Бағдарламасы мазмұнын түсіндіріңіз


Түсіну-Ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізу, болжау немесе түсіндіре білу. Қолдану-



бет21/68
Дата11.12.2021
өлшемі2,29 Mb.
#99363
түріБағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
Байланысты:
багалау отв.экз

Түсіну-Ақпараттарды түсіну арқылы дұрыс жеткізу, болжау

немесе түсіндіре білу.



Қолдану-Алған білімдері мен ақпараттарды таныс немесе таныс

емес жағдайларда, контексте қолдану.



Сыни ойлау-Ақпарат пен идеялардың маңыздылығы мен

сенімділігі туралы шешім қабылдау немесе әр түрлі

көзқараста болу.

Анализ-Жалпы ереженің негізін дәлелдеу үшін және/немесе

ой қорытындысының әр түрлі шешімдерін ойлауда

ақпараттарды жинақтап тұжырымдарды бөлікке бөлуі

және сол бөліктердің өзара сәйкестігін анықтай білу.



Синтез-Алған білімдерін әр түрлі жаңа контексте құрастыра білу.

Бағалау-Белгілі критерийлер арқылы идеялардың құндылығы

немесе дәлелдер туралы тұжырымды қалыптастыру.

Коммуникация-Басқа адамдардың қызығушылығын және

көзқарастарын өз қызығушылығымен және

көзқарасымен сәйкестендіріп және негіздеп қабылдау,

адамдармен қарым-қатынаста болу және келісу

қабілеттілігі.

Тыңдалым арқылы коммуникация.Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі тақырыпта

ауызша сөйлеудің негізгі мазмұнын түсіну және одан

өзекті ақпаратты бөлу; сөйлеген адамның пікірін

айырып тану, контекст бойынша сөздердің мағынасын

анықтау; оқушының деңгейіне сәйкес келетін әр түрлі

стратегияны пайдаланып, әр түрлі типтегі мәтіндердің

мазмұнын түсіну және қабылдау; естігеннің негізгі

мазмұнын, мәтін бөліктерін таныс сөздерге,

фразаларға және естігені арқылы түсіну, нақты/керекті

ақпаратты таңдау және түсіну;

Оқылым арқылы коммуникация.Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі ғылыми

және әдеби мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және

олардағы өзекті мәселелерді бөлу, ақпарат іздеудің әр

түрлі стратегиясын қолдану, контекст бойынша

сөздердің мағынасын анықтау, автордың пікірі мен

көз-қарасын тану, оқығанды түсіну тереңдігін және

сөз мағынасын тексеру үшін әр түрлі сандық және

қағаз түпнұсқасын қолдану.

Жазылым.Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі мәтіндегі

жазбаша жұмыстарды түзету және редакциялау, жазу,

жоспарлау; нағыз және ойдан шығарылған оқиғалар

туралы жазу біліктілігі; орфографиялық және

грамматикалық қателерсіз жеткілікті сауатты жазу;

қажетті стильді ұстау; әр түрлі байланыстырушы

сөздерді пайдаланып, сөйлемдерді абзацқа

байланыстыру.



Айтылым.Оқу бағдарламасы шеңберінде әр түрлі мәтіндегі

әңгімелеуде ауызекі және ресми стильді пайдалану;

қажетті ақпаратты алу үшін күрделі сұрақтарды қоя

білу біліктілігі; күтпеген сұрақтарға жауап қайтару;

тапсырма орындау барысында өз құрбыларымен

қарым-қатынаста болу; лексикалық ерекшеліктерді

сауатты пайдалану; оқиға және оның жүйесін

мазмұндау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет