Осыған орай мекептің даму бағдарламасының бір негізгі жобасының бірі «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында «ПОЛИГЛОТ» жобасын қайта қарастырып, өзгерістер енгізілуі көзделді.
Мақсаты: Ынтымақтастық арқылы, өзін-өзі дамыту мен жетілдіруге ұмтылатын, барлық жағдайларда үш тілде коммуникативтік қызметі байланысты қызмет түрлерін жүзеге асыра алатын, бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік жағынан өзін-өзі анықтауға қабілетті көптілді , жан-жақты дамыған тұлғаны дамыту. Орыс, ағылшын тілі пәндерінің білім сапасы жоғарлауына себеп болатын, ағылшын тілі, орыс тілі, мектеп мұғалімдерінің кәсіптік және әдістемелік деңгейлерін көтеру.
Міндеттері:
«Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында «Ағылшын тілі, орыс тілі пәндерінің білім сапасын көтеру» тақырыбында конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу.
Мектеп мұғалімдерінің қысқа мерзімді сынақ ісін қамтамасыз ету.
1-4 сыныптарында ағылшын тілімен кіріктірілген технология, дүниетану пәндерін өткізілуін, оның ішінде орыс тілінде білім алатын сыныптардың әдебиеттік оқу пәні қазақ тілімен кіріктіріп өткізілуін қамтамасыз ету.
5 сыныптарда информатика, математика пәндеріне ағылшын тіліндегі терминологиялық түсініктерді енгізу арқылы өткізу.
6 сыныптарда география пәніне ағылшын тілін кіріктіру.
7 сыныптарда физика пәнін ағылшын тілімен кіріктіріп өткізілуін қамтамасыз ету.
5 сыныптарда денешынықтыру сабақтарына орыс тілін кіріктіруді қаматамасыз ету.
6 сыныптарда дүниежүзі тарихы пәніне орыс тілін кіріктіру арқылы өткізуді қамтамасыз ету.
Оқушылардың біртұтас педагогикалық ортасын құру мақсатында семинарлар өткізу, білім берудің үзілуін жою.
Ағылшын тілі, орыс тілдерін оқытуда бастауыш және орта буынның нәтижелі алмасуын қамтамасыз ету.
Ағылшын, орыс тілін оқытуда мұғалімдерге шығармашылық еркіндігін қамтамасыз ету.
Ағылшын, орыс тілі бойынша оқушылардың зерттеу қызметіне жағдайын қамтамасыз ету.
Пәнге қызығушылығын арттыру, ой-өрісін кеңейту, пәнге деген позициясын белсендіру мақсатында барлық сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шаралар өткізу.
Оқушылардың ағылшын тілі, орыс тілі пәндері бойынша білім сапасы және үлгерімін бақылау мөлшерлер жүйесін құру.
Ағылшын, орыс тілін оқудағы мониторинг қызметін құру.
Білімді бақылау жаңа жүйесін енгізу: сынақ, ұпай-рейтингтік, тесттік технологиялар элементтері, қоғамдық көрініс.
Жоба қатысушылары: 1-11 сынып оқушылары, тіл пәндерінің, бастауыш сыныптар, физика, информатика, математика, дене шынықтыру, тарих пән мұғалімдері.
Қазіргі таңда: бастауыш сынып мұғалімдері ағылшын тілінің А1 деңгейін меңгерген және информатика пән мұғалімдері информатика сабағында терминология арқылы ағылшын тілін енгізу тақырыбында курстарынан өткен.
Еңбекке баулу, информатика пәндері бойынша сөздіктер бар, бастауыш сыныптар сабақтарында сергіту сәттерінің шағын жинағы, сабақтар кешені, дисклер, сонымен қатар буклеттер бар. Басылымдар ішінде: Қарағанды облысы ОӘО ұйымдастырған конференция, «Заманауи білім» журналы, «Әдістемелік вернисаж» жіберіліп, басылған сабақ әзірлемелері.
Осы бағдарламаны былтырғы оқу жылында Мектеп күніне көрсеттік.
Кемшілігіміз: Тек мектепішілік деңгейде өтеді, осы тақырып төңірегінде түрлі деңгейлерде конференция, жобаларға қатыспаймыз, сабақты жүйелі түрде өткізбейміз. Сонымен қатар, өзіміздің сабақтарымызда қолданатын, көмекші құрал ретінде оқу-әдістемелік кешенінің аздығы.
Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тәжірибесін жинақтап, әлемдік деңгейде көтерілуіміз керек. Бұл оқушылардың халықаралық жобаларға қатысуын кеңейту, шетелдік әріптестермен ғылыми байланыстарын нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
«Балқаш қаласы М. П. Русаков атындағы жалпы
білім беретін № 2 санаторлық мектеп-интернаты» КММ
Педагогикалық кеңес «Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру мақсатында үштілде оқытуды кезең-кезеңімен енгізу»
Баяндама
__________________________________________________________________
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасы аясында «ПОЛИГЛОТ» жобасын жүзеге асыру.
Директордың ақпараттандыру ісінің орынбасары, ағылшын тілінің мұғалімі Рахимберлина Н. С.
Балқаш, 2016 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |