Бағдарламасы мен оқыту әдістемесін басшылыққа ала отырып жасалған



Pdf көрінісі
бет79/90
Дата19.09.2024
өлшемі1,51 Mb.
#204695
түріБағдарламасы
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90
Байланысты:
170831577076 (1)

Тапсырма
50-аудио
Бүгінгі таңда «тайм-менеджмент» термині кең қолданылуда. Бұл – уақытты 
басқару тәсілдері мен әдістерін зерттейтін менеджмент саласы. Уақытты тиімді 
басқарудың бірнеше қағидасын қарастырайық. 1 -қағида . Әдеттеріңіз бен шұғылданатын 
істеріңізді анықтап алыңыз. Ол үшін 1-2 апта бойы күнделікті атқаратын ісіңізді белгілеп 
отыратын күнделік арнаңыз немесе ұялы телефоныңызға жазып жүріңіз. Тек іс-шаралар 
мен кездесулерді ғана жазып қоймай, ойларыңызды да түртіп отырыңыз. Бұл сіздің 
уақытыңыздың қайда кетіп жатқанын және күні бойы қанша іс атқаратыныңызды 
анықтауға көмектеседі. 2 -қағида . Кешкісін ертеңгі күніңізді жоспарлаңыз. 
Жоспарланған істеріңіздің кемінде жартысы нақты нәтиже алуға бағытталған болсын. 
Маңызды істерге нақты уақыт қойыңыз. Қашан басталатын және қашан аяқталатын 
уақыттарын анықтаңыз. 3 -қағида . Жетістік жайлы ойлаңыз. Кез келген жұмысты 
бастамас бұрын, оның қалай аяқталғанын қалар едіңіз? Тапсырманың орындалуынан 
нені күтесіз? Тіпті бұл жұмысқа не үшін кірістіңіз? Мысалы, сіз біреуге телефон 
соқпақшысыз. Қоңырау қандай нәтиже бермек? Не себепті телефон соғып 
отырғаныңызды ішіңізден талдаңыз. 4 -қағида . Компьютердегі, ұялы т елефондағы 
артық ұяшықтарды (ойын, әлеуметтік желілер, ойын-сауық порталдары, ақпарат 
сайттары және тағы басқа қажеті жоқ беттерді) жабыңыз. Жалпы, сізді аз уақытқа болса 
да алаңдататын нәрселерден аулақ болыңыз. 5 -қағида . Бәрін бірден үлгеруге 
ұмтылмаңыз. Барлық істі тындыру мүмкін емес: бір жұмысты орындаған абзал, содан 
соң кезекке жаңасы келеді. Естеріңізде болсын, жетістіктің сыры санда емес, сапада. 
«Асықпаған арбамен қоян алады» дейді қазақ халқы.
1. Мәтіннен 1 факті мен көзқарасты білдіретін сөйлемді мен 2 детальді ақпаратты 
анықтаңыз. 
 
Факті
Көзқарас 
Детальді ақпарат 
1) 
2) 
2. Мәтіндегі автор позициясын және мәтіннің оқырманға әсерін 3-4 сөйлеммен 
түсіндіріңіз. 
____________________________________________________________________________
___________ 
____________________________________________________________________________
___________ 
Берілген эссе құрылымын сақтай отырып,
«Уақыт - алтыннан қымбат» тақырыбында эссе жазыңыз.


77 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет