Орындаған: Тілегенова Мереке Пип19-1 Тексерген: Бердибаева Д



Дата11.01.2022
өлшемі1,03 Mb.
#110933
Байланысты:
бағалау 13- тақырып

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті. Пәні:Бағалаудың өлшемдік технологиялары. 13-тақырып:Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудағы портфолионың рөлі.

Орындаған:Тілегенова Мереке Пип19-1

Тексерген:Бердибаева Д


Жоспар:

1.Топтық жұмыста топтың және жеке оқушының жұмыстарын бағалау

2.Портфолио – оқушының оқу жетістігін бағалау құралы.

3.Портфолионың қызметі.

Портфолио - оқушының әлеуметтік белсенділігі оның іс-әрекетін белгілі оқу кезеңінде оқу және өмірлік жағдаяттарда бақылау нәтижесінде бағаланады. Жеке білім беру траекториясы іске асырылуының, оқудағы ілгерілеу байқалуының, тұлғаның дамуы мен оқушының әлеуметтік белсенділігінің деңгейін бағалау нысаны. Оқушының әлеуметтік маңызды, жеке жетістіктерінің нәтижелерін ұсыну тәсілі. Белгілі бір оқу кезеңі, оқу жылы бойындағы оқу жетістіктерін мақсатты, жүйелі, үздіксіз бағалау мен өзіндік бағалау нысаны . Портфолио сөзі қолданысқа француз тілінен енген. Жалпы шет тіліндегі сөздік-терді саралай отырып, оның төмендегідей мағыналар беретінін анықтадық: 1) мазмұндау, алып жүру, құрастыру; 2) бет, қағаз; 3) дәйек, белгілі бір мағлұматтар жинағы, жетістіктер жинағы





Портфолио (кең ұғымы) – бұл оқушының оқытудың белгілі бір кезеңінде жеткен жеке жетістектерін бағалау ,жинақтау және белгілеу . Портфолио шет мемлекеттерінің білім саласында бағалаудың жаңа жүйесі және өзін-өзі бағалаудың түрі ретінде кеңінен қолданылып келеді. Портфолио дәстүрлі бағалаудың жүйесін толықтырып,оқушылардың ақпаратты қабылдаудың репродуктивті деңгейін , фактілі және алгоритімді білім мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Портфолио оқушының түрлі қызметтегі жетістіктерін ескеруге мүмкіндік береді.Сонын ішінде:оқу, шығармашылық, әлеуметтік ,коммуникативті т б қызметтері.Бұл білім берудің практикаға бағытталған, іс-әрекеттік тәсілдің негізгі бөлігі болып саналады.Шет елдер тәжірибесінде портфолио оқушының жетістіктерінің жұмыс жинағы ретінде анықталып, оның түрлі салалардағы жетістіктерін көрсетеді.

Портфолионың негізгі мақсаты: - жасөспірімнің білім алу үрдісі туралы есеп алу; - жалпы білім алудың негізгі нәтижелерінің жағдайын көру; - оқушының білім кеңістігінде жеке даму бағытына жағдай туғызу; - оның олған білім мен білік мүмкіндіктерін практикалық тұрғыда қолдана алуын көрсету; -портфолиоға енетін қандай болмасын жетістіктерді толықтай немесе белгілі бір кезеңін бағалау, ол санды және сапалы түрде болуы мүмкін.



Портфолио тек бағалаудың жаңа тиімді түрі емес , ол сонымен бірге келесі негізгі педагогикалық міндеттерді орындауға көмектеседі:
  • оқушылардың оқуға деген қызығушылықтарын арттыруға; олардың белсенділік пен өзіндік қабілеттерін мадақтау, оқу және өзіндік оқу мүмкіншіліктерін кеңейтуге; бағалау( өзін-өзі бағалау) және рефллексивті дағдыларын дамытуға; оқу , мақсат қоя білу, өзінін оқу қызметін ұйымдастыра және жоспарлай білу біліктерін қалыптастыруға;
  • оқушылардың білім алуын жекелендіруге (индивидуализация) ықпалдасуға:
  • оқушыларды әлеуметтендіріге қосымша жағдай түғызуға.

Аталған ерекшеліктер портфолионы жекеленген оқушының өзіндік оқу жетістіктеріндегі бағытының тиімді түрі ретінде бағдаралды дайындық және бағдарлы оқытудың міндеттерін орындайтындығын көрсетеді. Портфолионы енгізу оқушылардың оқуға деген белсенділігін арттыруға, өздерінің мақсаттары мен мүмкіншіліктерінің деңгейін сезінуге көмектеседі және бұл олардың болашақта таңдайтын оқу түрі мен бағытын анықтауда жауапты және нақты болуына себебін тигізеді.

Портфолионы негізгі мектеп түлектерінің қорытынды аттестациясының нәтижесімен қоса білім алу рейтингісінің түрі ретінде қолдануға болады.



Бүгінгі таңда білім берудің теориясы мен практикасында портфолионың келесі турлерін ажыратылады.«Құжаттар портфолиосы » - бұл жеке білім жетістіктерінің құжатты түрдегі жинақталған портфелі. Портфолионың бұл моделі құжаттардың сапалы және санды түрде бағалануын көздейді.Қорытынды құжат негізгі мектепті бітіргені туралы куәіліктің қосымшасы түрінде жалпы балымен, сонымен қатар түрлі сертификаттардың қорытынды бағаларымен көрсетіледі.Құжаттар немесе олардың көшірмелерін портфолионың қосымшасына салуға болады.

«Жұмыстар портфолиосы» оқушының түрлі шығармашылық, жобалық ,зерттеушілік жұмыстарының жинағы түрінде жасақталады, сонымен қатар оқушының оқу және шығармашылық белсенділігін көрсететін негізгі бағыттар мен формалар жатады. Ол: ғылыми конференцияларға,байқауларға ,оқу лагерлеріне қатысуы ,қолданбалы курстарды тыңдау,түрлі практикалардан өту , спорт және көркемөнер түрлеріндегі жетістіктер т.б

Пікірлер портфолиосы» оқушының түрлі қызметтеріне мұғалімдердің ,ата-аналардың ,кластастарының ,қосымша білім беру мекемелерінің қызметкерлерінің және тағы да басқаларының ,сонымен қатар оқушының өзінің нақты қызметіне және нәтижесіне берген міңездемесі енеді. Портфолио мәтінді қорытындылар , рецензиялар, пікірлер, резюме, эссе, ұсынба хаттар түрінде беріледі. портфолионың бұл түрінде оқушының өз-өзін бағалау механизмі жүзеге асады және ол болашақ таңдайтын бағдарға ойлы түрде келуіне мүмкіншілік туғызады.

Портфолионың Қызметі  Оқушының белгілі бір уақыт аралығындағы оқудағы жетістіктерінің жинағы мен бағасын тіркеу тәсілі; Оқушының білім, білік, дағдыларына мониторинг жасауға арналған жүйелі, арнайы жинақталған дәлелдемелер жинағы; Оқушының түрлі салалар бойынша қажыр-қайраты мен жетістіктерін көрсететін оқу нәтижелерінің жинағы; Оқушының жеке жетістіктері мен тәжірибесін рәсімдеп көрсететін сан алуан ақпараттарды жинақтаған жұмыс папкасы; Оқушының жеке өсуін қадағалау болып табылатын өзіндік көрме жұмыстары.

Портфолионың педагогикалық міндеттері:  Оқушылардың оқуға деген жоғары қызығушылығын үнемі қолдайды;  Олардың жеке және белсенді жұмыс жасауын ынталандырады, оқу және өздігінен ізденіп оқу мүмкіндіктерін кеңейтеді;  Оқушылардың рефлексия жасау мен бағалау дағдыларын дамытады;  Мақсат қою, өзінің оқу әрекетін жоспарлау мен ұйымдастыруға үйрену білігін қалыптастыруға негіз болады.

Портфолио арқылы бағалау Бағалаудың келесі түрі - портфолио арқылы тексеру.мұндағы мақсат - оқушының портфелінен сын тұрғысынан ойлай алатынын дәлелдейтін жұмыстарды көру. Бағалау портфолиосы - уақыт арасындағы баланың ждақат - әрекеттерін, жетістігінің ілгерілегендігін көрсететін жұмыстарының жиынтығы.Осы портфолио ішіне салынатын жұмыс үлгілерін таңдау процесіне мұғалім де, оқушы да қатысқаны дұрыс.Бастауыш мектептерде бағалау портфолиосы төмендегі түсініктердің басын қосуы тиіс:

Бастауыш мектептерде бағалау портфолиосы төмендегі түсініктердің басын қосуы тиіс:- Бағалау баланың білімін, түсінігін және сенімділігін арттыруға себін тигізуі тиіс - Бағалау өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат ресурстарына арқа сүйенуі тиіс - Бағалау бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін ұсынып, қолдауы тиіс - Ата-аналар мен оқушылар бағалау процесінде ең маңызды серіктес болып келеді. Бағалаудың мақсаты - оқушыларға өз-өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты - білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.Сонымен қатар дәлме-дәл бағалаудың маңызды бөлімі баланың әсерін ескеру болып саналады. Портфолио түрінде бағалау ол оқушының жасаған жұмыстарының жиынтығына негізделген бала икемділігін бағалау әдісі.Мұның қаншалықты пайдалы, әрі ұтымды екендігін сынып мұғалімінің тәжірибесіне және мүмкіндігіне байланысты болады.

Бастауыш мектептерде бағалау портфолиосы төмендегі түсініктердің басын қосуы тиіс:- Бағалау баланың білімін, түсінігін және сенімділігін арттыруға себін тигізуі тиіс - Бағалау өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат ресурстарына арқа сүйенуі тиіс. - Бағалау бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін ұсынып, қолдауы тиіс.-Ата-аналар мен оқушылар бағалау процесінде ең маңызды серіктес болып келеді.

Бағалаудың мақсаты - оқушыларға өз-өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты - білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру.Сонымен қатар дәлме-дәл бағалаудың маңызды бөлімі баланың әсерін ескеру болып саналады.

Портфолио түрінде бағалау ол оқушының жасаған жұмыстарының жиынтығына негізделген бала икемділігін бағалау әдісі.Мұның қаншалықты пайдалы, әрі ұтымды екендігін сынып мұғалімінің тәжірибесіне және мүмкіндігіне байланысты болады.

Топтық жұмыста топтың және жеке оқушының жұмыстарын бағалау

Топпен бірге жұмыс жасау кезде қандайда бір істің атқарылуы маңызды емес, оның топпен қалай жасалғаны маңыздырақ. Бұл жағдайда жұмыстың нәтижесі ғана бағаланбайды, сонымен қатар жұмыс барысы да бағалануы тиіс, өйткені топта жұмыс істей білу оқушыны қалыптастырудағы өте маңызды құзіреттілік (компетенция). Бұл жағдайда формативті бағалау оқу процесінің бір бөлімі болып табылады, себебі топпен бірге жұмыс істеу арқылы оқушылар бір-бірімен ақылдасып, сұрақтар қойып олар өзара байланыс жасайды. Осы арада ұстаздың топтық жұмыс кезінде міндетті түрде бағалау керек еместігін есте ұстағаны жөн.



Топтық жұмысты бағалаудың бірнеше бағыттары бар.

ұстаздың әрбір топтың белсенділіктерін бағалауы;

ұстаздың белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалауы;

өзін-өзі бағалау - топпен бірге жұмыс кезіндегі оқушылар мен мұғалімнің

байланысын бағалауы;

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.«Оқу жетістіктерін бағалау жүйесіндегі оқушы партфолиосы» Бисенгулова Фатима Абуталиповна

2. Топпен бірге жұмыс кезінде оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау. Бекташова Раушан



http://ust.kz/word/jangartylgan_bagdarlama_usin_topty_bagalay-61574.html

Назарларыңызға рахмет

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет