Бағдарламасы мазмұны 1Ұлттық цифрлық сәйкестендіру жүйелерін әзірлеу қағидаттары 9



бет22/71
Дата09.11.2022
өлшемі6,79 Mb.
#157362
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71
Байланысты:
@ 5 B @ 3@0 K 04.03.22 ( )

Компонент

Жағдайы


Биометриялық деректерді жинау (тіркеу) жүйелері

Қолданылып жүрген


Биометриялық бақылау жүйесі

Жаңа


Деректердің операциялық базасы

Жаңа


Биометриялық тексерудің платформасы (биометр)

Жаңа


Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімді басқару жүйесі

Жаңа


Деректерді көшіру жүйесі

Жаңа



    1. Нысаналы архитектура компоненттерінің сипаттамасы


Нысаналы архитектураны әзірлеу аясында мына компоненттер көзделген:



  1. Биометриялық деректерді жинау (тіркеу) жүйелері.

2023 жылдан бастап Қазақстан азаматтары мен бейрезиденттердің бастапқы биометриялық деректерін жинау «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 40-VІ ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың деректерді жинауының қазіргі процестері шеңберінде, атап айтқанда:
- ҚР ІІМ ХҚТ ТП және ЖБС ААШЖ жүйесі арқылы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке басты куәландыратын құжаттарды беру рәсімдері шеңберінде;
- ҚР ІІМ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу рәсімдері шеңберінде МО АЖ және ЖБС ААШЖ арқылы;
- ҚР ҰҚК шекаралық бақылау процестері аясында «Бүркіт» БАЖ арқылы жүзеге асырылатын болады.
Биометриялық деректерді жинау рәсімдеріне қатысатын ҚР ІІМ мен ҚР ҰҚК қолданыстағы ақпараттық жүйелерін жаңғырту және ақпаратты беру бөлігінде Бақылау биометриялық жүйесімен интеграциялау талап етіледі.
Жеке тұлғаларды дедупликациялау рәсімдері мемлекеттік қызмет көрсету үдерістері шеңберінде ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК ақпараттық жүйелерінің ішкі логикасы деңгейінде жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына арналған Халыққа қызмет көрсету орталықтары биометриялық деректерді жинауға арналған құрылғылармен қамтамасыз етілетін болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет