89. Портфолио түрлерін, оның мақсатын және бағалаудағы маңызын нақтылаңыз.
Портфолио сөзі қолданысқа француз тілінен енген. Жалпы шет тіліндегі сөздік-терді саралай отырып, оның төмендегідей мағыналар беретінін анықтадық:
1) мазмұндау, алып жүру, құрастыру;
2) бет, қағаз;
3) дәйек, белгілі бір мағлұматтар жинағы, жетістіктер жинағы.
портфо-лио дегеніміз тұлғаның қандай да бір ерекшеліктерін уағыздайтын, нақты бір мақсатты жүзеге асыруға байланысты құ-жаттармен безендірілген, оның жетістік-терінің дәлелі бола алатындай мағлұматтар жинағы. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушы портфолиосымен қатар мұғалімдердің портфолиосы да маңызды рөл атқарады. Сондықтан, ең алдымен, педагог портфо-лиосы туралы сөз қозғайық.Мектептегі мұғалімдердің портфолио жүргізудегі мақсаты – әр мұғалімнің өз еңбегіне, атқарған істеріне талдау жасауы арқылы кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттырулары, жоғары нәтижелерге жету-лері. Жалпы педагог портфолиосын құру идеясында терең мағына жатыр. Оларды үш топқа бөлуге болады:
- Философиялық;
- Әдістемелік;
- Практикалық.
Бірінші, философиялық мағынасына тоқталатын болсақ, бұл кез-келген мұғалім-нің өзінің педагогикалық іс-әрекетін ұдайы талдап, талқылап, жай-күйін ойланатынын, рефлексияға бейім екенін білдіреді. Сон-дықтан, осындай ой-толғаныс нәтижелерін мұғалім қандай да бір форма арқылы сыртқа шығарады.
Екінші, әдістемелік мағынасы, мұ-ғалімнің өз іс-әрекетін қандай деңгейде шеберлікке жеткізгендігін дәлелдеуі болып табылады. Яғни, педагог кәсіби іс-әрекетінің нәтижелілігінің куәсі бола ала-тын кестелер мен диаграммаларды, графи-каларды, сонымен қатар, ғылыми-әдісте-мелік және тәжірибелі-эксперименттік жұ-мыстарының материалдарын, сыныптан тыс шаралар мен авторлық сабақтарының жоспарларын тұтастай жинақтай беріп, безендіреді.
Ал, практикалық мағынасы, педагог-тың жұмысының мәнділігін дәлелдеуі. Ол сертификатталған құжаттарды мақтаныш-пен жинай отырып, толтыруды меңзейді.
ПОРТФОЛИО – ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ЖЕТІСТІКТЕРІ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУДЫҢ ЖАҢА ФОРМАСЫ.
Портфолио (кең ұғымы) – бұл оқушының оқытудың белгілі бір кезеңінде жеткен жеке жетістектерін бағалау ,жинақтау және белгілеу . Портфолио шет мемлекеттерінің білім саласында бағалаудың жаңа жүйесі және өзін-өзі бағалаудың түрі ретінде кеңінен қолданылып келеді. Портфолио дәстүрлі бағалаудың жүйесін толықтырып,оқушылардың ақпаратты қабылдаудың репродуктивті деңгейін , фактілі және алгоритімді білім мен дағдыларын тексеруге бағытталған.Портфолио оқушының түрлі қызметтегі жетістіктерін ескеруге мүмкіндік береді.Сонын ішінде:оқу, шығармашылық, әлеуметтік ,коммуникативті т б қызметтері.Бұл білім берудің практикаға бағытталған, іс-әрекеттік тәсілдің негізгі бөлігі болып саналады.Шет елдер тәжірибесінде портфолио оқушының жетістіктерінің жұмыс жинағы ретінде анықталып, оның түрлі салалардағы жетістіктерін көрсетеді.
Портфолионың негізгі мақсаты:
- жасөспірімнің білім алу үрдісі туралы есеп алу;
- жалпы білім алудың негізгі нәтижелерінің жағдайын көру;
- оқушының білім кеңістігінде жеке даму бағытына жағдай туғызу;
- оның олған білім мен білік мүмкіндіктерін практикалық тұрғыда қолдана алуын көрсету;
-портфолиоға енетін қандай болмасын жетістіктерді толықтай немесе белгілі бір кезеңін бағалау, ол санды және сапалы түрде болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |