Бағдарламасы «Жас ерекшелігі психологиясы»


Коллективизм және топ өмірі



бет14/26
Дата06.02.2022
өлшемі229,5 Kb.
#59751
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26
Коллективизм және топ өмірі. Балаң жастық - өзіне-өзі талдау жасайтын шақ қана емес, сонымен бірге нағыз «коллективистік» шақ. Кішкентай жеткіншекке коллективистік өмірге қатысқаны, басқалармен бірге болғаны жетіп жатыр. Жоғарғы класс оқушысы үшін бәріне маңыздысы құрбы-құрдастарының мұны қабылдауы, топқа өзін қажет сезінуі, онда белгілі бір бедел мен құрметке жетуі. Коллективтегі статустың төмен болуы, әдетте, барынша алаңдатады; құрдастары онша бағаламайтын жас өспірімдердің жеке басын өзгертуге тырысуы басқалардан гөрі ана-ғұрлым жиі кездеседі.
Социометриялық зерттеулер кластарда біртіндеп белгілі бір поляризация болатынын көрсетті: бір жағынан, неғұрлым танылғандар, ал, екінші жағынын, таңдау бәрінен аз түсетіндер сараланады. Осының өзінде бұл статус, әсіресе ұнамаушылық барыншы тұрақты болып, көбіне кластан класқа көшіп отырады. Мұның өзі жарыс жағдайын туғызып, көптеген психологиялық проблемалар жасайды. Жағдайы біршама жақсы балаларда да проблемалар туындайды. Кейбіреулері өздерінің беделін жоғары кластарда өздерін ығыр қылып, жеке қасиеттеріне үйлеспейтін болып көрінінетін рольдерге негіздейді. Бірақ жолдастарының күткен үміті «жанбаса» рольді бойың үйреніп қалған танымалдыққа жете аласың ба? Осыдан бұрын жасөспірімдік кезде топтағы өзінің жағдайына көбіне көңіл толмаушылық және өзін-өзі бағалаудың сәйкессіздігі келіп шығады.
Тәрбие жұмысында көшедегі стихиялы топтар мен компаниялардың ықпалын еске алу ерекше маңызды. Кейбір педагогтар оны елемеуге немесе кездейсоқ нәрсе деп санауға бейім. Бұл қауіпті жаңылысу.
Мектеп жеткіншек ұрпақтың бүкіл өмірін қамтымайды. Сондықтан оны жастардың әр түрлі ұйымдарының – саяси, спорт және мәдени-ағарту ұйымдарының қызметі толықтырады. Алайда қарым-қатнастың бұл ұйымдасқан формалары жастарда мектепте қалыптасатын достар компаниясы немесе көшедегі серіктестіктер секілді ресми емес, стихиялы топтарды қажетсінудің орнын түгел баса алмайды. Кластардағы коллективтердей емес, стихиялы топтарда әдетте түрлі жастағы балалар және әлеуметтік құрамы жөнінен көбіне аралас болады. Құрамның әр қилылығы, оған қоса ұйымдасқан коллективтердегі жоғары кластардағы көбіне ығыр қылатын үлкендердің үнемі бағып-қағуының болмауы себепті жас өспірімдер үшін мұндай топтар ерекше тартымды болады. Егер жеткіншектерде стихиялы топтар көбіне мектеп ішіндегі коллективтерді толықтырып, бұлардың екеуінде де лидер болатын балалар бірге болса, жоғары кластарда жағдай өзгереді. Жас өспірімнің көше тобындағы беделі оның мектептегі статусына кері қатнаста және керісінше болады. Бұл қарама-қарсылық елеулі педагогикалық қауіп туғызады. Көшедегі топтарды біріктіретін құндылықтар кейде қарсы әлеуметтік тұрғыда болады, ал оларда басшы болатындарды жақсы балалар деуге мүлдем келмейді. Мұндай топтар қылмысты топтарға немесе бұзақылар тобына ауысатын жағдайлар кездеседі. Бұл орайда жас өспірімдердің жасқа байланысты конформдылығы өте зиянды роль атқарады. Үлкендерден тәуелсіздік алуға тырысып, жас өспірім құрдастарының қауымынантірек пен қолдау іздейді. Бірақ оның өзі іштей әлі дербес емес, ықпал мен психикалық еліктіруге оңай беріледі. Топқа қатыстылық сезімі, әсіресе, егер бұл қатыстылықты қорғауға тура келетін болса, сол топтың өзі құрылатын құндылықтардың мазмұнынан да маңыздырақ болады «балалардың бәрі (қыздардың бәрі) өстеді» деген секілді дәлел ол үшін кез келген қылықты түсіндіру мен бірге оны ақтайды. Мұның өзінде «бәрі» деген өз тобының мүшелері, не өзі соған еліктейтіндер болып шығады.
Стихиялық топтар мен олардың атрибуттарын (өздеріне тән сөйлеу, менез құлық стилі, эстетикалық атлғамдар, сән) жоюға тырысудан әдетте ештеңе шықпайды. Бұған қоса қарым-қатнастың бұл түрі инициатива мен ерлікке тәрбиелейтін әлеуметтік пайдалы міндет (әрине, бұзақылары айтылмайтыны белгілі) атқаруы да мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет