Бағдарламасы мен әдістемелік нұсқаулардың Титул парағы



бет10/11
Дата12.10.2023
өлшемі156,5 Kb.
#184902
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қосымша:
10.Бондаревская Е.В. Гуманистическая парадигма личностно-ориентированного образования //Педагогика, 2010, №4.С. 11-17.
11.Бондаревская Е.В. Смыслы и стратегии личностно-ориентированного воспитания // Педагогика. - № 1, 2009. - С. 17-24.
12.Кукушкин В.С. Теория и методика воспитательной работы в школе: Учебное пособие. - Ростов н/Дону: Издательский центр «МарТ», 2005. - 320 с. (Серия «Педагогическое образование»).
13. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога в образовании. - М., 2006.
14.Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученический коллективов. -М.;2006.
15.Цукерман Г.А. Психология саморазвития: задача для подростков и их педагогов. - Рига, 2009. - 239 с.


ҚОСЫМША А
Оқушының жеке басын зерттейтін болжалды бағдарлама
Оқушы туралы жалпы мәлімет: жасы, денсаулығы, балалар және жастар ұйымының құрамына қатыстығы.
2. Оқушының жанұядағы тәрбие жағдайына сипаттама: жанұядағы мәдени- тұрмыстық жағдайы, отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері, отбасының оқушыға деген көзқарасы, қамқорлық.
3. Сынып ұжымына сипаттама: сынып белсенділері, қоғамдық жұмыстарға және қоғамдық пайдалы еңбекке көзқарасы, оқу үлгерімі және тәртібі, жеке тұлғаның ұжымдағы қарым-қатынасы, ұнату, ұнатпау, достық, ұжымшылдық, балалар ұжымындағы дәстүрлік жүйе.
4. Оқушының ұжымға деген көзқарасы: ұжымның мүшесі болуды қажетсіну, көзқарасымен санасу, оның адалдығы үшін күресу, ұжымда оқушының жолдастарының арасындағы беделі, жұғымдылығы және басқа адамдарды түсінуі, ұжымдағы кері әсерлерге көзқарасы- көшіру, сыбырлап қою, көралмаушылқ және т.б.
5. Жеке тұлғаның бағыттанушылығы: жеке, қоғамдық, іскерлік.
6. Саналы уәждер мінездемесі: Қызығушылығы, оның тереңдігі, кеңдігі, тұрақтылық әсерлілігі, аса ашық көрінген танымдық қызығушылығы.
7. Көзқарасы және сенімі. Сана-сезім және мінез құлық тұтастығы. Оқушының талпынысы, ниеті, арманы, мұраты.
8. Талаптану деңгейі: төмен, сәйкес, жоғары. Өзін-өзі бағалау және талаптану деңгейінің арақатынасы, оқушыға тән өз мүмкіншілігін бағалауы, өзіне талап қоюы, мұғалімдер мен жолдастарының сыни ескертпелеріне көзқарасы, оқушылардың өзін-өзі тәрбилеуге көзқарасы.
9. Оқушы әр түрлі әркетте. Оқушылардың білімге, оқу үлгеріміне және тәртіпке деген көзқарасы, оқу дағдысының жетілу деңгейі. Еңбек әрекетіне деген көзқарас, оқушының күнделікті еңбегі, оқушы өміріндегі оқу, еңбек, ойын әрекеттерінің арақатынасы, оқушының қоғамдағы белсенділігі.
10. Танымдық әрекетіне сипттама. Ұғыну ерекшелігі, байқағыштығы, есте сақтауы. Шығармашылық және қиялдау арасындағы қатынас, ойлау ерекшелігі, өздігінен талқылай және түйіндей алуы, ауызша және жазбаша тілінің даму деңгейі.
11. Қызба өріс (эмоционалды) жағдайының ерекшелігі: мұғалімнің іс-әрекетіне қызба мінез әрекеті, адамгершілік, зияткерлік, эстетикалық сезімдердің дамуы, көңіл күй басымдылығы, эмоцианольды қозу дәрежесі, эмоцианольды күйзелісті тоқтата білу және оны өзгерте білу.
12. Еріктік ерекшелігі: мақсаткерлік, дербестік, жігерлік, батылдық, табандылық, сабырлық, еріктің адамгершілік тәрбиесі.
13.Қабілеттіліктер: жалпы және арнайы, көп ерешеленетін оқушының қабілеттері.
14.Темперамент және оны көрінуі.
15. Білім алуға қатысты көрінетін мінез-құлық , мінез-құлық сипаттары - ұқыптылық, белсенділік, тәртіптілік және бұл қатынастың басқа да көрсеткіштері. сыныпқа және мектепке қатысты байқалатын мінез-құлық ерекшеліктері. Өз сыныбы мен мектебінің табысқа жетуін немесе табысқа жетпеуін уайымдауы, мектепте, сыныпта және т.б. өтетін іс- шараларға деген қарым –қатынасы; қоғамдық міндет пен тапсырмаларға қатысты байқалатын мінез-құлық ерекшеліктері: атқарылатын қоғамдық жұмысы, ұжым алдында атқарылатын жұмысқа жауапкершілік сезімі және парызы: еңбекке қатысты байқалатын мінез-құлық ерекшелігі: еңбексүйгіштік, адалдық, жауапкершілік және т.б.; үлкендерге, жолдастарына қатысты байқалатын мінез ерекшелігі: қайырымдылық, тіл табысушылық, иландырушылық және т.б.; заттарға қатысты байқалатын мінез-құлық ерекшелігі: ұқыптылық немесе ұқыпсыздық, құнттылық құнтсыздық және т.б. ; өз-өзіне қатысты байқалатын мінез ерекшелігі: намыс, адалдық, өзін жоғары көтеруі, қарапайымдылық, ибалық, тәкаппарлық.
16. Педагогикалық тұжырымдама: осы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарындағы мүмкін болатын түзетулер




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет