ТИПТІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
Жоғары кәсіптік білім БАКАЛАВРИАТ
БЕКІТЕМШ
Білім, ғылым және Щ кадр ресурстары
І.К.Хамзина
ФИЗИОЛОГИЯ
мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» Сағат көлемі - 90 (2 кредит)
Казахстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Астана 2007
Алғы сөз
Әзірлеген және енгізген: Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы,
С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті, Қазақ
мемлекеттік медицина академиясы, Семей мемлекеттік медицина
академиясы, Оңтүстік-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы,
М.Оспанов атыңдағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік медицина академиясы
Алғаш рет енгізілген
Типтік оқу бағдарламасы 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау» 2006
жылғы мамандығы бойьнша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандарты сәйкес әзірленген.
Типтік оқу бағдарламасы ҚазММА мекемесіндегі жоғарғы және ЖОО-
нан кейінгі мамандықтар бойынша білім берудің оқу-әдістемелік
секциясында бекітіліп басылымға ұсынылған
Хаттама №11 «14» маусым 2007 ж.
Мазмұны:
1. Түсініктеме
|
5
|
2. Пәннің мазмұны
|
7
|
3. Оқу және оқыту әдістері
|
15
|
4. Білімін бағалау
|
15
|
5. Құралдар мен жабдықтар
|
15
|
6. Пән сағаттарының үлестірілуі
|
16
|
7. Дәрістер, тәжірибелік сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ тақырыптық
|
|
жоспарлараның жобасы
|
16
|
8. Ұынылатын әдебиеттер тізімі
|
19
|
9. Авторлар
|
21
|
1 Түсініктеме
Кіріспе
Физиология - жалпы организмнің, физиологиялық жүйелердің, мүшелердің, жасушалардың және жеке жасушалық қүрылымдардың өмірлік қызметі туралы, ағзаның қоршаған ортамен, әлеуметтік ортамен әрекеттесуі кезіндегі ретгеу механизмдері туралы фундаменталды тәжірибелік-теориялық ғылым.
Физиологияның қазіргі заманғы даму ерекшеліктері анализдік бағыттауды тереңдету болып табылады - мембраналық, жасушалық процестерді, биофизикалық механизмдердің қозуы мен тежелуін зертгеу, ғылым мен техника жетістіктерін жүйелі түрде адамның мақсатты мінез-құлқьш табиғи өмір сүру ортасында, өндірістік-еңбек, спорттық, авиациялық, космостық жағдайларда және де басқа қызметтерін зерттеу. Қазіргі таңдағы физиология денсаулықты, салауатты өмір салтын қалыптастыру, адамның қызметтік еңбекке жарамдылығын болжауды қарастыратын ғылыми негіз ретінде саналады. Адам ағзасының өмір сүру үрдістеріне әлеуметтік факторлардың әсер етуіне үлкен көңіл белінуде. Физиология - cay ағзаның өмір сүруінің жалпы завдылықтарын студенттерге түсіндіретін теориялық пәндердің маңызды бөлігі.
Физиологияның зерттеу объектісі ретінде тірі ағза және оның бөлімдерінің (жасуша, тін, мүше, жүйе) қызметтері қаралады. Дені сау адамдар ағзасын зерттеу болашақ дәрігерлерге қызметтік диагностиканы жылдам меңгеру әдістерін, денсаулық жағдайьш анықтауға және ағзаның бейімделуін, қальшты жағдайдан физиологиялық қызметтердің ауытқу дәрежесі бойьшша қызмет деңгейін бағалауды үйретеді. Адам физиологиясы заңдылықтарын ашу - бұл өмір сүру ұзақтығын одан әрі жоғарылатуға қажетті жағдай, сауықтыруды тиімді ұйымдастыру, еңбек және тұрмыс жағдайын жақсарту, аурулардың алдын-алу және емдеудің жаңа әдістерін ашу. Физиология - әлеуметтік және жеке гигиена, бала мен ана денсаулығын қорғау, мектеп гигиенасы, еңбекті, мектептегі оқу үрдісін тиімді үйымдастыру негізі болып табылады. Қорыта келгенде, адам ағзасының қалыпты қызметін білу алдын-алу және клиникалық медицинаға негізделген.
Пәннің мақсаты:
Студенттерде сау адам организмінің барлық жүйелерінің қызметін және оларды реттеу механизмдерінің негізгі зандылықтарын қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
Студенттерді физиологиялық ойлауға үйрету;
Дені сау адамның жасы мен жыныс ерекшеліктеріне қарай негізгі
физиологиялық сипаттары туралы білім беру;
Тұтас реакциялардың қалыптасу негізгі заңдылықтары мен механизмдері
туралы білім беру;
Адам организмінің өмір сүруін қоршаған ортамен өзара байланысы
ретінде жүйелік білімді қалыптастыру;
Ғылыми тәжірибе қою дағдысымен таныстыру;
Организмнің және оның жүйелерінің қызметгік жағдайын бағалау
әдістеріне үйрету;
Физиологиялық аспаптармен жұмыс істеу ұстанымдарына үйрету.
Оқытудың соңғы нәтижелері Студент: Білуі тиісті:
Пәнді, мақсатын, пән міндеттерін және оның келешек мамандығы үшін
маңызын;
Дені сау организмнің қызметтік заңдылықтарын және жалпы физиология,
жеке физиология және адамның интегративті мінез-құлық қызметі
жағынан қаралатын физиологиялық үрдістердің реттелу механизмдерін;
Медицинада қолданылатын дені сау организмнің әртүрлі қызметтерін зер-
ттеу әдістерінің маңыздылығын.
Дені сау организм қызметтерін негізгі зертгеу әдістерінің принциптерін
түсіндіруді;
Әртүрлі керсеткштердің ақпараттық құндылыктарын (констант) және
мүшелердің, жүйелердің және бүтін организмнің қызметін ретгу механиз-
мдерін түсіндіруді;
Организмнің бейімделу нәтижесіне жетуі кезінде физиологиялық
кызметерінің қалыптасу және реттелу негізгі зандылықтарьш бағалауды
және түсіндіруді;
Организмнің өмір сүру жағдайына байланысты негізгі мінез-қүлық
түрлерінің қалыптасуы және реттелу заңдылықтарын бағалауды және
түсіндіруді.
Дағдыларын меңгеруі тиісті:
Динамометрия
Артериялық пульсты пальпациялау
Коротков әдісімен артериялық қысымды елшеу
Спирометрия
Пневмотахометрия
Тыныстың минуттық көлемін анықтау
Кестенің көмегі бойынша қажетті негізгі алмасуды анықтау
Термометрия •
Пәннің алғы реквизиттері мен кейінгі реквизиттері Пәннің алғы реквизиттері: биология және анатомия бойынша мектец бағдарламалары, медбиофизика, молекулалық биология, математика.
Пәннің кейінгі реквизиттері: биохимия, патологиялық физиология, фармакология, жалпы гигиена, микробиология .
2 Пәннің мазмұны* № 1 Кредит
Жалпы физиология. Қозғыш тіндер физиологиясы
Физиология курсына кіріспе. Физиология пәні, медицинадағы маңызы. Физиологияның басқа ғылымдармен байланысы. Физиологияның даму тари-хы. Физиология дамуында шетел және отандық ғалымдардың ролі (И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К. Анохин, А.П. Полосухин, Н.У. Базанова және т.б.). Организм, гомеостаз және гомеокинез, өзін-өзі реттеу туралы түсінік. Ретге-лу механизмдері: нервтік-рефелекторлық және гуморалдық.
Физиологиялық қызметтердің қалыптасуы мен реттелуінің негізгі ұстанымдары. Рефлекторлық доға. Қызметтің жүйелік ұйымдастырылуы (П.К. Анохин). Физиологиялық зерттеу әдістері.
Қозғыш тіндер, олардың қасиеті. Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары. Тітіркену табалдырығын анықтау. Нерв пен бұлшықеттің қозғыштығын са-лыстыру.
Қозудың табиғаты. Биоэлектрлік құбылыстардың ашылу тарихы. Мем-браналық потенциал, әрекет потенциалы, олардың тіркеу әдістері, пайда болу механизмі. Қозу кезінде тін қозғыштығыньщ өзгеруі.
ОЖЖ-сіндегі тежелу (И.М. Сеченов, Дж. Экклс, Реншоу). Орталықтық тежелу механизмі туралы қазіргі таңдағы кезқарастар. Тежелудің негізгі түрлері - постсинапстық, пресинаштық және олардың механизмі.
Қозғыш құрылымдардың қызметгік ерекшеліктері. Нейронның қызметтері. Нейрон ОЖЖ құрылымдық-қызметтік бірлігі ретінде. Нерв тал-шығының физиологиялық қасиеті. Нерв талшықтарының және нервтердің бойымен қозудың таралу заңдары.
Бұлшықет физиологиясы. Қаңқа бұлшықетінің физиологиялық қасиеті. Бұлшықет жиырылуының түрлері. Тетанус, түрлері, механизмдері. Оптимум және пессимум күштері және тітіркендіру жиіліктері. Электромиография, динамометрия, медицинадағы маңызы. Бұлшықеттердің шаршауы, жеке шек-телген бұлшықеттердің және жалпы организмнің шаршауы туралы теория-лар.
Синапстардың физиологиялық қасиеттері. Синапстарда қозудың етуі. Жітелуі, қасиеттері, синапстарда қозудың өту механизмдері. Введенский па-рабиозы және оның сатылары.
ОЖЖ қозу. ОЖЖ қозудың таралу ерекшеліктері. ОЖЖ координациялық әрекетінің ұстанымдары. Нерв орталықтары және олардың қасиеттері туралы түсінік. ОЖЖ координациялық әрекетінің жалпы ұстанымдары. Қозу
мен тежелу үрдістеріндегі өзара қарым-катынас рефлекстер координациясының негізі ретінде.
ОЖЖ физиологиясы
ОЖЖ физиологиялық зерттеу әдістері. Электроэнцефалография. Хроно-рефлексометрия.
Жұлын қызметі. Бұлшықет тонусьгаың және фазалық қимылдардың жүйелік реттелу механизмдері. Алдыңғы және артқы түбіршіктердің қызметтері. Жұлынның сегменттік және сегмент аралық жұмыс істеу ұстанымдары. Рефлекторлық қызмет. Адам жұлынындағы проприоцептивтік рефлекстерді клиникалық зерттеу әдістері. Жұлынның өткізгіштік қызметі. Организмнің тірек-қимыл аппараты қызметін және вегетативтік қызметтерш реттеуде жұльшның ролі.
Артқы ми қызметтері. Сопақша ми және көпір. Сопақша ми лоне көпір орталықтары, олардың қызметтерді өзін-өзі реттеу үрдістеріне қатысуы. Өткізгіштік және рефлекторлық қызметтер.
Ортаңғы ми және ретикулярлық формация құрылымдарының қызметтері. Ретикулярлық формацияның бас миының негізгі өткізгіштік жолдарымен байланыстары. Сенсорлық хабарларды өңдеуде, сергу және ұйқы үрдістерінде ретикулярлық механизмдердің ролі.
Аралық ми қызметтері. Таламус - афференттік жолдардың коллекторы. Гипоталамус - соматикалық, вегетативтік және эндокриндік қызметтердің интеграциясын қамтамасыз ететін, қыртыс асты вегетативтік орталық. Моти-вацияның (дәлелілердің), сезімдердің, стресстің, биоырғақтардың қалыптасуына гипоталамустың қатысу.
Мишық қызметтері. Мишықтың қыртыс асты тежеуші нейрондарының ролі. Вегетативтік қызметтерді реттеу үрдістерінде мишықтың қатысуы. ОЖЖ интегративтік қызметіндегі мишықтың орны.
Бас миының стриопаллидарлық және лимбиялық жүйелерінің қызметтері. Мотивацияның (дәлелілердің), сезімдердің, есте сақтаудың қальштасуында, вегетативтік қызметтердің жөне ОЖЖ интегративтік қызметтердің өздігінен реттелуінде лимбиялық жүйенің ролі.
Үлкен жарты шарлар қыртыстарының қызметтері. Қыртыста қызметтердің орналасуы туралы қазіргі тандағы көзқарас. ОЖЖ даму үрдісіндегі қызметтердің қыртыстану туралы көзқарас. Қыртыстың бағаналық ұйымы. Қыртыстың икемділігі (Э. А. Асратян). Адамдағы жарты шарлардың қызметтік асимметриясы.
Үлкен жарты шарлардың қыртыс қызметтерін зерттеу әдістері. Электроэнцефалография. Стереотаксистік әдіс.
Вегетативтік нерв жүйесінің физиологиясы. Соматикалық және вегетативтік нерв жүйесінің қызметтік ерекшеліктері. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық бөлімдері. Жоғарғы вегетативтік орталықтар. Жалпы мінез-құлықтық актілердің қалыптасуы кезінде вегетативтік нерв жүйесінің қызметтер
интеграциясына қатысуы. Мінез-құлықтың вегетативтік компоненттері.
Қан физиологиясы
Қанның ретгеуші, тасьшалдаушы қызметтері. Қанның формалық эле-менттерінің қызметтері. Қан жүйесі туралы түсінік (Г.Ф. Ланг). Қан түзу, қан ыдырау үрдістері. Қан жүйесінің реттелуі. Эритроцштер. Гемоглобин. Эрит-роциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ). Лейкоцитгер. Тромбоциттер.
Адам қанының құрамы және көлемі. Қанның негізгі физиологиялық константалары. Гематокрит. Қан гемолизі, оның түрлері.
Қан топтары және резус-фактор. Гемостаз жүйесі. Қан ұю үрдісі, се-бептері, сатьшары және оның маңызы. Қан ұюға қатысатын негізгі факторлар туралы қазіргі таңдағы көзқарас. Фибринолиз. Қан топтары. Агглютинация туралы түсінік. Донор мен реципиенттің қан сәйкестігі негізгі ережелер. "Әмбебаб" донор және "әмбебаб" реципиент. Резус жүйесінің негізгі аген-ттері. Қан топтарын және резус - иелікті анықтау әдістері.
Ішкі секреция бездері
Гипоталамус - гипофизарлық жүйе. Эндокриндік жүйенің қызметтік ұйымдастырылуы. Эндокриндік бездердің жалпы сипаттамасы. Гормондар-дың әсер етуінің негізгі механизмдері. Эндокриндік жүйенің өздігінен ретте-луі. Гипоталамус - гипофизарлық жүйе. Ішкі секреция бездерінің реттеуінде кері байланыс ұстанымы.
Ішкі секреция бездері. Қалқанша безі. Қалқанша маңы безі. ¥йқы безінің эндокриндік қызметтері. Бүйрек үсті бездері. Жыныс бездері.
Қан айналым физиологиясы
Жүрек, оның гемодинамикалық қызметі. Жүрек циклі және оның фаза-лык құрылымы. Франк - Старлинг заңы.
Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері және ерекшеліктері. Жүрек автоматизмі. Систолияльщ және қанның минуттық көлемі, жүрек ин-дексі. Гаскелла жүрек автоматиясьның градиенттік заңы.
Жүрек қызметінің реттелуі. Жүрек ішілік (интракардиальді) жүрек қызметінің механизмдері. Жүрек сыртылық (экстракардиальді) жүрек қызметінің механизмдері. Рефлексогендік аймақтар. Кезбе және симпатика-лық нервтердің жүрек қызметіне әсерлері. Жүректің гуморалды реттелуі.
Жүрек қызметінің сыртқы көріністері. Жүрек қызметінің электрлік, ды-быстық, механикалық көріністері. Жүрек тондарының түзілу механизмі. Жүрек аускультациясы. Фонокардиография. ЭКГ физиологиялық негіздері.
Гемодинамика. Гемодинамика керсеткіштері. Шеткі қан айналым физиологиясы. Тамыр арналарының әр түрлі бөлімдерінің қызметтік сипаттамасы. Қан айналым жүйесінде қан айналымды әртүрлі бөлімдерде қамтамасыз ететін факторлар. Артериялық қысым қысым және оның түрлері (систолиялық, диастолиялық, пульстік). Қан қысымының мөлшерін анықтайтын факторлар. Қан қоры болып табылатын ағзалар.
Микроциркуляция. Капиллярлық қан айналым және оның ерекшеліктері.
Гемодинамикалық көрсеткіштерді және тамырлық реакцияларды зертгеу әдістері. Артериялық қысымды тәжірибеде және клиникада (тікелей, И.С. Коротков) өлшеу әдістері. Артериялық пульс және оның негізгі параметр-лері. Реография.
Қан қысымының тұрақтылығын қамтамасыз ететін қызметтік жүйе. Қан айналымның реттелуі. Клод Бернардың классикалық тәжірибесімен (қоян мойынындағы симпатикалық нервті кесумен) танысу. Қан қысым ретте-луінде кері байланыс ұстанымы. Базалды тонус және оның механизмдері. Тамырды тарылтатын және тамырды кеңітетін нервтер. Тамыр қимылын рет-тейтін орталық және оның орналасуы (А.Ф. Овсянников). Қан айналымын реттеуде рефлексогенді аймақтардың ролі (прессорлық және депрессорлық рефлекстер). Қан айналымының өздігінен реттелуін зерттеуде И.П. Павлов еңбегі. Қан айналымның гуморалды реттелуі.
Лимфа жүйесінің физиологиясы. Лимфа айналым жүйесінің қызметтік сипаттамасы. Лимфа ағысын қамтамасыз ететін факторлар, реттелу механиз-мдері.
№2 Кредит
Тыныс алу физиологиясы
Қанның газдық құрамын тұрақтылықта сүйемелдейтін қызметгік жүйе. Сыртқы тыныс. Газ алмасу. Тыныстың реттелуі. Қан газдарының тұрақтылығын қамтамасыз ететін тыныстық жүйенің қызметі туралы түсінік. Тыныс үрдісінің негізгі кезендері. Тыныстық цикл. Дем алу және дем шығару механизмдері. Өкпедегі газ алмасу. Дем алған, дем шығарған ауаның және альвеолалық ауаның құрамы. Қан және тін аралық газ алмасу. Тыныс орталығы туралы түсінік. Тыныс орталығындағы пневмотаксис бөлімінің ролі. Орталық және шеттік хеморецепторлар, олардың газдық гомеостазды қамтамасыз етудегі маңызы. Өкпенің механорецепторлары, олардың тыныс жиілігі мен тыныс тереңдігін реттеудегі маңызы. Тыныстың шартты - реф-лекторлы және өздігінен реттелуі. Тыныстың гуморалды реттелуі (Фредерика тәларибесі). Тыныс aлy жиілігі мен тереңдігіне газдық құрамның және арте-риялық қан рН-ның әсері. Тыныстың ездігінен ретке келуінде кері байланыс үстанымы.
Сыртқы тынысты зерттеу әдістері. Дондерс үлгісі. Плевра ішілік қысымды анықтау әдісі. Пневмография, оның маңызы. Штанга және Генчи бойынша тынысты тоқтатуға негізделген қызметтік сынамалар. Пневмотахо-метрия. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы, оның келемдері. Спирометрия. Спирография. Тыныстың минуттық келемі. Оксигемометрия және оксигемо-графия.
Әр түрлі жағдайлардағы тьшыс ерекшеліктері. Физикалық жұмыс кезіндегі тыныс. Жоғары атмосфералық қысым кезіндегі тыныс. Кессондық ауру, физиологиялық механизмі. Гиперкапния және гипоксия кезіндегі екпе
желдетілуінің езгеруі. Теменгі атмосфералық қысым кезіндегі тыныс. "Тау" ауруы, физиологиялық механизмі. Тыныс жүйесінің резервтік мүмкіншіліктері.
Асқорыту физиологиясы
Тамақтанудың қызметтік жүйесі. Ашығу мен тойынудың физиологиялық негіздері. Қандағы қоректік заттарды тұрақтылықта үстайтын қызметтік жүйе. Ac қорытатын конвейер, оның қызметі (секреция, моторика, copy). Асқорытудың негізгі үстанымдары мен ретгеу механизмдері. Ac қорыту жолдарының эндокриңдік қызметі. Асқорыту физиологиясы үшін И.П. Павлов зерттеулерінің маңызы.
Ауыз қуысында астың қорытылуы. Сілекей бездері, қызметтері, зерттеу әдістері. Сілекейдің мөлшері, құрамы, қасиеттері. Тағамдық және сапасыз заттарға сілекей белінудің бейімделуші сипаты. Сілекей түзілу мен сілекей бөлінудің механизмі.
Асқазандағы және ішектегі астың қорытылуы. Асқазанның секреторлық қызметі. Асқазан бездері секрециясының реттелуі. Асқорытуда тұз қышқыльшың ролі. Ұйқы безі сөлінің құрамы және қасиеттері, оның секре-циясы, азыққа эсер ету сипатты, реттелуі. Өттің құрамы мен қасиеттері, рет-телуі. Ішектік секреция, реттелуі. Қоректік заттардың қуыстық және мембра-налық (А.М. Уголев) гидролизі. Тоқ ішекте астың қорытылуы, микрофлора-сының маңызы.
Асқазан-ішек жолдарының қызметтерін зерттеу әдістері. Ақуыздарға, майларға, көмірсуларға асқазан секрециясының ерекшеліктері. Тағам түрлеріне және тамақтық рациондарға асқазан секрециясының бейімделуші сипаты. Асқазан мен ішектің секреторлық және моторлық қызметтерін зер-ттеу әдістері.
Асқазан-ішек жолдарының моторикасы. Сіңірілуі. Шайнау, жұту. Асқазанның моторлық және эвакуаторлық қызметі. Аш ішек пен тоқ ішек қимылдарьшың түрлері, реттелуі. Дефекация. Құсу. Ауыз қуысында, асқазанда, аш ішек пен тоқ ішектерде сіңірілу.
Зат және қуат алмасу. Тағамдану. Жылу реттеу. Сыртқа белу
Зат және қуат алмасу. Организмдегі зат алмасу туралы ұғым. Қоректік заттардың пластикалық және энергетикалық ролі. Азоттық тепе-теңдік. Азоттың оң және кері балансы. Организмнің энергиялық тепе-теңдігі. Зат және қуат алмасудың реттелуі. Зат алмасуды және қуат шығынын анықтау әдістері. Тікелей және тікелей емес калориметрия. Тыныс коэффициенті. Фи-зикалық және физиологиялық калориметрия.
Незігі алмасу. Тағамданудың физиологиялық нормалары. Негізгі алмасуды анықтау әдістері. Рубнердің "Беткей заңы". Жалпы және жұмыстық алмасу. Әр түрлі жастағы организмнің энергетикалық шығьшдары. Тағамдық заттардың арнайы - динамикалық әсері. Қабылдайтын асқа және тағамның сипатына байланысты ас қорыту бездерінің секреторлық
қызметінің өзгеруі. Орынды тамақтанудың физиологиялық негіздері. Рубнердің тозу коэффициент. Ақуыздарға, майларға, көмірсуларға, минералды тұздарда және дәрумендерге тәуліктік кажеттілік. "Тағамдық заттардың изодинамика" заңы және оның жетіспеушілігі. Тағамдық рациондарды құру ережелері.
Жылу реттеу. Сыртқы орта температураларының өзгерістері кезінде ішкі орта температурасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін қызметтік жүйе. Жылу реттелудің нервтік және гуморалды механизмдері. Жылу алмасу. Адам температурасы және оның тәуліктік ауытқуы. Терінің әртүрлі бөліктерінің және адамның ішкі мүшелерінің температурасы. Физикалық және химиялық жылу реттелу. Зат алмасу жылу түзілудің кезі ретінде. Жылу өндіруде әртүрлі ағзалардың ролі. Жылу беру. Денеден жылу шығудың тәсілдерді. Жылу берудің физиологиялық механизмдері (тері тамырларындағы қанайналым, тер бөліну және басқа).
Сыртқа бөлу компоненті организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын қамтамасыз ететін күрделі қызметтік жүйелер ретінде. Сыртқа белу мүшелері, олардың қызметтері және организм гомеостазьш сақтауға қатысуы. Нефрон бүйректің құрылымдық-қызметтік бірлігі ретінде. Бүйректегі қан айналым, оның реттелу ерекшеліктері. Зәр түзілудің негізгі үрдістері (шумақтық сүзілу, түтікшелік реабсорбция және секреция). Арте-риялық қысымның зәр сүзілу үрдістеріне әсері. Қайталамалы — кері ағыс жүйесі. Соңғы несеп. Бүйректер қызметінің реттелуі.
Талдағыштардың физиологиясы
Талдағыштар туралы түсінік және олардың бөлімдері. Талдағыштардың қызметтік ерекшеліктері. Сезім мүшелері, талдағыштар туралы түсінік (И.П. Павлов). Сыртқы әлемді тануда талдағыштардың маңызы. Талдағыштардың қызметтік ұйымдастырылуы. Талдағыштардың шеткі (рецепторлық) бөлімі. Талдағыштардың өткізгішдік белімі. Арнайы және арнайы емес жолдары. Афференттік қозуды өткізуде және қайта өңдеу үрдісіне қыртыс асты туын-дылардың қатысуы. Талдағыштардың қыртыстық белімі. Талдағыштардың әрекеттінің реттелуі. Таддағыштардың бейімделуі.
Көру талдағышы. Рецепторлық аппарат. Шыбық және кішкене колба-лардьщ маңызы. Түсті қабылдауда ауытқулардың негізгі түрлері. Бинокуляр-лы көру. Аккомодация және бейімделу туралы ұғым, механизмі. Рефракция және оның бұзылыстары (алыстан көрмеушілік, жақыннан көрмеушілік, астигматизм).
Кәру талдағышын зерттеу әдістері. Көздің өткірлігі. Көру алаңы. Мари-отта тәжірибесі (соқыр дақтьщ табылуы). Түрлі-түсті көру арқылы анықтау (Рабкин кестесі). Қарашың рефлекстері.
Есту, тепе-теңдік талдағыштары. Есту талдағыштарының дыбысты аулаушы, дыбысты өткізгіш және дыбысты қабылдағыш аппараттары. Дыбыстарды қабылдау қағидасы (Г. Гельмгольц, Г. Бекеши және т.б.). Бинаурадды есту. Тепе-тендік талдағышы және дененің кеңістікте, оның
қозғалған кездегі қалпын бағалаудағы ролі. Тепе-теңдік аппаратын жаттықтыру.
Есту және тепе-теңдік талдағыштарьш зертгеу әдістері. Есту өткірлігі. Аудиометрия.
Сомато-сенсорлық, аурулық талдағыштар. Тактильдік талдағыш. Тері рецепторлары. Жанасу, қысым және шайқалуды қабылдаудағы рөлі. Эсте-зиометрия. Температуралық талдағыш, организмнің ішкі және сыртқы орта температурасын қабылдаудағы, температуралық гомеостаз сақтаудағы ролі. Термометрия. Ноцицепция. Аурудың биологиялық маңызы. Ноцицептивтік жуйе туралы қазіргі көзқарастар. Антиноцицептивтік жүйе. Дәм және иіс се-зу талдағыштары. Дәм сезу талдағышы. Дәм сезудің жіктелуі. Иіс сезу тал-дағышы. Иістердің жіктелуі, оларды қабылдау қағидалары. Ольфактометрия.
Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің физиологиясы
Организмнің шартты-рефлекторлық қызметі және оның нейрофизиоло-гиялық механизмдері. Жоғарғы жүйке қызметі туралы түсінік. Туа пайда болған мінез-құлық түрлері (шартсыз рефлекстер және инстинкт), олардың маңызы, жіктелуі. Шартты рефлекс - адам мен жануарлардың тіршіліктің өзгеру жағдайларына бейімделу түрі ретінде. Шартсыз рефлекстің шартты рефлекстен айырмашылығы. Шартты рефлекстердің жіктелуі. Шартты реф-лекстердің қалыптасуының физиологиялық механизмдері. Үлкен жарты шар-лар қыртысының анализдік-синтетикалық қызметі. Динамикалық стереотип, оның физиологиялық өзегі, оқыту және еңбекке деген дағдыларды қалыптастыру үрдісіндегі маңызы. Қызметтік жүйелер тұрғысынан біртұтас тәртіптік актінің архитектурасы (П.К. Анохин). Медицина теориясы мен тәжірибесі үшін жоғарғы жүйке жүйесі қызметі туралы ілімнің маңызы.
Жоғарғы жүйке жүйесі қызметін зерттеу әдістері. Шартты рефлек-стердің пайда болу шарттары және қалыптастыру әдістері (И.П. Павлов).
Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің тежелу құбылысы. Оның механиз-мдері туралы қазіргі таңдағы көзқарастар. Ұйқы. Қыртыстың тежелу түрлері. Сыртқы (шартсыз) тежелу, пайда болу механизмдері, маңызы. Тежелу шегі, пайда болу шарттары, маңызы. Ішкі (шартты) тежелу, түрлері, сипаттамасы. Қыртыстық талдауды және шартты рефлекторлық қызметті іске асыруда те-лселудің қатысуы. Сергектік. Ұйқы, оның түрлері және кезеңдері. Ұйқы ме-ханизмі туралы қағидалар (И.П. Павлов, Гесс, П.К. Анохин және т.б.). Түс керу. Гипноздық лсағдайлардың физиологиялық негіздері.
Жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типтері. I және П сигналдық жүйелер. Адам және жануарлардың жоғарғы жүйке жүйесінің типтері (И.П. Павлов), олардың жіктелуі, сипттамасы, зерттеу әдістері. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің типологиялық қасиеттерін құруда тәрбиелеудің ролі. Адамның жоғарғы жүйке жүйесінің ерекшеліктері және оның жануарлардың жоғарғы жүйке жүйесінен айырмашыльғы. И.П. Павловтың бірінші және екінші сиг-налдық жүйелер туралы ілімі. Адамның жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктерін анықтау.
Эмоция. Эмоциялық стресс. Ес. Эмоциялар, олардың биологиялық ролі. Жіктелуі. Эмоцияның теориялары. Ес, оның түрлері және механизмдері.
Адамның жоғарғы психикалық қызметтері. Адамның психикалық қызметтерінің ерекшеліктері (назар, қабылдау, ойлау, сана, сейлеу). Назар-дың физиологиялық механизмдерін түсініп ұғынуда И.П.Павлов, АЛ.Ухтомский еңбектерінің маңызы. Адамдағы абстрактілі ойлау қабілетінің дамуы. Сейлеу. Сөйлеу қызметтері. Адамның сөйлеу қабілетінің дамуымен байланысты үлкен ми сыңарларының қызметтік ассметриясы. Психикалық қызметтерді жүзеге асыруда орталық жүйке жүйесінің қызметтік жағдайының маңызы.
Психикалық қызметтерді зерттеудегі физиологиялық әдістер. Анфимов-тың реттеу кестесі бойьшша адамдағы сенсорлық - қимылдық реакциялардың жылдамдығы мен дәлдіктерін зерттеу. Эмоциялық қозғьштық және эмоция-лық тұрақтылық бойынша темперамент түрлерін анықтау. Естің басым ке-летін түрінің анықтау (есту, көру, моторлық - есту, аралас).
Мақсат-бағдарлық қызмет және еңбек физиологиясы. Еңбек әрекетінің физиологиялық негіздері. Физикалық жұмыс кезінде организмде пайда бола-тын физиологиялық езгерістер. Әр түрлі еңбектерді орындау кезіндегі орга-низмнің вегетативтік қызметтерінің өзгеру ерекшеліктері. Қол еңбегінің күш дамуына, төзімділікке, организмнің жұмысқа деген әсері. Физикалық жаттығу, оның адамның жұмысқа деген қабілетіне әсері. Қол еңбегі мен ой еңбегінің ерекшеліктері. Қазіргі өндіріс жағдайындағы адам еңбегінің ерек-шеліктері (гипокинезия, орны шектеулі жүктемелер, жұмыстың бірыңғайлылық, эмоциялық кернеу). Тәуліктік, апта бойы жұмысқа деген қабілеттің қорғаныс қалпы. Еңбек үрдісі кезіндегі жұмысқа деген қабілеттің өзгеруін бағалау әдістері. Белсенді дем алу және оның механизмдері (И.М.Сеченов). Дем алые Кезінде организмдегі түрлі жүйелердің қалпына ке-луінің әр түрлі жылдамдығы.
Бейімделу физиологиясы. Биоритмология. Бейімделу түсінігіне анықтама. Организмнің жеке-дара бейімделуі. Бейімделудің негізіне жататын биологиялық және әлеуметтік факторлар. Бейімделудің түрлері, кезендері және критерилері. Бейімделу реакцияларының даму механизмдері. Тұрақтылық. Бірқатар факторларға (күшті бұлшық ет қызметіне, гиподина-мияға, гипоксияға және т.б.) организмнің арнайы бейімделу әзгерісі. Бейімделудің әлеуметтік тұрғысы. Хронобиология. Биоритмнің жіктелуі. Ырғақтың сыртқы генераторларын қабылдау механизмдері, эпифиздің, пшо-таламустың, гормондардың өзара әрекеттесуінің ролі. Уақытты субъективті қабылдау. Ырғақтың әлеуметтік генераторлары. Десинхроноз.
Ескерту: * - пәнніңмазмүнын 20%-ға дейін жоғары оқу орны өзгерте алады
Достарыңызбен бөлісу: |