Бағдарламасы (Кітапханалық сабақ беру технологиясы бойынша) Бағыты: қоғамдық-гуманитарлық бағыт


Маркетинг және әдістемелік көмек: кітапханалық сабақ



бет7/7
Дата11.11.2016
өлшемі0,62 Mb.
#1509
1   2   3   4   5   6   7

 Маркетинг және әдістемелік көмек: кітапханалық сабақ


 Қыркүйек 20, 2013

20 қыркүйек 2013 жылы ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында кітапханашыларға арналған «Маркетинг және әдістемелік көмек» атты кітапханалық сабақ өткізілді.

Өткізілген уақыты: 20 қыркүйек 2013 жылы. Өткізілген орны: Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы. Қатысушылар – ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасының мамандары. Қатысушылар саны – 36 адам. Іс-шара мақсаты: көпшілік шаралардың жаңа формалары мен әдістемелік көмектің жүргізілу барысы жайлы топтық кеңес беру. Күтілетін нәтиже: кітапхана қызметкерлері біліктілігінің артуы.

20 қыркүйек 2013 жылы ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасында кітапханашыларға арналған «Маркетинг және әдістемелік көмек» атты кітапханалық сабақ өткізілді.


Кітапханалық сабақтың негізі кітапханашылардың ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету мәселелерін анықтау болды. Бұл мәселелерді әдістемелік бөлімнің әдіскері Мальцева О. баяндап берді. Ол әдістемелік көмектің басты бағыттарын айқындады: аудандық және ауылдық кітапханаларға әдістемелік көмек көрсету, кітапханалық озат технологияларды енгізу және тарату, жұмыстың жаңа инновациялық және дәстүрлі емес формаларымен таныстыру, кітапхана кадрларының кәсіби деңгейін арттыру. Кітапхана, әдістемелік орталық ретінде Абай, Абралы, Бесқарағай, Бородулиха аудандарын, Мұқыр, Шүльбі ауылдарын және Курчатов, Семей қаласының жұмыстарына жетекшілік етеді. Кітапхананың әдістемелік бөлімі онлайн-орталықтардың жұмысы бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындап, онлайн-орталықтардың ашылу сценарийлерін жасап, Бесқарағай, Канонерка, Мұқыр, Қайнар ауылдарына шақыру билеттерін жіберіп, осы онлайн-орталықтардың ашылу салтанатына қатысты. Аталған ауылдармен күн сайын хат жазысып, онлайн-орталықтардың жұмысы жайлы есептеме жасалады. Жұмыс қала колледждерінің кітапханаларымен үйлесіп отырады. Бөлім қызметкерлері әдістемелік қызмет көрсету мақсатында бірнеше рет Мұқыр, Қайнар, Қасқабұлақ ауылдарына барған.

Кітапхананың маркетинг бөлімінің жұмысымен маркетинг және әлеуметтік-мәдени жобалар бөлімінің меңгерушісі Адикаева Р. баяндап өтті. Кітапханалық маркетингтің бастысы – қосбірлікті және бірін-бірі толықтыратын ықпал. Бір жағынан қарағанда, бұл – талғамдарды, сұранысты, қажеттілікті жан-жақты зерттеу, сұранысқа байланысты қызмет ету, ал екінші жағынан – сұранысқа, қажеттіліктің пайда болуына, қызметтің пайдаланылуына белсенді түрде әсер ету. Осылайша кітапханалық маркетингтің негізі анықталады: іскерлік серіктестіктің нығайуы, келісім шарт негізінде ұйымдар мен мекемелермен жүйелі түрде қызмет ету, кітапхана сұранысын зерттеу, ақпараттық нарықта кітапханалық қызмет көрсетуді жетілдіру және алға тарту; қаланың әлеуметтік мәні бар жобаларға қатысу; кітапханалық қызметтің сапасын арттыру.


Үлестірме материал ретінде «Кітапханалардағы көпшілік жұмыстың жаңа формалары» бүктеме дайындалды: «Кітаппен бірге әлемді танимыз» библиодесант, білім аукционы, жазушы бенефисі, библио-глобус, кітап бьеналлесі, әдеби жаңалықтардың бюросы, бейнекруиз және т.б. Бұл кітапханалық сабақ барысында «Книгоноша» және «Апельсиновые окна» жобалары баяндалды.

« Қазақ футболына 100 жыл: кітап көрмесі



Тіл – достықтың көпірі: а

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет