Cемей – 2013 1.ӘЗІРЛЕГЕН: Құрастырушы: 28.08.2013
п.ғ.м., аға оқытушы Серикбаева Нургуль Бейсембековна
2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Педагогикалық психология кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 .2013ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ /Джумажанова Г.К./
2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
3. БЕКІТІЛДІ:
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1 18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ /с.ғ.д. Искакова Г.К./
4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның орнына)
Мазмұны 1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық және бітірушілердің кәсіби жұмыстарын дайындау
5 Студенттің өздік жұмысы
1 ГЛОССАРИЙ Акселерация – соңғы кезде байқалып жүрген организмнің даму процесінің тездеуі, жыныстық жетілудің ертерек басталуы.
Агрессия – латын тілінен тура аударғанда (aggredi) “шабуыл жасау” деген мағынаны білдіреді. Психологиялық түсінікте агрессия дегеніміз адамға немесе топ адамдарына қарсы, оларға белгілі бір психологиялық немесе физикалық қастық жасауға бағытталған жеке адамның немесе топтың әрекеті және осындай белгілер байқалатын әрекет-қылық .
Әлеуметтену – баланың әлеуметтік тәжірибені оның интеллектуалдық және жеке дамуына сәйкес меңгеру процесі немесе нәтижесі.
Генезис – құбылыс немесе заттың пайда болу сәтін де сол сияқты заңды даму процесі.
Генотип – адамның ата-тегінен мұраға алатын қандай да бір белгілер немесе гендер жиынтығы.
Гипофиз – Омыртқалы жануарлар мен адам миының астында жататын төменгі ми қосалқысы, ішкі секреция бездері.