Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Бағалауды Реформалау Тобы



Pdf көрінісі
бет110/411
Дата19.03.2022
өлшемі4,34 Mb.
#136077
түріБағдарламасы
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   411
Байланысты:
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық

Бағалауды Реформалау Тобы 
(2002а) оқу үшін бағалауға мынадай анықтама береді:
Оқу үшін бағалау 
– бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, 
қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін 
оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. 
Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі 
оқушылардың деректерді 
қолдануына
екпін жасауы болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға 
болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін 
бағалауға тартылуы қажет, әрі мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске 
оқушылар да белсенді қатысуы керек. 
Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды 
үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы 
алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты 
және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін 
өте маңызды да, өзекті.
Оқуды бағалау
Оқуды бағалаудың мақсаты
, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау 
болып табылады. Негізінен, ол тікелей келешек оқытуға үлес қосуға бағытталмаған, оның 
үстіне ұлттық бірыңғай тестілеу сияқты маңызды мәні бар тестілеу оқу үдерісіне кері әсерін 
тигізуі мүмкін (Assessment Reform Group, 2002b). Оқуды бағалау кезінде бір оқушының 
жетістіктерінің белгіленген нормалармен немесе бірдей жастағы оқушылар тобының қол 
жеткізген деңгейімен ара-қатынасы салыстырылған соң қорытынды жасалады. Мұндай 


54
қорытындылар стандартқа немесе әдетте балл немесе деңгей түрінде келтірілген межелікке 
«
сәйкес/сәйкес емес
» деген нысанда жасалады. Олар әдетте критерийлер мен стандарттардың 
символдық белгілері түрінде келеді.
Мұндай қысқа, кейде түсініксіз түрде ұсынылатын ұғым ата-аналар, кей жағдайда 
мұғалімді ауыстыруға келген жаңа мұғалім, жергілікті және ұлттық деңгейде мектептің білім 
беру қызметін бақылайтын уәкілетті органдар сияқты адамдарға есеп беруге қолайлы болады. 
Осылайша, бағалау барысында жиналған бұндай ақпарат түрлері негізінен есеп беру, іріктеу 
және бақылау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   411




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет