Бағдарламасы «Математикалық анализ 1»



Дата24.04.2017
өлшемі156,09 Kb.
#14967
түріБағдарламасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-37.1.395/02-2015




ПОӘК

Студенттерге арналған пәндердің оқу бағдарламасы «Математикалық анализ 1»



Баспа №1

күні 21.05.2015 ж




ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


«Математикалық анализ 1»



5В060100 – «Математика» мамандық үшін
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘНДЕРДІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей


2015

АЛҒЫШАРТТАР

1 ӘЗІРЛЕНГЕН
Құрыстырушы __________ «___»_____________ 2015ж.

Нурсултанова Гульзифа Кажиевна, «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы


2 ТАЛҚЫЛАНДЫ
2.1 Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы отырысында
Хаттама № 9 «21» мамыр 2015ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ Жолымбаев О.М.
2.2 физика математика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
Хаттама № 6 «11» маусым 2015ж.
Төраға ______________ Батырова К. А.

3 БЕКІТІЛДІ


Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған
Хаттама № 6 «11» маусым 2015ж.
ОӘК төрағасы ______________ Г. К. Искакова

4 АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН

Мазмұны


  1. Жалпы ережелер……………………………………………………………………….4

  2. Пәндердің мазмұны және сабақ түрлері бойынша сағаттарды бөлу........................5

  3. Пәндерді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар.............................................6

  4. Курс форматы және саясаты.........................................................................................6

  5. Баға қоюдың саясаты.....................................................................................................7

  6. Әдебиеттер......................................................................................................................8

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Оқытушы және пән туралы жалпы мәліметтер


  • Оқытушының тегi Нурсултанова Г. К. – математика магистрі, аға оқытушы

  • Кафедра – «Математика және математиканы оқыту әдістемесі»

  • Ақпарат – № 3 оқу ғимараты, кабинет № 226

  • Сабақ өткiзу орны – сабақ кестесі бойынша

  • Пәннiң атауы – Математикалық анализ 1;

  • Кредит саны – 3;

1.2 Пәннің мазмұнын қысқаша сипаттау

Математикалық анализ 1 5В060100 – «Математика» маманын даярлауда ерекше орны бар пән. Бұл курс математикалық білім беру жүйесіндегі негізге алынатын пәндердің бірі болып табылады. Курс түсініктерді, тұжырымдарды және әдістерді геометриялық және физикалық интерпретациялау жолымен ашу, сондай-ақ, практикалық есептердің аналитикалық моделін құру арқылы сипатталады. Мұнда жалпы білім беретін мектептердің негізгі бағдарламасына кіретін «Алгебра және анализ бастамалары» бөлімінің барлық материалы толық қамтылады.

1.3 Аталмыш курстың мақсаты

«Математикалық анализ» пәнінің мақсаты – айнымалы шамаларды негізін дифференциалдық және интегралдық есептеулер теориясы құрайтын ақырсыз аздар анализінің көмегімен зерттеудің іргелі әдістерімен таныстыру. Математикалық анализ бойынша студенттерге классикалық іргелі дайындық жүргізу, басқа математикалық пәндерді меңгеруде математикалық анализ аппаратын қолдану дағдысын қалыптастыру.

1.4 Пәнді оқытудың негізгі міндеті: студент математикалық аанализ курсы бойынша негізгі ұғымдар мен анықтамаларды, негізгі теоремаларын біліп, оларды математиканың басқа курстарымен байланыстыра отырып есептер шығаруда ұтымды пайдалана білетін деңгейде меңгерту.

1.5 Оқып білудің нәтижесінде студент мыналарды білуі тиіс:


  • математикалық анализдің негізгі ұғымдарын еркін бағдарлай білу;

  • теорияның негізгі тұстарын білу;

  • алған білімдерін нақты жағдайларда қолдана білу;

  • мектептегі алгебра және анализ бастамалары курсында, физика және басқа математикалық пәндерді меңгергенде алған білімдерін қолдана білу дағдысын қалыптастыру;

  • «Математикалық анализ 1» пәні қағидаларын математиканың барлық бөлімдерінде пайдалана алу қабілеті.

1.6 Курстың пререквизиттері: жоқ

1.7 Курстың постреквизитері: математикалық талдау 2, математикалық логика және дискретті математика, алгебра және анализ бастамаларын оқыту методикасы, есептерді шешудің әдістемелік негіздері, нақты айнымалы функция теориясы, дифференциалдық геометрия және топология, теория вероятностей и математическая статистика, дифференциалдық теңдеулер.


2 ПӘНДЕРДІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ САБАҚ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША САҒАТТАР БӨЛУ
1 кесте



Тақырыптың аты


Сағаттр саны

Әдебиеттер

Дәріс

Машықтану

БОӨЖ

БӨЖ




Математикалық анализ 1




1

2

3

4

5

6

7

1

Нақты сандардың теориясы. Нақты сандардың қасиеттері. Нақты сандардың абсолют шамасы.

2

1

2

4

[1]: Гл.1 §2,

2

Сандық тізбектер. Шектеулі , шектеусіз тізбектер. Монотонды тізбектер. Жинақталатын тізбектер, олардың негізгі қасиеттері.

2

1

1

5

[1]: Гл.1 §1,4

3

Функция туралы түсінік. Функцияның шектік мәндері. Күрделі функция және кері функция туралы түсінік, кері функцияның бар болуы..

2

1

2

4

[1]: Гл.2 1,2

4

Ақырсыз аз және ақырсыз үлкен функцияларды салыстыру Тамаша шектер.


2

1

1

5

[1]: Гл.3

5

Функцияның үзіліссіздігі. Үзіліс нүктелері. Оларды классификациялау,

2

1

1

4

[1]: Гл.4

6

Бір айнымалы функциясының дифференциалдық есептеуі: функцияның туындысы, дифференциалдау ережелері.

2

1

2

5

[1]: Гл.5

7

Туындының физикалық және геометриялың мағнасы. Функцияның .

2

1

1

4

[1]: Гл.6 §2

8

Күрделі функцияны дифференциалдау ережесі. Кері функцияның туындысы туралы теорема. Функцияның дифференциалы туралы ұғым.

2

1

2

5

[1]: Гл.6 §5

9

Жоғарғы ретті туындылар мен дифференциалдар. Лейбниц формуласы.

2

1

1

4

[1]: Гл.6 §5

10

Дифференциалдық есептеудің негізгі теоремалары: Ферма, Роль, Лагранж, Коши теоремалары

2

1

2

5

[1]: Гл.7,2

11

Лопиталь ережесі. Тейлор формуласы, оның қалдың мүшелерінің түрлі формалары.

2

1

1

4

[1]: Гл.7 §3

12

Функцияны зерттеу және оның графигін құру: Функцияның монотондық белгілері, экстремум нүктелерін іздеу,

2

1

2

5

[1]: Гл.7 §4

13

Графиктің дөңестік бағыттары, иілу нүктелері, графиктің асимптоталары.

2

1

1

4

[1]: Гл.8 §1

14

Функцияны толық зерттеу.

2

1

2,5

5,5

[1]: Гл.8 §3

15

Функцияның кесіндідегі супремумы мен инфиниумы. Дарбу теоремасы.

2

1

1

4

[1]: Гл.9 §3-




Барлығы

30

15

22,5

67,5




3. ПӘНДЕРДІ ОҚЫП-БІЛУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР

Курсты бастамас бұрын ең алдымен студент ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралымен толық танысып шығуы керек, бұдан студенттің кітапттармен жұмысын жеңілдетеді. Қысқаша дәріс материалдарындағы әрбір тақырыптан кейін студенттің өзбетінше дайындалуына сұрақтар берілген.

Дұрыс таңдалған оқу құралы да маңызды. Бірнеше кітаппен жұмыс жасауда көптеген қиындықтар туындайды. Сондықтан ұсынылған әдебиеттердің ішінен біреуін негізгі етіп таңдап алу қажет. Ал қалған әдебиеттерден тақырыпты толықтыру үшін немесе мысал-есептер қарау мақсатында пайдаланған жөн.

Курсты бағдарламалық тақырып бойынша ретімен оқу міндетті.Кітаппен жұмыс кезінде студент міндетті түрде өзбетімен есеп шығаруға дағдылануы керек.

Теориялық білімді практикада (есеп шығаруда) қолдана алған жағдайда ғана оқу материалын студент толық игерді деп есептеуге болады.

4. КУРС ФОРМАТЫ

Оқу сабақтары аптасына 3 рет, әрқайсысы 50 минуттан өтеді. Курс форматы – аралас.

Дәріс сабақтары аса күрделі тақырыптарды талдауға араналады. Сабақты өткізудің мұндай құрылымы студенттің жүйелі түрде ұсынылған әдебиеттермен өз бетімен жұмыс жасуын талап етеді.

Тәжірибелік сабақтар күрделі теориялық материалдарды қамтитын есептерді шешуге арналған.

Аудиториялық БОӨЖ кезінде студенттердің дәріс және тәжірибелік сабақтарына және сондай-ақ, үй жұмысын орындаған кезінде туындайтын сұрақарға байланысты өткізіледі. Қажет болған жағдайда БОӨЖ мен жеке немесе топтық консультация түрінде өткізем.

Сабақтың негізгі бөлігі пәнді өз бетімен меңгеруге арналған (яғни ОӨЖ).

5. КУРС САЯСАТЫ

Курстың саясатыбұл оқытушының курсты оқыту барысында студентке қоятын талаптар жүйесі. Ұсынылатын талаптар - барлық тапсырмаларды уақытында, сапалы орындау; себепті жағдаймен қатыспаған сабағын (деканаттың рұқсатымен) қайта тапсыру; өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасау; оқу үрдісіне белсенді қатысу; сабақты жібермеу; сабаққа кешікпей келу.

Қатысу: аудиториялық сабақтарға қатысу міндетті. Егер студент қандай болса да бір себеппен сабаққа келе алмаса, онда ол өтілген барлық материалға міндетті түрде жауапты болады.

Аудиториялық жұмыс: лекция мен практикалық сабақтардың мерзімі – 50 минут. Егер сабақ уақытында (кезінде) студент тәртіп бұзатын болса, онда оқытушы лекция мен практикалық сабақтар өткізілетін оқу аудиториясынан шығарып жіберуге құқылы.

Ұялы телефон: сабақ уақытында өшіріп қою керек.

Үй жұмысы: орындауға міндетті. Оқытушы практикалық сабақтар мен оның бақылауымен өткізілетін өздік жұмыстар кезінде үй жұмысын тексеріп тиісті баллдарын қояды.

Бақылау жұмысы: Пән бойынша бағалау келесі формада жүзеге асырылады:

- ағымдық бақылау («Математикалық анализ 1» пәні бойынша оқу процессінің календарлық кестесіне сәйкес жүргізіледі);

-аралық бақылау (7 және 15 аптада);

-қорытынды бақылау – емтихан (бір рет академиялық аралық соңында өткізіледі)

Емтиханға аралық бақылаудан кейінгі бағасы >50% болатын студенттер ғана жіберіледі.

Пән бойынша қорытынды баға аралық бақылауды 0,6 (60%) және емтихан қорытындысын 0,4 (40%) көбейтіп екеуін қосу арқылы алынады.
6 БАҒА ҚОЮДЫҢ САЯСАТЫ

Баллдарды апта және бақылау түрлері бойынша бөлу келесі кестеде көрсетілген. «Математикалық анализ 1» пәні бойынша баллдарды бөлу

2 кесте

Апта

Бақылау түрі

Балл саны

Ескерту

1

2

3

4

1

1 және 7 апталардағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу.

30




2

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

20

Тәжірибелік сағат

3

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

20

Тәжірибелік сағат

4

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

20

Тәжірибелік сағат

Жеке өздік жұмысын орындау №1

40

СӨЖ

Шектер


5

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

20

Тәжірибелік сағат

6

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

20

Тәжірибелік сағат

Жеке өздік жұмысын орындау №2

40

СӨЖ

Фунцкияның үзіліс нүктелері. Лопиталь ережесі



7

Бақылау жұмысы

90

Аралық бақылау

1-7 апта аралығындағы барлық балл

300







8 және 15 апталардағы барлық аудиториялық сабақтарға қатысу.

30




8

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

16

Тәжірибелік сағат

9

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

14

Тәжірибелік сағат

10

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

14

Тәжірибелік сағат

11

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

14

Тәжірибелік сағат

Жеке өздік жұмысын орындау №3

40

СӨЖ

Туынды және дифференциалдау



12

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

14

Тәжірибелік сағат

13

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

14

Тәжірибелік сағат

Жеке өздік жұмысын орындау №1

40

СӨЖ

Функцияны толық зерттеу



14

Оқып жатқан тақырыпқа байланысты есептер шешу

14

Тәжірибелік сағат

15

Бақылау жұмысы

90

Аралық бақылау

8-15 апта аралығындағы барлық балл

300



7. ӘДЕБИЕТТЕРІ



    1. 7.1. Қадықайырұлы Қ. Дифференциалдық және интегралдық есептеулер, 1972, Мектеп

    2. Қосымша әдебиеттер

    3. 7.2. Демидович Б. П.Задачи и упражнения по математическому анализу, 1978, Наука

7.3. Кузнецов Л. А. Сборник заданий по высшей математике, М. «Высшая школа», 1984.

    1. 7.4. Фихтенгольц Г. М. Математикалық анализ негіздері, 2 Том.

      1. 7.5. Данко Л. Е., Попов Т. Я. Высшая математика в упражнениях и задачах. Часть 2., М.,

      2. 7.6.. Запорожец А. Т. Задачи по математическому анализу.

7.7. С. М. Никольский Курс математического анализа. Том 1. М. «Высшая школа»,

1978.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет