Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Көп таңдауы бар сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Тыңдалым. 22-аудио.
Әрбір ұлттық сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық танымы болады. Ұлттық таным
дегеніміз – халықтың қоршаған дүниені танып білуі, ғасырлар бойы дәріптеген рухани
құндылықтары. Ұлттық бірегейлікті сақтап тұрған салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, тіл,
дін, наным-сенім, музыка, әдебиет, ұлттық ойындар, бабалар сөзі ғасырдан ғасырға
жалғасып келе жатқан мәдениет ұлттық құндылықтар болып саналады. Ұлттық таным –
ұлттың коды.
Кез келген халық ұлттық идеясыз, дінсіз және салт-дәстүрсіз өмір сүре алмайды.
Сондықтан әрбір адам баласы өзіне «Мен кіммін?», «Не үшін өмір сүріп жүрмін?» деген
сұрақтар қоя отырып, жауапты өзі өмір сүріп отырған ортаның мәдениетінен,
әдебиетінен, тілі мен ділінен, діни танымынан табады. Әр халықтың ұлттық
мейрамдарында олардың наным-сенімі, әдет-ғұрыптары, өмір сүру салты, мәдениеті
көрініс табады. Мұнда адам баласының бәріне ортақ құндылықтармен қатар, әр ұлттың
дүниетанымына негізделген рухани құндылықтары жатады.
1-тапсырма.
Көп нүктенің орнына қажетті сөзді жазыңыз
.
Ұлттық таным дегеніміз – халықтың қоршаған ... танып білуі, ғасырлар бойы дәріптеген
рухани ... .
(2 балл)
2-тапсырма.
Көп нүктенің орнына керекті жалғауды жазыңыз.
Ұлттық бірегейлікті сақтап тұрған салт-дәстүр..., әдет-ғұрып..., тіл, дін, наным-сенім,
музыка, әдебиет, ұлттық ойын..., бабалар сөз..., ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан
мәдениет
ұлттық
құндылық...
болып
саналады.
(2 балл)
Оқылым.
Ж. Аймауытов. «Әнші» әңгімесі
Жетішатыр – жақсы қала. Онда қаптап жатқан қазақ. Жазы – қысы – қымыз, ойын –
сауық. Айт, той, құдалық, атжарыс, күрес... Жаз шықса, парақот, паром, жолқайық,
жасыл арал, қалың орман... Көкке шыққан, гуләйт соққан, масайраған шат көңіл...
Сырнай – керней... Қызық думан... Қайткенмен сергек қала.
Стипендиядан жырламаған азды – көпті тиынның қызығын көрмек болып, сол
жексенбі күні арғы жаққа тарттық. Осы жылы келдік. Қаланың жай-жапсарына
қанық емеспіз.
Он минутта арғы жаққа шықтық. Арғы жақ – қазақ даласы. Өзен өрлей салынған
екі мешіті, бір шіркеуі бар, ығы – жығы, тайпақ қала.
-
Балалар, қайда апарайын?
-
Қай үй жақын болса, соған апар.
41
Бержебайшы қос терезелі тапал үйдің алдына тұра қалды. Көптен күткен
жеңешемдей, ауыз үйдегі алтын сырғалы, ақ құба, бидай өңді кербез жеңгей:
«Балалар, жоғары шығыңдар!» - деп, төргі үйге қарай сілтеді.
Төсек – орны, дөңгелек үстелі, тегенесі, кесесі біріне бірі сай, шап – шағын
бөлмеде екі – үш жігіт қымыз ішіп отыр. Бұл қаланың жақсы жері қазақтың оқыған
балаларын сыйлайды. Балалары үлкендерін сыйлайды...
Достарыңызбен бөлісу: |