Тұрғын үй -коммуналдық шаруашылық
Аршалы ауданында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту «2020 аумақтарды дамыту Бағдарламасы» аясында жүзеге асуда. Негізгі мақсат- халықты сапалы коммуналдық қызметімен қамтамсыз ету.
Кесте – Тұрғын үй қоры
|
Барлығы мың,. кв.м
|
Қалалақы жерде
|
Ауылдық жерде
|
мың. кв.м
|
Салыстырамыл салмақ, %
|
мың. кв.м
|
Салыстырамыл салмақ, %
|
Ақмола облысы
|
16167,7
|
7378,6
|
100
|
8789
|
100
|
Аршалы ауданы
|
630,5
|
-
|
-
|
630,5
|
7,2
|
Келешекке басты мақсаттың бірі болып бар тұрғын үй қорын сапалы қолдану арқылы және жаңаландыру арқылы сақтап қалу.
Электрмен жабдықтау
Ауданның елді мекендері Аршалы аудандық электр желілерімен қамтамасыз етілді. Олар 5 жүйелік шеберлік учаскені қамтиды: Новоалександровка, Михайловка, Аршалы, Раздольное, Константиновка,.Алтыншы учаскесі : Аршалы АЭЖ аралық станциясы,19 аралық станциясын қамтамсыз ететін. Ауданда электр қуатын тұтыну өсіп келеді, бұл тұтынушыларды электр қуатымен тұрақты қамтамасыз ету және оның сенімділігінің қажеттілігін көрсетеді. 2014 жылы электрқуатын босату 67,9 млн.кВтс құрады және 2010 жылмен салыстырғанда 12,5 млн.кВтс немесе 22,6% ұлғайды. Тұтынылған электрқуаты үшін уақытында төлемжүргізілгенде оның уақытында беруінде айырмашылық болмайды.
Қуатты тұтыну құрылымында 32% - өнеркәсіпке, 8%- ауыл шаруашылыққа, 23% - экономиканың басқа салаларына, калған үлестері (37%) халықтың тұтынуына келеді. Талдау жүргізілген кезеңге (2008-2012ж.ж.) электр желілерінің ұзындығы 5% өсті.
«АРЭК-Энергосбыт» ЖШС-дан Аршалы к. мен Жібек жолы а. тұрғындарға қызмет көрсету үшін 2 сервистік орталық ашылды.
Электрді үнемдеу саясатын енгізу мақсатында 2015 жылға дейін энергияны үнемдеу бағдарламасы әзірленді және жұмыс жасайды.
Энергияны үнемдеу саласындағы Үкіметтің саясатына сәйкес аймақтар бойынша тұрғындардың арасында қуат ресурстарын үнемдеуге ынталандыратын «күндіз» - «түн» және электр қуатын тұтыну көлемі бойынша дифференциалды мөлшерлемелер енгізілді.
Мәселелер:
-кәсіби мамандардың жетіспеушілігі;
-«Вишневка» аралық станциясындағы құрал жабдықтарды қайта өңдеуден өткізу.
Жылумен жабдықтау
Аршалы ауданының аумағында жылумен жабдықтайтын 98 нысан болды, оның ішінде 38 білім нысандары, 29 денсаулық нысандары, 27 мәдениет нысандары және 4 басқа нысандар – ШЖҚ «Аршалы Су – 2030» МКК, «Қазшпал» АҚ, №4 агротехникалық колледж.
2013 жылы ауданның коммуналдық меншігіне Аршалы кентіндегі әкімшілік ғимараттарды жылытатан орталық қазақдық қабьылданды. Бұл шараға ауданнан 7,7 млн.теңге қаражат бөлініп, оған қазандықты сатып алынып , жөндеуден өткізілді, тас көмір сатып алынды.
2014 жылы салынып жатқан коммуналдық 16 пәтерлік үйге облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен қазандық салынды, жылу жүйесі трассасын жөнделді,сондай ақ жылу мезгіліне дайындлық жұмыстары жүргізілді.
Аршалы кентіндегі көп этажды 8 үйлерді жылумен үшінші бу қазандығын орнатқан «Қазшпал» АҚ жүргізеді. Аршалы к., сондай-ақ ауданның ауылдық елді мекендеріндегі 2 этажды, бір этажды үйлері тұрмыстық және сумен жылытылатын пештермен жылытылады.
Ауыз сумен қамтамасыз ету
32 елді мекендерден 3 елді мекендер тасымалы ауыз сумен қамтамасыз етілді (102, 41, 42 разъездер). Басқа елді мекендерде орталықтырылған сумен жабдықтау бар. Су құбырлары желілерін пайдалануды ШЖҚ «Аршалы Су- 2030» МКК, «Агрофирма Поиск» ЖШС, «КомСервис» ЖШС жүргізеді.
ҚР ауыл шаруашылық министрлігінің су ресурстары бойынша Комитетінің тапсырысы бойынша Ижев с.-Шептікөл ст,- Вишневка ст. сумен жабдықтау желілерін қайта құру және Ижев су жүргізу магистралының құрылысының жобасы әзірленген. Аталған жобаның құны 1,5 млрд. теңгені құрайды. Бұл жоба Шептікөл ст., Ижев с. және Вишневка ст. суды жүргізу магистралының, су сорғыш, тазалау стансаларының құрылысын, сондай-ақ, осы елді мекендергің су құбырлары желілерін қайта құруды қарастырылған.
Су құбыры жүйесінде атқарылған жөндеу жұмыстары:
2012 жылы:
Саяжай к. тұрғын үйлерге өткізілген су құбыр жүйесін сатып алу-51,9 млнтеңге.
2013 жылы:
Ақбұлақ с. Су құбыры жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу-146,4 млн.тг.
2014 жылы:
Аршалы к. су құбыры жүйесін қайта жаңғырту-тұрғындар саны-6533 адам, -472,5 млн.теңге.
Жібек жолы а. су құбыры жүйесін қайта жаңғырту 412,9 млнтеңге, нысан 22.09.2015 ж. пайдалануға берілді.
2015 жыл:
Разъезд 42 с. тарату жүйесін қайта өңдеуден өткізуге ЖСҚ әзірлеу, қазіргі уақытта жоба МС өтуде.
Суды бұру
Орталықтырылған суды бұрумен екі елді мекеннің (Аршалы к., Ижев с.) тұрғындары қолданады. Аршалы к. суды бұру желілері «Қазшпал» АҚ теңгерімінде тұрды және оның тозуы 80% құрады. Осыған байланысты, 2012 жылы Ақмола облысының табиги ресурстар және табиғатты қолдану Басқармасымен Аршалы к. кәріқ желілерін қайта құруға ЖСҚ пен МС өткізу әзірленді. Жобада Аршалы к. барлық көп этажды үйлерін, кенттің орталықтағы әкімшілік ғимараттарын, №3 АОМ және «№4 АТК» КМУ-ді желіге қосу қарастырылған. Тазалау жаңа заманауи технология бойынша кәріз жүйелерін тазалау стансалары арқылы 2 мембранды биореактормен жүргізілетін болады. Жобаның құны 795 млн теңгені құрайды. 2013 жылы Аршалы к. кәріз желілерін қайта құру бойынша 360 млн.теңге бөлінді және игерілді, 2014 жылы 135,9 млн бөлініп 100 пайыз игерілді, 2015 ж. 209,9 млн теңге бөлініп 01.11.2015 ж. жағдай бойынша 152,4 млнтг. игерілді.
Ижев с. суды бұру 40 жыл бұрын салынған, оны тез арада қайта салу қажет. Бұл желілер «Ижев» ӨК теңгерімінде.
Газбен жабдықтау
Ауданда көбінесе баллондық газбен жабдықтау қолданылған. Газ баллондарын қолдану тұрғын үйлерді өрт қауіпсіздігінен қорғайды.
Орталық газбен жабдықтау мәселесі де кезеңдікпен шешілді. «Ақтөбе ремпроект» ЖШС пилоттық жобасына сәйкес, Жібек жолы а. автономдық газды тарату желілерінің құрылысына ЖСҚ әзірленіп, МС өткізілді, жобаның құны 1,8 млрд. теңгені құрайды. Жұмыстар 2012 жылы басталып 2014 жылы аяқталды. Газ тарату жүйесінің құрылысы аяқталып, Аршалы ауданы коммуналдық меншігіне қабылданды. Қазіргі уақытта сенімгерлік басқаруға беру жұмыстары жүргізілуде.
Абаттандыру
Көптеген елді мекендерде абаттандыру элементтері қалпына келтіруді қажет етті. Жалпы қолданыстағы аумақтар мен арнай мақсаттағы жерлерді ұстауға қаражаттар бөлінбеген, нысандар ешқайда бекітілмеген. Бұл негізінен көшелер, аулалар, жағажайлар, зираттар және т.б. Ауданда жыл сайын көгалдандыру және ағаштар отырғызу бойынша шаралар өткізіліп тұрады. Бірақ, өкінішке орай, көптеген ағаштар орнықпайды, себебі оларды отырғызғаннан кейін күтім болмайды, олардың сақталуы қамтамасыз етілмейді.
Көшелердің күрделі жөндеуін жүргізу жоспары қаражаттың жоқтығынан орындалмады. ТҚҚ жинау алаңдары жабдықталмаған, абаттандырылмаған, жеткілікті контейнерлердің санымен жабдықталмаған.
Аршалы ауданында тұрмыстық қатты қалдықтардың 22 полигоны бар. Қоқыс полигондары аудан бойынша орташа есеппен 50% толтырылған. Өзекті мәселе болып ТҚҚ полигонын ұстау болып отыр. Қалдықтарды жинақтау жүргізілмейді.
Аудан бойынша жасыл көшеттердің жалпы алаңы 2014 жылы 11 мың.га құрады, бұл 2008 жылдың деңгейінен 18% көп. Аудан аумағында парктердің, аллеялардың, скверлердің сандары 8% ұлғайып, 2014 жылы 25 бірлікті құрады.
Проблемалар:
-ТҚҚ бойынша полигон құрылысын жүргізу үшін ЖСҚ дайындап, МС өткізуге қаржы қаражатының жетіспеушілігі.
SWOT-анализ
Күшті жақтары
|
Мүмкіндіктер
|
Мемлекеттің қолдауы ;
ТҮКШ қызметінің сапасының жоғары қажеттілігі ;
Сараланған тарифтерді қолдану .
|
Электрқуаты және ресурсты үнемдеу шараларын өткізу ;
ТҮКШ МЖҚ дамыту;
Сапалы коммуналдық қызметті көрсету, активтерді жаңарлату
ТҮКШ автоматтандыру ;
Мағлұматтардың біркелкі базасын құру .
|
Әлсіз жақтары
|
Қауіп қатер
|
Инфрақұрылым нысандарның тозу деңгейінің жоғары болуы ;
Қолда бар ресурстарды оңтайлы қолданбау ;
Жоғары білікті кадрлардың жоқ болуы;
ТҮКШ нысандарының жоғарғы тозық деңгейі;
Замануи тізім, сесеп және бақылау технологиясының жоқтығы, автоматтандырылған жүйенің жоқтығы;
Жеке инвосторларға ТҮКШ жүйесінің төменгі инвестициялық тартымдылығы;
Материалды-техникалық базасының әлсіздігі;
Жалпы мәлімет базасының жоқтығы
|
Энергоресуртың жоғалту деңгейінің жоғары болуы және халықтарға тарифтерді жоғарлату болып келеді;
Жоғары тозушылыққа байланысты құралдардың істен шығуы ;
ТҮКШ саласында замануи технологиялардың жоқтығынан айналаны қорғау жағдайының төмендеуі .
|
Саланың мәселелері:
-ТҮКШ саласында қатынастардың толық жетілмегендігі;
-сумен қамтамасыз ету жүйесінде иесіз жүйелердің болуы;
-ішкі орамдарды жеке меншіктердің қызмет көрсетуі;
-ТҮКШ автоматтандыру;
-электрмен қамтамасыз ету жүйесінің тозуы;
Аудан бойынша сумен қамтамсыз ету жүйесінің тозықтығы да ең үлкен мәселердің бірі болып келеді. Жоғары дәрежедегі арнаулы техникалардың және мемлекеттік кәсіпорындардың құралдарының тозуы .
Су тарту жүйесіндегі проблемалық сұрақтардың бірі жүйе мен құрылыстың тозықтығы. Өзекті мәселе болып селоларда тазарту құрылысының жоқтығы саналады. Ағымдағы суды төгу қоршаған ортаға аса қауіпті қатер көрсетеді.
Газбен қамтамсыз ету жүйесіндегі проблема көп қабатты үйлердегі газбен қамтамсыз ету жүйесін қайта құру. Газотехникалық инспекциясының жоқтығы.
БАҒЫТ : Экология және жер ресурстары
Өңірдің экологиялық мәселелері
2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік Концепциясын жүзеге асыру мақсатында, Аршалы ауданының экологиялық мәселелерінің тізілімінде келесі мәселелерді атап өтуге болады:
1.Қоршаған ортаны және жер ресурстарын өндірістік және тұрмыстық қызметтің қалдықтарымен ластау. Санитарлық эпидемиологиялық сипаттағы мәселені қалыптастыратын, заңсыз және тұрмыстық қалдықтардың төтенше үйіндісі, тұрмыстық қатты қалдықтардың (ТҚҚ) полигондарын жайластыру және қайта өңдеу, Аршалы к., селолық, ауылдық округтер бойынша ТҚҚ полигондары бойынша қоршаған ортаны қорғау шегінде рұқсатнама құжаттарын әзірлеу.
2.Қоршаған ортаны және су ресурстарын сарқынды сулармен ластау. Ауданның көлдерінің ластануы және суының азабы, елді мекендердің жанындағы өзен жолдарын реттеу, суды қорғау аймақтарын және су қоймаларының жолақтарын орнату, бөгеттердің күрделі жөндеу жұмыстары.
3.Қоршаған ортаны радиоактивті және өндірістік қызметтердің улы қалдықтарымен радиациялық ластау. Аудан аумағында улы қалдықтардың полигонын құру, қоршаған ортаны қорғау шегінде рұқсатнама құжаттарын әзірлеу, ауыл шаруашылығының улы қалдықтарын жеткізу, қабылдау және көму.
4.Ауаны лақтырынды лас заттармен ластау. Аудан аумағында жалпылай таратылған пайдалы қазбаларды қазу бойынша карьерлердің жұмыс істеп тұрғандығына байланысты, Аршалы к. және елді мекендерде жасыл ағаштар отырғызу, жасыл аймақты құру қажет.
5. Табиғатты қорғау шараларын қаржыландыру.Қоршаған ортаны ластағаны үшін жергілікті бюджетке түсетін және табиғатты қорғау шараларына жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы қаражаттарын теңдестіруді қамтамасыз ету, бұл қаржыландыру көлемін ұлғайтады, өнеркәсіп кәсіпорындарының ластау көлеміне бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Аудан халықтарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, шаруашылық және басқа субъектілердің жұмысынан зиянды ықпалдың алдын-алу үшін, сондай-ақ өңірдегі биологиялық түрлерді сақтау үшін орман ағаштарын отырғызу бойынша, заңсыз үйінділерді жою, су нысандарын қалпына келтіру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы білікті органдармен біріккен жұмысы керек.
SWOT – талдау
Күшті жақтары
|
Мүмкіндіктер
|
Ластанған ағын суларды ағызуды азайту;
Аса қорғалатын аймақтың болуы .
|
Екінші реттегі қайта өңдеу және қалдықтарды пайдаға асыру;
Азаматтардың табигаттағы ресурстарды саналы пайдалануды қалыптастыру;
Суүнемдеу технологиясын енгізу, сушаруашылық нысандарын күрделі жөндеу, жаңарту, жүйелерде ссу жоғалтуды төмендету.
|
Әлсіз жақтары
|
Қауіп қатер
|
Қоршаған ортаны қорғауда табиғатты пайдаланушылардың шығысын азайту;
Су нысандарының жоғары деңгейде ластануы ;
ТТҚ өңдеуде кәсіпорындардың жоқтығы;
|
Кәсіптік, уландырғыш және тұрмыстық қалдықтардың жиналу тенденциясының өсуі ;
Стационарлық қалдықтардың шығарылу санының өсуі;
Автокөлік құралдарының санының өсуі.
|
Экологиялық сфераның өзекті мәселелері:
- қалдықтардың тұрақты тұратын санының өсуі;
- қоршаған ортаны қорғауда табиғатты қорғаушылардың шығысының төменгі деңгейде болуы;
- жоғары деңгейде ластанған су нысандарының болуы.
- ТТҚ қалдықтарын өңдеуде кәсіпорындардың жоқтығы.
- көптеген ТТҚ полигондарына ҚР заңына сәйкес келмеуі.
- жер заңнамасына сәйкес мүлік иесінің және жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылық жерлерін пайдалануда жетілмегендігі, жоғарыда аталған негізге сәйкес мемлекет тарапына қайтарып алу мүмкіндігінің жоқтығы.
БАҒЫТ: Мемлекеттік қызметтер
Аудандағы жергілікті атқарушы органдардың қызметінің негізгі бағыты мемлекеттік қызметті жүзеге асыру болып табылады, халыққа құқық, ерік және заңды мүддесін қорғау, сондай ақ материалдық материалдық емес игілік көрсету.
Мемлекеттік қызмет көрсету Тізіліміне сәйкес, Аршалы ауданында 88 түрлі қызметтер көрсетілді, оның ішінде ақылы және ақысыз негізіде бар.
2015 жылы 11 айда ауданның атқарушы органдары 11384 қызмет көрсетті, РМК ХҚКО арқылы 4391 қызмет көрсетілді, ЭҮП 1855, меморган арқылы 4875 қызмет, «Е лицензиялау» арқылы 263 қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік басқару органдарының жұмыстарына азаматтардың қолжетімді ақпаратына мемлекет пен қоғамның қарым қатынасы жұмысын аттыру бойынша, көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда, мемлекеттік орган қызметінде замануи информациялық технологияларды енгізуде біршама жұмыстар атқатырылды.
Мемлекеттік қызметті көрсететін орындар туралы ақпарат Аршалы ауданының әкімдігінің сайтында, әкім аппаратының және бөлімдердің кабинеттерінде орналасқан.
Электронды қызметті көрсетуді арттыру шарларын өткізу мақсатында халықтан мен бизнес өкілдері арасында ақпаратты бұқаралық ақпаратта, аудандық әкімдіктің сайтында жарияланды. Онда электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімім «Электронды үкімет», «Е әкімдік», «Е лицензиялау», ЭСҚ туралы ақпараттар жарияланған.
Халықты ақпараттандыру мақсатында мемлекеттік қызмет туралы аудандық «Вперед», «Аршалы айнасы» газеттерінде 61 мақала жарияланды. Интернет ресурста бектітілген стандарттар мен регламенттер, және көпшілік алдында талұыланатын жобалардың стандарттары жарияланған.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызметті көрсетуде 1 аппараттық оқу, 4 ортақ үстел, 6 кеңес, 1әкімдік отырыс өткізілді.
Мемлекеттік қызметті кқрсетуде жергілікті атқарушы органдарының мамандарына арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы дербес бөлімдер атына аудандық әкімдік 10 ұсыныс хат жіберілді. Ұсыныстар халыққа мемлекеттік қызмет көрсетуде мерзімін бұзбау жайында, электронды үкімет порталы және халыққа қызмет көрсету орталықтарыарқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету үлесін арттыру, мемлекетті орган арқылы көрсетілітен мемлекеттік қызмет санын азайту, мемлекеттік қызметті көрсетуде мемлекеттік органдар бекітітлген стандарттар мен регламент бойынша жұмыс істеу, ақпаратты құралдар және мемлекеттік органдардағы стендтер арқылы мемлекеттік қызмет туралы көбірек ақпарат алу.
Сондай ақ Аршалы ауданының әкімінің атына мемлекеттік қызметті көрсетуде бақылаудың жоқтығына байланысы тәртіптік жаза қолдану туралы қызметтік хат жазылды.
Өткен жылдың 9 айында мемлекеттік қызметті көрсетуде арыздар келіп түскен жоқ.
Содлай ақ мемлекеттік қызметті көретуде мемлекеттік органдарды бақылау және мемлекеттік ызмету көрсету мерзімін бұзбауды бақылау жүргізілетін болады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін оңтайландыру, олардың ашықтығын және қол жетімділігі мақсатында қызметтерді Е-акимат және Е-ХҚКО ақпараттық жүйесін қолдану жолымен сандық формат түріне ауыстыру қарастырылған.
Ұсынылатын мемлекеттік қызметтің сапасын жақсарту мақсатында, 2012 жылғы қаңтардан бастап ауданның мемлекеттік қызмет көрсететін барлық өкілетті органдарында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін бағалау Әдістемесіне сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету карточкалары енгізілген.
«Әлеуметтік-маңызды» деген түсінік 2012 жылы енгізілді. ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет Тізіліміне сәйкес, Ақмола облысы Аршалы ауданының жергілікті атқарушы органдарымен қызметтің 65 түрі көрсетілген, олардан 10 – әлеуметтік- маңыздылар.
2013 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылушылығы болмаған, қызмет көрсету бойынша шағымдар тіркелген жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету карточкаларына сәйкес қызмет алушылардың қанағаттануы «жақсы» деп бағаланады.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау, статистикалық деректерді жинақтау және талдау жасау жөніндегі жұмыстар - тұрақты бақылауға алынған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуде сапасына қызмет алушылардың қанағаттануын көтеру және келешекте тиімділігін дамыту мақсатында, азаматтардың мемлекеттік билік органдары қызметі туралы қолжетімділік мүмкіндігін ұлғайту, мемлекеттік қызмет көрсету жеделдігін арттыру, мемлекеттік органдар қызметіне ақпараттық технологияларды енгізуді басқару тиімділігі жолымен мемлекет пен қоғамның өзара іс-әрекет сапасын жоғарылату жөнінде жұмыстар жүргізу қажет.
SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
|
|
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын ішкі бақылау;
Ақпараттық жүйелерді саралау (ИИС «ЦОН», ГБД «Е-лицензирования») мемлекеттік қызметтерің көрсету мерзімін бақылау;
Қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет алулар туралы ақпараттантыру шараларын арттыру (семинар кеңестер өткізу, ортақ үстелдер, брифингтер, МО қызметкерінің БАҚ ақпарат беру )
|
1. ЕСЕДО болмауы (электрондық құжат айналымы ) село, селолық округ әкімі аппараттарында, дербес бөлімдерде .
2. Мемлекеттік қызметтің регламентін дайындауда орталықтандырылмаған .
3. Байланыс каналдарының төменгі өткізу қабілеті .
|
Қауіп қатер
|
Мүмкіндіктер
|
Қағаз түрінде келіп түскен мемлекеттік қызметт көрсету мерзімін бақылаудың жоқтығы .
|
1.Барлық мемлекеттік қызметте көрсетуде ақпараттық жүйе орнату (мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауда ).
2.Байланыс каналдарының өткізу қабілетін арттыруУвеличение пропускной способности каналов связи.
3.Қызмет көрсетуде өзекті мәселелер бойынша қызметкерлермен жиналыс өткізу.
4.Мемлекеттік қызметті көрсету нормативтің құқықтық базасын жаңартып отыру .
5.Мемлекеттік қызмет көрсету сұрағы бойынша азаматтарды ақпараттандыруды арттыру.
|
Бағыт бойынша кездесетін проблемалар:
1 ЕСЭДО болмауы (электрондық құжат айналымы ) село, селолық округ әкімі аппараттарында, дербес бөлімдерде
2.Мемлекеттік қызметтің регламентін дайындауда орталықтандырылмаған;
3. egov.kz, elicense.kz. веб порталының жұмысында қателер, сервер жұмысының төмендігі
Достарыңызбен бөлісу: |