К.Ушинский «Мұғалім- өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды,ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады»,-деген даналығында. Белгілі ғалым Дайана Халперн «Сыни ойлау-ойлаған түп нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттап ойлану деген.» Сыни тұрғыдан ойлау дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы- білімнің дайын күйінде берілмеуі.Сонымен қатар сыни тұрғыдан ойлау көбінесе баламалы шешімдерді қабылдауға, бір нәрсені елестетуге, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін еннгізуге дайын болуды көздейді.Әлем елдерінің біразы игерген әдіс-тәсілдер мен технология бұл күнде әрбір мұғалімнің басты құралы болып отыр. Технология дегеніміз-«Техно» латын тілінен алғанда,шеберлік іскерлік әдіс деген мағынаны білдіреді. Яғни, технология- бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жиынтығы жүйесі, ілімі.Сондай- ақ сыни тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады.Бұл иллюстративті-түсіндірмелі,өз бетімен іздену, проблемалық, шығармашылық, ойын, пікірсайыс, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жинағы. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.
Мұғалімдер педагогикалық білімі бар және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан, оларда бұл дағдылар дамыған және іс тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Сыни тұрғыдан ойлау-Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл оқушылардың да, мұғалімдердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді.Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың ,тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім.Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Сыни ойлау–сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады.
Сыни ойлау - әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мысалы, «Венн диаграммасы» әдісін пайдалану кезінде салыстырып отырған құбылыстың ортақ және жеке ерекшелігін анықтап, белгілеп берді. Өтілген тақырып бойынша білімін өзектендірді. Топ ішінде өз ойларын айтып, сыни тұрғыда талдатады.
«Ассоциация» әдісін пайдаланғанда сызбаны көрнекілікпен көрсете отырып білімдерін ұсынды. Берілген тапсырма бойынша өзара түйіндеме жасай білді. «БҮҮ» сызба әдісі бойынша жұмыс жасағанда бұрынғы білімін жаңа білім-мен ұштастыра алды. Мәтінді өз бетінше түсіну процесін басқара алды. Мәтіндегі проблемаларға сұрақ қоя білді. Жауабын белгілеп, өзара тұжырым жасады. Мысалы, 1-сыныпта дүниетанудан жаңа сабақ бастамас бұрын әр топқа тұқымның пайда болу жолын жазуды тапсырдым. Әр топ осы тапсыр-маға сыни ойлай отырып, дайындалу тәсілін жазып, әр топтан 1 оқушы шығып түсіндіріп өтті. Осыдан кейін оқушылар бүгінгі сабақтың тұқым мен жеміске қатысты екенін мұғалім айтпай-ақ сыни ойлай отырып ұқты. «Галлереяға саяхат» әдісін қолдану кезінде берілген ақпарат бойынша өз елестетуін таныстыра білді. Өзгелердің пікірін тыңдады. Бір-біріне сұрақ қойып, ақпаратты тұжырымдады. Өзара талқылап, ақпарат жайлы түсінігін кеңейтті. Алған әсерін кескінге жазып, сынып қабырғасына ілді. Сыныптастары оны аралап оқып шығып, пікірін жазып кетті. Содан кейін топ болып қабырға газетіне жазылған пікірлерді талқылап, қорытынды жасады. Оқушылар тақырып бойынша өз өмірлеріне тікелей қатысы бар нақты проблемаларды айқындай білді. Оқушылар өздігінен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, талқыға салды, пікір алмасты, ой жарыстырды. Соңында әр оқушы өздерінің ойларын қорытындылап, рефлексия жазды.