнамасын енгізу және оған барлық медициналық ұйымдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының АЖ және дерекқорларын қосу туралы мәселе қарастырылды;
Мекемелердің қызметі, мамандар, емделушілерді қабылдау кестесі туралы барлық қажетті ақпаратты өзінде сақтайтын медициналық ұйымдардың және денсаулық сақтау ұйымдарының деректер қорын құру мәселесі қарастырылды;
Барлық бастапқы медициналық қағаз құжаттамаларды электрондық нысанға ауыстыру туралы мәселе пысықталды (медициналық құжаттаманың бірыңғай форматын қамтамасыз ете отырып);
Жедел жәрдем қызметін автоматтандыру мәселесі пысықталды;
Халықтың шынайы уақыт режимінде қол жеткізуі үшін дәрілік препараттарды және оларды дәріханалық желілерде болуының бірыңғай деректер базасын құру мәселесі пысықталды;
АКТ және АҚ мәселелері бойынша денсаулық сақтау қызметкерлерін даярлау және біліктілігін жоғарылату жүйесін құру мәселесі пысықталды;
"Сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы " Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді;
Қазақстан, Ресей және Белоруссия арасындағы Кеден одағы шеңберінде ақпаратпен алмасу үшін мемлекетаралық шлюзды дамыту жөніндегі іс-шаралар өткізілді;
Салалық сауда алаңдарын құру бойынша ұсыныстар әзірленді;
Өнеркәсіптік кәсіпорындар қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейін арттыру мәселе пысықталды;
Жоғары жылдамдықты және жүрдек поездарды кеңжолақты Интернетпен, оның ішінде спутниктік технологиялардың негізінде қамтамасыз ету мәселесі пысықталды;
көлік инфрақұрылым кәсіпорындарын кеңжолақты Интернетпен қамтамасыз ету мәселесі пысықталды (автовокзалдарды, порттарды, теміржол вокзалдарын, әуежайларды);
Ішінара зияткерлік көлік жүйесін құруға (ЗКЖ) ТЭН әзірленді;
Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік басқару бизнес-процестерін автоматтандыру мәселесі пысықталды;
бірыңғай ақпараттық кеңістікте электрондық ақпараттық ресурстарды, жүйелерді және ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді дамыту жөніндегі іс-шаралар өткізілді;
Бірыңғай топография объектілерінің сыныптамасын құру және бірыңғай мемлекеттік координаталар жүйесін енгізу мәселесі пысықталды;
Ұлттық ГАЖ базасында агроөнеркәсіп кешенінің бірыңғай цифрлық картасын құру мәселесі пысықталды;
ұлттық ГАЖ базасында ауылшаруашылық ресурстарды қашықтықтан зондтау жүйелерін енгізу мәселесі пысықталды;
"Ақылды желілер" жобасын іске асыру мәселесі пысықталды;
Ғимараттарды, құрылыстарды салу, инженерлік желілерді тарту кезінде энерго - және ресурс үнемдеуші технологияларды көздейтін нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу (өзектілендіру) бойынша іс-шаралар өткізіліді;
Астана қаласында, кейіннен тәсілді басқа да қалаларда қолданумен "ақылды қала" жобасын құру мәселесі пысықталды;
ТКШ саласы қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығының деңгейін арттыру мәселесі пысықталды;
"Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының Мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінің қоса жүруі;
Ұлттық ГАЖ базасында Қазақстан Республикасының экологиялық және гидрометеорологиялық мониторингінің кешенді жүйесін құруға ҚЭН әзірленген;
Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау саласында ақпараттық қамтамасыз ету;
Қоршаған ортаны қорғау бірыңғай ақпараттық жүйесінің қоса жүруі;
Ұлттық ГАЖ базасында "Қоршаған ортаны қорғау кадастрларының бірыңғай жүйесі" АЖ құру бойынша ТЭН әзірлеу, соның ішінде "Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарының Мемлекеттік кадастрлары" АЖ дамыту мәселесі пысықталды;
Қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ұлттық стандарттары әзірленді;
Шынайы уақыт "online" режимінде қоршаған ортаның жай-күйіне бақылауды жүзеге асыратын қашықтықтық датчиктерді қолдану мәселе пысықталды;
Экология және гидрометрология саласы қызметкерлерінің компьютерлік сауаттылығы деңгейін арттыру мәселесі пысықталды;
спортшылардың оқу-жаттығу процесіне пайдаланылатын компьютерлік бағдарламалар енгізілді;
Жаттықтырушылар құрамы мен спортшылар арасында компьютерлік сауаттылығының деңгейі жоғарылатылды;
ұлттық ГАЖ базасында туризм объектілерінің, тарихи және ескерткіш жерлердің, санаторийлердің, курортты аймақтар мен өзге де көрікті жерлердің орналасқан жерлерін көрсете отырып Қазақстан Республикасының бірыңғай цифрлық картасын құру мәселесі пысықталды;
Ұлттық ГАЖ базасында Қазақстан Республикасында туризм объектілерінің тізілімін жасау және өзектілендіру мәселесі пысықталды;
Туризм индустриясының объектілерін салу және жабдықтау кезінде "жасыл", энергия және ресурс үнемдеуші технологиялар мен жабдықтарды енгізу үшін АКТ қолдану бойынша мәселе пысықталды.
"Отандық ақпараттық кеңістікті бойынша дамыту" бағыты бойынша 28 іс-шараларды жүзеге асыру қарастырылған, оның ішінде:
13 іс-шара орындалды
Тарихи-мәдени мұра объектілері туралы 3d форматтағы суреттер коллекцияларын кітапханаларда қалыптастыру мәселесі пысықталды;
Ұлттық-мәдени игілік объектілерінің электрондық мемлекеттік тізілімін жүргізу мәселесі пысықталды;
Қазақстан Республикасының құжаттарды ақпараттық іздеу функционалымен Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын автоматтандырылған есепке алу бірыңғай жүйесін құру мәселесі пысықталды;
Электронды мұрағаттар бірыңғай жүйесін құру мәселесі пысықталды;
Интернет желісінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуді жетілдіру үшін қолданыстағы штат шегінде арнайы мамандандырылған интернет-редакцияларды бөлу мақсатында құрылымын және мемлекеттік БАҚ штаттық кестесін қайта қарау бойынша іс-шаралар өткізілді;
Мемлекеттік БАҚ интернет-ресурстарының, ноутбуктер, смартфондар, планшеттік компьютерлер, интернет желісіне шығатын теледидар, автокөліктердегі мультимедиалық құрылғылардың экрандарында жайлы қабылдаулығын, олардың тартымдылығын және қол жетімділігін арттыру үшін жұмыс істеуі жөніндегі жаңа тұжырымдама әзірленген;
Мемлекеттік тапсырыс құрылымын қайта қарау бойынша мәселе пысықталды;
БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленген, оның ішінде отандық ақпараттық контентті дамыту үшін салық және басқа да жеңілдіктер.
"Қазмедиа орталығы" базасында мемлекеттік телеарналарының алтын қор сандық мұрағаты құрылған;
Телекөрермендер мен радиотыңдаушылардың қалауын анықтау мақсатында социологиялық медиа-өлшеулер өткізілді;
ұлттық ақпараттық кеңістік мониторингінің автоматтандырылған мемлекеттік жүйесін құру бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді;
мемлекеттік бағдарламаларды және жалпы ұлттық маңызы бар жобаларды сүйемелдеу бойынша бірыңғай ақпараттық жұмыс бойынша жоба әзірленді;
"Ақпараттық Қазақстан – 2020" Мемлекеттік бағдарламаның нысаналы индикаторларына қол жеткізуді мониторингтеу мәселесі қарастырылған.
АКТ дамытудың артықшылықтары АКТ нарығының өсуі, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы болып табылады. АКТ-ны дамыту ғылыми-зерттеулерге және осы саладағы әзірлемелерге инвестицияларды ынталандырады, кәсіпорындар АКТ-ны іске асыруға көбірек жұмсауға дайын.
Бұл АКТ инфрақұрылымын қамтамасыз етуге байланысты және қажетті қызметтерді ұсына отырып жаңа кәсіпкерлік қызмет түрлерінің пайда болуына әкеледі: мобильді байланыс нарығының, талшықты-оптикалық өндірісі және т. б.
АКТ бизнесте қолдану басқаруды автоматтандыру есебінен шығындарды және сондай-ақ АКТ-тауарларының виртуалды қасиеттерін төмендетуге мүмкіндік береді (көшіру, тарату және байланысты қамтамасыз етудің төмен шекті шығындары);
операциялық шығындарды қысқарту; жабдықтау және өндіру желілерінің тиімділігін арттыру; "дәл мерзімде" жүйелерін пайдалану есебінен қорлардың көлемін азайту. Интернет-конференциялар, келіссөздер өткізу қызметкерлердің іссапар шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді.
Орта және шағын кәсіпорындардың электрондық коммерцияның дамыуы арқасында жаңа тұтыну нарығына шығу мүмкіндіктері бар, ол бұрын тек ірі компанияларға қол жетімді болған.
АКТ-ны дамыту, атап айтқанда Интернетті, тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдастықтар мен қозғалыстарды ұйымдастыру үшін тұтынушыларға тауар немесе компаниялар туралы ақпарат алу үшін көбірек мүмкіндіктер ұсынады. Экономикалық онлайн қарым-қатынастар тауарлар немесе қызметтер ұсынатын тұтынушының және компанияның тікелей байланысысыз өтпеуіне байланысты, сенім және компания имиджінің маңызы зор.
Сондықтан, АКТ-ның дамуы компаниялардың қызметінде әлеуметтік жауапкершілікті белгілі бір дәрежеде арттыруға қолғабыс етеді. АКТ жылдам ақпарат алмасуға, қаржы операцияларын жоғары жылдамдықпен жүзеге асыруға, үлкен қатысушылар саны тартуға, соның ішінде жеке инвесторларды ықпал етеді.
Әлеуметтік салада АКТ саласын дамыту (АКТ-ны өндіру, енгізу және қолдану) жаңа жұмыс орындарын құруға, білікті IT-мамандар қажеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Білім алу үшін мүмкіндіктер кеңееді: атап айтқанда, қашықтықтан оқыту мүмкіндігі шектеулі адамдарға үнемі оқу орындарында сабаққа бармай білім алуға көмектеседі.
Интернеттің дамуымен денсаулық, дәрілер туралы ақпаратқа қол жеткізулері кеңейіп, денсаулық сақтау саласында (онлайн кеңестер), мемлекеттік басқару (электрондық үкімет) қызметтерін алуға мүмкіндіктер пайда болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту мақсатында (бұдан әрі - АКТ) "Ақпараттық Қазақстан-2020" Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде (бұдан әрі – мемлекеттік Бағдарлама) елімізде сандық экономика бірінші фазасы жүзеге асырылды, атап айтқанда, оның табысты іске асырылуы үшін негіздерін және базис құру. Атап айтқанда, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін және отандық ақпараттық кеңістікті дамыту секілді бағыттар айқындалды.
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру нәтижесінде 3 жылда (2013-2015 жылдар), Қазақстанға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал ететін жақсы көрсеткіштерге қол жеткізе алды. Оның ішінде.
"Электрондық үкімет" индексі бойынша БҰҰ рейтингінде ("Электрондық үкімет" индексі (The UN E-Government Development Index) – әлем елдерінде электрондық үкіметтің даму деңгейін сипаттайтын кешенді көрсеткіш) Қазақстан 38-ші орыннан 28-ші орынға көтерілді.
Дүниежүзілік экономикалық форум сарапшыларының бағалауы бойынша Қазақстан келесі көрсеткіштердің динамикасын көрсетті 2013 жылдан (2012 қорытындысы бойынша) 2015 жыл бойынша бәсекеге қабілеттіліктің Жаһандық индексінің рейтингінде:
"Тіркелген телефон желілері" индикаторы бойынша Қазақстан 45-ші орыннан 40-шы орынға көтерілді.
- "Ұялы байланыс абоненттері" индикаторы бойынша 10-шы орыннан 7-ші орынға;
"Интернеттің өткізу қабілеті" индикаторы бойынша 54
- "КЖҚ тіркелген абоненттер" индикаторы бойынша 63-ші орыннан 58-ші орынға;
кең жолақты Интернет желісіне ұялы абоненттер саны 6,87 млн.-нан 10,06 млн.-ге дейін өсті
Интернет желісіне тіркелген кең жолақты абоненттердің тығыздығы 100 тұрғынға 9,4-тен 12-і абонентке дейін өсті;
- Интернет желісін пайдаланушылар тығыздығы 61,9-дан 68,1-ге дейін өсті;
Бұдан басқа келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
- АКТ-секторының үлесі ЖІӨ-де 3,6-ден 4,0-ге ұлғайды (2015 ж. қаңтар-қыркүйек мәліметтері бойынша, жылдық деректер 2016 ж. тамызында жарияланады).
- Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 2014 жылы 62,6-дан 64,1 % - ға өсті (2015 жылға деректер, 2016 ж. наурызында жарияланды).
- Ұлттық спутниктік телерадио хабарларын тарату желі абоненттерінің саны 250,5 мыңнан 1047,8 мың абонентке, немесе 4 есеге, ал цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату 4,5 мыңнан 215,7 мың абонентке немесе 48 есеге өсті.
Бүгінгі күні елді мекендердің 50 адамнан астам тұрғындары телефония және кең жолақты Интернет желісіне CDMA/EVDO технологиясы бойынша жылдамдығы 3,1 Мбит/с қызметтер алады.
FTTН технологиясы бойынша оптикалық қатынау желілерімен Алматы, Астана қалалары мен барлық облыс орталықтары және облыстық маңызы бар қалалар қамтылған.
3G үшінші буын желісі Астана, Алматы қалаларында, барлық облыс орталықтарында және халық саны 10 мың және одан да көп елді мекендерде жұмыс істеуде.
4G (LTE) желісі халық саны 50 мың және одан да көп елді мекендерде таралған, ал 2018 жылдың соңына қарай бұл желілерімен барлық аудан орталықтары қамтылатын болады.
2016 жылғы 1 қаңтарға 4G тіркелген абоненттер саны 770 144 абоненттерді құрайды.
Сонымен қатар, радиожиіліктер жөніндегі 2015 жылғы 7 желтоқсандағы №17-5/07-464 Ведомствоаралық Комиссияның Шешімімен барлық ұялы операторларына LTE (4G) стандартының төртінші буын ұялы байланыс түрін ұйымдастыру мүмкіндігі ұсынылды.
2012 жылдан 2015 жыл аралығында ұялы телефон арқылы қоңырау минутының орташа құны 9-дан 3 теңгеге төмендеді. Бұл ретте, сол кезең ішінде абоненттің сөйлесу ұзақтығы айына 104-тен 176 минутке өсті. Басқа сөздермен айтқанда, ұялы байланыс абоненттері ай сайынғы ұялы байланыс шығыстары төмендеген кезде 1,5 есеге көбірек сөйлесетін болды.
Байланыс саласындағы уәкілетті орган интерконнект ставкасын тұрақты негізде төмендетіп отырады (басқа ұялы байланыс операторлар желісіне қоңырау соғу құны).
2010 жылдан 2015 жылдар аралығында интерконнект мөлшерлемесі 20 теңгеден 8 теңгеге дейін төмендетілді. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап интерконнект 5 теңге құрады.
Интерконнект мөлшерлемелерін төмендету ұялы байланыс нарығындағы бәсекелестікті дамытуға серпін береді, бұл өз кезегінде байланыс операторларының жаңа қызметтер енгізуге, қоңырау сапасының деңгейін көтеруге, мәжбүрлейді.
2015 жылы "Нақты 100 қадам" ұлт Жоспарын іске асыру үшін:
ашық үкімет қалыптастыру, ақпараттандырудың сервистік моделін қалыптастыру, сәулет құралдарды енгізу, "ұялы құлдықты" жою, АКТ-ны пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ашық бағдарламалық кодты қолдану үшін "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңы аясында заңнамалық негізі қаланған Заңға өзгерістер қабылданды, MNP ұялы байланыс желісінде нөмірлерді аудару қызметін енгізу бөлігінде нормалар қабылданды.
"Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заң қабылданды, оның мақсаты әркімнің кез келген заңмен тыйым салынбаған тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға конституциялық құқықығын жүзеге асыру болып табылады.
Сондай-ақ осы заңмен басшылардың жыл сайынғы көпшілік алдында сөз сөйлеуі және мемлекеттік органдардың статистикалық деректеріне қолжетімдік тәжірибесін енгізу үшін заңнамалық негіз құрылды;
"Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданды, бұл мемлекеттік қызметтердің Бірыңғай провайдері сияқты "Мемлекеттік корпорация" терминінін енгізуді көздейді, сондай-ақ Корпорациялардың және мемлекеттік органдардың функциялары мен міндеттерін шектеу.
Мемлекеттік корпорация құру сапаны түбегейлі жақсартуға және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін қысқартуға, барлық мемлекеттік қызметтер бойынша қызмет көрсету сапасының бірыңғай стандарттарын енгізуге, қызмет көрсетудің барлық процесстеріне айқындықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен кері байланыс жүйесін қалыптастыруға, барлық мемлекеттік қызмет көрсету процестерінің қатысушыларын тарта отырып үнемі сапаны жақсартуға мүмкіндік береді.
2013-2015 жылдарда "электрондық үкімет" арқылы 126 млн. қызмет, 72 мыңнан астам электрондық лицензиялар, 764 мың рұқсат беру құжаттары берілген порталы жұмыс істейді. "Электрондық үкімет" порталында халық пен бизнеске 215 электрондық қызметтер қолжетімді, бұлар мемлекеттік қызметтерді алуды айтарлықтай жеңілдетеді.
"Мобильді үкімет" арқылы қызметтердің саны "электрондық үкімет" қызметтер 54-тен 83-ке жеткізілді, бұл ретте есепті кезеңде 1,5 млн. астам қызмет көрсетілді.
Бұл ретте порталда шамамен 1,7 млн. адам тіркеліп үлгерді, ал бірегей келушілер саны 11,9 млн. адамнан асты.
"Электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы жүргізілген транзакция сомасы 2015 жылы 9,8 млрд. теңге құрады (2014 жылы – 3 млрд. теңге);
Сонымен қатар, Халыққа қызмет көрсету орталықтары дамыды, мемлекеттік қызметтерді көрсету саны 2013 жылдан 171-ден 212-ге дейін өсті.
Барлығы есеп беру кезеңінде 88 млн. астам қызмет көрсетілді.
Ақтау, Ақтөбе, Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Тараз және Талдықорған қалаларында автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша 11 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді (бұдан әрі – мамандандырылған ХҚКО) жж.
2015 жылда мамандандырылған ХҚКО-мен 863,3 мың мемлекеттік қызмет, соның ішінде жүргізуші куәлігі – 159 мың берілген (2014 жылы – 119 мың), автокөлік құралдарын есепке қою және есептен шығару – 704 мың қызмет көрсетілді (2013 жылы – 532 мыңнан астам).
Сонымен қатар, 2014 жылғы 20 қазаннан 1,4 млрд. теңгеден астам сомасына мамандандырылған ХҚКО-ға 4 234 жоғары сұраныстағы мемлекеттік тіркеу белгісі іске асырылды.
Бұқаралық ақпарат құралдары саласында тұрақты негізде отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
өзіндік телепродукция, деректі фильм, телесериал, т. б. өндірісі жолға қойылған.
Достарыңызбен бөлісу: |