7
Күтілетін нәтиже:
Қазір еліміздің түкпір-түкпірінде оқыту мен оқудағы жаңа
әдіс-тәсілдермен қаруланған
біршама ұстаздар қауымы өз мамандығына деген сүйіспеншілігі арта түсіп, жаңа
нәтижелерге жетуде, шәкірттерінің жаңа белестерді меңгеруіне жол ашуда. «Жиынтық
бағалау жұмыстарының үлгісі»
бағдарламасы оқытылған материалды басқа тапсырмалардың
көмегімен жан-жақты ой елегінен өткізіп, жадында қалған
мәліметерді басқа қырынан
қолдана білуге қалыптастырады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері дамиды,
лингвистикалық талдауға үйретеді, сөздік қоры молаяды.
Оқу нәтижелері:
өзара пікірталастыруға, өзінің пікірін
дәлелді құруға дағдыланады;
топ ішінде белсенді тілдік қатынас орнатады;
проблеманы анықтап, өз көзқарасын білдіріп үйренеді;
тапсырмада берілген сұрақтарға жауап іздеп, өзіндік
пікір айтуға дағдыланады;
тілдік дағдылары қалыптасып, ойларын логикалық түрде жүйелей
алу ұстанымдары
дамиды.
Жұмыстың ғылыми-әдістемелік деңгейі:
осы бағдарламаға енгізілген тапсырмалар
авторлық бағдарламада жаңартылған білім мазмұнына негізделіп типтік-үлгілі
бағдарлама
мақсаттарына сүйене отырып құрастырылған.
Бағдарламаның ғылыми табиғаты
– жаңа білім беру парадигмасы бойынша практиканың
соңғы жетістіктеріне сәйкес әзірленген.
Бағыттылығы:
-
оқушыларда жеке тұлғаны дамыту және тәрбиелеу;
-балалардың психофизиологиялық және әлеуметтік денсаулығын сақтау;
-білім
беру процесінің экономикалық, экологиялық,
этнопедагогикалық, бағыттылығын
қамтамасыз ету.
Білім өнімі:
оқушылардың
сабақ барысындағы танымдық, зерттеушілік іс-әрекетерінің
барысында жұмыс істейтін материалдар.
Достарыңызбен бөлісу: