Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9


Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді басқару жүйесі



бет25/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді басқару жүйесі

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімдерді басқару жүйесі жеке тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді беру және кері қайтарып алу процестерін басқаруды қамтамасыз етеді.
Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімдерді басқару жүйесінің құрамында жеке тұлғалардың дербес деректерді жинауға және өңдеуге бұрын берілген рұқсаттарды қараудың (мобильді қосымша және веб-портал түрінде), сондай-ақ оларды кері қайтарудың дербес (тәуелсіз) тетіктері көзделетін болады.
Сонымен қоса, жеке (биометриялық) деректерді жинау және өңдеу фактілері туралы Жеке тұлғаларды хабардар ету тетіктері іске асырылады. Бұл тетік кімнің қол жеткізетінін бақылауға мүмкіндік береді.


6. Деректерді көшіру жүйесі
Жиналған және өңделген дерект ер бақылау биометриялық жүйесіне келіп түседі.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, еңбекші көшіп-қонушылардың, Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілуге жататын адамдардың қол саусақтарының таңбалары бойынша дереккөзі ІІМ АДИС ЖБС ААШЖ болып табылады.
ХҚТ ТП АЖ Қазақстан Республикасы азаматтарының, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың анықтамалық деректері мен фотобейнелері бойынша дереккөзі болып табылады.
Еңбекші көшіп-қонушылардың және Қазақстан Республикасының аумағынан шығарып жіберілуге жататын адамдардың фотобейнелері бойынша деректер көзі ІІМ АДИС ЖБС ААШЖ болады.
Еңбек мигранттары мен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылуға жататын адамдардың анықтамалық деректері бойынша деректер көзі ҚР ІІМ ЖП АЖ болып табылады.

    1. Деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Биометриялық сәйкестендіруге қатысты конфиденциалдылық мәселелері олардың әртүрлі салаларда таралуына байланысты өзекті бола түсуде. Биометриялық деректерді дұрыс пайдаланбау жеке деректерді ұрлау немесе клиенттерді профильдеу сияқты ауыр салдарға әкелуі мүмкін.


Ұлттық платформа инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздік жүйесі Ұлттық платформаның бүкіл инфрақұрылымы мен оның жекелеген шағын жүйелері/құрамдас бөліктері қорғалуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету бойынша өзара байланысты ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін білдіруі тиіс.


Келісімді басқарудың орталықтандырылған жүйесі

Ұлттық платформа деректерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде киберқауіпсіздіктің үнемі ұлғайып жатқан проблемаларын шешу үшін белсенді және жан-жақты көзқарас қажет. Мысалы, Сингапур және Үндістан сияқты елдер азаматтардың жеке ақпаратына қол жеткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өздерінің ұлттық биометриялық сәйкестендіру жүйелері шеңберінде цифрлық келісімдерді басқарудың орталықтандырылған жүйесін белсенді қолданады.


Бақылау биометриялық жүйесінде сақталатын биометриялық деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында халыққа қызмет көрсету шеңберінде қол жеткізу жеке тұлғалардың Дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісімдерді басқару жүйесінде тіркелген дербес деректерді жинауға және өңдеуге арналған келісімдері негізінде ғана жүзеге асырылатын болады.
Келісімдерді басқару жүйесі азаматтарға дербес (биометриялық деректерді) жинау және өңдеу процестеріне белсенді әсер етуге, нақты ұйымдарға берілген рұқсаттарды рұқсат беру/беруден бас тарту/қарау және кері қайтарып алу жолымен өзінің дербес деректеріне қол жеткізуді басқаруға мүмкіндік береді.
Келісімдер тізілімін іске асыру, ең алдымен, елде Қазақстан Республикасы азаматтарының өзінің дербес деректерін бақылау және басқару тетігін дамытуды ынталандырады, бұл әлеуетте конфиденциалды жеке ақпараттың таралып кету қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Азаматтардың келісімді басқару жүйесіне қолжетімділігі интерфейс арқылы жүзеге асырылады, онда азамат өзінің деректерін басқара алады, атап айтқанда:

  • Өз деректерін (оның ішінде бөгде ұйымдардың) өңдеуіне келісім беру;

– Өз деректерін өңдеуге берген келісімін қайтарып алу;
– Дербес деректерге қолжетімділікті ұсыну транзакцияларының тарихын көру (логтар транзакциялары).
Осылайша, азамат өзінің дербес деректеріне қолжетімділікті өзінің цифрлық құралдары арқылы өзі бақылайтын болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет