Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет24/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

3. Операциялық дерекқор
Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және істен шықпау төзімділігінің тиісті деңгейіндегі жүктемені ұтымды бөлу, сондай-ақ түсетін жүктемеге байланысты жедел масштабтау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында операциялық дерекқор құру болжанады.
Белгілі бір модальдылықтар бойынша эталондық деректер операциялық қажеттіліктерге сәйкес мемлекеттік органдардың операциялық дерекқорларына беріледі. Биометриялық деректермен жұмыс істеу жөніндегі ақпараттық жүйелер операциялық дерекқорлардан алынған деректерді өз қажеттіліктеріне сәйкес пайдаланады.
Ведомстволық бағыныстылығына сәйкес биометриялық параметрлерді салыстырудың технологиялық платформалары (бет, дактилоскопия (бақылау саусақ іздері), дауыс, нұрлы қабық) операциялық дерекқорларға қол жеткізе алады.
Провайдерлердің Операциялық дерекқорларын құру кезінде биометриялық деректер үлгілері қорғалған периметрден шықпайтын сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл моделін іске асыру болжанады, оның орнына биометриялық үлгілерді қалпына келтіру (жасанды ету) мүмкін болмайтын математикалық үлгілер берілетін болады.


4. Биометриялық тексерудің платформасы
Гендерлік бейтараптық қағидаттарын қамтамасыз ету мақсатында провайдерлер тарапынан биометриялық верификацияның мультивендорлық платформасын құру көзделеді.
Биометриялық тексерудің мультивендорлық платформасын қолдану тиісті тексерулер жүргізілгеннен кейін кез-келген жеткізушілерді (бағдарламалық жасақтама өндірушілері) қосу мүмкіндігін болжайды.
Биометриялық тексерудің мультивендорлық платформасы мыналарды қамтамасыз етеді:
- Қаскөйлердің бұзу құралдарын ықтимал пайдалануын анықтау үшін «liveness detection» рәсімдерін жүргізу;
- Биометриялық параметрлер бойынша верификация рәсімдерін жүргізу (фото, саусақ іздері, болашақта көздің нұрлы қабығы).
Биометриялық тексерудің мультивендорлық платформасы қызметке жүгінген кезде жеке тұлғадан алынған биометриялық үлгілерді (1:1) Операциялық дерекқорда сақталған эталондық үлгілермен салыстыруды қамтамасыз етеді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет